Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


-зертханалық сабақ. Лептоспирозды балау, дауалау және індет



Pdf көрінісі
бет71/121
Дата03.09.2022
өлшемі3.12 Mb.
#460177
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   121
 
13-зертханалық сабақ. Лептоспирозды балау, дауалау және індет 
ошағынан арылу шаралары 
 
Керектi жабдықтар. Материал алуға қажеттi стерильденген тығыны 
бар шыны ыдыстар, пробиркалар. Лептоспирлер өсiрiлген қоректiк орта, 
биологиялық микроскоптар, күңгiрт сәуле түсiретiн конденсорлар, жарық 
Бруцеллез 
Жұқпалы эпидидимит 


133 
сәуле түсiретiн арнайы электр шамдары, жағынды алуға арналған жұқа 
төсенiш шынылар, жабынды шынылар, биопрепараттар, көрнектi құралдар, 
малдәрiгерлiк заң кiтаптары.
Орны және жүргiзу тәртiбi. Сабақ жануарлар клиникасында және 
кафедра зертханасында жүргiзiледi. Студенттер материал алу, оны зерттеу 
методикаларын игередi. Биопрепараттармен танысып, арнайы әдiстемелiк 
нұсқауда көрсетiлген iндеттiк жағдайға байланысты ауруға қарсы жүргiзiле-
тiн күрес шараларына жоспар құрады. 
Лептоспирозды балауға: iндеттанулық, клиникалық, патологиялық-ано-
томиялық және лабораториялық әдiстер қолданылады. 
I н д е т т а н у л ы қ т а л д а у жүргiзгенде лептоспироздың табиғи 
тұйықтылығы жайылымдардағы ағыны жоқ көлшiк сулар, сол өңiрдегi 
тiршiлiк ететiн аңдар, тышқан тектестер арқылы сақталып, олардың жану-
арларға таралытыны ескерiлiп: мал өрiстерi, суаттары тексерiледi. Доңыз 
қораларында iндет көбiнесе тышқан тектес кемiрушiлер арқылы тарала-
тынына байланысты оларға қарсы жүргiзiлетiн арнайы шаралардың 
орындалуына, ферманың санитариялық жағдайына көңiл бөлiнедi. Шаруа-
шылық орналасқан елдi-мекендерде адамдардың лептоспирозбен ауырған-
дығы жайындағы деректер анықталады.
Лептоспирозда кездесетiн клиникалық белгiлер (iш тастау, терiнiң 
нейкроздануы, төлдердiң өлi тууы, т.б.) басқа да жұқпалы ауруларда 
байқалады. Төлдерде iндеттiң жiтi өршiп жүруiне байланысты, ауруға тән 
белгiлер (несебiнiң қызарғаны, сiлекей қабықтарының сарғайғаны) айқын 
көрiнедi. 
П а т а н а т о м и я л ы қ өзгерiстер iшкi ағзаларда, әсiресе бауыр мен 
бүйректе айрықша байқалады. 
Лептоспироздан ада шаруашылықтарда, жануарлар арасында iндетке тән 
болжамдар байқалса, аурудың түбегейлi балауын қоюда лаборатоториялық 
зерттеу шешушi роль атқарады. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е рт т е у: материал алудан, оларды 
микроскопиялаудан, лептоспирлердiң таза өсiндiсiн арнайы қоректiк ортада 
бөлiп алудан, биологиялық сынамадан және серологиялық әдiстердi қолда-
нудан тұрады.
Лабораториялық зерттеуге жануарлардың қаны, несебi, ұсақ жануар-
лардың толық өлексесi, түсiгi, ал iрi малдың өлексесiнiң немесе түсiгiнiң iшкi 
ағзаларының кесiндiлерi, бүйрегi, қуығы, көкiрек, құрсақ қуыстарындағы, 
жүрек қабындағы транссудат және жұлын сұйығы алынады.
Материалдарды алу тәртiптерi: н е с е п, мал ерiктi түрде зәр шығарғанда 
немесе стерильденген катетр арқылы қуықтан алынады.
Қ а н, бактериологиялық зерттеуге аурудың бастапқы күндерi (5-8 
тәулiктен кейiн) iшiнде 1,5%-ды лимонды қышқыл натрий ерiтiндiсi бар 
пробиркаға алынады. Серологиялық зерттеуге арналып алынған жануар-


134 
лардың қан сарысулары құрғақ бор қышқылымен консервацияланады 
(консервантты, қан сарысуына қанықан ерiтiндi түзiлгенше қосу қажет) 
немесе сорғыш қағазға кептiрiп жiберiледi. Лептоспирозды серологиялық 
зерттеу облыстың малдәрiгерлiк лабораторияларында жүргiзулерiне байла-
нысты, шаруашылық бұл мекемелерден шалғай жерлерде орналасқан 
жағдайда қан сарысуын кептiрiп жiберген қолайлы. Ол үшiн 3-5 тамшы қан 
сарысуы ақ сорғыш қағазға (көлемi 5х5 см
2
) тамызылып қалыпты темпе-
ратурада (15-37
0
С) кептiрiледi. Қан сарысуы кептiрiлген сорғыш қағаз 
жолдама қағазбен бiрге конвертке салынып жiберiледi. Кептiрiлген қан 
сарысуы бiр айға дейiн зерттеуге жарамды. 
Б ү й р е к, жарылмаған бойында; қуық iшiндегi несебiмен бiрге; iрi мал 
түсiгiнiң ұлтабары (соңғы екеуiнiң ұштары байланады) пергамент немесе 
целофан қағазға оралады. 
Т р а н с с у д а т ж ә н е ж ұ л ы н н ы ң с ұ й ы ғ ы, пiсек арқылы соры-
лып алынып, стерильденген пробиркаға немесе Пастер түтiгiне құйылады. 
Бiрiншiсiнiң аузы тығындалып, екiншiсiнiкi дәнекерленiп жiберiледi. 
С у, мал өрiстерiндегi көлшiктерден 1,5-2 л мөлшерiнде тығыны бар 
шыны ыдысқа алынады. 
Несеп және патологиялық материал жаз айларында алты сағат, қыс 
айларында (салқын жерде сақталса) 10-12 сағат аралықтарында алынып 
зерттелуi тиiс. Алынған материалдарға жолдама қағаз толтырылғанда 
мiндеттi түрде жануарлардың өлгеннен кейiнгi материал алынған уақыты 
көрсетiлуi керек. 
Материалды микроскопиялық зерттеуге дайындау тәртiбi: несеп центри-
фуганың 10-15 мың айналымында 10-15 минут; қан центрифуганың 2-3 мың 
айналымында 5 минут ұсталынады; патологиялық материал ұнтақталып, 
олардың физиологиялық ерiтiндiдегi езiндiлерi цнтрифуганың 2-3 мың 
айналымында 10 минут айналдырылады немесе 1-2 сағат суытқышта (4
0
С) 
тұндырылады. Зерттеуге тұнбалардың бетiне түзiлген мөлдiр сұйықтары 
қолданылады. Транссудатты және жұлын сұйығын зерттеуге дайындау 
әдістемелері несеп дайындау тәртiбiндей. 
М и к р о с к о п и я л ы қ з е р т т е у. Дайындалған материалдардың бiр 
тамшысы төсенiш шыныға тамызылып, үстiнен жабынды шынымен басты-
рылады. Екi шынының ортасындағы бастырылған тамшыда - көпiршiк ауа 
кеңiстiгi қалмауы керек. Бiр төсенiш шыныда осындай үш бастырынды 
тамшы дайындалады. Зерттеу алдында микроскопты сәулелерi реттелiп, кон-
денсордың жоғарғы линзасына бiр тамшы дистилденген су тамызылып, 
дайындалаған препараттар 40 х 7-10 немесе 20 х 1,5 х 7 рет ұлғайымдарда 
қаралады. Лептоспирлер күңгiрт ортада иреленiп қозғалып жүрген жiп тәрiз-
дес денешiктер түрiнде көрiнедi. Оларды анықтау көп қиындық тудырмайды 
және де лептоспирлер басқа мөлтек организмдер сияқты жылтырамайды. 
Б и о л о г и я л ы қ с ы н а м а қоян көжектерiне немесе теңiз 
тышқанына қойылады. Патологиялық материалдан дайындалаған езiндiлер 


135 
лабораториялық жануарлардың терi астына немесе құрсақ қуысына енгiзi-
ледi. Егерде патологиялық материалдағы лептоспирлер патогендi (ауруды 
қоздыруға қабiлеттi) болса, сынамадағы жануарлар лептоспирозға тән клини-
калық белгiлер (қоректенбеуi, көздiң кiлегей қабығының қабынып, сарғаюы, 
дененiң қалтырауы, жүндерiнiң үдiреюi т.б) өлiмге ұшырайды. Керiсiнше 
сапрофиттi лептоспирлер жануарлар организмiне ешқандай әсер етпейдi. 
Сынамадағы жануарлардың өлгендерiнен, болмаса тiрi қалғандарынан мате-
риалдар алынып лептоспирозда қолданылатын лабороториялық әдiстердiң 
толық жүйесiмен тексерiледi. Солардың нәтижелерi бойынша биологиялық 
сынамаға баға берiледi. 
1.Мал шарушылықтарын сырт- 1. Ауыруға шалдыққандарын 
тан енетiн ауру қоздырушысы- анықтап оларды оқшаулап, емдеу,
нан қорғау. қалғандарын иммундеу.
2. Аурудың сол өңiрдегi iндет 2. Жануарларды бiр-бiрiмен
ахуалын анықтау. араластырмай, тұрған қора-жайла- 
3.Жануарларды күнделiктi қа- рында оқшаулап ұстау.
рап бақылау. 3. Жануарларды тек қана құдық- 
4.Шаруашылықтағы аналық жа- тардан немесе су құбырымен ке-
нуарларды (10%) жылына 1 рет, летiн сумен ғана суғару.
ал асыл тұқымды аналық жануар- 4. Өрiстегi ағыны жоқ көлшiк
ларды 2 рет тексеру. суларды ағызу шараларын ойлас- 
5.Бақылау мақсатымен тышқан тырып, оларға малды жолатпау. 
тектестердi аулап, тексеру. 5. Малды тек қана таулы немесе 
6.Қауiп болса жануарларды вак- қыратты жерлерде бағып ұстау. 
циналау. 6.Iндет ошағында күнделiктi де- 
зинфекция жасау. 
7.Дератизация.
25-сурет. Лептоспирозға қарсы қолданылатын
шаралар кестесi. 
С е р о л о г и я л ы қ з е р т т е у. Жануарлардың қан сарысуларынан 
телімді антиденелердi анықтауға мөлтек агглютинация реакциясы (МАР) мен 
агглютинация реакциясы (АР) лептоспирлердiң әртүрлi типтерiнiң антиген-
дерiмен қойылады. 
Д а у а л а у және а р ы л у ш а р а л а р ы. Осы мақсаттармен 
жүргiзiлетiн арнайы шаралар мал дәрiгерлiк заң кiтаптарында көрсетiлген 
нұсқауларға, iндеттанулық талдауға, шаруашылықтың осы ауруған iндеттiк 
Дауалау шаралары 
Арылу шаралары 


136 
ахуалына сәйкес жоспарланады. Жоспар құрғанда қамтылатын негiзгi мәсе-
лелер 25-суретте көрсетiлген. 
Асыл тұқымды сиыр шаруашылықтарына аналық ядроны толықтыруға 
немесе табын құрауға тек қана микроагглютинация және агглютинация 
реакцияларымен лептоспирозға теріс нәтижелер берген індеттен сау пункт-
тен ғана малдар әкелінуі қажет. Мұнымен қатар әкелінген мал 30 күн 
дауалық карантинде ұсталып, жұқпалы ауруларға тексеріледі. 
Лептоспироздың табиғи ошақтылығы ескеріліп, жануарлармен қатар 
кемірушілер және ашық су қоймалары ауру қоздырушысына бактерио-
логиялық зерттелуі керек. Мал жайылымдарда артизиан құдықтарының 
суларымен немесе жер астынан алынған су құбырларынан суғарылуы қажет.
14-зертханалық сабақ. Ауески ауруын балау, дауалау және індет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет