Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығы
(2015.04.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесі бекітілсін.
2. Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына
1-қосымша
Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
2. Мәмілелерді куәландыру
3. Мүлікті иеліктен айыру туралы шарттарды куәландыру
4. Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру
5. Мүлікті бөлу туралы шартты куәландыру
6. Некелік келісім-шарттарды куәландыру
7. Өсиеттерді куәландыру
8. Сенімхаттарды куәландыру
9. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландыру
10. Мұраны сенімгерлік басқарушыны тағайындау
11. Мұраға құқық туралы куәліктер беру
12. Жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығында мүлігі бар басқа адамдардың ортақ мүліктері үлеске меншік құқығы туралы куәліктер беру
13. Мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою
14. Құжаттар көшірмесінің және олардың үзінділерінің дұрыстығын куәландыру
15. Құжаттардағы қолдардың түпнұсқалылығын куәландыру
16. Құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру
17. Фактілерді куәландыру
18. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру
19. Ақшаларды депозитке қабылдау
20. Вексельдер наразылықтарын жасау
21. Құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау
22. Теңіз наразылықтарын жасау
23. Дәлелдерді қамтамасыз ету
1. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Ереже мемлекеттік нотариустар мен жекеше практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер:
1) мәмілелерді куәландыру;
2) мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру;
3) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру;
4) некелік келісім-шарттарды куәландыру;
5) өсиеттерді куәландыру;
6) сенімхаттарды куәландыру;
7) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;
8) мұрамен сенімгерлік басқарушыны тағайындау;
9) мұраға құқық туралы куәліктер беру;
10) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәліктер беру;
11) мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою;
12) құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру;
13) құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын куәландыру;
14) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру;
15) фактілерді куәландыру;
16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;
17) ақшаларды депозитке қабылдау;
18) вексельдер наразылықтарын жасау;
19) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;
20) теңіз наразылықтарын жасау;
21) дәлелдерді қамтамасыз етуді жасау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде нотариустар жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көрсетілуі мүмкін.
2. Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер мемлекеттік нотариат кеңсесі немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі - БНАЖ электрондық тізілімі) электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.
Нотариаттық іс-әрекеттер сапарға шығып жасалынғанда мүдделі тұлғаның өтініші негізінде жасалады және ол тұрақты сипатта болмайды.
3. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 40-бабына сәйкес нотариаттық іс-әрекеттер бұл үшін барлық қажетті құжаттар табыс етіліп, мемлекеттік нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік берілген адамдар нотариаттық іс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттік баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне ақы төленген күні жасалады.
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау Заңның 41-бабындағы негіздер бойынша кейінге қалдырылуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.
4. Баланың заңды өкілі оның ата-аналары (ата-анасы), асырап алушылары, қорғаншысы немесе қамқоршысы, патронат тәрбиешісі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамқоршылықты, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыратын өзге де алмастыратын адамдар (бұдан әрі - баланың заңды өкілдері) болып табылады.
ҚР Әділет министрінің 2014.24.01. № 22 бұйрығымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Заңның 42-бабына сәйкес нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның жеке басын анықтайды.
Нотариаттық іс-әрекет келесі жеке басты куәландыратын құжаттарымен жасалады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5) туу туралы куәлік;
6) шетелдік паспорты.
16 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.
16 жасқа толмаған, кәмелетке толған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі жеке басын куәландыратын құжатпен анықтайды, сондай-ақ, кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.
6. БНАЖ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында нотариаттық іс-әрекет жасауға келген адамдар мен олардың Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген заңды өкілдерінің құжаттары салыстырылып тексеріледі.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес нотариус жеке тұлғалардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгiн және мәмiлелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгiн анықтайды.
Жеке тұлғаның әрекетке қабілеттілігі оның жеке басын куәландыратын құжаттарын берген сәттен, сондай-ақ әңгімелесу барысында көзбен шолу және БНАЖ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында анықталады.
Заңды тұлғаның, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдіктің, филиалдың (өкілдіктің) құқық қабілеттілігі БНАЖ арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықталады.
Заңды тұлғаның бірінші басшысының өкілеттіктері БНАЖ арқылы «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында және оны лауазымына тағайындау туралы бұйрығымен (шешімі) тексеріледі.
Заңды тұлға, сондай-ақ филиалдың (өкілдіктің) басшысының өкілеттілігі оның басшысының немесе осыған оның құрылтай құжаттарымен уәкілетті өзге тұлғаның қолы қойылған, осы ұйымның мөрімен бекітілген сенімхат бойынша анықталады.
Жеке тұлға өкілінің өкілеттілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша тексеріледі (бұдан әрі - ҚР АК).
Нотариус БНАЖ арқылы Қазақстан Республикасындағы нотариус куәландырған сенімхаттарды беру фактісін тексереді.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Ата-аналардың өздерінің кәмелетке толмаған балаларының мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттіктері баланың тууы туралы куәлігі бойынша, қамқоршылыққа алынушыға (қорғаншылыққа алынушыға) қатысты қамқоршының (қорғаншының) өкілеттілігі - қамқоршы және қорғаншы органдардың шешімімен анықталады. Ата-аналардың, қамқоршының (қорғаншының) жеке басы осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде белгіленеді, сондай-ақ БНАЖ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында және «АХАЖ» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесімен салыстырылады. Нотариус неке туралы мәліметті БНАЖ арқылы «АХАЖ» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде тексереді.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Нотариус куәландыратын мәмілелерге, өтінішке және басқа да құжаттарға қатысушылар нотариустың қатысуымен қол қояды, онда тегін, атын, әкесінің атын (бұдан әрі - тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) өз қолымен жазып қояды.
10. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген жеке тұлға дене кемістігі салдарынан немесе әлде бір өзге себептермен өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның, бұл туралы құжаттың өзіндегі мәтінде және нотариус тексерген, куәландырған жазбасында белгі жасауды құжатқа қол қоя алмау себептерін көрсете отырып, мәмілеге, өтінішке немесе өзге құжатқа басқа адам қол қоя алады.
Нотариус басқа адамның әрекетке қабілеттілігін оның жеке басын куәландыратын құжатын берген кезде әрекетке қабілеттілігін анықтайды.
11. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам керең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау адаммен түсінісе алатын кез-келген адам қатысады және мәміленің мазмұны нотариаттық әрекет жасауға келген адамның ниетіне сәйкес екендігін өзі қол қоюмен куәландырады.
12. Егер адам сауатсыздығынан немесе дене кемістігінің (нашар көруі немесе мүлдем көрмеуі) салдарынан нотариаттық куәландырылатын құжаттың мазмұнымен таныса алмаса, онда нотариус оған құжаттың мәтінін оқып беруге міндетті, ол туралы құжатқа белгі қойылады.
13. Егер адам нотариаттық іс жүргізу тілін білмесе, онда нотариаттық куәландырылатын құжаттың мәтінін осы тілді білетін нотариус немесе аудармашы аударылған болса, ол туралы құжатқа белгі қойылады.
14. Нотариаттық куәландырылатын мәтінде немесе куәландырылатын құжатта оның мазмұнына қатысты күні кемінде бір рет сөздермен жазылуы тиіс.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Егер нотариаттық іс-әрекет жасауға заңды тұлға жүгінсе, оның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және тұрған жері көрсетілді.
Нотариаттық іс-әрекет жасауға жеке тұлға келген кезде, жеке басты куәландыратын құжаты бойынша ол туралы мәлімет, оның тұратын жерінің мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Мәмілелерді шетелдік азаматтың атынан куәландырған кезде олардың азаматтығы жоқ адамдарға қатысты азаматтығы - ол туралы мәлімет көрсетіледі.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасауға нотариаттық іс жүргізу тілінен өзгеше тілде жасалған, аудармасы тиісінше ресімделмеген, сондай-ақ өшірілген, қосылып жазылған, сызылған немесе өзге де келісілмеген түзетулері бар, қарындашпен жазылған құжаттар, сондай-ақ мөр бедерлемесі анық көрінбейтін құжаттарды қабылдамайды.
17. Нотариаттық куәландырылған құжатта нотариус азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзгертуді, тоқтатуды болдырмайтын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүдделерін заңмен қорғайтын құқықтарына қатысты емес орфографиялық, грамматикалық немесе техникалық қателіктерді түзетуі мүмкін, куәландыратын жазбаның соңында нотариустың қолы мен мөрі қойылады.
18. Нотариус нотариаттық іс-әрекеттерді жасау үшін келген тұлғаға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ заңдық хабарланбауы оған зиянын тигізбеуі үшін жасалынатын нотариаттық іс-әрекеттердің салдарларын ескертеді (Заңның 18-бабы 1-тармағының 2 тармақшасы).
19. Мәмілелерді куәландырғанда, нотариаттық куәландырылған құжаттардың телнұсқасын бергенде құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын, құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын, құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын, құжаттардың берілген уақытын куәландырғанда тиісті құжаттарға нотариустың жеке қолы қойылып куәландыру жазбасы жасалады және оның мөрі басылады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Куәландыру жазбасының мәтіні техникалық құралдармен (жазба машинасымен, дербес компьютермен) немесе қолдан анық жазылып орындалады, өшірулерге жол берілмейді. Куәландырушы жазбаларды жасау үшін тиісті жазбасы бар мөртабан қолданылуы мүмкін. Құжаттағы куәландырушы жазба осы бетте немесе құжаттың артқы бетінде азаматтардың қолтаңбасынан кейін қойылады.
21. Егер куәландыру жазбасы тиісті құжатқа сыймай қалса, ол құжатқа қосылған парақта жалғастырылуы немесе толық жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда құжаттың мәтіні көрсетілген беттер және куәландыру жазбасы бауланып тігіледі және нөмірленеді, парақтардың саны нотариустың қолымен расталып, мөрімен бекітіледі.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Мұрагерлік құқық, меншік құқығы, азаматтың тірі екендігі және белгілі жерде орналасу фактісін, жеке және заңды тұлғалардың басқа жеке және заңды тұлғаларға өтініштер беруін, құжаттардың сақтауға қабылданғанын куәландырған кезде тиісті куәліктер беріледі.
23. Барлық нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеледі.
24. Нотариаттық іс-әрекеттерді нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеу тек куәландырушы жазбаға немесе берілетін құжатқа нотариус қол қойған соң ғана жүргізіледі.
25. Негізінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалынатын құжаттар куәліктің не мәміленің нотариуста қалатын данасына қоса тігіледі. Түпнұсқалы құжаттарды оларды алып келген тұлғаларға қайтару қажет болған жағдайда нотариус олардың көшірмелерін өзіне қалдырады. Нотариустың істерінде қалатын құжат көшірмелерінің дұрыстығы түпнұсқамен көшірмесі дұрыс келетініні көрсетіліп, күні мен нотариустың қолы қойылып, нотариустың жазбасымен куәландырылады.
ҚР Әділет министрінің 2014.22.08. № 257 бұйрығымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер Заңның 3-бабына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен ұсынылады.
27. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотариаттық куәландырылған көшірмелер, сондай-ақ нотариустар берген құжаттар жеке және заңды тұлғаларға тапсырмасы бойынша нотариаттық іс-әрекет жасалынған адамның немесе олардың уәкілетті адамдарының атынан беріледі.
Нотариус куәландырған немесе берген құжаттар жоғалған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері бойынша олардың атынан немесе тапсырмасы бойынша осы нотариаттық іс-әрекет жасалған, не олардың уәкілетті адамдарының жоғалған құжаттардың телнұсқалары беріледі.
Құжат телнұсқасы куәландырылған немесе берілген құжаттың барлық мәтінін, нотариустың куәландырылған жазбасымен қоса қамтуы тиіс.
Егер, нотариус телнұсқаны сенімді тұлғаға сенімхат негізінде берген жағдайда, куәландырылған жазбада дубликат алушы адамның аты-жөні жазылады.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28. Өсиеттер, өсиеттердің телнұсқалары мен көшірмелері туралы мәліметтер мұрагерлерге тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін қайтыс болғаны туралы куәлікті тапсырған кезде беріледі. Өсиетте көрсетілген мұрагерлер қайтыс болған жағдайда өсиеттің телнұсқасы олардың одан кейін мұрасын иеленетін мұрагерлеріне өсиет қалдырушының және қайтыс болған мұрагердің қайтыс болғаны туралы куәліктері, сондай-ақ мұрагерлікті қабылдауға негіз болып табылатын құжаттарды ұсынған жағдайда беріледі.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29. Қайтыс болу фактісі, мұрагерлікті қабылдауға негіз болатын туысқандық қатынастар нотариусқа ұсынылған құжаттар бойынша анықталады. Егер нотариусқа берілген құжаттарды Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген жағдайда БНАЖ арқылы «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында, «АХАЖ» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде мәліметтер тексеріледі.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекет жасауға алкогольдік, есірткілік, токсикологиялық масаю халінде келген адамдар келген кезде бас тартады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 31-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31. Нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады (бұдан әрі - қаулы).
Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулыда мыналар көрсетіледі:
1) қаулы шығарған күні;
2) нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы, лицензияның нөмірі мен берілген күні;
3) нотариаттық іс-әрекет жасауға келген тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса), оның тұрғылықты жері (немесе заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері), өтініш жасаған күні;
4) қаулы шығарған нотариаттық іс-әрекеттің атауы;
5) нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартудың себептері (заңнамаға сілтемесімен);
6) бас тартуға шағымданудың тәртібі мен мерзімдері.
Қаулы екі данада жасалынып, нотариустың қолы және мөрімен расталады және шығыс құжаттарды тіркеу кітабында тіркеледі. Бір данасы нотариаттық іс-әрекетті жасаудан бас тартылған тұлғаға беріледі немесе жолданады. Қаулы тапсырылған тұлғаның қолы қойылған қаулының екінші данасы немесе нотариаттық іс-әрекетті жасаудан бас тартылған тұлғаға пошта арқылы жолданғаны туралы белгісімен нотариустың ісінде қалдырылады.
ҚР Әділет министрінің 2015.04.06. № 315 бұйрығымен
Достарыңызбен бөлісу: |