«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Үлгі
Негізгі мектеп түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау
Химия
-
Бақылау жұмысының құрылымы
Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады, 2- білімді меңгеру, 2- білімді қолдану, 1- білімнің кіріктірілуі.
2. Бақылау жұмысының бағалау критериі
Тапсырмалар
|
|
Орындалған тапсырмаға қойылатын ұпай.
|
Тапсырмаларға қойылатын ұпай.
|
1
|
Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны;салыстырмалы атомдық массасы,топ, топша, период. Атом құрылысы,тотығу дәрежесі
|
0,67 б
|
4 б
|
Элементтің химиялық белсенділігін негізгі топша және период бойынша көрші элементпен салыстыру
|
0,67 б
|
Жай заттар: (молекулалы құрылысты заттар үшін) химиялық байланыс түрі,түзілуі, кристалдық торы,физикалық қасиеті,химиялық қасиеті (тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш), химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулері
|
0,67 б
|
Жоғарғы оксидтері; формуласы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулері
|
0,67 б
|
Негіз, қышқылының формуласы,физикалық қасиеті, негізділігін сипаттайтын реакция теңдеуі
|
0,67 б
|
Ұшқыш сутектік қосылыстарының формуласы, электрондық құрылысы, химиялық байланыс түріне
|
0,67 б
|
2
|
Химиялық элементтің генетикалық қатарын құру,қысқартылған , толық және молекулалық теңдеулерін жазып, теңестіру;
|
1 б
|
4 б
|
Химиялық реакция типі анықталып, қосылыстың класын анықтау
|
1 б
|
Электронды баланс әдісі бойынша теңестіру
|
1 б
|
Тұздар гидролизінің молекулалық, толық және қысқартылған теңдеулерін жазу
|
1 б
|
3
|
Терминге анықтама беру
|
0,5 б
|
5 б
|
Заттардың бастапқы концентрацияларын анықтау
|
2 б
|
Химиялық тепе- теңдіктің константасын анықтау
|
1 б
|
Химиялық тепе- теңдіктің ығысуына әсер етуші факторларды білуі:температура, қысым, заттың концентрациясы
|
1,5 б
|
4
|
Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдарға атом құрылысы тұрғысынан сипатта
|
1б
|
5 б
|
Металдардың валенттілік мүмкіндіктеріне салыстырмалы сипаттама
|
1 б
|
Металдардың физикалық қасиеттеріне салыстырмалы сипаттамаберуіне;
|
1 б
|
Металдардың химиялық қасиетін сипаттайтын тиісті реакция теңдеулеріне;
|
1 б
|
Химиялық элемент қосылыстарының формуласын жазып, химиялық реакция теңдеуі арқылы сипаттауына;
|
1 б
|
5
|
Есептің қысқаша шартын жазу, реакция теңдеуін жазып, теңестіру
|
1б
|
6 б
|
Бастапқы ерітіндідегі заттың массасы мен мөлшерін есептеуі және реакциядан кейінгі ерітіндінің массасын есептеуі;
|
1б
|
Ерітіндінің массасы мен қосылыстың зат мөлшерін анықтауға;
|
1 б
|
Реакцияға түскен тұздың массасы мен реакция нәтижесінде бөлінген металдың массасын есептеуге;
|
1 б
|
Реакцияға түскен металдың массасы мен молярлық массасын есептеу;
|
1 б
|
Периодтық жүйе бойынша металды анықтап, жауабын көрсету;
|
1 б
|
6.
|
Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауы
|
1 б
|
6 б
|
Жұмыстың мақсатын қоя білуі
|
1 б
|
Гипотеза ұсыну
|
1 б
|
Керекті химиялық реактивтер мен құрал жабдықтарды дұрыс таңдап алуы;
|
1б
|
Істеген жұмысты дәптерге рет- ретімен дұрыс жазуы;
|
1 б
|
Қорытындысын шығара білуі
|
1 б
|
3. Сарамандық жұмысытың бағалау жүйесі
Критерилер
|
Балл
|
Техника қауіпсіздігін сақтау
|
1
|
Жұмыстың мақсатын қою
|
1
|
Гипотеза жасауы
|
1
|
Жұмысты орындау үшін реактивтер мен приборларды дұрыс таңдауы
|
1
|
Жұмысты жазуы
|
1
|
Жұмыс бойынша қорытындылар
|
1
|
барлығы:
|
6
|
Сарамандық жұмыстар тізімі
Сарамандық жұмыс №1 Зертханада оттек газын алу. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс №2 Зертханада сутегі газын алу. жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс №3 50г. 5% - тік натрий хлоридінің ерітіндісін дайындау . жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс №4 Бейорганикалық қосылыстың негізгі кластары. жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс №5 Бейорганикалық қосылыстың негізгі кластары арсындағы генетикалық байланыс. жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс №6 Зертханада мыс II оксиді мен күкірт қышқылының арасындағы алмасу реакциясын жүргізу. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс № 7.Төмендегі өзгерістерді жүзеге асыратын тиісті реакция теңдеулерін жазыңыз: Fe → FeCl2 → Fe(OH)2 →Fe(OH)3 →Fe2O3 . Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс №8 Газ бөлініп, тұнбаға түсіп және су бөле жүретін химиялық реакцияларға тәжірибе жүзінде мысал келтіріңіз. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс №9 Сапалық реакция көмегімен ерітіндідегі иондарды анықтау. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс №10 Қажетті реактивтердің көмегімен химия реакциялардың жылдамдығы: а) әрекеттесуші заттардың табиғатына; б) жанасу бетінің ауданына тәуелді екенін дәлелдеңіз. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс №11 Қажетті реактивтердің көмегімен химия реакциялардың жылдамдығы катализаторға тәуелді екенін дәлелдеңіз. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс №12. Химиялық тәжірибелердің көмегімен кальций оксиді және кальций гидроксидінің негіздік қасиет көрсететіндігін дәлелде. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс № 13. Аллюминий гидроксидін тәжірибе жүзінде алып, оның химиялық қасиетін сипаттайтын тиісті реакция теңдеулерін жүргізіңіз. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс № 14. Металдардың химиялық қасиетін сипаттайтын реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізіңіз және нәтижесін металдардың электрохимиялық кернеу қатарындағы орны бойынша түсіндіріңіз. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс № 15. Мырыш хлориді, натрий карбонаты, натрий сульфаты ерітіндісін индикатордың көмегімен анықтаңыз. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс № 16. Төмендегі қысқартылған иондық теңдеулері бойынша , химиялық реактивтерді қолдана отырып тәжірибе жүзінде көрсетіп, молекулалық, толық реакция теңдеулерін құрастырыңыз:
А) Н+ + ОН- → Н2О
Б) Ag+ + Cl- → AgCl↓
В) Ba2+ + SO42- → BaSO4↓
Г) Ca2+ + CO32- → CaCO3↓
Д) CO32- + 2H+ → CO2↑ + H2O. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс № 17. Тұз ерітінділерінде темір (II, III), мыс және мырыш (ІІ) иондарының бар екендігін дәлелдеңіз. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс № 18. Төмендегі өзгерістерді жүзеге асыратын тиісті реакция теңдеулерін экспериментті түрде дәлелдеңіз. AlCl3 Al(OH)3 Na[Al(OH)4] Al(OH)3. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс № 19. Басқа реактивтерді қолданбай ерітіндісі бар үш сынауықтың қайсысында: мырыш хлориді, мыс (II) хлориді, натрий гидроксиді бар екенін табыңыз. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Сарамандық жұмыс № 20. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар үш сынауықтың қайсысында темір (ІІ) сульфаты, магний сульфаты, калий гидроксиді бар екенін анықтаңыз. Жұмыстың қорытындысын дәптерге жазып өткізіңіз.
Бақылау жұмысы
9 сынып
1-нұсқа
1. №4 химиялық элементке периодтық жүйе бойынша сипаттама беріңіз, жай және күрделі қосылыстарын сипаттаңыз.
2. Төмендегі заттарды пайдалана отырып, бериллидің генетикалық қатарын құрастырыңыз: бериллий, берилий гидроксиді, тұз қышқылы, берилий оксиді, берилий хлориді. Өзгерістер сұлбасындағы химиялық реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз, теңдеуді тотығу-тотықсыздану реакциясы тұрғысынан электрондық баланс әдісімен теңестіріп, түзілген қосылыстардың класын атап, реакция типін анықтаңыз. Берилий хлоридінің сулы ерітіндісінде, лакмус, фенолфталеин және метилоранж қандай түске боялады.
3. Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасы дегеніміз не?
N2 + 3H2 ↔ 2NH3 + Q жүйесінде химиялық тепе-теңдік жағдайына жеткенде заттардың тепе-теңдік концентрациялары тең болды: [N2] = 1,5 моль/л; [H2] = 4,5 моль/л; [NH3] = 2 моль/л. а) азот пен сутегінің бастапқы концентрациясын, б) химиялық тепе-теңдік константасын, в) берілген үрдістің тиімді жүру жағдайларын табыңыз.
4. Калий мен мырыш элементтері бір периодта орналасқан. Атом құрылысы тұрғысынан бір химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнын дәлелеңдер. Олардың валенттік мүмкіндіктеріне, физикалық және химиялық қасиеттеріне салыстырмалы сипаттама беріңдер. Осы элементтерге тән қосылыстардың формуласын келтіріңдер, оларлдың химиялық сипатын көрсетіңіздер.
5. Массасы 380г, массалық үлесі 40% кобальт (ІІ) хлориді ерітіндісіне белгісіз металл (Ме) батырылды. Біраз уақыттан кейін металды ерітіндіден алып кептіріп өлшегенде, оның массасы 14г артады. Реакциядан кейінгі кобальт хлоридінің массалық үлесі 8,75%. Егер, түзілген металл хлоридіндегі металдың тотығу дәрежесі +2 екені белгілі болса белгісіз металды анықтаңыз.
Сарамандық жұмыс№1
Тәжірибе тапсырмасы.
Келесі эксперименттіі есепті шешіңіздер.
№ 1есеп. Келесі сызбанұсқа бойынша айналуларды тәжірибе жүзінде жүзеге асыр.
CuSO4 → Cu (OH)2 → CuCl2.
↓
CuО
№ 2 есеп. Үш сынауықта натрий сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлориді ерітінділері құйылған. Керекті реактивтер көмегімен әрбір ерітіндіні анықтаңдар.
Жауаптары.
№ 1 тапсырма. I. Ве – п.ж. бойынша № 4; Ar (Be) = 9, II – топ, негізгі топша, 2 период. +4Be 2 2; 1s22s2. Be0
; Be* 1s2 2s12p1 Be+2 ; = 4; 1 1p =4; 1 0n = 5;
1s2 2s2 2p0 1s2 2s1 2p1
II. Ве екідайлы қасиет көрсетеді. Берилидің металдық қасиетін, көршілес период және негізгі топша бойынша орналасқан элементтермен салыстырыңыз.
Li> Be > B; Li металы Ве белсендірек, себебі Z (Li) < Z(Be), R(Li) > R(Be), Li - 1 ; Be - 2.
В салыстырғанда Ве белсенді, себебі Z(Be) < Z(B), R(Be)>R(B), Be-2, B- 3.
Mg Ве белсенділігі Mg төмендеу, себебі Z(Be) < Z (Mg), R (Be) < R (Mg).
III. Ве – жай зат, байланыс түрі-металдық, кристалдық торы- металдық,
Температура артқан сайын металдың электрөткізгіштігі кемиді, жылй өткізеді, иілгіш, батталғыш, металдық жылтыры бар.
2Ве0 + О20→ 2Ве+2 О-2
↑ ↓
т-з-ш т-т-ш
Be0 + Cl20 → Be+2 Cl2-
↑ ↓
т-з-ш т-т-ш
Be0 +2H+ Cl → Be+2 Cl2 + H20↑
↑ ↓
т-з-ш т-т-ш
Be + 2NaOH + 2H2O → Na2[Be(OH)4] + H2↑
натридің тетрагидроксо-
бериллаты
IV. ВеО – жоғары оксиді, екідайлы қасиет көрсетеді, күшті ковалентті полюсті және иондық байланыспен байланысқан, кристалдық торы-иондық.
ВеО + 2НСl → BeCl2 + H2O
негіздік
қасиет
BeO + 2H+ + 2Cl- → Be2+ + 2Cl- + H2O
BeO + 2H+ → Be2+ + H2O
BeO + 2KOH → K2BeO2 + H2O
қышқылдық калий
қасиет бериллаты
V. Be(OH)2 – берилий гидрокиді, суда ерімейтін негіз, екідайлы.
Be(OH)2↓ + 2HCl → BeCl2 + 2H2O
негіздік
қасиет
H2BeO2 + 2NaOH → Na2BeO2 + 2H2O
қышқылдық
қасиет
VI. Ұшқыш сутекті қосылыс түзбейді.
№ 2 тапсырма. Ве ВеО ВеСl2 Be(OH)2
4
1) 2Ве0 + О20 2Ве+2О-2 қосылу, ТТР реакциясы.
бериллий
оксиді (II)
Ве0 – 2ē → Ве+2 2 тотығу үрдісі, Ве0 т-з-ш
О20 + 4ē → 2О-2 1 тотықсыздану үрдісі, О20 т-т-ш.
2)ВеО + 2HCl → BeCl2 + H2O; алмасу реакциясы
тұз бериллий (II)
қышқылы хлориді
BeO + 2H+ +2Cl-→ Be2+ + 2Cl- + H2O
BeO + 2H+ → Be2+ + H2O
Қорытынды. Берилий (ІІ) оксиді мен екі моль сутегі катионы реакцияға түсіп, су мен берилидің (2+) катионы түзіледі.
3) BeCl2 +2NaOH → Be(OH)2 ↓ + 2NaCl - ион алмасу реакциясы
натрий берилий натрий
гидроксиді гидроксиді хлориді
(сілті) (ерімейтін (тұз)
негіз)
Be2+ + 2Cl- + 2Na+ + 2OH- → Be(OH)2↓ + 2Na+ + 2Cl-
Be2+ +2OH- → Be(OH)2↓
Қорытынды. Берилий (2+) катионы мен екі моль гидроксид анионы реакцияға түсіп, берилийдің (ІІ) гидроксиді түзіледі.
4) Be(OH)2↓ + 2HCl → BeCl2 + 2H2O
Be(OH)2↓ +2H+ +2Cl- → Be2+ +2Cl- + 2H2O
Be(OH)2↓ +2H+ → Be2+ +2H2O
Қорытынды. Берилий гидроксиді мен екі моль сутегі катионы реакцияға қатысып, берилидің (2+) катионы мен екі молекула су түзіледі.
BeCl2 ↔ Be2+ + 2Cl- әлсіз негіз бен күшті қышқылдың тұзы, гидролиз реакциясы екі сатымен, анион бойынша жүреді.
1 саты. Be2+ + 2Cl- + HOH→ (BeOH)+ + H+ +2Cl-
Be2+ + HOH → (BeOH)+ + H+ - сутегі катионының мөлшері артық сәйкесінше реакцияның ортасы қышқыл, лакмус – қызыл, фенолфталеин – түссіз, метилоранж – қызғылт.
BeCl2 +H2O → BeOHCl + HCl
2 саты. BeOHCl ↔ (BeOH)+ +Cl-
(BeOH)+ + Cl- + HOH → Be(OH)2↓ +H+ + Cl-
(BeOH)+ + HOH → Be(OH)2↓ + H+ + - сутегі катионының мөлшері артық сәйкесінше реакцияның ортасы қышқыл, лакмус – қызыл, фенолфталеин – түссіз, метилоранж – қызғылт.
BeOHCl + H2O → Be(OH)2↓ + HCl.
№ 3 тапсырма.
Тепе-теңдік константасы немесе әрекеттесуші массалар заңы. Тепе-теңдік константасы – тепе-теңдік орнаған кездегі реакция өнімдерінің концентрацияларының көбейтіндісінің реакцияға түскен заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне қатынасымен анықталады (стехиометриялық коэффициенттерін ескере). Температура тұрақты болғанда t =const, бұл шаманың (К тепе-теңдік) мәні тұрақты болады.
Температура тұрақты болғанда t =const, реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне (стехиометриялық коэффициенттерін ескере) тура пропорционал.
2H2 +O2 ↔ 2H2O Kc = [H2O]2 / [H2]2[O2]
N2 + O2 ↔ 2NO Kc = [NO]2/ [N2] [O2]
Берілгені: Шешуі. N2 + 3H2↔ 2NH3 + Q
[N2] = 1,5 моль/л а) С1(N2) = ∆С(N2) + С2(N2) = ∆С(NH3) + С2(N2) = [С2(NH3)-С1(NH3)] + С1(NH3)+С2(N2)] = +С2(N2) = (2моль/л-0моль/л)+1,5моль/л = 3,5моль/л.
[H2] = 4,5 моль/л + С1(Н2) = ∆С(Н2) + С2(Н2) = ∆С(NH3) + С2(H2) = [С2(NH3) – С1(NH3) +
[NH3] = 2 моль/л + С2(H2)]= (2моль/л-0моль/л) + 4,5моль/л = 6,5моль/л
б) Кр = [NH3]2/ [N2][H2]3 = 22/ 1,5∙ 4,53 = 0,04
a)[N2]1 - ? [H2]1 - ? в) N2+3H2↔2NH3 + Q
б) Кр - ?
в) жүру Ле-Шателье ұстанымы бойынша:
жағдайы - ? 1) Тепе-теңдікті аммиактың түзілу бағытына ығыстыру үшін, реакция экзотермиялық болғандықтан үрдістің температурасын төмендету қажет.
2) Реакция көлемнің кемуімен жүреді, себебі реакцияға төрт көлем газ қатысып, екі көлем газ түзіледі. Сондықтан, қысымды арттырғанда тепе-теңдік аммиактың түзілуіне қарай ығысады.
3) Азот пен сутектің концентрациясын арттырғанда тепе-теңдік аммиактың түзілу жағына қарай ығысады.
№ 4 тапсырма.
Калий Мырыш
1.Атом құрылысы. +1 -ē +19К 2ē8ē8ē1ē 4s1 +2 -2 ē +30Zn 2ē8ē18ē 2ē; 4s2 3d10
4s1
+30Zn* 4s1 3d10 4p1
4s1 3d10 4p1
Калий мен мырышты химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша сипаттағанда Клечковский ережесін қолданамыз. Калий мен мырыш бір периодта орналасқан. n = 4; l= 0,1,2,3; m = 2l + 1. Егер l = 0 болса, s – орбиталь; егер l =1 болса, 3р-орбиталь, егер l = 2 болса, бес d-орбиталь, егер l = 3 онда, жеті f –орбиталь. Электрондардың деңгейшелерде орналасуы бас және қосымша квант сандарының қосындысының өсу ретімен жүреді (n + l). Егер бас және қосымша квант сандарының қосындысы бірдей болса электрондардың деңгейшелерде орналасуы, бас квант санының мәнімен анықталады: алдымен бас квант санының мәні кішісіне сай орбиталь электронмен толады. Мырышта, 3d деңгейшесі n +l = 3+2=5, ал 4s деңгейшесі үшін: n+l = 4+0 = 4, яғни 3d деңгейшесінен аз, сондықтан калидегі 19-шы электрон 4s –орбитьінде орналасады.
2. Валенттілік мүмкіндіктер.
Калидің атом радиусы үлкен болғандықтан сыртқы энергетикалық деңгейінде бір валенттілік электроны болады да оны оңай беріп жіберіп күшті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетіп тотығу дәрежесі +1 тең болады.
Мырыш атомында сырттан санағандағы астыңғы қабаттағы d- деңгейше толық толып, энергетикалық тұрақты күйде болады да , тек екі электронын ғана беріп жіберіп +2 тотығу дәрежесіне ие болады.
3.Физикалық қасиеттері.
Калий
|
Мырыш
|
Күмістей ақ түсті металл, жеңіл, күлгін түсті, ауада оңай тотығып, қараяды. Кубтық көлемді орталықтанған тор түзеді, сондықтан пышақпен оңай кесіледі, иілгіш, жұмсақ, оңай тұтанады, судан жеңіл, оңай балқиды. Сұйық күйінде жылу мен электр тогын өте жақсы өткізеді.
|
Көкшіл ақ түсті, күшті металдық жылтыры бар металл. Ылғалды ауада жылтыры оксидтік қабықшаның түзілуімен байланысты біртіндеп жойылады. Мырыш қаттылығы орташа металл, иілгіш, жұқа фольгаға дейін жайылады, техникалық мырыш қалыпты температурада морт сынғыш, бірақ 100-150С°-та иілгіш болады, оны жұқалап таптауға немесе сымға дейін созуға болады. 200°С –тан жоғары температурада ол қайтадан морт сынғыш болады, өте төмен температурадағы сияқты ұнтақталады. Ұшқыш заттардың қатарына жатады. Оның жылу өткізгіштігі күмістің жылуөткізгіштігінің 60% -ін құраса, ал электрөткізгіштігі 4 есе кем.
|
4.Химиялық қасиеті .
Калий.
|
Мырыш.
|
Химиялық белсенділігі жалғыз валенттік электронының ядромен әлсіз байланысуымен түсіндіріледі.
K0 -1е → K+
Оттекте, фторда, хлорда бұл металдар жанады:
2K0 + O20→K2+1 O2-1 (калий пероксиді).
↑ ↓
т-з-ш т-ғ-ш
2K0 +Cl20 → 2K+1 Cl-1 (калий хлориді)
↑ ↓
т-з-ш т-ғ-ш
ал күкіртпен үйкелгенде тұтанады:
2K0 + S0 → K2+ S-2 (калий сульфиді)
↑ ↓
т-з-ш т-ғ-ш
сутекпен қосылып гидридтер түзеді:
2К0 + H20 → 2К+H- (калий гидриді)
↑ ↓
т-з-ш т-ғ-ш
Суға салынған калий бірден тұтанады.Сәл жанған соң қопарылыс береді,бұл кезде қызғын калий пероксидінің бөлшектері мен сілті тамшылараы тамшылайды.
2К0 + 2Н2 +1О→ 2К+ ОН + Н20
↑ ↓
т-з-ш т-ғ-ш
азотпен және инертті газдармен реакцияға түспейді: K + N2
Калийді тұз және қышқыл ерітіндісімен әрекеттестіргенде бірінші кезекте олар сумен әрекеттеседі.
|
Мырыш ауада тұрақты, өйткені ол одан әрі тотығудан қорғайтын жұқа оксидті қабатпен қапталады.Жоғары температурада мырыш жай заттармен: галогендермен,оттекпен және күкіртпен әрекеттеседі.
2Zn0 + O20 2Zn+2 O-2 (мырыш оксиді)
↑ ↓
т-з-ш т-ғ-ш
Zn0 + Cl20 Zn+2Cl2-1
↑ ↓
т-з-ш т-ғ-ш
Zn0 + S0 Zn+2 S-2
↑ ↓
т-з-ш т-ғ-ш
Күрделі заттармен – қышқыл, сілті ерітіндісімен және сумен жағыдайға байланысты әртүрлі әрекеттеседі..
Zn0 + H2+1 O Zn+2 O + H20
↑ ↓
т-з-ш т-ғ-ш
Zn0 + 2H+ Cl- Zn+2O + H20↑
↑ ↓
т-з-ш т-ғ-ш
Zn0 + 2H2S+6O4 Zn+2SO4 + S+4O2↑ + 2H2O
↑ ↓
т-з-ш т-ғ-ш
3Zn0 +8HN+5O3 (конц) → 3Zn+2 (NO3)2 +2N+2 O↑
+4H2O
Zn0 -2→Zn+2 3 р.тотығу, Zn0 т-з-ш (т-ғу).
N+5 +3→N+2 2 р.т-з-у, N+5 (HNO3)т-т-ш (т-сызданады)
Zn0 +2NaOH+ (түйіршік) Na2Zn+2O2 + H20↑
Zn0 + 2NaOH +2H2+1 O Na2[Zn+2 (OH)4] + H20↑
|
5.Маңызды қосылыстары және олардың химиялық қасиеттері.
Калий.
|
Мырыш.
|
Калий гидриді – сумен сутекті бөліп металдар сияқты әрекеттеседі.
KH +H2O → KOH + H2↑
Калий оксиді – K2O күшті негіздік қасиет көрсетеді. Сумен әрекеттесіп сілті түзеді
K2O + H2O → 2KOH
Калий гидроксиді – KOH типтік күшті негіздер,судағы ерітіндісін сілті деп атайды. KOH↔ K+ + OH-
KOH + HCl → KCl + H2O
H+ + OH- ↔ H2O
2KOH + CuSO4 → Cu(OH)2↓ + K2SO4
Cu2+ +2OH- ↔ Cu(OH)2↓
2KOH + CO2 → K2CO3 + H2O
CO2 + 2OH- ↔ CO32- + H2O
2KOH + Zn(OH)2 → K2[Zn(OH)4]
Zn(OH)2 +2OH- ↔ [Zn(OH)4]2-
K+ - жалынды күлгін түске бояйды.
|
Мырыш оксиді екідайлы қасиет көрсетеді.
ZnO + 2HCl → ZnCl2 +H2O
Негіздік қасиет.
ZnO +2H+ +→ Zn2+ + H2O
ZnO + 2KOH→K2 ZnO2 + H2O
Қышқылдық қасиет
Мырыш гидроксиді. Zn(OH)2 - екідайлы қасиет.
Zn(OH)2↓ + 2HCl → ZnCl2 + 2H2O
Zn(OH)2↓ +2H+ → Zn2+ + 2H2О
Мырыштың барлық тұздары гидролизге ұшырайды:
Zn2+ + HOH→ ZnOH+ + H+ реакция ортасы қышқылдық.
|
№ 5.тапсырма
Берілді. Шешуі. 1. Реакция теңдеуін жазамыз: Me + CoCl2 = MeCl2 + Co
m ер-ді (CoCl2) = 162,5г 2.Бастапқы ерітіндідегі кобальт хлоридінің массасы мен зат
ω1 (CoCl)2 = 40% = 0,4 мөлшерін : m1 (CoCl2) = mер-ді(CoCl2)• ω(CoCl2) =
ω2 (CoCl2) = 8,75%= 0,0875 = 162,5г • 0,4 = 65 г.
Δm (Me) =14г ν1 (CoCl2) = m1(CoCl)2/ M (CoCl2) = 65 г/ 130 г/ моль = 0,5 моль.
Me - ? 3. Реакциядан кейінгі ерітіндінің массасы.
mер-ді 2 (CoCl2) = mер-ді 1(CoCl)2 – 14г = 162,5г-14г = 148,5 г.
4.реакциядан кейінгі кобальт (II) хлоридінің массасы мен мөлшерін есептеңіз. m2 (CoCl)2 = m ер-ді 2 (СoCl2) • ω2 (CoCl2) = 148,5г • 0,0875 = 13 г.
ν (CoCl2) = m2 (CoCl2) / M(CoCl2) = 13 г / 130 г/моль = 0,1 моль.
5.Белгісіз металл мен реакцияға түскен кобальт (II) хлоридінің массасы мен мөлшерін есептейміз; ν (CoCl2) = ν1(CoCl2 )- ν2(CoCl2 ) = 0,5 моль-0,1моль= 0,4моль.
6.Реакция нәтижесінде бөлінген кобальттын массасын есептеймін: m (Co) = ν (Co) • M (Co) = 0,4моль • 59 г/моль = 23,6 г.
7.есептің шарты бойынша үлгінің массасы 14 г артқан. Бұл үрдістің нәтижесінде белгісіз металдың еріп,үлгінің бетіне кобальттын қонғанын білдіреді. Сонда мынадай өрнек алынады: mбас. – m(Ме) + m (Co) = mбас. + 14 г ,немесе m(Со) – m (Ме) = 14г.
Әрекеттескен кобальттың массасын біле отырып, белгісіз металдың массасын анықтаймыз:
m (Me) = m (Co) – 14г = 23,6 г – 14г = 9,6 г.
8. Металдың молярлық массасын анықтаймыз: M(Me) = m (Me) / ν (Me) = 9,6 г / 0,4 моль = 24 г/ моль.
9.Бұл металл магний екенін периодтық жүйе бойынша анықтаймыз.
Жауабы: Mg.
Сарамандық жұмыс№1
Мақсаты. Заттардың әртүрлі кластарын алу мен қасиеттері жайлы білімдерін негізге алып, химиялық тәжірибе көмегімен айналулар тізбегін жүзеге асыру.
Гипотеза. Суда ерімейтін негіздерді алу жолдарын және олардың химиялық қасиеттерін біле отырып мен айналулар тізбегін жүзеге асырамын.
Іс- әрекет кезегі
|
Шешімін рәсімдеу
|
Теориялық бөлім
Тізбектің әрбір буынын нөмірлеу.
|
CuSO4 →1 Cu (OH)2 →2 CuCl2.
↓3
CuO
|
Тізбектің әрбір буыны үшін заттардың әртүрлі кластарын алу мен қасиеттері жайлы білімді негізге ала отырып, реакция теңдеулерін құру.
|
1. CuSO4 + 2NaOH → Cu(OH)2↓ + Na2SO4
Мыс(II) натрий мыс(II)
сульфаты гидроксиді гидроксиді
Cu2+ + 2OH- → Cu(OH)2↓
Көк түсті
Cu(OH)2↓ + 2HCl → CuCl2 + 2H2O
мыс(II) тұз мыс(II)
гидроксиді қышқылы хлориді
Cu (OH)2↓ + 2H+ → Cu2+ + 2H2O ерітінді көк түсті
Cu (OH)2 CuO + H2O қара түсті ұнтақ
Мыс(II) мыс(II)
гидроксиді оксиді
|
Қажетті реактивтердің бар екенін тексеру, ал жоқ реактивтер болса қолда бар реактивтердің көмегімен есепті шешудің басқа да жолдарын ойластыру.
|
NaOH реагентінің орнына KOH қолдануға., ал бір қышқылдың орнына(HCl) басқасын (H2SO4) алуға болады
|
Әрбір реакцияның жүру жағдайын және жұмсалған заттардың мөлшерін ойлау.
|
Мыс (II) гидроксидінің айырылуы қыздырғанда ғана жүреді.
|
Экспериментальді бөлім.
Барлық айналуларды тәжірибе жүзінде іске асыру және байқаған өзгерістерді жазып қою.
|
CuSO4 →1 Cu (OH)2↓ →2 CuCl2.
Көгілдір көк көк түсті
түсті тұнба ерітінді
ерітінді ↓3
CuO
Қара
түсті
|
Қорытынды. Химиялық тәжірибелер көмегімен анықтадық:
1.Лабораторияда ерімейтін негіздерді берілген металл тұзының ерітіндісін сілтімен әрекеттестіру арқылы алады.
2. Ерімейтін негіздер қышқыл ерітінділерімен әрекеттесіп тұз бен су түзеді және қыздырғанда негіздік оксид пен суға ыдырайды.
№2 есеп. Үш сынауықта натрий сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлориді ерітінділері құйылған. Керекті реактивтер көмегімен ерітінділерді ажыратыңыздар.
Мақсаты. Ерітіндіде натрий сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлориді тұздарының бар екенін дәлелдеу. .
Гипотеза. Ерітіндіде тұздардың бар екенін оларға тән реакциялар көмегімен анықтай аламын.
Іс- әрекет кезегі
|
Шешімін рәсімдеу
|
Теориялық бөлім. Әрбір заттың құрамын талдау және реактивтерді катион мен анионға анықтау.
|
Na2SO4 ↔ 2Na+ + SO42–
Натрий иондары жалын түсін сарыға бояйды. SO42– ионына реактив Ba2+:
Ba2+ + SO42 = BaSO4↓, ақ тұнба
HNO3-да ерімейді .
|
Na2CO3 ↔ 2Na+ + CO32-
Натрий иондары жалын түсін сарыға бояйды.
CO32- + 2H+ → CO2↑ + H2O
Иіссіз газ бөлінеді.
|
NaCl ↔ Na+ + Cl-
Натрий иондары жалын түсін сарыға бояйды Ag+ + Cl– = AgCl↓, ақ тұнба,
HNO3-да ерімейді
|
Есепті шешу жолдарын таңдау (заттарды айырып тану)
|
Бұл тұз ерітінділерінің барлығында натрий катионы Na+ болғандықтан ерітінділерді тек анион бойынша ғана ажырта аламыз. Жоспар: а) Na2SO4-ты BaCl2көмегімен; б) Na2CO3-тын HCl көмегімен анықтау; в) NаCl-дін AgNO3 – мен анықтау.
|
Есепті шешудің басқа да мүмкін болатын жағдайларының ішінен тиімдісін таңдау.
|
|
Эксперименттік бөлім
Таза сынауықтарға берілген заттардың үлгілерін салып, нөмірлеп, барлық сынауықтарға бірінші реактивтен құю. Байқаған өзгерісті жазып алып, қорытынды жасау.
|
BaCl2 ерітіндісін екінші сынауыққа құйғанда HNO3- да ерімейтін ақ түсті тұнба тұзілді.
Қорытынды:екінші сынауықта Na2SO4 ерітіндісі бар.
|
Таза сынауықтарға әлі де анықталмаған заттардың үлгілерін алып, барлығына екінші реактивті құю. Байқаған өзгерісті жазып алып, қорытынды жасау.
|
HСl ерітіндісін бірінші сынауықтағы заттың ерітіндісіне құйғанда иіссіз газдың шабытты түрде бөлінуі байқалады.
Қорытынды: сынауықта Na2CO3 ерітіндісі бар. .
|
Таза сынауыққа келесі затты құю және оның қай зат екенін анықтау..
|
Сынауықтағы зат ерітіндісіне күміс нитраты ерітіндісін құйғанда HNO3- да ерімейтін ақ түсті тұнба тұзілді.
Қорытынды: үшінші сынауықта NаCl.ерітіндісі бар.
|
Жалпы қорытынды жасау.Қай сынауықта қандай зат бар екенін ажыратып жазу.
|
Қорытынды: иондарға тән реакциялар көмегімен мен мыналарды дәлелдедім: бірінші сынауықта натрий сульфаты ерітіндісі, екінші сынауықта натрий карбонаты ерітіндісі, ал үшінші сынауықта натрий хлориді ерітіндісі бар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |