Наркология бойынша ағымдағы емтиханға арналған тестілер
(Субханбердина А.С., Матаева Ш.И., Беспалов Ю.И., Беспалова Л.Ю.)
1. ! Иллюзиялар:
*+ Шын мәнінде тіршілік ететін құбылыстарды бұрмаланған түрде қабылдау
* Психикалық аурудың шартсыз белгісі болып табылады
* Кейбір жедел психоздардың дебютінде дами алмайды
* Сандырақтық ойлармен жүреді
* Объектісіз жалған түйсік
2.! Галлюцинациялар:
*Негативті (дефицитарлы) симптомдарға жатады
*Невротикалық деңгейдің бұзылысы болып табылады
*Тек қана шизофрения кезінде кездеседі
*+ Объектісіз жалған түйсік
*Ойлаудың бұзылыстарына жатады
3. ! Шынайы көру галлюцинациялар мына жағдайда пайда болады:
* Маниакальді синдромда
* Жедел эндогенді психоздарда
* Невроздарда
*+Алкогольді делирий кезінде
* Астениялық синдром кезінде
4. ! Шынайы көру галлюцинациялар мына жағдайда пайда болады:
* Шизофренияда
* Жедел эндогенді психоздарда
* Неврастенияда
*+Алкогольді делирий кезінде
* Психопатияда
5. ! Науқас, кілемдегі суреттерге қарап отырып, онда құбыжық бейнеленгендігін айтады, және одан жасырынғысы келеді. АТАЛҒАН БҰЗЫЛЫС АТАЛАДЫ:
* Гиперестезия
* Дереализация
* Деперсонализация
*+ Парейдолиялық иллюзиялар
* Псевдогаллюцинациялар
*Деперсонализация
6. ! Дисфория бұл:
* Түйсіктің бұзылысы
* Өзін-өзі тану бұзылысы
* Танымдық іс-әрекеттің бұзылысы
*+ Эмоцияның бұзылысы
* Сезім бұзылысы
7. ! Сана деңгейінің төмендеу жағдайларын (сөну, сопор, кома) шақыратын аурулар:
* Шизофрения
* Истерия
* Психопатия
*+ Бас миының экзогенді және соматогенді зақымданулары
* Маниакальді-депрессивті психоз
8. ! Делирий үшін келесілер тән:
*+ Жарқын шынайы галлюцинациялардың ағымы, жағдай өткірлігінің кешке қарай өршуі
* Жағдай өткірлігінің күндізгі уақытта өршуі
* Жеке тұлғасында бағдардың бұзылуы
* Псевдогаллюцинациялар
* Жоғарылаған көңіл-күй
9. ! Наркоманияның міндетті түрдегі көрінісі:
* Қылмыстық іс-әрекет
* Галлюциноз
* Астениялық жағдай
* Трофикалық бұзылыстар
* Психикалық тәуелділік
10. ! Онеироид мынаның типтік көрінісі болып табылады:
* Маниакальді-депрессивтік психоздың
* Истериялық реактивті жағдайлардың
* Алкогольді психоздардың
*+ Шизофренияның
* Психопатияның
11. ! Аменция үшін келесі жағдай тән:
*+ Ойлаудың байланыссыздығы, толық амнезия
* Активті және пассивті негативизм
* Капюшон симптомы
* Ауа жастығы симптомы
* Гипомания
12. ! Сананың қарауытқан бұзылысы мына жағдайда көрінуі мүмкін:
* Фобиялық неврозда
*+ Генуинді эпилепсияда
* Шизофренияда
* Маниакальді-депрессивті психозда
* Истерияда
13. ! Сананың қарауытқан бұзылысы мынаның көрінісі болуы мүмкін:
* Фобиялық невроздың
* Истерияның
* Шизофренияның
*+ Патологиялық мас болудың
* Истерияның
14. ! Сопор мынаның көрінісі болуы мүмкін:
* + Алкогольмен мас болудың ауыр дәрежесінің
*Маниакальді жағдайдың
*Депрессияның
* Психопатияның
* Жабысқақ жағдайлар неврозының
15. ! Бұзылған сана жағдайының диагностикалық критерийлері болып табылады:
* Жағдай өткірлігінің күндізгі уақытта өршуі
*+Аллопсихикалық және аутопсихикалық бағдардың бұзылысы
* Параноидты синдром
* Суицидальді іс-әрекет
* Обсессивті-фобиялық невроз
16.! Эпилепсиямен ауыратын науқастардың тұлғалық ерекшеліктері:
*+ Эгоцентризм, баяулық, кекшілдік, мұқияттық пен педантизм
* Маниакальді синдром
* Жеңілтектік, өтірікшілдік
* Жалпақ әзілге, сарказмға бейімділік
* Сөйлеудің олигофазалылығы, ойлаудың қарапайымдылығы
17. ! Жедел алкогольдік интоксикация жағдайын (жай алкогольдік мас болу) анықтайтын негізгі критерийлерге барлығы жатады, мынадан басқа:
* Ауыздан шығатын алкогольдік иіс, эмоциональді сферадағы өзгерістер тән
* Моториканың функциональді өзгерістері
* Ассоциативті үрдістер мен қоршаған ортаны қабылдаудың өзгерістері
* Неврологиялық және вегетативтік бұзылыстар мен өзгерістер
*+ Әумесерлік және астарлы іс-әрекеттер
18. ! Жедел алкогольді интоксикацияның жеңіл дәрежесі сипатталады:
* + Психикалық және физикалық комфорттық сезіммен
* Галлюциноз
* Онейроид
* Ассоциативті үрдістің баяулауымен
* Психосенсорлы бұзылыстардың пайда болуымен
19. ! ! Жедел алкогольді интоксикацияның орташа дәрежесінің клиникасына барлығы жатады, мынадан басқа:
* моториканың функциональді бұзылыстары
* ассоциативті үрдістің баяулауы мен қиындауы
* елестетудің бірқалыптылығы, сөйлеудің дизартриясы
* зейіннің ауысуындағы қиындықтар
* + еріксіз зәр жіберу, айқын соматикалық бұзылыстар
20. ! Жедел алкогольді интоксикацияның ауыр дәрежесінің клиникасына барлығы жатады, мынадан басқа:
* Мишықтық атаксиямен, бұлшықеттік атония және амимиямен
* Вестибулярлы бұзылыстармен, бас айналу, жүрек айну мен құсумен
* Тері жабындыларының бозаруымен
* Жүрек-қан тамыр жүйесі тонусының төмендеуімен
* + Психикалық комфорт сезімімен
21. ! Өзгерген жедел алкогольді мас болудың (жедел алкогольді интоксикацияның) эксплозивті вариантына барлығы тән, мынадан басқа:
* әлсіз айқын және қысқа уақыттық эйфория
* мас болу жағдайларында көп рет қайталанатын кенет көңіл толмаушылық, тітіркену немесе ашулану әрекеттері
* конфликтіліктің көріністері
* үрейлі-зерігу аффект жағдайлары
* + демонстративтіліктің көріністері
22. ! Өзгерген алкогольмен жай мас болудың (жедел алкогольді интоксикация) дисфориялық вариантына барлығы жатады, мынадан басқа:
* көңілтолмаушылықпен, жиіркеніштікпен және кекшілдікпен жүретін жабыраңқылық жағдайымен
* жабыраңқыланған көңіл күйдің басымдылығымен
* қазымырлықпен
* агрессивтілікпен
*+ моторлы тежелгіштікпен
23. ! Өзгерген алкогольмен жай мас болдың (жедел алкогольді интоксикация) истериялық вариантына барлығы тән, мынадан басқа:
* Театралдылық пен тәртіптің демонстративтілігі
* Суицидальді-бопсалау тәртібі
* Балалықтық және жалған деменция элементтерімен іс-әрекет
* Зейінін өзіне қаратуға деген талпыныс
*+ Айналадағыларға күдікшілдік
24. ! Өзгерген алкогольмен жай мас болудың (жедел алкогольді интоксикация) депрессивті вариантына барлығы тән, мынадан басқа:
* әртүрлі айқындық пен түстердегі төмендеген көңіл күйдің басымдылығы
* өзін өзі қорлау ойларының пайда болуы
* суицидальді әрекеттерге бейімділік
* + зерігу-ашулық көңіл күй
* Іс-қимылдың және сөйлеудің тежелуі
25. ! Патологиялық мас болуға мынадан басқаның барлығы тән:
* психотикалық эпизодтың кенеттілігі, өткірлігі мен транзиторлығы
* бұзушы әсерлі әрекеттердің импульсивтілігі және мақсаттылығы
* сананың қарауытқан бұзылысы, қайталамалы аналогиялық жағдайлардың дамуының типсіздігі
* амнезия және астениямен жалғасатын терең ұйқыға ену
*+ психикалық және физикалық комфорт сезімі, сөз-қозғалыстық активтіліктің жоғарылауы
26. ! Патологиялық мас болудың эпилептоидты түріне мынадан басқасы тән:
* мағынасыз, хаостық және агрессивті әрекеттер түріндегі интенсивті қимыл-қозғалыстық қозу
* қимыл-қозғалыстық стереотипиялардың болуы
* болып өтетін ашу мен ыза аффектінің басымдылығымен
*+ болып жатқан оқиғаға өзін өзі ұстауындағы байланыстың болуы
* амнезиямен көрініс бермейді
27. ! Патологиялық мас болудың параноидты түрі мынадан басқасымен сипатталады:
* қатты қорқыныш аффектісінің болуымен
* айналаны иллюзорлы – сандырақпен қабылдаумен
* сыртқы мақсатты әрекеттілікпен
*+ фантастикалық сахна тәрізді галлюцинациялардың болуымен
* жарқын еске алушылықтарымен, басынан өткерген психоздың фрагменттерімен болатын бөліктік амнезия
28. ! Алкогольге деген патологиялық әуестіктің клиникалық құрылымының құрамына кіреді, мынадан басқа:
* Аффективті
* Іс-әрекеттік
* Идеаторлы
* Вегетативті және сенсорлы
*+ Психосенсорлы бұзылыстар
29. ! Толеранттылықтың ең көп өсуі байқалады: :
* алкоголизмнің 1-сатысында
*+алкоголизмнің 2-сатысында
* алкоголизмнің 3-сатысында
* патологиялық мас болуда
* дипосманияда
30. ! Алкоголизммен ауыратын науқастардағы салынып ішудің ерекшеліктеріне барлығы тән, мынадан басқа:
* Алкогольді эксцестің салынып ішудің бастапқысымен айқын байланысы
* Алкогольді эксцестің салынып ішудің соңымен айқын байланысы
* Алкогольді күнделікті қабылдау кезеңінің 3-4 күннен 2 аптаға дейін ұзаруы
* Ішкілікке салынудың барлық кезеңіндегі жоғары толеранттылықтың сақталуы
*+ Эксцесс басталудан бірнеше күн алдындағы науқастардың психикалық, сондай-ақ физикалық жағдайларының есептік өзгерістері
31. ! Алкоголизммен ауыратын науқастардағы шынайы салынып ішуге тән:
* салынып ішу продромының болмауы (салынып ішудің алдындағы физикалық және психикалық жағдайдың өзгеруі )
*+ алкогольге деген патологиялық әуестіктің кенеттен пайда болуы
* науқастың тыныштық динамикадағы физикалық және психикалық сфераларындағы қандай да бір бұзылыстардың болмауы
*+ салынып ішу кезіндегі, әсіресе оның соңындағы физикалық және психикалық жағдайдың декомпенсациясы
* этаптағы аурудың 1 сатысының пайда болуы
32. ! Алкоголизмнің 1 сатысында науқастардың тұлға өзгерістері көрінеді:
* +преморбидті характерологиялық ерекшеліктердің үшкірленуімен
* «энергетикалық потенциалдың» төмендеуімен
* преморбидті характерологиялық ерекшеліктердің нивелировкасымен
* естің дөрекі бұзылыстарымен
* тұлғаның патологиялық дамуымен
33. ! Алкоголизмнің 3 сатысында науқастардың тұлға өзгерістері көрінеді:
* преморбидті характерологиялық ерекшеліктердің үшкірленуімен
* «энергетикалық потенциалдың» төмендеуімен
*+ преморбидті характерологиялық ерекшеліктердің нивелировкасымен
* естің дөрекі бұзылыстарымен
* тұлғаның патологиялық дамуымен
34. ! Алкоголизмнің (аурудың 1 сатысы) бастапқы көріністеріне тән:
*+ толеранттылықтың бастапқымен салыстырғанда 2-3 есе өсуі
* ұйқының бұзылысы
*+ әсіресе «питейлік» жағдайлардағы алкогольге әуестіктің актуализациясы
* мас болу жағдайларының айқын өзгерістері
* «критикалық доза » симптомының пайда болуы
35. ! Алкоголизмнің 2 сатысында тән:
* жалпы амнезияның болуы
*+кенеттен дамитын, себепсіз алкогольге деген әуестіктің пайда болуы
* алкогольді деградацияның дамуы
*+ашық абстинентті синдромның пайда болуы
* шынайы салынып ішулердің дамуы
36. ! Алкоголизмнің 3 сатысына тән:
* Палимпсесттердің болуы
*+ алкогольге деген патологиялық импульсивті әуестіктің пайда болуы
* алкогольді деградацияның дамуы
* ашық абстинетті синдромның пайда болуы
*+шынайы салынып ішулердің дамуы
37. ! Науқастың көру галлюцинацияларына деген жоғары дайындығын мына симптомдардың көмегімен тексеруге болады, мынадан басқа:
* Липман симптомымен
* Бехтерев симптомымен
* Ригер симптомымен
* Ашаффенбург симптомымен
* +Бабинский симптомымен
38. ! «Критикалық доза» симптомымен көрінетін алкогольге деген патологиялық әуестіктің екіншілік формасы бұл:
* алкогольді эксцестен тыс уақыттардағы оны қабылдауға деген активті талпыныс
* кез келген, тіпті аз мөлшердегі алкогольді қабылдағаннан кейінгі алкогольді қабылдауға деген еңсерілмейтін әуестіктің пайда болуы
* әртүрлі физикалық және психикалық бұзылыстардың фонындағы алкогольді эксцестен соң алкогольді қабылдауға деген еңсерілмейтін әуестік
*+ әрбір науқасқа айқындалған алкогольдің белгілі бір мөлшерін қабылдағаннан кейінгі оны жалғастыруға деген еңсерілмейтін әуестік
* жан қолайсыздығы фонында пайда болатын алкогольге деген мұқтаждық
39.! Шынайы галлюцинациялар:
*+ объектсіз объективті кеңістікте проекцияланатын күдікті қабылдау
*+ сезімдік жарықтықпен, галлюцинаторлық кейіпкерлердің тірілігімен сипатталады
* шынайы, бар объектілерді бұрмаланған түрде қабылдау
* шизофрения кезінде байқалады
* орындалғандық сезімімен сипатталады
40. ! Корсаков синдромының құрамына мынадан басқаның бәрі кіреді:
* Фиксационды амнезия
* Конфабуляциялар
* жалған реминесценциялар
* Криптомнезиялар
*+орындалу сезімімен сипатталады
41. ! Аменция жағдайына мынадан басқаның барлығы тән:
* ойлаудың байланыссыздығы
* төсектегі қозу жағдайы
* толық амнезия
* +«ауа жастығы» симптомы
* Активті және пассивті негативизм
42. ! Делирий үшін мынадан басқаның барлығы тән:
* Жарқын көру галлюцинацияларының болуы
*Кешке қарай жағдай өткірлігінің өсуі
* Аллопсихикалық дезориентирлену
* Аутопсихикалық дезориентирлену
* +Конфабуляциялар
43. ! Делирийдің дамуы байланысты болуы мүмкін:
* шизофренияның қатерлі ағымы
*+жедел инфекциялар кезіндегі гипертермия және интоксикация
* маниакальді-депрессивті психоздың ұстамасы
*+ауыр алкогольді абстинентті синдром
* Истериялық реактивті психоз
44. ! Делирийдің инициальді кезеңінде мынадан басқаның барлығы байқалады:
* Парейдолиялық иллюзиялар
* Гипнагогиялық және гипнопомпиялық галлюцинациялар
* Айқын ұйқысыздық
* Тынымсыздықпен қосарланған үрей
*+ Жалған реминисценциялар
45. ! Мусситирлеуші делирийге тән болатын белгілер, мынадан басқа:
* Төсекте қозу
* Психоз кезеңін естен толық шығару
* Сөздің байланыссыздығы
* Өміріне қауіпті жағдай
* + эйфория
46. ! Кәсіптік делирийге тән болатын белгілер, мынадан басқа:
* төсектегі қозу
* байланыссыз, бұрмаланған сөйлеу
* әдеттегі, күнделікті өмірде орындалатын әрекеттер түріндегі біртекті қимылдық-қозғалыстық қозулардың басым болуы
* Уақыт пен мекен-жай бағытын жоғалту
* +Конфабуляциялар
47. ! Делирий кезінде келесі бағдарлық бұзылыстар байқалады:
*+ уақытта
* өз жеке тұлғасының
*+ кеңістікте
* қосарланған жалған бағдарлану
* күнделікті өмірде
48. ! Наркомания мына заттарды қабылдаудың салдары болуы мүмкін, мынадан басқа:
* + реланиум
* наша
* апиын
* героин
* кокаин
49. Апиын тобындағы есірткілердің антагонисі болып табылады:
* Кофеин
* Барбамил
* Седуксен
* + Антаксон (Налоксон)
* Финлепсин
50. ! Апиын есірткілік заттарына жатқызылады:
* +героин
* наша
* кокаин
* эфедрон
* темекі
51.! Апиындық наркомания кезінде абстиненттік көріністер пайда болады:
* аурудың 1-сатысында
*+ 2-сатысында
* 3-сатысында
* экзогенді психоздар кезінде
* дипсомания кезінде
52. ! Алкоголизмді емдеуде мынадай арнайы әдістер қолданылады:
* Антидепрессанттар
*+ Сенсибилизирлеуші терапия
* Аминазин
* ЭСТ
* Ноотроптар
53. ! Обсессиялар сипатталады:
*+ пайда болудың мәжбүрлілігімен, науқастың жеке тұлғасының бөгделігімен
* критиканың болмауымен
* коррекцияның мүмкін емемстігімен
* ашығу, шөлдеу, өзін өзі сақтау инстинкті, т.б сияқты өмірге қажетті сезімдермен салыстырылатын әлдеқайда мықты сезім
* орындалғандық сезімімен
54. ! Психоорганикалық синдромдарға келесі симптомдар кіреді:
*+ естің нашарлауы
*+ метеотәуелділік, тітіркенгіштік
* критиканың сақталуы
* аутизм
* активті негативизм
55. ! Сананың бұзылу критерийлеріне мынадан басқаның барлығы жатқызылады:
* шынайы өмірден оқшаулану
* Аллопсихикалық бағдардың бұзылуы
* Амнезия
* Аутопсихикалық бағдардың бұзылуы
* + «дене кескінін» қабылдау бұзылыстары
56. ! Естің сандық бұзылыстарына жатқызылады:
*+ Гипермнезия
* Конфабуляция
* Криптомнезия
* Жалған реминсценция
* Депрессия кезінде есті жоғалту сезімі
57. ! Дипсомания барлық науқастарда байқалады, мынадан басқа:
*+ Алкоголизмнен зардап шегетін науқастарда
* Шизофрениямен ауыратын науқастарда
* Эпилепсиямен ауыратын науқастарда
* Олигофрениямен ауыратын науқастарда
* Тұлғаның органикалық бұзылыстарымен ауыратын науқастарда
58. ! Алкогольді тип бойынша тұлға деградациясының бұзылыстарына барлығы жатады, мынадан басқа:
* өтірікшілдік пен айлакерлік
* жалпақ қалжыңға бейімділік
* әлеуметтік байланысты жоғалту
* +сырғанақтау
* атылғыштық, тітіркенгіштік
59. ! Шынайы галлюцинациялар мына жағдайда байқалады:
* + Алкогольді делирий кезінде
* Шизофренияда
* Неврозда
* МДП
* Деменцияда
60. ! Классификация бойынша жедел алкогольді психоздарға жатады:
*+ Алкогольді делирий
* Сандырақтық психоздар
* Шизофрения
* Неврастения
* Дипсомания
61. ! Классификация бойынша жедел алкогольді психоздарға жатады:
*+ Алкогольді делирий
* Сандырақтық психоздар
* Шизофрения
* Неврастения
* Дипсомания
62. ! Корсаков синдромының дамуына мына жағдай әкелуі мүмкін:
* Эпилепсия
* Шизофрения
*+Созылмалы алкогольді интоксикация
* Истерия
* Олигофрения
63. ! Наркологиялық диспансердің мақсаттарына барлығы кіреді, мынадан басқа:
* емдік-профилактикалық мекемелерге ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету
* диагностикалық, емдік-сауықтыру іс-әрекеттерін орындау
* алдын алу шараларын жүзеге асыру
* емдік-алдын алу жұмысы мен алкогольдік мас болу экспертизасы
*+ сот-психиатриялық экспертизаларды жүргізу
64. ! Жалпы соматикалық емханадағы психиатр-наркологтың кабинетінде жүзеге асырылады:
*+ Консультативті және емдік-диагностикалық жұмыстар, және алдын алу сұрақтарымен айналысады
* жалпы медициналық қабылдау
* салынып ішулерді басу
* сот-психиатриялық экспертизаларды жүргізу
* алкогольді салынып ішуді басу
65. ! Анонимді емдеу кабинетіндегі жұмыс науқасқа мына түрде өткізіледі:
* жазбаша медициналық құжаттандыру жүргізілмейді
* жалпы тәртіптер бойынша медициналық амбулаторлы карта жүргізіледі
* жазбаша құжаттандыру тексерілушінің қалауы бойынша жүргізіледі
*+медициналық карта тексерілушінің аты-жөні мен мекен жайын көрсетпей жүргізіледі
* ешқандай жазбаша құжаттандыру жүргізілмейді
66. ! Қалалық клиникалардың құрамындағы стационарлық наркологиялық бөлімшелердің мақсатына кіреді, мынадан басқа:
* мамандандырылған емдік-диагностикалықкөмекті көрсету
* алкогольді салынып ішу жағдайларын басу
* наркологиялық экспертизаны жүргізу
* сәйкес жағдайларда науқасты еріксіз наркологиялық емдеу, алдын алу және сауықтыру жұмыстарын енгізу
* + сот-психиатриялық сараптаманы жүргізу
67. ! Учаскелік дәрігер-психиатр-наркологтың функционалдық міндеттеріне жатады, мынадан басқа:
* алкоголизммен, наркоманиямен және токсикоманимен ауыратын науқастардың емдік-диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу
* тіркеу, учеттік және есептік құжаттандыруды енгізу
* науқастарға консультативтік көмекті, жалпы емдеу жүйесі дәрігерлеріне көмек көрсету,
* Санитарлы-жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу, квалификация деңгейін жоғарылату
*+сот-наркологиялық сараптаманы өткізу
68. ! Стационардағы ақпараттық-білім беру жұмыстарының мақсаты болып табылады:
* емдеу кезеңіне сауығулық нұсқауларды ұйымдастыру
* алкогольді мөлшерленген (бақыланатын) қабылдауды ұйымдастыру
* алкогольдің зияны жайлы насихат
*+ салауатты өмір салтын насихаттау
* алкогольден соңына дейін бас тартуды ұйымдастыру
69. ! Алкоголизммен ауыратын науқастарда психикалық аурулар пайда болған жағдайда ем қабылдаулары тиіс:
*+психиатриялық стационарда
* мамандандырылған мекемеде
* наркологиялық диспансерде
* жағдайына байланысты кез келген жерде
* жеке клиникада
70. ! Халықтың аурушаңдығы мынаны анықтайтын көрсеткіш:
* ағымдағы жылда медициналық көмек алуға келгендердің жалпы саны
* ағымдағы жылы медициналық мекемеге келгендердің жалпы саны
* тіркеуде тұратын, нақты ауруы бар науқастардың жалпы саны
*+ағымдағы жылы қайта пайда болған аурулардың жиынтығы
* аурудың нақты бір аймақта пайда болу мүмкіндігі
71. ! Қозудың күшеюі мен кешкі уақыттардағы галлюцинациялардың пайда болуы мынаған тән:
*+ Алкогольді делирийге
* Онейроидқа
* МДП
* Шизофренияға
* Психопатияға
72. ! Науқас психоздан айығу барысында жарқын шынайы галлюцинациялардың көп болуын сипаттауда:
*+ Алкогольді делирий
* Онейроид аменция
* Психопатия
* Шизофрения
* МДП
73. ! Маскүнем елесіне (белая горячка) тән сананың бұзылу синдромы:
*+ Делирий
* Онейроид
* Аменция
* Сананың қарауытқан бұзылысы
* Ипохондриялық синдром
74. ! МКБ-10 бойынша психикалық бұзылыстар мен алкоголь қабылдаумен байланысты іс-әрекет бұзылыстарының шифрін көрсетіңіз:
*+ F 10
* F11
* F 13
* F 15
* F 19
75. ! Ретроградты амнезия сипатталады:
* естің фрагменттік жоғалуымен
* есін жиғаннан соң дамитын, оқиғалардың кейбір кезеңдерінің ұмытылуымен
* болып жатқан оқиғаларға еске сақтаудың болмауымен
*+ естен танудан алдында болатын, оқиғалардың ұмытылуымен
* еске сақтау қабілетін жоғалтумен
76. ! Антероградты амнезия сипатталады:
* естен тану кезінде және оның алдында болатын еске сақтаудың жоғалуымен
* еске сақтау кезеңіндегі өзін өзі дұрыс ұстау
* өмірдің әртүрлі кезеңдеріндегі аурудың таралуы
*+есін жиғаннан соң дамитын, кезеңдік еске сақтаудың жоғалуымен
* ағымдағы амнезиядан кейін емке сақтау қабілеттің жоғалуымен
77. ! Қылмыстық жауапкершілікке тартылады, мына жағдайдайдан басқа:
* Наркотикалық дәрілік заттарды ұрлау
* Наркотикалық заттарлы заңсыз дайындау, сақтау мен тарату
* Наркотикалық дәрілік заттарды дайындау, сақтау, қолданысқа жіберу мен тасымалдау заңдылықтарына қойылған талаптарды бұзу
*+ ПАЗ дәрігердің тағайындауынсыз қол жеткізу және қабылдау
* Наркотиктерді қолдануға арналған притондардың болуы, кәмелет жасына толмағандардың наркотикалық заттарды қабылдауға деген бейімділігі
78. ! Наркологиялық мекемелерде профилактикалық тіркеуге жатпайды:
* токсикоманиялық заттарды қабылдауда бір ғана жағдайда көзге түскен азаматтар
* наркотикалық заттарды медициналық емес қабылдауының жеке жағдайларында тіркелген азаматтар
*+ұзақ ремиссиялы алкоголизммен ауыратын науқастар
* тұрмыстық маскүнемдер
* алкогольді сирек қабылдайтын азаматтар
Достарыңызбен бөлісу: |