ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
МЕН
ГРАНАДА УНИВЕРСИТЕТІ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ШИЕЛЕНІСТЕРДІ ШЕШУ ИНСТИТУТЫ АРАСЫНДАҒЫ
НИЕТ ХАТТАМАСЫ
НИЕТ ХАТТАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ
-
Ынтымақтастықтың жалпы қағидаттары
-
Тараптар екі жақтың да қызығушылығын тудыратын мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықта іс-қимыл жасап, консультациялар өткізетін болады. Осы мақсаттарда олар, қажет болған жағдайларда, мұндай консультацияларға сәйкес келетін шектерді қарастыратын болады.
-
Тараптар медиация, толеранттылық, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту жөніндегі негізгі міндеттеріне, мақсаттары мен қағидаттарына сай келетін мәселелер бойынша өз күш-жігерлерін үйлестіріп отыруға келісімдерін білдірді.
-
Кездесулерге қатысу
-
Тараптар, қонақтардың кездесуге қатысуына қатысты қолданылатын рәсім ережелері мен шешімдерге сәйкес, олардың қызығушылығын тудыратын кездесулер мен конференцияларға бір-бірін шақыратын болады.
-
Ақпарат және құжаттар алмасу
-
Тараптар ортақ қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша қолда бар ашық ақпаратпен және құжаттармен алмасатын болып уағдаласты.
-
Тиісті жағдайларда, қажетті шарттар сақталған жағдайда, Тараптар арасында жекелеген жобалар мен бағдарламаларға қатысты құжаттарды және ақпаратты алмасу мүмкіндігі бар.
-
Бірлескен жұмыстар
-
Тараптар өз Тараптарындағы оқу орындарының медиация және бітімгершілік мәселелерімен айналысатын профессор-оқытушылары тиісті оқу орындары мен зерттеу институттарына тәжірибеден, тағылымдамадан және ғылыми-зерттеу іс-шараларының басқа да түрлерінен өтуіне мүмкіндік тудыруға уағдаласты.
-
Тараптар медиаторларды оқытуға, медиация бойынша онлайн конференциялар және бірлескен практикумдар өткізуге уағдаласты.
-
Тараптар екі Тараптың оқу орындарының білім беру үрдістеріне енгізу үшін медиация бойынша бірлескен оқу-әдістемелік кешендер, силлабустар және басқа да академиялық және оқу материалдарын жасауға уағдаласты.
-
Тараптар бірлескен жарияланымдар (ғылыми еңбектер, мақалалар және т.б.) дайындауға уағдаласты.
-
Қосымша уағдаластықтар
-
Тараптар, ынтымақтастық пен үйлестіру мақсатында, өз құзыреттерінің шегінде қосымша келісімдер жасай алады.
-
Ниет хаттамасының қолданылуы Ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум қабылданғанға дейін жүзеге асырылады.
-
Қолданылуы және бұзылуы
-
Ниет хаттамасы оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
-
Тараптардың кез келгені осы Ниет хаттамасы қол қойылған сәттен бастап 6 ай ішінде басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жіберіп, осы Ниет хаттамасын бұза алады.
2015 жылғы 7 тамызда Астана қаласында орыс және ағылшын тілдерінде екі данада қол қойылды.
ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ
директоры
|
Гранада университеті Бейбітшілік және шиеленістерді шешу институтының профессоры
|
Наталья Павловна
КАЛАШНИКОВА
|
Франциско Хименес
БАУТИСТА
|
Достарыңызбен бөлісу: |