Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет27/37
Дата11.03.2024
өлшемі450.47 Kb.
#495037
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
dc91321cafe8ba1e271bba6a06f75119

(«Қамбар батыр»)
Дұрыс қиыстыра білсе, сөзге сөз рең береді. Сөз бен сөз тіркесіп
барып рең алады. Кейде сөздің осындай талғампаз қасиетін ескере
білмесек, сөз дәлдігіне нұқсан келеді. «Комсомол комитеттерінің
алдыңда жастарды жаппай жасампаз жұмысқа (?) жұмылдыруда әлі
де көптеген міндеттер тұр (газеттен). Әдетте, реңі көтеріңкі сөз
(еңбек) реңі жоғары сөзбен (ардагер) тіркес құруға бейім тұрады.
Солай болғандықтан да еңбек ардагері тәрізді сөз орамдарының еш
олқылығы жоқ. Ал жұмыс ардагері десек, осы шарттылық бұзылады.
Жасампаз жұмыс тіркесінің де сөлекеттеу көрінетіні сондықтан.
Сөздердің осындай қасиетіне зер салсақ, әсіресе газет-журнал
материалдарында жиі кездесетін майталман бақташы, майталман
жүгеріші т. б. сияқты тіркестерді сәтті шыққан дей алмас едік.
Тілде толып жатқан өзара мәндес, мағыналас сөздер бар. Бұл
қасиет сөздерді иіні келген орайда, белгілі бір мақсатқа сәйкес
талғап, саралап, дәл жұмсауға үлкен мүмкіндік береді. Сөздің
оралымдылығын, икемділігін арттыра түседі. Алайда мағыналас
сөздер бір-біріне қаншама жақын, мәндес болғанымен, олардың
бойындағы рең, жұмсалу өрісіндегі айырма стильдік қолданысқа да
тәуелді. Сөздерді бірінің орнына бірін талғаусыз жұмсай беруді
сөздің стильдік қасиеті көтермейді. Мысалы, сырт қарағанда,
«маңдайдан бұрқыраған бу олардың таң сәріден дамылсыз еңбек етіп
жүргенің айтпай-ақ аңғартады» (газеттен) тәрізді қолданыста
пәлендей дерлік қате жоқ тәрізді. Бірақ сөз дәлдігіне қойылар
талапқа сай емес. Олай дейтініміз – бұл жерде білдірер ұғымы
әлдеқайда терең еңбек сөзінің орнына нақтылы процесті білдіретін
жұмыс сөзін қолдану дәл болар еді. «Аса танымаушы ем, бізге бірер
ай ұстаз болып еді» деген екі құрбының өзара сөзін құлағың шалып
қалғанда, мазмұнды сөзді төлеусіз қолданғаны-ай, ұстаз деп
бейтаныс біреуді емес, ізгілік пен білімнің отын жаққан қадірлі
адамды айтпаушы ма еді деп еріксіз қынжыласың.
Әсіресе телевизия, радио хабарларында «Мен құс фермасында
оператор болып еңбек етемін... «Передовой» совхозында еңбек етемін,


ферма сауыншысы болып еңбек етіп жүрмін» т. б. тәрізді
қолданыстарды күн сайын естуге болады.
Бұл – сөздің стильдік тональдығын (көтеріңкі, бәсең, бейтарап
т.б.) ескермей жұмсаудың бір көрінісі. Сөз реңін аңғарып, орынды
қолдана білсек, мұндай орайда бейтарап сөз сыңарларын қолданар
едік. Тіпті иіні келіп жен сұрасқан әңгіменің езінде фермада
оператор болып еңбек етем, мектепте ұстазбын, ауыл еңбеккерімін
демей, оператор болып жұмыс істеймін, мектепте мұғаліммін,
колхозшымын т. б. дер еді. Өзге стильге қарағанда, әсіресе радио,
телевизия хабарларының тілі сөйлеу тіліне (әдеби тілдің ауызша
түріне) бір табан жақын тұратындығын ескерсек, мұндай сөз
қолданысқа сын көзбен қарамауға болмайды.
Бұл арада «жұмыс істеу», «мұғалім», «колхозшы» т. б. бейтарап
сөздердің қызметіне нұқсан келеді, тілден шеттеп қалады-ау деген
қауіп жоқ. Алайда қауіп басқада, біріншіден, бұл типтес сөздердің
(ұстаз, еңбек, т. б.) реңіне қарай дәл қолданбау дағдыға айнала берсе,
ажары солғындайды. Сөйтіп, судың да сұрауы бар дегендей, сөз
мүмкіндігі шектеледі. Екіншіден, әсерлі реңінен арылған мұндай
қолданыстардың оқырманға, тыңдаушыға ыкпалы айтарлықтай
болмайды.
Сонымен, бұл айтылғандар сөз мағынасына мән берумен бірге,
олардың реңіне де көңіл бөліп отырудың керектігін көрсетеді. Ұлы
көсем В. И. Ленин баспасөз беттерінде сөзді орынды жұмсауға үнемі
жұрт назарын аударып, диктатура, көтеріліс тәрізді мәні үлкен
сөздерді абайлап қолдану керектігін мұқият ескертіп отырған 
17
.
Келелі ой, кең мазмұнды сөз орамдарының астарында халықтың
өмірден түйген терең мағыналы толғамы жатады. Кейде осындай
мазмұнды сөз орамдарын тым «арзан» қолданып жүрген жоқпыз ба
деп, көңілге күдік ұялайды. Әсіресе газет-журнал, радио, телевизия
хабарлары тіліне назар аударсақ, «көшеге асфальт төселсе» де, жаңа
салынған «шеберхана», құс фермасын көрсек те «елу жылда – ел
жаңа»... деп қолдана береді екенбіз. Шаңырақ көтерді де осы тәрізді.
Бордақылау комплексі шаңырак, көтерді, жаңа цех шаңырақ көтерді деп
әр жерге бір жұмсағандықтан, бір кездегі нәрлі, әсерлі сөз орамы
«атқа жеңіл құдашаға» айналып барады. Ондай сөз терең
мазмұндылығынан, нәрлілігінен, сонылығынан айрылып, штамп
тәрізді жағымсыз құбылысқа айналып та кетуі ықтимал.
Сөз дәлдігі – әдеби тіл стильдерінің (көркем әдебиет,
публицистика, ғылыми стиль, ресми стиль) бәріне бірдей қажетті
сапа. Дегенмен сөз дәлдігі туралы әңгіме болғанда, бұлардың ішінде
17 Л е н и н В. И. Шығармалар толық жинағы. т. 11, 197-бет.


зерттеушілердің алдымен ауызға алатыны ғылыми стиль, іс-қағаздар
стилі. Сөз дәлдігі сөйлеу тіліне де катысты.
Мысалды алыстан іздемей-ақ емін-еркін сөйлеудегі, өзара
айтылатын әңгімедегі сөз қолданыстарымызды еске түсіріп көрейік:
оқуды қызыл дипломмен бітірді – институтты үздік дипломмен бітірді;
емтиханнан бес алды – емтиханнан үздік баға алды; емтиханнан құлап
қалды – емтиханды тапсыра алмады т. б. Сөйлеу тіліндегі осындай
қолданыстың бірін дәл, бірін дәл емес деген тәрізді катаң талап
қойылмайды. Ал ресми қолданыста (өтініш, өмірбаян, түсінік хат
т.б.) бұл тәрізді еркіндік болмайды. Оқуды қызыл дипломмен бітірді,
бес алды, құлап қалды тәрізділер ресми тіл стандартына тән емес,
бірақ сөйлеу тіліндегі мұндай еркіндіктің өз жарасымы бар. Немесе
бетпе-бет сөйлесуде белгілі бір оқу орындарының, мекеме,
кәсіпорын атауларын документтегідей толық айтып жатудың орнына
институтқа бардым, мектептен келдім, цехта болдым деп ықшамдап
айту да орынды деп есептеледі.
Әдеттегі сөйлеуде заман, кезең, дәуір тәрізді сөздерді синоним
ретінде жұмсау кешірімді де көрінеді. Ал ғылыми, ресми стильде
(жазба тілде) бұл тәрізді сөздердің сараланып қолданылуына аса
қатаң талап қойылады. Өйткені әр сөздің өзіне тән терминологиялық
мазмұны бар: қазіргі заман – «современность», дәуір – «эпоха», кезең
– «этап». Дәуірдің сипаты, дәуірдің қозғаушы күші, дәуірдің бағыты
дегенді ғылыми тексте заман, немесе кезең деген сөзбен алмастырып
қолдану – білместік болады, сөз ондайда терминологиялық
мазмұнынан айрылады.
Тілде толып жатқан варианттар, мағыналас сөздер бар. Әдеби
тілдің функционалдық арналарының кейбірінде (сөйлеу тілі, көркем
әдебиет) олар белгілі бір мақсатқа байланысты жарыса қолданылып
та жатады. Ресми қолданыста олай емес, синонимдер мен вариант
сөздердің бірде анауын, бірде мынауын жұмсау тым шектеулі
болады. Бұл стильде тілдегі әр түрлі варианттардың (Екі мәрте
Социалистік Еңбек Ері – Екі рет Социалистік Еңбек Ері, Халыққа
тұрмыстық қызмет көрсету орындары – Халықтың тұрмыстық,
қажетін өтеу орындары; Қазақ ССРінің еңбек сіңірген артисі –
Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген артист т. б.) бәрі бірден қабылданбай,
біреуі ғана негізге алынады (Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері;
Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету орындары; Қазақ ССР-інің
еңбек сіңірген артисі т. б.)
Кей жағдайларда терминдік мәндегі кейбір сөздер тіл
жұмсауымызда әр түрлі қолданылып жатады: 
«...Саяси
хабарламашылар, насихатшылар, үгітшілер, лекторлар насихат
жұмыстарын пәрменді жүргізуде», «Бірлестіктің көптеген үгітшілері
мен саяси хабаршылары бұл күндері жаппай үгіт жұмыстарын


жүргізуде» (газеттерден). Бірде саяси хабарламашы, бірде саяси
хабаршы болып әр түрлі жұмсалуы ресми стильдегі сөз дәлдігіне
жатпайды. Бұл, әрине, мұндай сөздерді сұрыптап, дұрысын көрсетіп
отыратын нормалауыш сөздіктер, анықтағыштар т. б. құралдардың
жасалынбай, оқушы қолына тимей жатуына да байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет