Н.Ә. Назарбаев



бет2/2
Дата25.11.2022
өлшемі25.91 Kb.
#465789
1   2
БӨЖ-11-12 апта

Модульді оқыту технологиясының ғылыми жаңалығына:
– егер модульдік технологияны химия сабағында тиімді пайдаланса, студенттердің пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады;
– модульдік технологияны қолданса әрбір студент оқу процесінің субъектісіне айналуы нәтижесінде оқу жүйесінің қарқыны, білім сапасы артады;
– молдульдік технологияны тиімсіз пайдаланғанда, қажетті талаптарды сақтамаса студенттің білім сапасына, танымдық белсенділігі мен денсаулығына кері әсерін тигізуі жатады.
Модульді оқыту технологиясын пайдалана оқытудың зерттеу әдістеріне:бақылау алу, тестілеу, сауалнама алу, тәжірибе жасау, бағалау жатады.
Ол технология идеясының негізі мынада болды:
- бағдарламалаудың аралас болуы;
- оқу материалының блокты берілуі;
- тікелей және кері байланыс;
- бақылау мен өзіндік бақылаудың ұштасуы.
ТМД елдерінде модульді оқыту технологиясын қарастырған ғалымдар П.Юцявичене, М.А.Чошанов, П.И.Третьяков, Т.И. Шамова, ЕА.Ермоленко және т.б. [3].
Қазақстанның білім беру оқу орындарында модульді оқытудың технологиясын зерттеп, оның нәтижесін тәжірибеге ұсынған М.М.Жанпейсова болды. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, студенттерге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын түзу. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлануына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі нысана – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.
Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында студент білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Модульді оқыту теориясы мына қағидаларға негізделеді:
- модульдік;
- оқыту мазмұнынан жеке элементтерді бөлу;
- динамикалылық;
- білім мен оның жүйесінің әрекеттілігі мен жеделдігі;
- икемділік;
- саналы болашақтық;
- әдістемелік кеңесінің жан-жақтылығы;
- тепе-теңдік.
Ал, модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:
- ақпарат материалының мақсаттылығы;
- жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;
- модуль элементтерінің жеке - даралығы;
- ақпараттық және әдістемелік материалының оңтайлы берілуі.
Модульді оқыту технологиясы – оқытудың жоспарлаған нәтижесіне жетуге мәнді әрекеттер мен операциялар жүйесін бөлу жолымен жүргізілетін оқу процесін жүзеге асыруды айтады.
XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар:
1. Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.
2. Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар
шебер қолдана білуі тиіс.
3. Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.
4. Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік,
сараптамашылық қабілеттерімен қатар болып жатқан педагогикалық
жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.
Модульдік оқыту технологиясының мазмұны.
1. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.
2. Оқу модулінің кіріспе бөлімі.
3. Оқу модулінің диалогтік бөлімі.
4. Диалогтік бөлімді айқындаудың негізгі кезеңдері.
5. Диалогтік бөлімді құру қағидалары.
6. Танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда оқушылардың білімділік дәрежесін есепке алу.
7. Шығармашылық және технология.
8. Оқу модулінің диалогтік бөлімінің ерекшеліктері.
9. Психологиялық атмосфера және оның диалогтік бөлімдегі рөлі.
10. Диалогтік бөлім – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.
11. Ойын арқылы оқыту және ойындар.
12. Дискуссиялық формалар.
13. Ойын арқылы оқыту технологиясы.
14. Диалогтік бөлімде оқу еңбегінің нәтижелерін бағалаудың мәні мен мағынасы.
15. Оқушылардың іс-әрекетін бағалаудың оқу модуліндегі нұсқаулары.
16. Оқу еңбегінің нәтижелерін бағалау.
17. Оқу модульнің қорытындысы және бақылаудың басқа түрлері.
Бұл педагогикалық технологиялық негізінде қалпына келтіре қайталай оқыту циклының идеясы жатыр.
Әрбір оқытудың жаңа технологиялары оқыту теориясы бойынша белгілі бір субъектілердің қарым-қатынасындағы қасиеттерін өзгерте жаңа өрістегі белгілерді қалыптастыруға ұмтылады[4].

Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «Модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль» мазмұны өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. Мұғалімнің алдын-ала жұмысы төмендегідей әрекет-қадамдардан тұрады.
1-кезек: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айкындау.
2-кезек: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып-зерттеу.
3- кезек: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін тиімді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды,тақырып бойыншанегізгі ақпарат беретін сөздерді табу.
4- кезек: Анықталған түйінді ұғымдар негізінде тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру.
5- кезек: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).
6- кезек: Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру.
7- кезек: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың ізденушілік элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді [5].
Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс оқушыны ізденімпаздыққа, отансүйгіштікке, өз бетімен білімін жетілдіруге баулып, шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік стандарттық деңгейде білім алуына кепілдік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан //Қазақстан халқына
Жолдауы//, 28.02.2010ж.;
2. М.Қ.Құрманәлиев, А.Қ.Рысқалиев, Химияны оқытудың қазіргі технологиялары: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған. Оқу құралы – Алматы, 2013, 140-175 б.;
3. Г.Нығызбаева, Химия мектепте: ғылыми-педагогикалық журнал, шілде-тамыз, №4, 2012 ж, 36-38 б.;
4. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл, 121-126 б.;
5. Ғ.Түсіпбаев, Модульдік оқыту, Химия мектепте ғылыми-педагогикалық журнал, №1(49) 2011, қаңтар-ақпан, 39-41 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет