→ Программалар→ Microsoft Access командасын беру жеткілікті. ДҚ құруға өту не оны ашуға арналған сұхбаттық терезе көрінеді. Қор терезесінде алты объектімен жұмысты бастауға арналған алты қондырма бет бар: Кестелер, Сұраныстар, Формалар, Есептер, Макростар, Модульдер.
Макростар - макрокомандалар. Мысалы,Quit (шығу)- Access-тен шығу, Delete (жою)-макрокомандалар. «Макрос» қондырмасын пайдаланып ашылған терезеге макросты енгізуге болады.
Модульдер - Visual Basic программалау тілінде жазылған ішкі программалар (процедуралар). «Модульдер» қондырмасы осы программалармен жұмыс істеуге арналған. Access-тің стандартты құралдары жеткіліксіз болған жағдайда программалаушы осы тілде программалық модульдерді жазып , жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруына болады.
Деректер қоры терезесінің оң жағында үш командалық түйме орналасқан : Ашу, Конструктор ,Құру.
Ашу түймесі қондырмадан тандалған обьектірі ашады. Егер оьект кесте болса, оны көріп шығыуға, жаңа жазу қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады.
Конструктор түймесі қондырмадан таңдалған обьект құрылымын ашып, оны түзету, бапқа келтіру үшін пайдаланылады. Егер обьект кесте болса оған жаңа өрістер не бар өрістерінің қасиеттерін(типір,өріс ұзындығын,т.б.)өзгертуге не жаңа кесте құруға да болады.
Құру түймесінің іс - әрекеті: жаңа обьект құру үшін пайдаланатын сұқпаттық терезені ашу.
Сурет 1- Конструктор режимі
Access 2000-да ашылған ДҚ терезесінің жаңа ДҚ құру ауыстырылып қосқышын орнатып, ОК түймесін шерткен кезде файл аты сұралатын терезе ашылады. Мысалы,онда Okam1 атауын берген соң көрінген ДҚ терезесі көрсетілген. Одан әрі орындалатын жұмыс Access 97 –де орындалатын жұмыстан көп айырмашылығы жоқ.
Конструктор режимі.
Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің «Деректер типі» бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау керек. Оның оң жағында тілсызық түймесі пайда болады. Оны шертіп, ашылған тізімнен қажетті типті таңдаса болғаны. Мысалы, кескінделген Конструктор режимі терезесінде Несие түрінің нөмірі, Несие түрі, Ставкасы,Валюта коды өрістерінен Access мәтіндік тип түрінде сипаттауы мүмкін. Оларды сандық типке алмастыруға болады. Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкеліп, тышқанның оң түймесін шерту керек. Көрінген жанама мәзірден Кілттік өріс қатарына шерту жеткілікті (не аспаптар панелінің Кілттік өріс түймесін шертуге болады). Кілттік етілген өріс атауының сол жағына (шеттік бағанға) лгісі орнатылып қойылады.
Дата /Уақыт және Ақшалық типті өріс қасиеттерін орнату тәсілдері де жоғарыдағы сияқты.
Кестелерді байланыстыру жолы:
Сурет 2 - Кесте құру
-
Аспаптар панелінің Деректер схемасы (Схема данных) түймесін шертіп не Сервис- Деректер схемасы командасын беріп, осы атаулы терезені ашу.
-
Мәзір арқылы Байланыстыру- Кестені қосу комндасын беріп не аспаптар панелінің «Кестені қосу» түймесін шертіп, кесте атауларының тізімі енгізілген «Кестені қосу» терезесін шығару. (Егер кестелер арасында байланыс болмаса, Деректер схемасы терезесі ашылған кезде «Кестені қосу» терезесі бірге ашылады.)
-
Соңғы терезеден байланыстырылатын кесте атауларын таңдап, «Қосу» түймесін шерту. Таңадалған кестелер Деректер схемасы терезесіне кірістіріліп қойылады.
-
«Кестені қосу» терезксін жабу.
-
Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша көрсеткішті Валюта курсының анықтамасы кестесінің кілттік валюта коды өрісінен Кредит алушыны тіркеу кестесінің валюта коды өрісіне жылжытып әкелу. Төменінде «Қатынас типі: «Бірі-Көбіне» жазуы орналасқан «Байланыстар» атаулы сұхбаттық терезе көрінеді.
-
Терезенің «Берілгендер тұтастығын қамтамасыз ету» ауыстырып қосқышын орнатып, «Біріктіру» түймесін шерту. «Біріктіру параметірлері» сұхбаттық терезесі көрінеді.
-
Терезеде «Валюта курсының барлық жазбалары мен Кредит алушының байланыстырылған өрістері бірдей жазбаларын біріктіру» ауыстырып қосқышын орнатып, ОК түймесін шерту. «Байланыстар» терезесі қайта көрінеді
Сурет 3 - Байланыстар терезесі
-
Оның Құру түймесін шерту. Кестелер сызық арқылы «Валюта коды» өрістері бойынша байланыстырылып қойылады.
Қарапайым сұраныс шебері
Қарапайым сұраныс- кестеден не байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте. Қарапайым сұраныс құру үшін қадамдық сұхбаттық терезесі бар «Сұраныс шебері» процедурасын пайдалануға болады:
-
ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар-Құру командасын беру. «Жаңа сұраныс» терезесі көрінеді.
-
Терезеден «Қарапайым сұраныс» қатарын екі рет шерту. Бірінші қадам терезесі көрінеді.
Сурет 4 - Сұраныстар құру
-
Терезеден кестелерді және олардан қажетті өрістерді таңдап, «Таңдалған өрістер» бөліміне көшіру.
-
Екінші қадам терезесінде «Толық» ауыстырылып қосқышын орнату.
-
Экранда бірінші қадам терезесінде таңдалған жазу өрістерінен тұратын сұраныс терезесі көрінеді. Оны жабу жеткілікті.
Формалар.Кейде кестені жасырын түрде ұстап , бір ғана жазуымен таныстырады. Осы себепті көп жағдайларда кесте форма түрінде дайындалады. Бұл- Access-тің негізгі ерекшкліктерінің бірі.
Форма- берілгендерді экраннан енгізуден жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың үш тәсілі бар:
-
Автоформат (форманы автоматты түрде құру);
-
Формалар шебері (форманы жартылай автоматты түрде құру);
-
Қолдан құру ( конструктор құру (конструктор режимі арқылы).
Түймелер мен макростар.
Түйме (Command button) – ОК сияқты басқару элементі, объект. Оны шерткен кезде Access алдын ала анықталған іс-әрекеттерді орындайды.
Макрос- Access-тің бір не бірнеше макрокомандаларын бойында сақтайтын қуатты шағын программа. Ол Access ішінде басқа программаны іске қосу, бір формадан екінші формаға өту, сұранысты іске қосу және т.б. іс-әрекеттерді автоматты түрде орындай алады.Макросты дайындау үшін макростар конструкторы терезесінде қалаған макрокоманданы таңдап, аргументтерін орнату жеткілікті. Макрос- объект,ол дайындалған соң ДҚ терезесіне енгізіліп қойылады да, сәйкес атауын не түймесін шертіп , сол жерден іске қоса беруге болады.
Макрос дайындау
Макрос – макрокоманда не макрокомандалар жиынтығы. Оны дайындап, қажетті кезде іске қоса беруге болады. Access-те көптеген стандартты макрокомандалар бар:
Шығу (Выход) - Access-тен шығу;
ФормаАшу (ОткрытьФорму)- форманы ашқан кезде онымен қатар екінші , белгіленген форманы да ашу;
ҚосымшаныІскеҚосу (ЗапускПриложения)- Access қосылулы тұрған кезде Windows немесе MS DOS-тың басқаруымен жұмыс істейтін программаны іске қосу;
Мәлімет (Сообщение) – дайындалған мәтіні бар терезені экранға шығару;
Өзгерту (Изменение) - өрістегі мәнді өзгерту. Және т.б.
Форманы қолдан құру. Форма конструкторы
Автоформа не Форма шебері арқылы құрылған форма құрылымы түрлі бөлімдерден тұрады. Олармен танысу үшін дайын форманы Конструктор режимінде ашып, көріп шығу жеткілікті.Құрылымды Форма тақырыбы, Деректер облысы және Форма ескертпесі бөлімдері бар.
Формағаенгізілгендердің бәрін басқару элементтері деп атайды. Олар негізінен екі типті: байланысты және байланыссыз.
Байланысты басқару элементтері ДҚ кестесінің өрістік деректерін пайдаланады. Мысалы, деректер облысына өріс атауы көшіріліп, форманы іске қосу кезінде атау орнына кестедегі сәйкес мән жазылады. Керсінше, өріске не мән енгізілсе, ол кесте өрісіне де енгізіледі.
Байланыссыз элемент – формада кесте өрістеріне байланыссыз құрылған элемент, мысалы, формаға енгізілген түсініктеме сөздер, сызылған түрлі кескіндер, т. б.
Таспалық форманы қолдан құру жолы:
-
ДҚ терезесін ашып, Формалар- Құру командасын беру.
-
Көрінген Форма құру терезесіне кесте атауын және Конструктор
қатарын таңдап, ОК түймесін шерту.
Access конструктор режимінде форманы іске қосып, толтырылмаған деректер облысы көрінетін терезесін, элементтер және қажетті аспаптар панельдерін экранға шығарады.
Деректкр облысы - өрістер құрылатын және бапқа келтірілетін форманың негізгі бөлімі.
Элементтер панеліне форманың басқару элементтерін құру үшін пайдаланылатын түймелер енгізілген:Үстіне жазу (Надпись), Өріс, Ауыстырып қысқыштар, Жалауша, Тізім, Сурет, Сызық, Төртбұрыш, т. б.
Деректер облысының өлшемін тышқан арқылы өзгерту қиын емес. Элементтер панелін де экранның кез келген жеріне орналастыруға болады.
-
Элементтер панелі экранда көрінбесе, Сыртқы түр- Элементтер панелі командасын беру не аспаптар панелінің осы атаулы түймесін шерту. Сыртқы түр-Өрістер тізімі командасын беріп не аспаптар панелінің осы атаулы түймесін шертіп, Өрістер тізімі терезесін де экранға шығару.
-
Элементтер панелінің «Аа» (Үстіне жазу) түймесін шертіп, көрсеткіш арқылы берілгендер облысының бірінші қатарына ретімен төртбұрышты жақтаулар салу .
-
Төртбұрыш ішіне өріс атауын енгізіп,Енг пернесін басу.Төртбұрыш таңдалып,жиектеріне сегіз кішкене шаршыдан тұратын таңдаулар белгілері орнатылып қойылады.
Төртбұрыш объект үшін берілген орынды, ал оның ұзындығы бөлінген орын өлшемін көрсетеді.Қажет болса, оны таңдап,форматтау әдісі бойынша қолдан қысу, ұзарту не өлшемін өзгертпей, түрлі бағытта жылжытуға болады. Жылжыту алдында көрсеткішті жиегіне әкеліп, оның ашылған қол бейнесіне айналуын күту керек.
Форма элементтері төртбұрыштар ішіне объект түрінде енгізіледі.
-
«Өрістер тізімі» терезесінен деректер облысының екінші қатарына Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша өріс атауларын көшіру. Оларды бірінші қатарға енгізілген сәйкес өріс атауларының астына орналастыру керек. Атаудың сол жағында оның қолтаңбасы автоматты түрде енгізіліп қойылады. Оны алып тастау үшін төртбұрышын таңдап, Del пернесін басу жеткілікті.
-
Енгізілген басқару элементтерінің орналасуын дұрыстау. Таңдалған элементтерді жобалаушының өз қалауынша орналастыруы мүмкін. Оларды тор сызықтарының үстінде бір қатарда орналастыру және әр объект үшін қажетті ұзындық өлшемін орнату керек. Бұл әдістер 5-пункте баяндалған.Элементтерді тор сызықтарының үстінде орналастыру үшін Формат- Туралау командасын беруге болады.
III ҚолданушыҒА АРНАЛҒАН БӨЛІМ
3.1 Қолдану ережесі
Несие бөлімінің қызметкеріне арналған автоматтандырылған жұмыс орнын құруға арналған программа.
Бұл программаны ашу үшін MS ACCESS программасын ашу керек және Несие.mdb файлын іске қосу.
Мәліметтер базасын ашу барысында «Басты форма» автоматты түрде ашылады.(1-сурет)
Сурет 1 - Басты форма.
Басты форма келесі батырмалардан тұрады:
-
Есептер;
-
Кестелер;
-
Сұраныстар;
-
Формалар;
-
артқа қайту;
-
программадан шығу.
Есептер батырмасын басқан кезде «Есептер» формасы шығады. (2-сурет).
Сурет 2 - Есептер.
Бұл формада Валюта курсының, Компания анықтамасының, Несие түрінің, Несие алушылардың есептері көрсетілген. (6-сурет) Компания анықтамасының есебінде компания жетекшісі , компания адресі, телефоны, электронды адресімен танысуға болады.( 7-сурет)
Сурет 3 - Компания анықтамасының есебі.
Сурет 4 – Кестелер.
Кестелер формасында берілген кестелер таблица түрінде көрсетілген.(8-сурет).Олар:
-
Валюта курсының анықтамасы;
-
Компания анықтамасы;
-
Несие алушыларды тіркеу;
-
Несие алушының файлы;
-
Несие түрінің анықтамасы.
Несие алушының кестелерінен несие алған компанияның берілгендері сақталған.Компания қандай несие түрін пайдаланғанын, соммасын, қандай валютада алғанын біле аламыз. (9-сурет.)
Сурет 5 - Несие алушының файлы.
Сурет 6 – Сұраныстар.
Сұраныстар формасын ашу кезінде сұраныстар тізімі көрсетіледі.Мысалы Компания анықтамасының сұранысы.Бұл сұраныста Компания жетекшілеріне сұраныс қойылған.Қай компанияның жетекшісі екенін, сол компанияның атымен,нөмірімен, адресімен таныса аламыз.(11-сурет).
Сурет 7 - Компания анықтамасының сұранысы.
Сурет 8 - Формалар.
Формаларда кестелердің форма түрі көрсетіледі.Несие түрінің анықтамасында несиенің нөмірі, түрі, ставкасы көрсетілген.(13-сурет)
- батырмасын басу арқылы форманы жабу. (12-сурет).
Сурет 9 - Несие түрінің анықтамасы.
3.2 Қауіпсіздік техникасының ережелері
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
-
Жалпы.
-
ДК-де жұмысты бастау алдында.
-
Жұмыс істеу кезінде.
-
Авариялық жағдайларда.
-
Жұмысты аяқтағанда.
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
-
Рұқсатсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
-
Рұқсатсыз аудиторияға кіруге және шығуға болмайды.
-
Рұқсатынсыз жүруге болмайды.
-
ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
-
Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
-
Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
-
Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
-
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
-
ДК электр тоғының қосылмаған жағадайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
-
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
-
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
-
ЭЕМ-де жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық – 50 см.
-
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
-
Көз талғанда немесе шаршағанда орныныа тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
-
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білу керек.
-
Оқушыларды көзді дем алдыру жаттығуларын білу керек.
Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
-
ДК–де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
-
Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
-
Қажет болса, электр тогымен зақымданғанда алғашқы көмек көрсету керек.
-
Компьютер сыныбында өотті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
-
Егер зақымданғанда электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолымен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК–де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
-
Аппаратураны оқытушы нұсқауымен өшіру керек.
-
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
-
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері.
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
-
Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру).
-
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату.
-
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету.
-
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесес жақын жердегі емдеу мекемесімен).
Күйгенде көмек көрсету.
-
Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка).
-
Күйген жеріне май жағу (ванилин).Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау.
-
Дәрігер шақыру ( медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету.
-
Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу.
-
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі тоқтағанда көмек көрсету.
-
зақымданған адамның тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру.
-
Дәрігер шақыру (медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
-
Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.
Көз талғанда және шаршағанда дем алу үшін орындалатын жаттығулар.
Компьютерде бір қалыпта бірнеше ондаған миниттар бойы қимылсыз отырып ұзақ жұмыс істегенде жағымсыз сіресіп қалу, шаршағандық, көздің зорығуынан оның түйілу сезімі пайда болуы мүмкін. Мұның бәрін болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушының жасына байланысты) төменде келтірілген жаттығуларды орындау керек.
Көзді дем алдыру жаттығулары:
-
Кезекпен: алысқа-мұрынға, солға-оңға, жоғары-төмен көз тігу.
-
Көзбен сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта айналма қозғалыстар жасау.
-
Көзді жұмып және оны қолмен жуып 1-1,5 минут отыру.
Шаршағанда (арқа талғанда) орындайтын жаттығулар:
-
басты сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта басты бұру.
-
Басты екі жаққа кезекпен бұру.
-
Жұдырықты түйіп, жазу.
-
Керілу.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды.Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықта да болуы мүмкін.Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін біріншіден, несие мәмлесінің қатысушылары- несие беруші мен қарызға алушы – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде, бір жағынан , несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан- оны алуда несиелік қарым –қатынастар туындайды.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Курстық жұмыстың негізгі нәтижесі болып, несие бөлімінің қызметкері барлық уақытта аралығында кездесетін, қажет есептерді орындайтын МББЖ құру.
Несие бөлімінің қызметкерінің жұмыс орнын автоматтандыру үшін арналған. Ол жедел мәліметтер үшін қажет ақпараттардан тұрады. Солардың негізінде құрылған кестелер мен формаларда жұмысқа қажет мәліметтер ұсынылған. Сұраныстар мен есеп берулер Мәліметтерді жылдам табуға және осы мәліметтердің құжат түрінде ұсынылуына мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Құрманғалиева Н.Қ. «Деректер базасы» пәні бойынша орындалатын курстық жұмысқа методикалық нұсқа 050703- «Ақпараттық жүйелер » мамандығына арналған, Семей, ҚазҚЭИ, 2007
-
Камардинов О. «Информатика» -А.: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2004.
-
Черенков А.П. Информационные системы для экономистов. Учебное пособие. –М.: «Экзамен»,2004.
-
Томас Конноли, Каролин Бегг, Анна Страчан Базы данных. Проектирование, релизация и сопровождение. –М., С., К.: 2001.
-
Титоренко Г.А. «Автоматизированные информационные технологии в экономике» Москва, 1999.
-
Землянский А.А. «Информационные технологии в экономике» Москва, 2004.
-
Дж. Тельман, "Основы систем баз данных", Москва, Финансы и статистика', 2003г
-
Диго С.М. "Проектирование и использования баз данных". Москва: Финансы и статистика 2005.
-
Сейтқасымов « Ақша несие банктер»
-
Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. « Банк ісі», Алматы, 2004.
-
Көшенова Б. « Ақша несие банктер, валюта қатынастары» Алматы, 2000.
-
Стандарт предприятия.Учебная документация -Семипалатинск,2003
-
Давлетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казахстане» Алматы, 2001
-
Глушков С.В., Ломатько Д.В. «Базы данных», Фолио АСТ, 2002.
-
www/info.citforum.ru
ҚОСЫМША А
Валюта курсының есебі.
ҚОСЫМША Б
Компания анықтамаларының есебі
ҚОСЫМША В
Несие алушының есебі
Достарыңызбен бөлісу: |