Ниет хаттамасы



Дата17.07.2016
өлшемі28.74 Kb.
#205521



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
МЕН
ГРАНАДА УНИВЕРСИТЕТІ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ШИЕЛЕНІСТЕРДІ ШЕШУ ИНСТИТУТЫ АРАСЫНДАҒЫ
НИЕТ ХАТТАМАСЫ

НИЕТ ХАТТАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ



  1. Ынтымақтастықтың жалпы қағидаттары




  1. Тараптар екі жақтың да қызығушылығын тудыратын мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықта іс-қимыл жасап, консультациялар өткізетін болады. Осы мақсаттарда олар, қажет болған жағдайларда, мұндай консультацияларға сәйкес келетін шектерді қарастыратын болады.

  2. Тараптар медиация, толеранттылық, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі негізгі міндеттеріне, мақсаттары мен қағидаттарына сай келетін мәселелер бойынша өз күш-жігерлерін үйлестіріп отыруға келісімдерін білдірді.




  1. Кездесулерге қатысу




  1. Тараптар, қонақтардың кездесуге қатысуына қатысты қолданылатын рәсім ережелері мен шешімдерге сәйкес, олардың қызығушылығын тудыратын кездесулер мен конференцияларға бір-бірін шақыратын болады.




  1. Ақпарат және құжаттар алмасу




  1. Тараптар ортақ қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша қолда бар ашық ақпаратпен және құжаттармен алмасатын болып уағдаласты.

  2. Тиісті жағдайларда, қажетті шарттар сақталған жағдайда, Тараптар арасында жекелеген жобалар мен бағдарламаларға қатысты құжаттарды және ақпаратты алмасу мүмкіндігі бар.




  1. Бірлескен жұмыстар




  1. Тараптар өз Тараптарындағы оқу орындарының медиация және бітімгершілік мәселелерімен айналысатын профессор-оқытушылары тиісті оқу орындары мен зерттеу институттарына тәжірибеден, тағылымдамадан және ғылыми-зерттеу іс-шараларының басқа да түрлерінен өтуіне мүмкіндік тудыруға уағдаласты.

  2. Тараптар медиаторларды оқытуға, медиация бойынша онлайн конференциялар және бірлескен практикумдар өткізуге уағдаласты.

  3. Тараптар екі Тараптың оқу орындарының білім беру үрдістеріне енгізу үшін медиация бойынша бірлескен оқу-әдістемелік кешендер, силлабустар және басқа да академиялық және оқу материалдарын жасауға уағдаласты.

  4. Тараптар бірлескен жарияланымдар (ғылыми еңбектер, мақалалар және т.б.) дайындауға уағдаласты.




  1. Қосымша уағдаластықтар




  1. Тараптар, ынтымақтастық пен үйлестіру мақсатында, өз құзыреттерінің шегінде қосымша келісімдер жасай алады.

  2. Ниет хаттамасының қолданылуы Ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум қабылданғанға дейін жүзеге асырылады.




  1. Қолданылуы және бұзылуы




  1. Ниет хаттамасы оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

  2. Тараптардың кез келгені осы Ниет хаттамасы қол қойылған сәттен бастап 6 ай ішінде басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жіберіп, осы Ниет хаттамасын бұза алады.

2015 жылғы 7 тамызда Астана қаласында орыс және ағылшын тілдерінде екі данада қол қойылды.





ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ

директоры




Гранада университеті Бейбітшілік және шиеленістерді шешу институтының профессоры

Наталья Павловна

КАЛАШНИКОВА


Франциско Хименес

БАУТИСТА





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет