Параллелизм – синтаксистiк құрылымы жағынан ұқсас келетiн екi немесе одан да көп құбылысты қатарластыра бейнелеу. Қызметi жағынан параллелизм теңеуге жақын. Ал мағынасы қарама-қарсы сөздер мен сөз тiркестерi арқылы түрлi құбылыстар арасындағы немесе бiр ғана құбылыстың өз iшiндегi кереғарлықтарды бейнелеу үшiн қолданылатын тiлдiк айшықтау түрi антитеза немесе шендестiру деп аталады. Сөйлемде жекелеген сөздердi, кейде тұтастай тiркестердi тастап кету эллипсис аталады да, қаламгер айшықтаудың бұл түрiн айрықша толқу-толғаныс үстiнде тұрған кейiпкерлер күйiн көрсету үшiн олардың сөйлеу тiлiнде жиi пайдаланады. Кейде сөзбен бейнелеуге тiл қуаты жетпейтiндей аса күрделi құбылысты оқырманның түйсiкпен қабылдауына сенген жағдайда да қаламгер эллипсис тәсiлiне жүгiнедi.
Қаламгердiң поэтикалық синтаксисiнде сөйлемдегi сөздердiң қалыптан тыс орналасу ретiн бiлдiретiн инверсия құбылысы да өзiндiк орынға ие. Негiзгi мағыналық ойды арқалаған сөздi сөйлем құрылымында оқшаулай орналастыру арқылы қаламгер сол сөзге оқырманның ерекше зейiнiн аударуды көздейдi.
Қысқасы, әдебиетте өмiрлiк шындықтың көркем бейнесiн жасау қаламгерлерден халықтың тiлдiк қазынасынан сүзiп алынып, қажет тұстарда сөз зергерлерiнiң өңдеуiнен өткiзiлген сан қилы тiлдiк құралдарды мейлiнше алуан қырынан шығармашылықпен пайдалануды талап етедi.
Тапсырма: О.Бөкей прозасындағы мифтік сюжет, шығарманың көркемдік ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Дәріс 8
Тақырыбы: Әдеби даму
Әдеби үрдіс
Әдеби тектер
Әдеби түрлер
Әдеби жанрлар
Достарыңызбен бөлісу: |