1.Ұйымдастыру кезеңі. Өткенді қайталау.
1-топ
-Дыбыс деген не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
2-топ
-Әріп дегеніміз не?
-Й дыбысына байланысты сөздер табу?
2.Негізгі бөлім.
Жаңа сабақ:
Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді.
Ертегідегі кейіпкерлерді атайды. Бұлар нелер?
Олар қайда өмір сүреді?
- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- «Орман» сөзі о дыбысынан басталып тұр екен.
- Ендеше, бүгін біз о дыбысымен танысамыз.
-Осы сөзде бірінші қай дыбысты естіп отырмыз?
(О дыбысын естиміз).
-Балалар, «Оо» дыбысын хормен айтайық! (О дыбысының баспа және жазба түрін көрсету, тақтаға ілу).
Дыбысты айтып көріп дауысты екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
Олай болса бұл дыбыс дауысты дыбыс.
Қандай текшемен белгілейміз?
- Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық.
Сол арқылы О дыбысымен танысатын боламыз.
1.Қоянның тапсырмасы.
-Д.о. « Қай суреттердің атауы о дыбысынан басталады?»
Орақ, қоңыз,орамал,ожау, торғай, оймақ.
-Бұл сөздер о дыбысынан басталады.
Балаларды әріп таңбасымен таныстыру.
-Неге ұқсайды?
-Математикада қандай санға ұқсайды?
-Математикада о саны мен цифрына ұқсайды,т.б.
2.Қасқырдың тапсырмасы.
Д.о. «Орнын тап» ойыны, О дыбысының орнын табу.
-орақ,оймақ,орындық,от.
-торғай, қой, шортан, доп.
-пальто, кресло.
Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
-орақ, оймақ, орындық, от.
-торғай, қой, шортан, доп.
-пальто, кресло.
Осы сөздерді буынға бөлу.
3.Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс
О әрпін жазу. Әріптің жазылу ережесімен таныстыру.
Оо әрпін ауада жазып көрсету, балалардың өздеріне жаздырту. Жазба О әрпін негізгі жолға жазғанда жоғарыдан төменге сопақша етіп жазу. Мінеки, Оо әрпінің жазба түрін осылай бастырып жазамыз.
Жазу жұмысы. Үлгі бойынша о дыбысының кіші және бас әріпін бастырып жазады.
Ауаға жазып көрсету.
Сергіту сәтін өткізу.
Оң қолымда - бес саусақ,
Сол қолымда - бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда - бес саусақ,
Сол қолымда - бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы,
Нешеу еді барлығы? /Жауабы: он/
Дәптерімізге Оо әрпін жазамыз.
4.Түлкінің тапсырмасы.
1-топ
Орақ
2-топ
Орамал сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Орақ, орамал сөздерін қол саусақтарын айқастырып, иек тұсына қойып, буынға бөлдірту. Иегіміз қолымызға қанша рет тисе, сонша буын бар екенін айту.
-Балалар, бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
Тақтамен жұмыс және кеспе әріптерден сөз құрату.
Торкөздегі о дыбысының орнына қарай сөз ойлап тауып, жазу және дәл сол сөзді екінші бала кеспе әріптер кассасына осы сөздерді құрайды.
«Сөйлем құра» тапсырмасы (3 сөзден тұратын ортасында ою сөзі кездесетін сөйлем құрату).
Әжем ою ойды. Мен ою ойдым.
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: 2 топ болып «о» әрпі кездесетін сөздер ойлатып, жарыстыру. Көп сөз айтқан қатарға пішіндерін беру. Кім көп жинаса, сол жеңеді. (балалар соңында пішіндерді атайды, түстерін ажыратады және санайды).
|