2. Мектеп жасына дейінгі балаларды жас кезеңдеріне бөлу. 6-7 жастан 17-18 жасқа дейінгі балалар, жеткіншектер мен жасөспірімдер мектеп жасына жатады. Біздің еліміздегі білім беру жүйесіне сәйкес, бұл жас кезеңі кіші, орта және үлкен болып үш сатыға бөлінеді. Соңғысында жалпы білім беретін мектептегі оқу аяқталады немесе кәсіптік-техникалық мектепке және арнайы орта оқу орындарына (колледждер, техникумдар және т.б. оқу орындары) ауысу жүреді, онда да жалпы орта білім алу аяқталады.
Біздің елімізде дене тәрбиесінің ғылыми негізденген жүйесі құрылды. Осы жүйенің негізі мемлекеттік бағдарлама бойынша жүзеге асатын дене тәрбиесінің міндетті курсы болып табылады. Ол оқу күні режімі мен үйдегі тұрмыс-тіршіліктегі дене тәрбиесінің сан-салалы түрлерін ауық-ауық бұқаралық дене шынықтыру шараларымен, сондай-ақ өзінің дене тәрбиесі ұжымында, спорт қоғамының дене тәрбиесі ұжымында, балалар-жасөспірімдер спорт мектеіптерінде және өзге де көптеген мектептен тыс мекемелерде оқушылардың өздерінің таңдауы бойынша жүйелі жаттығумен ұштастырылады.
Мектепке дейінгі және мектеп жасында дене тәрбиесі құралдарын бағытты-мақсатты пайдаланудың әлеуметтік- педагогикалық маңызы ерекше зор. Негізінен олар төмендегілерден тұрады:
- жан-жақты дене туралы білім мен тәрбиенің, денені ұйлесімді дамытудың берік іргетасы қаланады, еңбек ету - өндірістік, әскери және өзге де мамандықтарды ойдағыдай меңгерудің сенімді алғышарттары жинақталады;
- дене және ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі тұрақты жақсы сақталады;
- балалардың бос уақыты қолайлы ұйымдастырылады, дене тәрбиесінің жеке бөліктері тұрмыс-тіршілікке енгізіледі және оқушылар спорттық қызметке біртіндеп тартылады;
- өсіп келе жатқан жас ұрпақтың адами, зияткерлік, эстетикалық және еңбек ету мәдениеті біртіндеп жоғарылайды.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жүйесі барлық жас ұрпақтың дене тәрбиесін ұзақ уақыт жоспарлы (10-15 жыл бойы) және ұдайы жүргізуді қамтамасыз ететін ерекше маңызды жағдай. Қозғалыс белсенділігінің жетіспестігі (гиподинамия) дененің дамуында орны толмас қиыншылыққа, ағзаның қорғаныс күшінің әлсіреуіне және денсаулықтың қатты бұзылуына әкеп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |