Некеден кейін әйел бақыты


Бұл қалай жұмыс жасайтынын сізге мұқият



Pdf көрінісі
бет48/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   135
Некеден кейін

Бұл қалай жұмыс жасайтынын сізге мұқият 
түсіндіріп айтып жатпаймын, себебі бейсананың 
жұмысы, НЛП жайлы ілім жазбаша түрде қиын 
түсіндіріледі. Қысқаша, сырттай жазғанымды түсініп, 
бастысы менің осы техникамды орындасаңыз болғаны. 
Егер сізге күйеуіңіз көмектеспесе, оған «сен маған 
көмектеспейсің» деп айтпаңыз! Себебі оның миы сол 
сөздеріңізді есте сақтап, өте жиі естігендіктен «установка» 
етіп қалыптастырып, керек сәттерде қайталап оған 
«воспроизводить» ететін болады. Сіз одан көмек 
сұрағанда, оның миында «мен әйеліме көмектепеймін» 
деген установкасы оянып, сол установкадан таймайтын 
болады. Ал бізге ол керек пе? 
Менің бұл құпия техникам мені және менің 
жолдасымды өзгертті. Мен оның «отказдарына» былай 
деп жауап беріп жүрдім: «жарайды, жаным, онсыз да көп 
көмектесіп жүрсің ғой» деп айта бердім. Бірнеше 
«отказдан» кейін , және менің осындай сөздерімнен кейін, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
92 
ол маған ешқашан «отказ» бермейтін болды. Себебі оның 
миы «мен оған көмектесемін» деген ойды жаттап алды, 
және сол ойды установкаға айналдырды. 
Ер адамды қалай көндіріп, ойыңызбен 
келісетіндей етуге болады? 
 
Дана әйел күйеуін «басқара алады». Бұл жерде басқару 
тікелей мағынада емес. Белгілі бір шешімдерді қабылдауға 
итермелей алуы. Айқай-шусыз, талап етпей-ақ, жай ғана 
еркелікпен, даналықпен әсер ете алуы.
«Еркек – бас болса, әйел – мойын». Ал мойын дана 
(мудрый) болса, басты дұрыс жаққа бұрады. Бірақ бас 
ешкімнің көмегінсіз бұрылдым деп ойлайды.
Мысал келтірейін. Әйелі мен күйеуі дүкенге төсек орын 
алуға келеді. Әйелі өз бөлмесіне керемет жарасатын 
төсекті көрді, ал күйеуіне басқа төсек ұнады. Осындай 
кезде дана әйел не істейді? Ақылды әйел 
өзінің таңдауының дұрыстығын дәлелдеп, 
қырсығып, қалай да өзі таңдағанын
алдырады. Тіпті күйеуінің таңдауын 
төмен түсіріп «вкусыңыз жоқ па не, оны 
қалай ұнатып тұрсыз, тіпті нашар ғой» 
дейді. 
Ал дана әйел: «Жаным, маған мына төсек ұнады,түсі 
бөлменің есігіне сәйкес келеді, қазір осындай стиль мода 
екен, бірақ саған басқасы ұнап тұр ғой. Сол үшін таңдау 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
93 
өзіңде. Сен қайсысын алсаң соған көнемін, бірақ менің 
көңілім мынаған түсіп тұр». Даналықты көріп тұрсыз ба? 
Таңдауды еркекке беріп тұр. 95% жағдайда еркек әйелінің 
ұнатқанын алады. Ол да ақымақ емес қой, сіздің 
таңдауыңыз қате емес екенін, қайсысы бөлмеге көбірек 
жарасатынын көріп тұр. Бірақ бұл жердегі даналық осы, 
еркек ол төсекті өзім таңдадым деп ойлайды. Сіз оған 
таңдауды бергеннен кейін, өзін бастық деп ойлап, 
мәртебесі көтеріліп қалады.
Ер адамды көндіру, алдау өте оңай. Алдау деген жаман 
мақсатпен емес. Дана әйел эмоционалды әйел, бірақ 
эмоциясын керек жерде орнымен қолданады. Айқай 
шығару деген жоқ. Өзіне ұнамаған нәрсені, ренішін 
сабырлы күйде жеткізеді. «Жаным, бұл сөзің/осы әрекетің 
менің көңіліме тиеді. Маған ұнамайды, келесіде жасамай 
ақ қойшы». Дәл осылай ұрыссыз, жыламай, үлкен дауға 
айналдырмай-ақ, екі ауыз сөзбен түсіндіреді. Ал еркек дәл 
сол кезде өзін ақтаса да, сізді кінәласа да, ішінен ойланып 
қалады.
Тағы бір мысал келтірейін. Ер адам әйелінен белгілі 
бір жағдайға байланысты көзқарасын, ойын сұраса, 
ақылды әйел «меннен кеңес сұрап жатыр, қазір мен не 
айтсам дәл солай жасайтын болады» деп ойлап қалады. 
Сөйтіп еркекке кеңесін береді, ал еркек әйелдің кеңесін 
тыңдамай, өз қалауы бойынша жасайды. Екінші рет 
көзқарасын сұрап келсе, ұрсып береді: 
-Мен саған алдында айтқанда, тыңдамадың ғой. Енді 
несіне сұрап отырсың? Мен саған өткен жолы айтқанмын 
басқаша жасасаң дұрыс болады деп. Сен өмірі солай 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
94 
жасайсың, менің дегенімді тыңдаған емессің. Қазір 
осындай жағдайлар өте көп. Ойланбастан бұрын тіліміз 
алдымызға шығып кетеді.
Ер адам ешқашан әйелден кеңес сұрауға келмейді. Тек 
жай ғана сіздің ойыңызды біліп, өзінікімен салыстырғысы 
келеді.
Күйеуіңіздің 
де, 
басқа 
адамның 
да 
сіздің 
айтқаныңызды жасамауға толық хақы бар. Ол үшін адамды 
кінәлауға болмайды, себебі ол оның шешімі.
Дана әйел күйеуі кеңес сұраса былай дейді: «Жаным, 
бұл менің ойым ғана. Ал шешімді өзің қабылда, сен 
көбірек білесің ғой». Өзінің даналығын екі ауыз сөзбен 
ғана көрсетеді. Қандай ақыл-кеңес айтса да мынадай 
сөздермен аяқтайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет