Нәресте реанимациясы Асфиксия кезіндегі көмек Мақсаты



бет6/6
Дата13.03.2024
өлшемі319.25 Kb.
#495430
1   2   3   4   5   6
Шұғыл көмек

Іс-әрекет алгоритмі
:
1. Науқас баланы басын бір жағына бұрып, жатқызыңыз;
2. Емді бастамас бұрын қандағы гликемия және кетондық денелерді,
глюкозурияны, кетонурия анықтау керек.
3. Көк тамырға 20мл/кг салмағына есебінде физиологиялық ерітінді
қоямыз.
4. Қысқа әрекетті инсулинді 0,1Бр/ кг есебінен физерітіндіге қосып, көк
тамырға үздіксіз (ағынмен) құйылады.
5. 4% сода ерітіндісімен тазартқыш клизма қойыңыз.
6. Рингер, физиологиялық ерітінділерін венаға тамшылатып 2-3 литрге
дейін құю керек. Бұл ерітінділермен бірге кокорбоксилаза, витамин
«С» құйылады.
7. Тамшылатып сұйықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен
жылытып, көп мөлшерде сұйықтар беріңіз: жылы минералды сулар, кептірілген жемістерден жасалған компотты әр 5-10 мин сайын шай қасықпен 1-2 рет беру керек.
8. 3-4 сағаттан кейін баланы оңай сіңірілетін тамақтармен тамақтандырады: айран, жеміс пюресі, шырындар.
Мейірбике ондағы қант мөлшерін айқындау үшін баланың тәуліктік зәрін жинап, қан алуы керек.


Гипогликемиялық комадағы шұғыл көмек


Мақсаты: Қандағы қант мөлшерін көтеру
Гипогликемиялық кома себептері: Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі немесе организмге инсулиннің шамадан көп енгізу.
Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз дымқыл, демалысы жиі үстірт, жиі баланың денесі құрысады, есінен тез танады
Ресурстар: тонметр, фонедоскоп, щпицтер, мақта шариктері, 70% спирт, резин жгут, пинцет, лоток, дәрілік заттар: 40-60 мл. 40% глюкоза ерітіндісі.


Іс-әрекет алгоритмі:
1. Көк тамырға ағынмен 40% глюкоза 20-50 мл ерітіндісін енгізіңіз;
2. Әсері болған жағдайда 20-50 мл. 40% глюкоза ерітіндісін қайталап
енгізіңіз;
3. Бала есін жинағасын, оған бірнеше кесек қант, 1-2 ас қасық бал,
кәмпит, тәтті шай беріңіз;
4. Бала есін тез жинағасын тамақтандырады.
5. Баланың жағдайына байланысты стационарға госпитализациялаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет