Не педагогика факультеті


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет42/89
Дата25.02.2024
өлшемі2.07 Mb.
#493148
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89
Логопедиялық технология лекция

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
4. Сөйлеу жылдамдығының бұзылу түрлеріне анықтама беріңіздер. 
5. Тахилалияның жіктелуін атаңыздар. 
6. Сөйлеу жылдамдығын түзету жұмысының негізгі бағыттары қандай? 
7. Брадилалияны түзету-логопедиялық әдістемесінің негізгі бағыттары қандай? 
8. Тахилалияны түзету-логопедиялық жұмыс кезеңдерін сипаттаңыздар. 
Ұсынылған әдебиеттер 
1.Логопедия негіздері. 2017. Дүйсенбаев А.Қ., Балтымова М.Р 
2.Логопедия. 2014. Өмірбекова Қ.Қ. 
3.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова 
Г.Б. 
4.Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық 
жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. 2014. ИбатоваГ.Б., Оразаева Г.С. 
5.Дамуында түрлі ауыткулары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері. 2014. Ибатова 
Г.Б., Коржова Г.М. 
6.Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы. 2014. Қ.Қ. Өмірбекова 
 
 
Лекция 18. Тұтықпа 


1. Тұтықпаның этиологиясы 
2. Тұтықпаның белгілері 
3.Тұтықпа балалардың психологиялық ерекшеліктері. 
Тұтықпа - сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан, сөйлеудің 
жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Синонимдері: balduties, disphemie, spasmophemie, 
laloneurosis. 
Арнайы әдебиеттерде тұтықпаның механизміне қатысты әр түрлі көзқарастар кездеседі. 
Ерте заманда тұтықпаны бас миы мен тілдің ылғалдылығының кемшіліктерінің
салдарынан болатын ауру (Гиппократ) немесе артикуляциялық аппаратының бөліктерінің дұрыс
сәйкеспеуінен (Аристотель) деген түсініктер болған. 
XVII – XVIII ғ. тұтықпаны перифериялық (шеткі) сөйлеу аппаратының жетілмеуінің
салдары деп түсіндіреді. Мысалы: Санторини тұтықпаны да қатты таңдайдағы жарықшақтан
тілге шырышы ағып жиналады да тілдің қимылын қиындатады соның салдарынан тұтықпа
пайда болады деп есептейді. 
Басқа зерттеулер тұтықпаны сөйлеу мүшелерінің функциясының бұзылуымен
байланыстырады: дауыс саңылауының тырысып жабылуы ( Арнот, Шультесс); өте тез
дем алу ( Беккерель); тілді ауыз қуысында ұстап тұратын бұлшық еттерінің қысқаруы ( Итар, 
Ли, Диффенбах)-; ойлау мен сөйлеу процесстерінің келіспеушілігі (Блюме). 
XIX ғ. аяғында тұтықпаны күрделі психофизикалық бұзылу деген пікір тұрақтала
бастайды. Кейбір авторлардың пікірінше, ақаулықтың негізінде физиологиялық бұзылыстар 
біріншілік, ал психологиылық көріністер екіншілік сипат алады деген. ( А. Гуцман 1879; А. 
Куссмауль 1878; И. А. Сикорский 1889 т.б). Ал көптеген зерттеушілер психологиялық
ерекшеліктері көрініс табады , ал физиологиялық көріністер соның салдарынан болады деп
есептейді. (Хр. Лагузен 1838; Р. Коэн 1878; Г. Д. Неткачев 1913 т.б) 
Р. М. Боскис тұтықпаны баланың сөйлеу тілінің дамуымауына жатқызады және оның
негізіне күрделі сөйлеуді өңдеп құрастырумен байланысты туындайтын сөйлеу
қиыншылықтары жатады деп есептейді. 
Р. Е. Левина тұтықпаны сөйлеу тілінің дамымауы деп қарастырып оның мәні сөйлеу
тілінің коммуникативтік функциясының бұзылуы деп біледі. 
Көптеген авторлардың пікірінше сөйлеудегі қиыншылықтар әртүрлі жағдайға
байланысты: жүйке жүйесінің типіне, сөйлеу ортасына, жалпы және сөйлеу тәртібіне т.б. 
Көптеген ресейлік ғалымдар, И. П. Павловтың жоғарғы жүйке жүйесінің іс – әрекеті, 
соның ішінде невроздық механизмі іліміне сүйеніп тұтықпаны неврозға жатқызады. Кейбір
зерттеушілер тұтықпаны невроздың белгісі деп қарастырса ( Ю. А. Флоренская, Ю. А. 
Поворинский т.б), басқалары – невроздың ерекше түрі деп қарастырады (В. А. Гиляровский, М. 
Е. Хватцев, И. П. Тяпугин, С. С. Ляпидевский, Н. И. Жинкин, В. С. Кочергина т.б) 
Тұтықпа балаларды клиникалық зерттеу нәтижесінде В.С. Кочергина тұтықпаны симптом 
да емес, синдром да емес, ол орталық нерв жүйесінің ауруы деп тұжырымдайды. 
Тұтықпаның пайда болуына бас ми қыртысының жүйке процесстерінің (олардың күші
мен қимылының шамадан тыс зорлануы) -өзара қатынастарының бұзылуының маңызы зор. 
Мидың үлкен жарты шарының іс – әрекетіндегі жүйкенің босаңсып шектен шығуы, бір
жағынан жағымсыз экзогендік факторлардың әсерінен болуы мүмкін. Жүйкенің шектен шығуы
жоғары жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі. Бастапқы ми қызметінің бұзылуы, ми мен ми
қыртысы асты бөлімдерінің арасындағы индукциондық қатынастарының және ми қыртысы
асты құрылымдардың қызметін реттейтін шартты рефлекстік механизмдерінің бұзылуына әкеліп
соғады. Мұндай жағдайда стриопаллидарлық жүйенің қызметінде жағымсыз өзгерістер орын
алады. Ал стриопаллидарлық жүйенің тұтықпаның механизіміндегі орны ерекше, өйткені ол
жүйке дем алудың жылдамдығымен ырғақтылығына, артикуляциялық бұлшық еттердің
тонусына жауапты. Тұтықпа стриопаллидумның органикалық өзгерістерінде емес, оның
динамикалық функциясының ауытқуынан пайда болады. 
Тұтықпаны И. П. Павловтың невроз туралы ілімі тұрғысынан қарастыруды көптеген
зерттеушілер қолдайды (Чехословакияда – М. Зееман, М. Совак, Ф. Досужков, И. Досталова, 
А. 
Конделькова
; Болгарияда – Д.Доскалов А. Атанасов, Г. Ангушев, Польшада – А. Митринович – 
Моджеевска; Германияда – К. П. Беккер т.б) 


70 жылдары психиатрия саласында невротикалық және неврозға ұқсас бұзылыстарды
ажырату үшін клиникалық критерилер ұсынылады, сонымен қатар тұтықпаның да невротикалық
және неврозға ұқсас түрлерге бөліп қарастыру тенденциялары байқалады. (Н. М. Асатиани, Б. З. 
Драпкин, Л. И. Белякова, т.б.). 
Қазіргі уақытқа дейін тұтықпаның механизмін зерттеушілер тек клиникалық және
физиологиялық жағынан ғана емес, нейрофизиологиялық, психологиялық, психолингвистикалық
тұрғыдан қарастыруға әрекеттеніп келеді. 
Нейрофизиологиялық зерттеудің мағлұматтары (И. В. Данилов, И. М. Черепанов 1970) 
бойынша тұтығушының доминантты жарты (сол жақ) шары сөйлеу кезінде өзінің басқарушы, 
жетекші ролін толық тұрақты атқара алмайды, оң жақ жарты шарға қарсы тұра алмайды. 
Тұтығушылардың зейінін, жадын, ойлауын,психомоторикасын зерттеулер нәтижесінде
олардың психикалық іс – әрекеттерінің құрылымының, оны өзіндік реттеуінің өзгергені
анықталған. Тұтығушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып
саналады. Клиникалық бақылау және эксперименталдық психологиялық әдістемелерді қолдану
арқылы олардың бір қатар тұлғалық ерекшеліктері анықталған: секемшілдік, үрейлік, өзіне өзі
сенбеушілік, тұйықтық, депрессияға бейімділік т.б. 
Тұтықпаның механизімін психолингвистикалық тұрғыдан қарастыру – сөйлеудің тууының
қай кезеңінде тыртысу пайда болатынын анықтауға бағытталған. Сөйлеу қатынасының мынадай
фазалары болады. 

Сөйлеуге қажеттіліктің немесе қарым-қатынасқа ниетінің болуы; 

Іштен сөйлеуде түпкі ойдың тууы; 

Дыбысты айтуын іске асуы; 
Сөйлеу іс–әрекетінің әр түрлі құрылымдарында бұл фазалар өзінің толықтылығы мен
ұзақтылығы жағынан әр түрлі болады. Барлық жағдайда ойланғаны мен іске асырғанын
салыстырып отырады. 
Сонымен, тұтықпа мәселесіне қатысты әртүрлі көзқарастарды қарастыра отырып, 
тұтықпаның механизімі біртекті емес деген қорытынды жасауға болады. 
Бір жағдайда тұтықпаны бас миының жүйке процесстерінің шектен шығуы, ми қыртысы,
ми – қыртысы асты бөлімдердің өзара іс – әрекетінің бұзылуы, сөйлеу қимылдарының
(дауыстың, тыныс алудың, артикуляцияның) жылдамдығын бірге автоматты реттеудің
бұзылуының салдарынан болатын күрделі невротикалық бұзылыс деп түсіндіреді. 
Екінші жағдайда – әртүрлі себептердің салдарынан туындаған сөйлеудегі алғашқы
қиыншылықтар дұрыс сөйлеу рефлексі ретінде бекіп қалудың нәтижесінде болатын күрделі
невротикалық бұзылыс деп есептейді. 
Үшіншіден – жалпы және сөйлеу дизонтогенезінің, тұлғаның үйлесімсіз (дисгармониялық)
дамуының салдарынан байқалатын сөйлеудің функциональды бұзылуы. 
Төртіншіден - тұтықпаның механизімін орталық жүйке жүйесінің органикалық 
өзгерістерімен түсіндіреді. Басқаша да түсіндірулер болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет