190
Үміт cәулесі
келіп, ауырып жатқан баласының жағдайын сұрайды.
«Сен кетердегіден әлдеқайда тәуір» – деп жауап берді
әйелі. Екеуі бірге ас ішті. Әңгімелесіп отырғанда хазірет
Үммү Сүләйм күйеуінен: «Әбу Талха» – деді көзіне
көзін қадаған күйі, – Қарызға алған нәрсені қайтарған
жөн бе, жөн емес пе?
– О не дегенің? Әрине, қарызды міндетті түрде
қайтару қажет.
–
Олай болса, Алла тағала саған аманаттаған ұлын
өзі қайтып алды!
Бұл сөзді естіп күрсінген Әбу Талха бар-жоғы:
– Бәріміз Алла тағала үшін жаратылдық. Ерте ме,
кеш пе түбінде соған қайтамыз, – деп Жаратушының
ісіне
ризашылықпен мойынсұнып,
көнгеннен басқа
артық қылық жасамады.
Таң атқанда мән-жайды Пайғамбарымызға (с.а.с.)
барып баяндады. Пайғамбарымыз қолын жайып: – Уа,
Жаратқан! Әбу Талханың осы бір өнегелі ісін оған екі
есе ғып қайтара гөр! – деп дұға етті.
Айтқандай-ақ, тоғыз ай он күн өткенде Әбу Талханың
үйі шаттыққа бөленіп, әйелі шекесі торсықтай ұл тап-
ты. Атын «Абдуллаһ» деп қойды. Пайғамбарымыздың
өнегесін алып өскен Абдуллаһ кейіннен Исламға аянбай
қызмет еткен ұлы тұлғалардың біріне айналды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Қандай да
бір пенденің басына бір қиыншылық келсе:
«Барлығы
Алладан келді және Аллаға қайта оралады. Уа, Алла
тағалам, бұл тартқан қиыншылығым үшін маған мол
сауап жаза гөр, соңын қайырлы ете гөр!» – десе, Алла
тағала оның бұл қиыншылығы үшін мол сауап жазып,
соңын қайырлы етеді» – деген.