Научный журнал



Pdf көрінісі
бет49/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
здесь то, что города Европы давно растратили и растеряли» деген сөзі [7]. Қазақ 
халық музыкасының табиғатын терең сезінген, әрбір әншінің тілін таба білген, 
кәсіби музыкант қана алып шыға алатын ерекше спектакльдер болады. Опера 
барысында кейбір номерге тыңдарманның ықыласы ерекше ауып, сахнадан 
жібермей, қайта шақырған кездерде қобалжымай, оркестрді соңынан ерте білу, 
номерді қайталау үшін тез шешім қабылдай білу де дирижердің шеберлігін 
көрсетеді. Әр операны үш реттен қойған Федор Кузьмич «бүкіл онкүндік бойында 
дирижер пультінде жалғыз өзі мінсіз қызмет етті» [8]. Бұл табысқа театр ұжымы 
сөзсіз дирижер Кузьмичтің жетекшілігімен жетті. 
Бұл тұрғыдан декада кезін көрсететін архивтік видеофрагменттерден, 
әсіресе, Жібек рөліндегі Күләш Байсейітованың бейнесі көрінетін тұс, «Жалбыр» 
мен «Ер Тарғын» операсындағы оркестр үнінен сұлбасы анық болмаса да 
дирижер қолтаңбасын танысақ, ария үзінділерінен дирижер пультінде Федор 
Кузьмич тұрғанын шамалаймыз. 1940 жылға дейінгі кинолентаға түскен қазақ 
операсынан видеоүзіктегі оркестр жетекшілігінде сөзсіз Федор Андреевич 
тұрған, себебі, сол уақытта театрдағы қазақ операларының бірден-бір дирижері 
Кузьмич еді. 
Оркестр ұжымының қашанда дирижерге тәуелді екені белгілі. Бүкіл 
концерт бойына жауапкершілік соған жүктеледі. Қалт еткен көркемдік 
кемшілік болса, әуелі дирижерге сын. Сөйте тұра, кейде оркестр қатысатын 
барлық шара өткеннен кейін ең басты фигура – дирижер мүлде ұмыт 
қалатыны түсініксіз. Жоғарыда айтқан, тұңғыш қазақ операларының тарихы, 
орындаушылары, бишілері жайлы сөз болғанда, олар туралы бар мәлімет 
жазылған болып шығады. Тұңғыш операмыздың бірнеше жыл дирижері 
болған Кузьмич туралы жарымаған ақпаратқа малданамыз. Қазақ өнерін 
жарқыратып көрсеткен өнерпаздардың қажырлы еңбегін жоғары бағалап, он 
төрт кісіге мемлекеттік марапат беру туралы қаулы шыққан кезде дирижер 
тұлғасы тағы да ұмыт қалған [9]. Бұл жайтты сол уақытта қасында болып, 
көзімен көрген композитор Е. Брусиловскийден асыра айта алмаспыз.
«Ф. Кузьмич үлкен театр филиалында күн сайын дирижер пультіне көтеріліп, 
бірде-бір қате жіберместен яки бөгде қауіпке ұрынбастан онкүндікті тамаша 
дерлік өткізді… Театр ұжымы өздерінің барлық күш-жігерін сарқа жұмсап, 
ұйымшылдық көрсете білді. Онкүндіктің қорытындысында қазақ өнері мен 
әдебиетінің жетекші қайраткерлері ордендермен наградталды. Жұбанов және 
мен «Құрмет белгісі» орденімен наградталдық. Ал, Кузьмич наградталғандардың 
ішінде болмай шықты. Бұдан бұрынғы өрескелдіктерімізге осындай бір өкпе және 
жамалды. Әділет жайын сөз етпегеннің өзінде, мұның өзі тым қисынсыз нәрсе еді.
Қазақ театрында одан өзге дирижер болмайтын, нотадан сауатсыз 
әншілермен жұмыс істеудің қиындығын ескерсек, болуы мүмкін де емес еді. 
Кузьмич олардың әрқайсысын білетін және олармен жұмыс үстінде тіл табысып 
жүретін. Демек, театрға ол әлі де болса көпке дейін қажет кісі еді және оның 
алдағы уақытта ықыласты жұмыс істеуіне демеу де қажет еді.
Не істеу керек? Зергерлік дүкеннен әдемі күміс портсигар сатып алдым да, 
гравердің көмегімен портсигардың ішіне былай деп жаздым: «Қадірлі Федор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет