Нарық сәтсіздігі және сыртқы



Pdf көрінісі
Дата29.07.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503057
6 ТАКЫРЫП ОКУ МАТЕРИАЛДАРЫ-1



11-дәріс
Нарық сәтсіздігі және сыртқы 
салдар
ЭКОНОМИКС


Кітап:
Дәріс:
Экономикс
11.Нарық сәтсіздігі және сыртқы салдар
2
Дәрістің жоспары:
1. Сыртқы салдар, олардың пайда болу себептері мен типтері.
2. Сыртқы салдарды реттеу шаралары.
Сыртқы салдар, олардың пайда болу себептері мен типтері
Дәрістің бірінші сұрағында сіздер сыртқы салдар деген ұғыммен таныс боласыздар. Бұл 
сұрақты қарастырудың сіздер үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіруге тырысамыз. 
Нарықтың тиімді қызмет істеу үшін тауарлар мен қызметтердің бағалары, олардың ба-
лама құнын көрсетулері керек. Баға арқылы өндірілген өнімнің ең болмағанда балама құны 
қайтарылмаса, өндірушінің тауарды өндіруге ынтасы болмайды.
Көп жағдайларда тауарлар мен қызметтерді өндіру немесе тұтыну барысында пайда 
болатын шығындар мен пайдалылықтар нарықтағы бағада есептелінбей қалады. Сыртқы 
салдар дегеніміз не? Адамдар мұндай салдарлармен өз өмірлерінде көп кездеседі.
Сыртқы салдар нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтары. 
Бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалылықтарды тауарлар мен қызметтерді өндіру 
мен тұтынуға ешқандай қатысы жоқ үшінші адамдар көтереді (шығын) немесе тегін алады 
(пайдалылық). Сыртқы салдар жағымсыз және жағымды салдар болып екіге бөлінеді.
Жағымсыз сыртқы салдардың зардабын өндірілген өнімге ешқандай қатысы жоқ адамдар 
шегеді. Жағымсыз сыртқы салдардың мысалы ретінде қоршаған ортаны ластауды келтіруге 
болады. Мысалы, кәсіпорын өндіріс қалдықтарын көлге тастайды. Көлді қолданудың балама 
құны өндірілген өнімнің шекті шығынының құрамында есептелінбейді, яғни көлді қолданудың 
шекті шығыны өнімнің бағасынан тыс қалады. Көлге өндіріс қалдықтарын тастаудан, одан 
балық аулап күн көретін, көл жағасында демалып, суға шомылатын адамдар зардап шегеді. 
Жағымсыз сыртқы салдардың көптеген мысалдарын келтіруге болады. Қалада жүретін 
машиналар, қала ішінде немесе оның маңында орналасқан кәсіпорындар ауаны ластайды
одан қала тұрғындары әр түрлі зардаптар шегеді.
Өндіріс қалдықтарын қоршаған ортаға тастау фирмаларға арзанға түседі немесе мүлдем 
тегін болады. Егер фирма қалдықтарды жоятын технология қолданса, ол оған қымбатқа түсер 
еді. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар көбейген сайын оларды жоюдың шекті шығыны 
төмендейді. Ол қалдықтарды жоятын қымбат технологияны қолдануға аса ынта туғызбайды.
Кейбір экономистер қоршаған ортаны ластаудың оптималды мөлшерін анықтау 
туралы ұсыныс жасайды. Қазіргі кезеңде қоршаған ортаны мүлдем ластамау мүмкін емес 
болғандықтан, қалдықтарды қоршаған ортаға тастаудың оптималды мөлшерін анықтау қажет 
деген ой айтылады. Енді сыртқы салдарлардың көріну типтеріне тоқталайық және олардың 
әрқайсысына мысалдар келтірейік.
Сыртқы салдарлардың типтері:
1. «Өндіру – өндіру».
Жағымсыз сыртқы салдар: Мысалы, химиялық кәсіпорын өзенге зиянды қалдықтарды 
тастайды, ал бұл сол өзеннің төменгі жағында орналасқан ірімшік қайнататын зауытқа өз 
кесірін тигізеді. Яғни, мұнда үшінші тұлға – ірімшік зауыты қосымша зиян көріп отыр.
Жағымды сыртқы салдар: Мысалы, қатар орналасқан ара өсірушінің (омарташының) 
ара ұялары мен жеміс өндірушінің алма бағы бір-біріне қолайлы әсерін тигізеді (бал жинау 
алма ағашының санына байланысты және керісінше). Яғни, мұнда үшінші тұлға – ара өсіруші 
омарташы қосымша тегін пайдылылық көріп отыр.
2. «Өндіру – тұтыну». 
Жағымсыз сыртқы салдар: Мысалы, өндірістік кәсіпорынның атмосфераға зиянды 
қалдықтарды тастауының салдарынан жақын орналасқан аудандардың тұрғындары зардап 
шегеді, яғни мұнда үшінші тұлға – тұрғындар қосымша зиян көріп отыр.
Жағымды сыртқы салдар: Мысалы. Зауыт кішкентай ауылға жол салады, ал бұл жолмен 
ауыл тұрғындары да жүреді, яғни мұнда үшінші тұлға – тұрғындар қосымша пайдалылық көріп 
отыр.


3
3
Кітап:
Дәріс:
Экономикс
11.Нарық сәтсіздігі және сыртқы салдар
3. «Тұтыну – өндіру».
Жағымсыз сыртқы салдар: Мысалы, орманда демаушылардың кесірінен өрт болды, ал 
бұл орман шаруашылығына зиянын тигізеді, яғни мұнда үшінші тұлға – орман шаруашылығы 
қосымша зиян көріп отыр.
Жағымды сыртқы салдар: Мысалы, егер кәсіпорынның ғимараты адамдар көп жүретін 
көшеде орналасса, онда бұл ғимаратты күзетудің қажеті болмайды.
4. «Тұтыну – тұтыну».
Жағымсыз сыртқы салдар: Мысалы, егер түнгі мезгілде көрші музыканың дауысын өте 
қатты қойса, онда жеке тұлғаның музыкадан алатын пайдалылығы азаяды, яғни мұнда үшінші 
тұлға – жеке тұлға немесе сіз қосымша зиян көресіз.
Жағымды сыртқы салдар: Мысалы, егер сіз үйіңіздің алдына гүл ексеңіз, онда көршілеріңіз 
осы гүлдердің әдемілігінен керемет әсер алып, пайдалылықтары артады, яғни мұнда үшінші 
тұлға – көршілер қосымша пайдалылық көреді.
Осы аталған әрбір жағдайда да шешім қабылдау барысында жеке тұлғалар өз әрекеттерінің 
сыртқы салдарларын ескере бермейді. Бұл жағдайда үкімет жалпы қоғам мүддесін қорғау үшін 
шешім қабылдаушылардың мінез-құлқын өзгертуге тырысатын үдерістерге араласады.
Сонымен, бұл дәрістегі маңызды ұғым – ол үшінші тұлғалар. Үшінші тұлғалар дегеніміз не?
Үшінші тұлғалар – өнім өндіруге және оны тұтынуға байланысты нарықтық келісімдерге 
мүлдем қатысы жоқ тұлғалар.
Кейбір экономистер қоршаған ортаны ластаудың оптимальды мөлшерін анықтау туралы 
ұсыныс жасайды. Қазіргі кезеңде қоршаған ортаны мүлдем ластамау мүмкін емес болған-
дықтан, қалдықтарды қоршаған ортаға тастаудың оптималды мөлшерін анықтау қажет 
деген ой айтылады. Оның мәнін «Экономикс» оқулығының осы сұрақ бойынша келтірілген 
сызбаларынан көруге болады. Мұнда мысалы, алюминий нарығына қатысты қоршаған 
ортаны ластаудың шекті әлеуметтік шығыны мен қалдықты қоршаған ортаға тастаудың шекті 
құны көрсетілген. Тепе-теңдік нүктесінде қалдықты қоршаған ортаға шашудың шекті құны 
ластаудың шекті әлеуметтік шығынына тең. Демек, осы теңдікпен ластаудың оптималды 
мөлшері анықталынады. Егер ластау мөлшері оптималды мөлшерден асып кетсе, қоршаған 
ортаны қосымша ластаудың шығыны оның пайдасынан көп. Яғни, тепе-теңдік нүктесінің оң 
жағында ластауды төмендету қажет және оған бағытталған қаржы орынды деп есептелінеді. Ал 
егер ластау мөлшері оптималды мөлшерден кем болса, қоршаған ортаға тастаған қалдықтың 
шекті құны әлеуметтік шығыннан көп. Сондықтан, тепе-теңдік нүктесінің сол жағында ластауды 
төмендету қажет емес және оған бағытталған қаржы тиімсіз болады деген ойлар айтылады.
Қоршаған ортаны ластаудың оптималды мөлшерін анықтау туралы ұсыныстың қан-
шалықты дұрыс немесе дұрыс емес екенін алдағы қарастырылатын материалдарды қолдана 
отырып айта аламыз.
Соңында, отандық экономика жағдайында сыртқы салдарлардың көріну себептеріне 
мысалдар келтіре отырып, бұл сұрақтың тәжірибелік маңыздылығын ашып көрсетуге болады.
Келесі сұраққа көшейік.
Сыртқы салдарды реттеу шаралары
Бұл сұрақта біз сыртқы салдарларды реттеудің шараларына тоқталамыз. Себебі сыртқы 
салдар адам өміріне аса маңызды түрде оң және теріс жағынан әсер ететіндіктен, оларды 
реттеудің бірнеше жолдарын ұсынып көреміз. Сыртқы салдарды реттеудің көптеген жолдары 
бар. Коуз теоремасына сүйенсек, сыртқы салдарларды экономикалық ресурстарға меншік 
құқығының нақты анықталмағандығын туғызады. Коуздың ойынша, егер мемлекет әркімнің 
ресурстарға меншік құқығын нақты анықтаса, әрбір меншік иесі мемлекет анықтаған ережені 
ерікті түрде орындаса және меншік құқығы еркін сатылатын болса, өзара келісу арқылы 
және нарықтық механизмдердің көмегімен жағымсыз сыртқы салдарды ішкі салдарларға 
айналдыруға болады.
Бірақ сыртқы салдардың проблемаларын шешу барысында әртүрлі қиындықтар кездеседі. 
Көптеген ресурстарға меншік құқығын анықтау өте көп шығынды талап етеді немесе оны 


Кітап:
Дәріс:
Экономикс
11.Нарық сәтсіздігі және сыртқы салдар
4
анықтау мүлдем мүмкін емес. Мысалы, ауаға немесе өзендегі суға меншік иесін анықтау және 
оның құқығын сату өте қиын болады. Коуз теоремасын қолдану үшін меншік иелерінің өзара 
келісуге шағатын шығындары келісімнен алатын пайдадан аз болуы керек. Сыртқы әсерлердің 
салдарын келісімге келе отырып шешу үшін оған қатысатын экономикалық субъктілердің 
немесе адамдардың саны көп болмауы қажет. Сыртқы салдар туғызатын нақты себептерді 
де анықтау қиын болады. Сонымен қатар, сыртқы шекті шығындар мен шекті сыртқы 
пайдалылықтардың деңгейі туралы ақпарат та толық болмауы да мүмкін. 
Демек, нарық механизмдерінің көмегімен өзара келісімге келе отырып, сыртқы әсерлерді, 
оның ішінде экологиялық проблемаларды толығымен шешу мүмкін емес. Сондықтан, сыртқы 
салдарларды реттеуде мемлекеттің қызметіне көп көңіл бөлінеді. Сыртқы салдарларды 
мемлекеттік реттеу әртүрлі әкімшіл бұйрықтар мен заңдардың көмегімен жүзеге асады. 
Олардың ішінде табиғатты қорғау, таза ауа, таза су туралы және де басқа заңдар қабылданады 
және олардың міндетті түрде орындалуына бақылау қойылады.
Қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындар әрбір өндірілген өнімнің шекті сыртқы 
шығынының мөлшерінде мемлекетке салық төлейді: 
Т=МЕС
мұндағы Т – салықтың мөлшері, МЕС – шекті сыртқы шығындар. Салықтың арқасында шекті 
жеке шығын шекті қоғамдық шығынмен теңеседі: МРС (шекті жеке шығын) + Т = МSС (шекті 
әлеуметтік шығын). Ол жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнім көлемінің тиімді деңгейге дейін 
қысқаруына әкеледі. Оны жоғарыдағы мысалдан көрдік.
Жағымды сыртқы салдар туғызатын өнімдер тиімді деңгейден аз мөлшерде өндірілетін 
болғандықтан, мемлекет әрбір өндірілген өнімнің әкелетін шекті сыртқы пайдалылығына тең 
реттеу субсидиясын береді:
G=MEB 
мұндағы G – мемлекеттің реттеу субсидиясы, ал МЕВ – шекті сыртқы пайдалылық. Субсидиялан-
ған өнім көлемінің әкелетін шекті жеке пайдалылығы шекті қоғамдық пайдалылықпен теңеседі: 
МРВ (шекті жеке пайдылылық) + S = МSВ (шекті әлеуметтік пайдылылық). Мемлекеттің осы 
реттеу әдісі жағымды сыртқы салдар туғызатын өнім көлемін тиімді деңгейге дейін өсіруге 
ынта туғызады. 
Біріншіден, мемлекеттің қабылдаған заңдарына, әртүрлі әкімшілік әдістердің қолдануына 
қарамастан, қазір экологиялық проблемалар әлемдік сипат алып отыр. Қоршаған ортаның 
ластануы мен оның зардаптары, әсіресе, дамушы елдердегі өзекті проблемалардың біріне 
жатады. Көп жағдайға дамушы елдердегі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және 
институционалдық факторлар мемлекеттің жағымсыз сыртқы салдарларды тиімді реттеуіне 
кедергі болады. 
Екіншіден, экологиялық заңдар мен олардың орындалуын қатал талап ету экономикалық 
өсудің қарқынын төмендетеді деген ойлар жиі айтылады. Қоршаған ортаны қорғауға немесе 
экологиялық проблемаларды шешуге шығатын шығындар ұлттық инвестицияның деңгейін 
төмендету арқылы экономикалық өсудің қарқынын төмендетеді. Осы жерде қоршаған ортаны 
ластаудың оптималды мөлшерін анықтау туралы айтылады. 
Үшіншіден, экономистердің ойынша, экологиялық заңдарда қоршаған ортаны қорғауға 
бағытталған шаралардың экономикалық тиімділігі ескерілмейді. Мемлекеттің шығыны эконо-
микалық жағынан тиімді болу үшін қоршаған ортаны (суды және ауаны) ластайтын әрбір 
заттың әлеуметтік-қауіпсіздік деңгейін әрбір кәсіпорын үшін және әрбір ластаудың көзі үшін 
жеке-жеке анықтау қажет. Бұл – өте қымбат және қиын жұмыс. Сондықтан, салықтар мен 
субсидиялардың да (кімге қанша субсидия беру немесе кімге қанша салық салу керек) нақты 
көлемін анықтау қиынға түседі. Сондықтан, көптеген кәсіпорындар салығын төлей отырып, 
қоршаған ортаны ары қарай ластауын жалғастыра береді. Осы себептерге байланысты 
экономистер мемлекеттің экологиялық проблемаларды реттеуде қолданылатын әкімшіл 
әдістерін экономикалық тұрғыда тиімсіз деп есептейді. 


5
5
Кітап:
Дәріс:
Экономикс
11.Нарық сәтсіздігі және сыртқы салдар
Қоршаған ортаны ластау үшінші адамдардың азаматтық құқығын, меншік құқығын және 
қоғамдық тәртіпті бұзу болып есептелінеді. Сондықтан жағымсыз сыртқы әсерлердің салдар-
ларын реттеуде азаматтық құқық бұзу зыңының маңызы зор. Осы заңға сүйене отырып, сот 
арқылы әрбір адам өзінің бұзылған құқығын қорғау мүмкіншілігіне ие болады. Бұл әдістің де 
өзіне тән кемшіліктері бар: біріншіден, көп жағдайда адамдарға ауаның, судың ластануы туралы 
ақпарат белгілі болмайды; екіншіден, жағымсыз сыртқы әсерлерден шеккен зардаптардың 
салдарын дереу анықтау да қиынға түседі. Жағымсыз сыртқы әсер туғызған экономикалық 
субьектінің дәл анықтау оңай емес. Мысалы, улы қалдықтарды ауаға жергілікті кәсіпорын 
таратуы мүмкін немесе олар желмен басқа жақтан келуі де мүмкін; үшіншіден, көп жағдайда 
сот арқылы бұзылған құқықты қорғау үшін көп шығын шығаруға да тура келеді; төртіншіден, 
қоршаған ортаны ластаудан зардап шеккен адамдардың саны өте көп болса, олардың бәрінің 
құқықтарын және талаптарын сот арқылы қанағаттандыру да мүмкін емес. Осындай жағдайда 
экологиялық апаттардан зардап шеккен адамдардың құқығын қорғау міндетін жергілікті 
басқару ұйымдары өз мойындарына алса, тиімді болар еді.
Сыртқы салдарды реттеуде мемлекеттің әкімшіл әдістерін нарық механизмдерімен бірге 
қолданудың тағы бір жолы – ластау құқығының нарығын қалыптастыру немесе қалдықтарды 
тастауға рұқсат алу (лицензия). Оны «Экономикс» оқулығында келтірілген мысал көмегімен 
талдауға болады. 
Мемлекет ластаудың тиімді мөлшерін шекті әлеуметтік шығындар (MSC) деңгейінде 
анықтай отырып, мәселен 600 тонна қалдыққа лицензия (S) ұсынады. Лицензияға деген 
сұраныс әрбір кәсіпорынның өндіріс қалдықтарын жоюға кететін шекті шығынына байланысты 
болады. Егер шекті өте жоғары болса, шығыны төмен кәсіпорындардан қосымша лицензия 
сатып алуға тура келеді. Әрбір тонна қалдықтың нарықтық бағасы сұраныс пен ұсыныстың 
теңдігімен анықталады (400 теңге). Қосымша лицензия сатып алу қымбатқа түсетін фирмалар 
қалдықтардың деңгейін азайтатын жаңа технологиялық әдістер іздеуге және оны өндіріске 
енгізуге ынталы болады.
Сонымен, қазіргі кезеңде сыртқы салдарды, оның ішінде экологиялық проблемаларды 
реттеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Олардың көмегімен жергілікті немесе аймақтық 
деңгейде пайда болатын жағымсыз сыртқы салдарларды тиімді түрде реттеуге болады. 
Ал әлемдік сипатқа ие болып отырған экологиялық прблемаларды шешу үшін дүниежүзілік 
реттеудің жаңаша әдістері қажет.
Соңында, отандық экономика жағдайында сыртқы салдарларды реттеудің жеке нарықтық 
және мемлекеттік реттеу жолдарын көрсетіп, мысалдар келтіру арқылы бұл сұрақтың 
тәжірибелік маңыздылығын арттыра түсуге болады.
Түйін
Сыртқы салдар нарықтық емес тәсілдер арқылы экономикалық субъектілердің өзара 
әрекеттерге баруының себешісі болып табылады, бұл жерде бір тұлғаның жасаған іс-қимылының 
нәтижесі сол әсердің салдарын ешқандай өтеусіз басқа бір тұлғаға әсер етуі орын алады. 
Әсер етудің сипатына байланысты сыртқы салдар теріс (жағымсыз) және оң (жағымды) 
салдарлар түрінде орын алуы мүмкін. Теріс сыртқы әсерлердің салдарынан нарықтық 
келісімге мүлдем қатысы жоқ үшін тұлғалар қосымша шығындарға тап болады. Ал оң сыртқы 
салдарлардың орын алуы кезінде нарықтық келісімге мүлдем қатысы жоқ үшінші тұлғалар 
қосымша пайдалылық алады.
Жағымсыз сыртқы салдар жеке және қоғамдық шекті шығындар деңгейіндегі айырма-
шылықтан туындайтын игілік бағасының төмен болуымен орын алады. 
Жағымды сыртқы салдар жеке және қоғамдық шекті пайдалылықтар деңгейіндегі айыр-
машылықтан игілікке деген сұраныстың жеткіліксіздігінен туындайды.
Сыртқы салдардың орын алу себебі болып ресурстарға бекітілген меншік құқықтарының 
жоқ болуы табылады, ол ресурстарды альтернативті түрде қолдану үшін оның құнының 
төмендеуіне алып келеді.


Кітап:
Дәріс:
Экономикс
11.Нарық сәтсіздігі және сыртқы салдар
6
Игіліктердің нарықтық бағасында көрсетілмеген сыртқы әсерлер шығындар мен табыстар 
туралы ақпаратты шектейді, осының салдарынан игіліктерді артық өндіру немесе кем өндіру 
сияқты формасында көрінетін ресурстарды бөлудің тиімсіздігі орын алады. 
Қоғамдық шекті шығындар мен қоғамдық шекті пайдалылықтар арасындағы теңдікті 
қамтамасыз ету арқылы сыртқы әсерлерден туындайтын тиімділіктің жоғалуын жоюға болады. 
Егер ресурстарға деген меншік құқығы нақты тағайындалған және соларға байланысты 
айырбас жасау шығындары көп болмаса, онда сыртқы әсерлерді нарықтық механизм арқылы 
жоюға болады.
Егер нарықтық механизм сыртқы әсерлердің салдарларын жоюды қамтамасыз ете 
алмайтын болса, онда оларды реттеудің нарықтық емес әдістері қолданылады, яғни, жағымсыз 
сыртқы әсерлерді реттеу үшін стандарттар мен салықтар, ал жағымды сыртқы әсерлерді реттеу 
үшін субсидиялар сияқты әдістер қолданылады.
Шолу сұрақтары:
1. Сыртқы салдарлардың туындау себептері қандай?
2. Үшінші тұлғалар кімдер бола алады?
3. Әрекет етуіне байланысты сыртқы салдардың қандай түрлері болады?
4. Сыртқы салдарды реттеудің әкімшілік әдістері қандай?
5. Сыртқы салдарларды реттеудің экономикалық қандай?
6. Түзетуші салықтар мен түзетуші субсидиялар қай уақытта қолданылады?
7. Коуз теоремасына қандай мысалдар келтіруге болады және оның болжамдары қандай?
8. Қоршаған ортаны ластаудың оптималды мөлшерін қалай таңдауға болады?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ғабит Ж.Х., Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Микроэкономика: экономикалық маман-
дықтарға арналған оқулық / – ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. – 2-ші бас., өңдел.
және толық. – Алматы: Print-S, 2012 ж. 14-тақырып.
2. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2009. 13-тақырып.
3. Бекжанова Г.Е. Микроэкономика: Оқулық / Г.Е. Бекжанова – Алматы: Экономика, 2014. 
14-тарау.
4. Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по 
экономическим специальностям. 3-е издание. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2013. Главa 13.
5. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Микроэкономика. 4-е издание. Спб.: Питер, 2012. Глава 15.
6. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник / Р.М. Нуреев. – 3-е изд., испр. и доп. – М.: 
ИНФРА-М, 2014. Главa 13.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет