Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан 2030» даму стратегиясында мемлекет күшінің басты назары ауыл шаруашылық өндірісіндегі екі негізгі салаға мал және өсімдік шаруашылықтарына аударылған



бет1/6
Дата03.01.2022
өлшемі1.5 Mb.
#451406
  1   2   3   4   5   6
Астыкты усактау


Кіріспе

Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында мемлекет күшінің басты назары ауыл шаруашылық өндірісіндегі  екі негізгі салаға мал және өсімдік шаруашылықтарына  аударылған.

Қазақстанның астық өндірісі мұнай өндірісімен қатар стратегиялық болып табылады. Сондықтан «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында астық азық-түлік нарығының негізін құраушы  ретінде қарастырылады. Аграрлық кешеннің басты тапсырмасы халық сұранысына сәйкес нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тапсырманы орындау көбінесе астық шаруашылығының тиімді жұмыс істеуіне байланысты. Астық шаруашылығының дамуы  елдің политикалық, экономикалық тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін анықтайды.

Техникалық базаның даму тиімділігі және астық шикізатын өңдеу мәселесінің шешімі көбінесе астық өңдеу кәсіпорындарының жобалау және құрылыс дәрежесімен анықталады. Технологиялық процесстердің қарқынды дамуын, өндіріс процесстерін автоматтандырылуын және жаңа техниканы есепке алсақ, жаңа кәсіпорындарды жобалау және істегі кәсіпорындарды қайта қаруландыру қажет болып табылады.

Сонымен қатар мемлекеттік жоспарлы экономика нарықтық қарым қатынастарға көшуіне байланысты, әрбір кәсіпорын өз жұмысын жоспарлауда және өнімдерін сатуда еркіндік алды.

Тұтынушы ұн түрін және өндірушіні ерікті түрде таңдаған кезде, оның сұранысы өнімнің сапасы мен бағасына негізделеді. Өндірілетін өнімнің тұрақты жоғары сапасы және бәсекеге түсе алатын баға ұн зауытының тиімді жұмысының негізі болып табылады.

Ұн − ең бағалы дәнді ұнтақтау арқылы алынған өнім. Бұны нан пісіруде, макарон, кондитерлік өнімдерді  және тағы басқа тамақ өнімдерін жасауға пайдаланылады. Ұннан жасалған өнімдердің тағамдық құндылығы өте жоғары болады және жеңіл сіңіріледі, сондықтан ұннан ең көп жасалынатын өнім  −  нан,  адамның тамақтануында ең басты орын алады.

Әр түрлі ассортименттегі және сападағы ұнды өңдеу үшін дәннің әр түрлі ұн тартуларын пайдаланады.  Ұн тарту дегеніміз берілген ассортиментте және сапада бидайды ұнға тарту операцияларымен  технологиялық процесстердің  бір ізді,  үйлесімді жиынтығы.  Әр ұн тарту өнімді өңдеудің бөлек кезеңдерінен және жүйелерінен тұратын белгілі құрылыммен сипатталады.

Ұн тарту операцияларының негізгі жұмыс бөлімі ретінде астықты ұнтақтау, ұсақтау операциялары жүргізіледі. Ұсақтау бөлімінде жалпы саны 74 машина қолданыста.

Шикізатты рационалды пайдалану, астықты дайындау және ұнтақтау технологиялық схемасын дамыту, технологиялық процесстердің барлық кезеңдерінде жоғары өнімділікті жабдықтарды орнату, оларды реттеу және тиімді пайдалануды ұйымдастыру, энергетикалық және еңбек ресурстарын дұрыс пайдалану арқылы кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге болады.

Елімізде жүгері өсіру – Н. Хрущевтің 1958 жылы АҚШ-қа жасаған әйгілі сапарынан кейін қолға алына бастағаны белгілі. Ол жүгері өсіруді зорлап енгізгендей болғанын, тарих парақтарынан білеміз. Бірақ кейіннен оның пайдасын да көрдік. Жүгері – басқа бидай, арпа, рапс, қызылша, картоп сынды дақылдарға қарағанда ең көп өнім беретін дақыл. Оны жақсылап күткен жағдайда әр гектарынан 12-14 тоннаға дейін таза дән, 30-40 тонна төңірегінде сүрлем алуға болады. Кезінде Алматы облысының Панфилов ауданында өсірілген жүгері одақтағы құс фермаларын жеммен қамтамасыз еткен. Құс шаруашылығын дамытуда жүгерінің алатын орны ерекше.

Индустриалдық-иновациялық даму стратегиясына сәйкес аграрлық кешенге жалпы және отандық өнім өндірушілерге арнайы көмек көрсету шаралары қарастырылған. Қазіргі кезде ұн өндірісінің жаңартылуы жүргізіліп жатыр – жоғары өнімділікті тиімді жабдықтарды пайдаланып жаңадан ұн зауыттары салынып, ескілері қайта қаруланып жатыр, отандық және шетелдік жабдықтарды пайдаланып жаңа технологиялық схемалар игерілуде. Жаңа зауыттарды салудың мақсаты, технологиялық процесстерді жүргізу және ұйымдастыру ережелерін қатаң сақтай отырып, астық өңдеудің  техника мен технологиясын жетілдіру болып табылады






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет