116
Үміт cәулесі
керек» деп артын ойлатып, сонымен әлек ететіні де бар.
Осылайша шайтан адамға артта қалатын бала-шағасын
ойлатып, дүниенің әлегіне салады.
Сол секілді шайтан адамның солынан жақындап,
тыйым салынған мекендерге (түнгі клубтар, ойын-сауық
кештері т.б.) және күнәлі іс-әрекеттерге итермелейді.
Қазіргі күні кең жайылған барлық харам жолдар мен ха-
рам істер жасалатын орындар – шайтанның сол жақтан
соққан соққысының нәтижелері.
Сол секілді шайтанның адамдарды тағы бір азғыру
түрі – шындықты айтқансып, жаман нәрселерді жақсы
етіп көрсетіп, пенденің оң жағынан жақындауы. Мүмін
үшін ең қауіптісі де осы. Күнәларға жуымайтын,
құлшылықты табиғатына сіңірген мүмінге шайтан оң
істермен келеді. Оған өзінің істеріне көңілін толтырып,
өзіне-өзін мақтатып, кінәні басқалардан іздетіп, жеңіске
жетер жолда жеңіліске ұшыратады. Түнде тәһәжжүд на-
мазын оқыса, ертеңіне мұны басқаларға мақтанышпен
айтып, намазының сауабынан құр қалдырады. Қажылық
жасаса да мақтаныш үшін жасап, біреу көрсін, біреу
естісін деген күнәға батырады.
Жалпы алғанда, шайтанның оңнан келуіне оның
үлкен мәселелерді кішірейтіп, түймедейді түйедей етіп
көрсетуін де жатқызуға болады. Міне, осы және осыған
ұқсас жағдайлар да
шайтанның оң жақтан соққан
ауыр соққылары. Сондықтан Алла елшісі (с.а.с.) дұға
жасағанда мына дұғаны тастамаған екен:
يِقْوَف ْنِمَو يِلاَم ِش ْنَعَو يِنيِمَي ْنَعَو يِفْل َخ ْنِمَو َّيَدَي ِنْيَب ْنِم يِن ْظَف ْحا َّمُهّٰهللَا
يِت ْحَت ْنِم َلاـَـتْغُأ ْنَأ َكِتَمَظَعِب ُذوُعَأَو
Достарыңызбен бөлісу: