Нормативтік сілтемелер Анықтамалар



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата14.10.2022
өлшемі0.79 Mb.
#462726
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
2 - ДЖ Смагулова Т.М

 


37 
 
Қортынды. 
Мектептегі сабақ - бұл қоғамның жүйелік білім берудегі әлеуметтік 
тапсырысы болып табылады. Бұл қоғамның әлеуметтік-психологиялық 
қажеттілігінен туындаған іс-әрекет. 
Көркем 
еңбек 
сабағында 
кейбір 
мәселелер 
компьютерлік 
технологиялардың көмегімен шешілуі мүмкін, олар біріншіден, олар өз 
негізінде оқушының қатаң іс әрекет алгаритмі болады. Өйткені кез келген 
оқушы ережені жаттап алғанменен оны қолдана алмайды. Алгоритмдерді, 
тірек- сызбаларды, таблицаларды қолдану оқу барысын ұйымдастырады. 
2019-2022 оқу жылдарда «COVID-19» пандемиясы әлем бойынша орын 
алып, Қазахстан оқушылары да оқу үрдісін қашықтықтан оқуға мәжбір болды 
Отандық білім беру жүйесі үшін де қашықтықтан оқыту форматына көшу – 
үлкен сынақ болды.
Білім берудің әр деңгейі үшін түрлі оқыту жүйелері ұсыныды. Сондықтан 
қашықтықтан оқыту бойынша жүргізілген жұмыстар аз емес. Заманауи 
мектепте уақыттың тапшылығынан мектептің алдында сабақта уақытты 
мейлінше үнемдеу үшін оқыту құралдары мен әдістерін табу мақсаты тұрады. 
Ал компьютерлерді пайдалану осы амалдардың бірі болып табылады. 
Үшіншіден, ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалана 
отырып оқыту - ол деңгейлі саралау болып табылады, өйткені осы технология 
барысында оқушы өзінің білім берудің мазмұнымен, игеру деңгейін таңдауға 
құқығы бар. Осылайша мұғалім әр оқушыға міндетті немесе жоғары деңгейде 
білім алуына мүмкіндік тудыруы қажет (ол оқушының таңдауымен). 
Қазақ халқы өте талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы-
тұнған ғибрат-өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың 
өміршең тәжірибесіне толы. Әр халықтың ұлт екенін дәлелдейтін үш арнасы 
бар: сөз өнері, саз (музыка) өнері, қолөнерін оқушыларға жеткізе білу. 
Қолөнер - халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе 
жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа сән 
берумен бірге адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптап қараған 
адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат 
дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-
қатынасын, көңіл - күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға 
болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау 
еткен. Өнер туындыларының бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер 
өзгеше бір тілмен атқарыла сыр шертетіндей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, 
өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірімен тығыз байланысты. 
Күнделікті тұрмыс тіршіліктегі сан алуан қажеттіліктен қолөнер 
туындылары пайда болып, жетіліп, өңделіп отырған. Атап айтқанда, көшіп-
қонуға ыңғайлы, тұтынуға икемді, сапалы болуы оның бояуы өрнегімен 
ұйқасын тапқан. 


38 
«Шебердің қолы ортақ» деген сөз ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз 
шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық білім қажет. 
Халықтың мәдениеті өскен сайын қолөнері дамып отырған. Өз ұрпағының 
«Сегіз қырлы бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз 
өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғастырып, насихаттап үйретіп келген.
Атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі өнер арқалы біз рухани 
эстетикалық тәлім алып, өнер әлеміне қанат қағамыз. Өнер туындылары 
арқылы, белгілі бір тарихын білумен қатар, оған деген құштарлығымыз артады. 
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші, атадан мұра болып 
қалған қолөнерінің бір саласы ісмерлік өнер. Ісмерліктің ішінде тұскиіздің 
жасалу жолдары ерекше. 
Тұскиіз жасау сәндік қолданбалы өнерінің бір саласы. Тұскиіз үй 
қабырғасын сәндеуге арналған, халық шеберінің талғамын, шеберлігін 
көрсететін бұйымдарының бірі, үйге жылу мен сән беретін қымбат жасау, 
құнды мүлік есебінде тұтынған. Төсек тұсына, қабырғаға ілінетін болғандықтан 
тұсқа ұстайтын киіз деп аталатын. Кейін келе ауызекі тілде тұскиіз болып 
айтылып жүр. 
Ертеректе тұскиізді киізден, матадан, былғарыдан да жасаған екен. 
Қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасаған тұскиіз Қазақстанның өлкетану 
мұражайында сақтаулы. Ата-бабамыз тұтынып келген бұйымдар кеңес үкіметі 
тұсында ұмыт қалды. Тұскиіз, текемет, сырмақ орнын кілем алмастырды. Сол 
кездерде өнер туындыларын сақтап қалған көбінесе ауыл тұрғандары еді. 
Егеменді ел болып, салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртқан 1992 жылдардан бастап 
қолөнер туындылары қайта гүлденіп, көркейе бастады. 
Тұскиіз көбінесе төсектің тұсына ұсталады Сондықтан оның төсектен 
төмен түсіп тұратын шеті көмкеріліп жиектелмейді және ол негізгі үш бөліктен 
тұрады. Олар тұскиіз ортасы, шеті және жиегі. Осы жұмысты зерттеу 
барысында біздің өңірде тұскиіздің негізгі төрт түрі бар екеніне көзім жетті. 
Алға 
қойған 
мақсатқа 
сәйкес 
ақпараттық–коммуникативтік 
технологиялар оқушы үшін сапалы білім алуға мүмкіндік беру. 
Сонымен қатар, күтілетін нәтиже ретінде келесіне көрсетуге болады:
- оқу процесінде және сабақтан тыс іс-шараларға оқушылардың негізгі 
құзыреттілігін қалыптастыру ; 
- оқушыға білім беру үшін мотивациясын көтеру; 
- оқушылардың компьютерлік сауаттылығын игерту, мұғалімнің 
компьютерлік сауаттылығын жоғарылату. 
Ақпараттық технологияны сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда 
қоладну тек оқушының ғана емес, мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігін 
кеңейтіп қана қоймай сабаққа деген қызығушылығын, биология пәні бойынша 
қиын тақырыптарды меңгеруге, білім беру процесінің қарқындатуына әкеледі. 
Видео сабақтарда ең бастысы, оның жүргізу жолдары мен қағидаларын 
сақтау 
керек, 
әсіресе 
тақырыпқа 
байланысты 
видео-сабақтардың 
материалдарын таңдауда. 


39 
Біріншісі типтік оқу материалдары үшін сынамаларды жетекші 
құрылымдар көрсететін экранынан тікелей үйрену сипатталады. Мұғалімнің
рөлі оқушылардың дағдылары мен қабілеттерін жақсарту үшін оқытушылар 
мен кітаптар көмегімен қамтамасыз ету болып табылады. 
Екінші түрі тілі әр түрлі деңгейлерінде қолданылатын қалай көрсетеді 
көп ақпараттық ақпаратты қамтиды Бұл назарға сөйлеу функцияларының 
дәрежесін алады мазмұны оқиғасы әдетте байланысты емес болып табылады 


40 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет