Науқастарды сұрастыру



бет7/9
Дата02.01.2022
өлшемі210.37 Kb.
#452383
1   2   3   4   5   6   7   8   9
пропедевтика 8 лекция

1) негізгі сарғаю-патологиялық жағдайда кездеседі

2) алиментарлы сарғаю-  қалыпты жағдайда каротині көп тағамдарды қабылдағанда болатын сарғаю.



Патологиялық сарғаю үш түрге бөлінеді:

гемолитикалық, паренхиматозды және механикалық сарғаю. Негізгі патологиялық  сарғаюда  науқастың біріншіден  таңдайы, көзі, алақаны сарғаяды, содан кейін барып терісі, ал алиментарлық сарғаюында- тек терісі ғана сарғаяды.

Гемолитикалық сарғаю эритроциттердің гемолизына  байланысты өрбиді. Көбінесе қан  ауруларында немесе басқа топты  қан адамға  құйылған кезде  және уланғанда кездеседі, бұл  жағдайларда  терінің түсі сары болады. Қанда билирубин көбейеді,  нәжісте  стеркобилиноген несепте- стеркобилиноген мен уробилиноген көбейеді.

  Сарғаюдың екінші түрі-  паренхиматозды немесе бауырлық сарғаю, бауырдың  гепатоциттеріне байланысты, терінің  түсі қызғылт сары болады. Қанда билирубин 4-тен 10 есеге дейін көбейеді, ал  нәжісте азаяды. Осы сарғаюдың түрі көбінесе  бауыр ауруларында кездеседі(гепатит, цирроз).

    Үшінші түрі ол механикалық сарғаю терінің  түсі жасыл-сарғыш тартады. Сонымен қатар қанда өт қышқылдары көбейеді.

Келесі белгі – ол іштің үлкеюі, яғни шеменденуі.  Ыдыраған гепатоциттердің  орындарында бауырда  ферменттер бөлініп,  дәнекер тіннің  ошақтары пайда болады. Олар  бауыр ішіндегі капиллярды басып, қызметін  нашарлатады. Осы  себеп порталды  гипертензияны  тудырады, веналардың қабырғалары созылып,  өткізгіштігі  артып, сұйықтық  құрсақ қуысына  жиналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет