Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет204/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   223
Китап касипкерлик

Клиентке бағдарлану – сатып алушының (клиенттің) мүдделерін бәрінен жоғары қою.
Клиенттік база – осы ақпаратты әрі қарай өңдеу және тұтынушыларға олардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін өнімдерді ұсыну мақсатында жеке немесе заңды тұлғалар және олардың тұтынушылық қалауы мен қажеттіліктері туралы құрылымдалған, үнемі толықтырылып отыратын және жаңартылатын ақпарат.
Коммандиттік серіктестік – серіктестіктің барлық мүлкімен (толық серіктестермен) серіктестіктің міндеттемелері үшін қосымша жауаптылықты иеленетін бір немесе бірнеше қатысушыны, сонымен бірге жауапкершілігі серіктестіктің мүлкіне қосылатын салым мөлшерімен (салымшылар) шектелген және кәсіпкерлікпен айналыспайтын бір немесе бірнеше қатысушыны қамтитын серіктестік.
Коммерциялық емес ұйым − акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және пәтерлер (үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес коммерциялық емес мәртебесі бар, қызметін қоғамдық мүдделерге сәйкес жүзеге асыратын және осындай табыс алу мақсаты жоқ; алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөлмейтін деген талаптарға сәйкес келетін ұйым.
Контекстік жарнама – іздеу нәтижелеріне орналастырылған және енгізілген сұрау тақырыбына сәйкес келетін хабарландырулар
Концессия – кәсіпкердің мемлекеттің монополиялық меншігінде болатын шаруашылық нысандарды мемлекет тарапынан жалға беруі.
Кооперация – әрбір серіктес жұмыстың өзіне тиесілі бөлігін бір үдерістің аясында орындайды.
Корпоративтік табыс салығы − көлемдер мен кірістер бойынша салынатын ең үлкен салық. КТС бюджет кірісінің 27,2% құрайды. Салық кодексі қабылданғанға дейін ол «заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы» деп аталды. Қазіргі уақытта халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес «корпоративтік табыс салығы» деп аталады.
Көлік құралдарына салынатын салық − қазақстандық салық жүйесінде жол қорларын қалыптастыру көзі болып табылатын салықтың бір түрі. Жеке және заңды тұлға өз көлік құралдарына салық төлеуге міндеттеледі. Қазіргі уақытта көлік салығын есептеудің бірнеше әдісі бар. Жеңіл көліктерге қозғалтқыш қуатына байланысты салық салынады. Сонда заманауи автокөліктерге салық салу арқылы бюджетке үлкен сома келеді. Жүк көліктеріне салынатын салық жүк көтергіштікке, автобустарға салынатын салық отыратын орындарға байланысты болады. КҚС жергілікті бюджетке түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет