Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
«Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері» пәнін оқу бойынша
5B071300 – «Көлік, көліктік техника және технологиялары» мамандығының студенттеріне арналған
Павлодар
Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
БЕКІТЕМІН
ОІ жөніндегі проректор
________ Пфейфер Н.Э.
201__ ж. _______ «___»
Құрастырушы: ________ аға оқытушы Балтабекова А.Н
«Көліктік техника және логистика» кафедрасы
«Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері» пәнін меңгеру бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛАР
5B071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялар мамандығының сырттай оқитын студенттеріне арналған
Кафедра отырысында ұсынылды 2011 ж. ______ «__», № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________ Ордабаев Е. К. 2011 ж. ______ «__»
ММжК факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2011ж. _____ «__», № __ хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Ахметов Ж. Е. 2011 ж. _____ «__»,
№ __ хаттама
ОҮЖжӘҚБ МАҚҰЛДАДЫ
ОҮЖжӘҚБ бастығы ________ А.А. Варакута 20__ жылдың «__»______
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған
20__ж. «___»______________ №____ хаттама
1 Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар
«Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері» пәнін оқытудың басты мақсаты мыналар:
-
көлік техникасын техникалық пайдаланудың теориялық негіздерін
зерделеу;
-
көлік техникасының жұмыс қабілетін қамсыздандырудың стратегиясы
мен әдісін үйрену;
-
көлік техникасын техникалық пайдалану нормативін анықтай білу;
-
қызмет көрсету құралының жұмыс өнімділігі мен өткізу қабілетінің
түзілу заңдылығын зерттеу;
-
көлік техникасына техникалық қызмет көрсетудің алдыңғы қатардағы
техникасы мен технологиясын, оны ұйымдастыру және басқарудың ұтымды формасын, ТҚ көрсету және жөндеудің кешендің көрсеткіштер жүйесін оқып үйрену.
Пәнді меңгеру дің негізгі міндеті:
-
студентте көлік техникасына ТҚ көрсету және жөндеу жүргізу
жұмысының технологиясы мен оны ұйымдастыру ісіне ғылыми тұрғыдағы көзқарас тудыру;
жан-жақты меңгеруін қамтамасыз ету;
-
студентті көлік техникасын техникалық пайдалану нормативін
белгілеудің ғылымға сүйенген әдісімен таныстыру;
-
студентке қызмет көрсету құралының жұмыс өнімділігі мен өткізу
қабілетінің түзілу заңдылығы хақында түсінік беру;
-
көлік техникасына ТҚ көрсету және оны жөндеу сапасына кешендік
баға беру турасында студенттің ғылыми ойлау қабілетін қалыптастыру.
1.2 Пәнді меіңгеру кезіндегі сабақтардың негізгі түрлері және оларды өткізу ерекшеліктері
Курс бағдарламасымен дәріс оқу және тәжірибелік сабақтарды өткізу, сонымен бірге аталған сабақ түрлері бойынша кеңес өткізу қарастырылған.
1.2.1 Дәріс сабақтары
Дәріс сабақтары 12 сағат көлемінде дәріс аудиторияларында кестеге сәйкес өткізіледі.
Дәріс сабақтарын өткізген кезде арнайы жабдық қолданылуы мүмкін (проектормен жабдықталған дербес компьютер).
1.2.2 Тәжірибелік сабақтар
Тәжірибелік сабақтар кафедраның зертханаларында өткізіледі.
1.2.3. Өздік жұмыс
Өздік жұмыс студенттердің бағдарлама ұсынған оқулықтар мен дәріс материалдары негізінде дәріс және тәжірибелік сабақтарға дайындалуын көздейді.
1.3 Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік ұсыныстар
Бірінші сабақта студенттерге келесі материалдар беріледі:
-
Пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus).
-
1-ші Рейтингке арналған пән бойынша сұрақтар.
-
2- ші Рейтингке арналған пән бойынша сұрақтар.
-
Пән бойынша емтихан сұрақтары.
-
Әдебиет (Дәріс конспекті және басқа әдебиет).
Сонымен бірге студенттер танысу апрағында пән бойынша оқыту бағдарламасымен танысқаны туралы қол қояды.
2 Пән тақырыптарының мазмұны
1 Кіріспе.
Көлік техникасының алдында тұрған міндет. Еңбек өнімділігін арттыру. Жұмыстың өзіндік құнын кеміту. Отын-энергетикалық ресурсты үнемдеу. Экологиялық проблемалар. Еңбек шығынын азайту. Көлік техникасын техникалық пайдаланудың теориялық негізін қалауда ғылымның ролі [2, 3-5 бет].
2 Көлік техникасының жұмыс қабілетін қамсыздандыру негізі.
Көлік техникасының сапасы, техникалық күйі және жұмыс қабілеті. Пайдалану барысында көлік техникасының техникалық күйінің өзгеру себебі. Көлік техникасының техникалық күйінің өзгеруіне пайдалану жағдайының ықпалы. Көліктің істен шығуын сыныптау. Көлік техникасының техникалық күйінің өзгеруін сипаттайтын заңдылықты сыныптау. Көлік техникасының техникалық күйінің атқарымы бойынша өзгеру заңдылығы (заңдылықтың бірінші түрі). Көлік техникасының техникалық күйінің өзгерісіндегі кездейсоқ процестер заңдылығы (заңдылықтың екінші түрі). Техникалық пайдаланудағы кездейсоқ үрдісті сыныптау. Көлік техникасын қалпына келтіру процесінің заңдылығы (заңдылықтың үшінші түрі) [2, 8-17 бет].
3 Көлік техникасын техникалық пайдаланудың нормативін анықтау әдісі.
Техникалық пайдаланудың басты нормативі жайлы түсінік. Техникалық қызметтің мерзімділігі. Техникалық қызмет пен жөндеудің еңбек сыйымдылығы [2, 18-23 бет].
4 Көлік техникасының жұмыс қабілетін ақпараттық қамсыздандыру және оған диагноз қою.
Көлік техникасының жұмыс қабілетін басқаруда ақпарат алу әдісі. Техникалық күй параметрінің шектік және мәрелік мәнін анықтау. Техникалық диагноз қоюға көлік техникасының жұмыс қабілеті деңгейі туралы ақпарат алу әдісі ретінде қарау. Көлік техникасына диагноз қоюдың міндеті және оны қолданудағы ұстаным. Диагноздық параметрлер. Диагноздық норматиытер. Көлік техникасының техникалық күйіне диагноз қою. Диагноз қою әдісі, процесі және құралы [2, 24-29 бет].
5 Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі.
ТҚ көрсету және жөндеу жүйесінің түбегейлі негізі. ТҚ көрсету және жөндеу жүйесінің түзілу әдісі, оның сипаттамасы. ТҚ көрсету және жөндеу жайлы қағида, оның сипаттамасы [2, 30-36 бет].
6 Көлік техникасының жұмыс қабілетін қамсыздандыру технологиялық процесінің жалпы сипаттамасы.
ТҚ көрсету және жөндеу кезінде көлік техникасына еңбек объектісі ретінде қарау. Технологиялық процесс түсінігі. Өндірістік бағдарлама. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. ТҚ-ның технологиялық процесін ұйымдастыру. Бекет жұмысы мен атқарушылар әрекетін ұйымдастыру. Ағымдағы жөндеудің технологиялық процесін ұйымдастыру [2, 37-48 бет].
7 Қызмет құралының жұмыс өнімділігі мен өткізу қабілетінің түзілу заңдылығы.
Қызмет көрсету құралына жаппай қызмет көрсету жүйесінің элементі ретінде қарау. Құралды сыныптау және оның тиімділік көрсеткіші. Қызмет көрсету құралының тиімділік көрсеткішіне ықпал ететін фактор және өндірісті интенсивтендіру әдісі [2, 49-52 бет; 5, 258-275 бет].
8 Технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру.
Технологиялық жабдықты сыныптау [2, 59-67 бет].
9 Көлік техникасының инженерлік-техникалық қызметінің құрылымы мен ресурсы
Инженерлік-техникалық қызметтің міндеті. Көлік техникасының инженерлік-техникалық қызметінің құрылымы мен ресурсы [2, 68-75 бет].
10 Инженерлік-техникалық қызмет персоналы және көлік техникасына ТҚ көрсетуді және жөндеуді басқару хақында шешім қабылдау әдісі.
Персоналдың жалпы сипаттамасы. Шешім қабылдау кезінде мамандар көзқарасының кірігуі. Ақпарат тапшылығы жағдайында шешім қабылдау [2, 77-83 бет; 5, 299-310 бет ].
11 Инженерлік-техникалық қызметті басқаруды ұйымдастыру формасы мен әдісі.
Инженерлік-техникалық қызметтің ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы. Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ісін ұйымдастыру формасы мен әдісі. Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу ісін ұйымдастыру һәм басқарудың орталықтандырылған жүйесі. Жұмыс қабілетін қолдау жүйесін жоспарлау және есепке алу. Құжатайналым. Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеуде оперативтік-өндірістік басқару [2, 84-89 бет].
12 Көлік техникасына техникаылқ қызмет көрсету және жөндеу сапасын басқару.
Негізгі түсінік пен анықтаулар. Көлік саласындағы жұмыстың сапасын басқару [5, 320-334 бет].
13 Көлік техникасын техникалық пайдалану тиімділігін бағалаудың кешендік көрсеткіші.
Көлік техникасының күйі мен көлік техникасын техникалық пайдаланудың тиімділік көрсеткішін сандық бағалау. Көлік техникасының техникалық даярлық коэффициенті мен оның сенімділік көрсеткіші арасындағы байланыс [2, 90-93 бет].
3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
3 тақырып. Көлік техникасын техникалық пайдаланудың нормативін анықтау әдісі
Тәжірибелік жұмыс №1. ТҚ көрсету нормативінің периодикалығын есептеу
Тәжірибелік жұмыс №2. ТҚ көрсету опреацияларының
еңбексыйымдылығының нормативтерін есептеу
Тәжірибелік жұмыс №3. Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету
операцияларының еңбексыйымдылығын анықтау
5 Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі
Тәжірибелік жұмыс №4. Көлік техникасына ТҚ көрсету әдісін таңдау
6 Көлік техникасының жұмыс қабілетін қамсыздандыру технологиялық процесінің жалпы сипаттамасы
Тәжірибелік жұмыс №5. Өндіріс жұмысшылар санын есептеу
4 Пәнді меңгеру политикасы
Оқытушы және студентт сыйластықпен қарым-қатынас жасау керек.
Оқу үрдісіне қатысу сабақтарға қатысуды, белсенділікті көрсетуді білдіреді. Студенттердің сабаққа жақсы қатысуы және белсенділігі максималды балмен бағаланады.
СӨЖ құрамына дәріс және тәжірибелік сабақ тақырыптарын және аудиторлық сабақтар құрамына кірмей қалған тақырыптарды тереңдетіп оқу кіреді.
АҮ өткен тақырыптар бойынша сұрақ қою арқылы өткізіледі.
Студент семетр бойы пән бағдарламасына сәйкес тапсырмаларды орындау керек.
Сабақта тәртіп ережелерін бұзу үшін аудиториядан шығарылуы мүмкін. Айып санкциялары келесідей болады:
- сабаққа себепсіз қатыспағаны үшін – 0 балл;
- сабаққа кешігіп келгені үшін жарты балл алынады;
- аудиториядан шығарылуы үшін – 0 балл;
- кешігіп орындалған тапсырмалар, автоматты түрде бағаланады (номиналдан 50 %).
Егер студент себеп бойынша бақылау шараларына қатыспаса, онда оған оқытушымен қосымша көрсетілген уақытта тапсыруға мүмкіндік беріледі (МБ және ҚБдекан рұқсатымен тапсырылады), әйтпесе алатын бағасы – 0 балл.
Әдебиет тізімі
Негізгі
1 Жүнісбеков П. Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы: оқулық / П. Ж. Жүнісбеков. – Астана : Фолиант, 2007. – 359 б.
2 Копенов Б. Т. Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері : оқу құралы / Б. Т. Копенов, А.Г. Акчурин, Т.Ж. Копенов.- Алматы: ҚазККА, 2009.- 96 б.
3 Суеубаев Ж. Автомобиль құрылысы : оқу құралы / Ж. Суеубаев. Алматы : ҚазККА, 2009. – 264 б.
Қосымша
4 Ибраев Ж. С. Жер бетіндегі көлік құралдары / Ж. С. Ибраев. - Алматы: ҚазККА, 2007. – 180 б.
5 Техническая эксплуатация автомобилей : Учебник для вузов (под ред. Е. С. Кузнецова) – М. : Транспорт, 1991. – 413 с.
Достарыңызбен бөлісу: |