«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК



Pdf көрінісі
бет1/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52


 






КІРІСПЕ 
Адамзаттың үшінші мыңжылдыққа аяқ басуы қоршаған ортаның 
ластануымен сипатталады. Мұның негізгі себебі авариялар мен апаттар 
санының өсуі, табиғатты тиімсіз пайдалану және осының нәтижесіндегі 
ғаламдық апаттарға әкелетін экологиялық мәселелердің пайда болуы. 
Қазіргі уақытта табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты 
үйлесімдіру өзекті сұрақтардың бірі. Табиғатты қорғау және оңтайлы 
пайдалануда негізгі шаралардың бірі – экологиялық білім беру. 
Табиғатты қорғаудың бастапқы шараларының бірі болашақ ұрпаққа 
«адам-қоғам-табиғат» 
триадасындағы 
қарым-қатынасты 
ұйымдастыруға 
қажетті дағдылар мен білікті, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануға 
бағытталған қөз қарасты қалыптастыратын экологиялық білімнің негізін қалау. 
Экология және табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін болашақ ұрпақты 
насихаттау және ағарту шараларын іске асыру қажет. Жоғарғы оқу 
орындарындағы экологиялық ағарту пәнаралық байланыстарға және 
интеграциялау қағидаларына негізделеді. Бұл сатыда болашақ мамандардың 
қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы, табиғаты оңтайлы пайдаланудың 
және қоршаған орта жағдайын жақсарту үшін қажеті практикалық дағдылар 
қалыптастырылады. Жоғарғы оқу орындары студенттерінің экологиялық 
қөзқарасын қалыптастыру «Экология және тұрақты даму» пәнін оқу арқылы 
жүзеге асырылады. 
Оқу құралының негізгі мақсаты студенттердің жалпы экология негіздері 
және қоршаған ортаны қорғау туралы қөзқарасын қалыптастыру. «Экология 
және тұрақты даму» пәні болашақ маманның кәсіби қызметін қоршаған ортаны 
қорғау және табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану тұрғысынан бағалау 
қабілетін қалыптастыруға бағытталған. 
Оқу құралында жалпы экология пәні, оның мақсаты мен міндеттері, 
табиғи ортаның абиотикалық және биотикалық факторлары, экологиялық 
факторларды жіктеудің ғылыми негіздері, ағзамен оның тіршілік ортасының 
өзара әрекеттесулері, биосфера туралы мәліметтер, экологиялық жүйенің 
құрамы мен құрылымы, оның тұрақтылығы, биосфера компоненттерің өзекті 
мәселелері қарастырылған. 
«Экология және тұрақты даму» пәнін өткеннен кейін студенттер 
экологиялық ғылымның заңдылықтарын және оның теориялық негіздерін 
меңгеруі керек. Жергілікті және ғаламдық деңгейдегі экологиялық 
мәселелердің өзара байланысын талдап, өздерінің кәсіби қызметтерінің, әрбір 
шаруашылық қызметтін көптеген тікелей және қосалқы нәтижелерін болжауға 
қабілеттері болуы тиіс. 
Оқу құралында сонымен қатар экологияның негізгі түсініктемелері мен 
анықтамалары берілген. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет