Неміс стандарттау институты DIN (Deutsches Institute für Normung).
1917 жылы комитеті құрылды, яғни Германияның алғашқы стандарттар жүйесінің пайда болу кезі. Комитет екі рет есімдерің өзгерткен:
- 1926 жылы – Германия комитеттер стандарттары,
- 1975 жылы – Неміс Институт Стандартты (DIN).
1990 жылы алғашқы Германия стандарттар, метрология және өнімдерді тексеру бірқалыптау жұмыстары жүргізілді, кейін бірқалыпты нормативтік құжат жасау шешілді, сол құжаттар халықаралық және европалық стандарттарға сай болды.
Негізгі стандарт DIN 820 Неміс Ұлттық Стандарттық ұйымдардың басты әрекет етушісі:
Еркінділігі, әр түрлі кісілердің стандарттар жасауға үлесі, нормативты құжаттардың кепілді болуы.
Әйгілігі, барлық стандарттар проектілердің баспаға шығуы және әрбірінің критикалық пікірден өтуі.
Барлық қызуғушылық туғызғандарға- барлық қатысушылардың заң бойынша бірқалыпты болуы.
Айқындылығы, стандарттардың жаңа-техникалық стандарттарға сай болуы.
Жалпы пайданың тиімділігі осылай анықталады:
бөлек пайданың барлық мемлекетке басым болуы
экономикалық шындыққа бейімделу, яғна мұның мақсаты стандарттар белгілі бір сұранысқа қойылады.
Неміс стандарттар институтының (DIN) басты мақсаты нарықтағы техникалық қиындықтарды жою, халықаралық және европалық стандарттар тектес бірыңғай нарықты құрастыру.
Неміс стандарттар институты (DIN) негізгі ұйыммен қосымша бөлімшелерден тұрады. Штатта барлығы 750 кісі. Институт (DIN) ұйымының мүшелігіне: фирмалар, заңды тұлғалар, мамандар, ғалымдар, практиктер жатады.
DIN мүшелері жиналысында Президиумға 50 кісіні сайлайды, осыған Президент және оның көмекшілері, қаржы басқармасы, институт директоры, сонымен қоса өнеркәсіпшілер, кәсіпкерлер, саудагерлер, ғалымдар жатады.
Жұмысшы органы ұлттық стандарттар жасаумен қатар, Германия техникалық коммитетінің жұмысын халықаралық және европалық деңгейде қамтамасыз етеді.
Германияның ұлттық стандарттары келесі салалардан тұрады: құрылыс, электротехника, химия өндірісі, дәл механика, оптика, фотография, кинематография, іс қағаздарын жүргізу, құжаттама, денсаулық сақтау, атомдық техника, ауыл шаруашылық, бояу өндірісі, машина жасау, кеме жасау, әуе жасау, спорт және демалу, сағат, әшекей бұйым жасау, тіс емдеу, су шаруашылығы мен канализация және тағы басқалар жатады. Негізгі стандартизациясы қорғаныс өнімдер мен қызметтер, қоршаған ортаны қорғау, негізгі стандарттарды жасау
Институтпен Мемлекет арасында келісім шарт жүргізілді. Мұнда Неміс стандарттар институты (DIN) нарықтағы техникалық қиындықтарды, қоршаған ортаны, пайдаланушыларды, еңбекті қорғауды өз мойына алады. Техникалық құрылым заңы қабылданғаннан кейін (1980), Неміс стандарттар институтынан қабылданған маңызы көп ұлттық стандарттар, міндетті стандарт болып неміс өндірушілірге, өнім өндіруші импортерлерге болды. Дәл сондай стандарттар медициналық зерттеу және емдеу приборларға қолданылды. 1980 жылы қоршаған ортаны қорғау туралы заң қабылданған кейін, су тазалы стандарттары, атмосфера, шу деңгейіне заңды түрде стандарттар қойылды. Денсаулықты қорғау стандарттары міндетті түрде заңға сәйкес тамақ және көпшілік қолданатын тауарларға қойылды.
Неміс стандарттар институты (DIN) қызметінің негізі екі жақтың келісімі бойынша шешілді. Мысалы ретінде 90 жылдың басында Неміс металлург кеңесі өзінің стандарт бойынша 20 млн марка жасау үшін ақша төледі. Пайда нормалары 64% баспасөзден алынады (стандартизация және сертификация бойынша журналдар), ал қалған 18% тапсырыс беруші және 18% демеуқаржы көрсететін мемлекет алады.
Үлкен Германиялық фирмалар жыл сайын 0,24 % табысын стандартизацияға жұмсайды.
DIN – стандарттау бойынша жетекші неміс ұлттық ұйымы, стандарттарды және басқа да норматиивтік құжаттарды әзірлеу бойынша жалпыға танылған әлемдік көшбасшы болып табылады. Ол халықаралық деңгейде Германияның осы аймақтағы мүдделерін көрсетеді.
DIN негізгі екі белгісі бар. Біріншісі – Мадридтің сауда белгілері туралы конвенциясына қол қойған барлық елдерде тіркелген DIN белгісі. Ол лицензияны қажет етпейді және қауіпсіздікке сертификатталған өнімдерге қойылады. Сондай-ақ, өндірушілер өз тауарларын DIN стандарттарына сәйкестігін көрсете отырып, оларға белгі қоюға құқылы.
Екіншісі – DIN GEPRÜFT сәйкестік белгісі ("DIN сәйкестікке сыналған"). 1972 жылы енгізілген және тек DIN стандарттарына сәйкес сынақтан өткен өнімдерді таңбалау үшін қолданылады. Оны қолдану инспекциялық бақылаумен бірге жүреді.
DIN сертификаты неміс және өз өнімдерін сертификаттауға мүдделі шетелдік ұйымдар үшін бірдей қол жетімді және ерікті. Сонымен қатар, DIN белгісінің болуы тұтынушылар үшін сатып алынатын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігінің ең тиімді және сенімді маркерлерінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |