Нұсқаулар «Техникалық термодинамика»


Термодинамиканың екінші заңы



бет15/18
Дата07.10.2022
өлшемі0.84 Mb.
#462152
түріНұсқаулар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
3 Задания для ЛПР (3)

Термодинамиканың екінші заңы

1824 жылы француз инженері және ғалымы Сади Карно жылу ағынын көрсетуге мүмкіндік беретін және жылу машиналарындағы жылуды жұмысқа айналдырудың ең жоғарғы мүмкін шегін анықтайтын заңның маңызын айтып берді. Ол жазды: «Температура айырымы бар барлық жерлерде қозғаушы күш пайда болады». Өткен жүз жылдықтың 60-жылдарында Клазиус постулат түрінде термодинамиканың екінші заңын тұжырымдады: «Жылу суық денеден аса қыздырылғанға өз-өзінен табиғи үдеріспен (қалпына келтірусіз) ауыса алмайды Осы заңға сай жылу жоғары температурасы бар денеден төмен температурасы бар денеге өздігінен ауыса алады. Кері үдерісті жүзеге асыру үшін белгілі жұмыс жұмсалу қажет.
Термодинамиканың екінші заңы шарттарды анықтайды, онда жылу қалағандай ұзақ жұмысқа өзгеруі мүмкін. Қандай да болса ажыратылған термодинамикалық үдерісте көлемді үлғайту кезінде оң жұмыстар істеледі, бірақ кеңейту үдерісі шексіз бола алмайды, олай болса жылуды жұмысқа айналдыру мүмкіндігі шектеулі.Клаузиуспен бір уақытта 1851 жылы Томсонмен термодинамиканың екінші заңының басқа тұжырымы берілді: Жылу беретін құрылғыдан алынған барлық жылу жылу қабылдағышқа ауыса алмайды. Олай болса, жұмысты алу ұшін жоғары температурасы бар жылудың көзі болу керек – жылу қабылдағыш. Одан басқа, Томсонның постулаты теңіздің, мұхиттың, ауаның бір ғана ішкі энергиясын қолдану арқылы жұмысты құратын мәңгілік қозғалтқыш құру мүмкін емес екенін көрсетті. Бұл ережені термодинамиканың екінші заңы ретінде тұжырымдауға болады – екінші дәрежелі мәңгілік двигательді іске асыру мүмкін емес.


Бақылау сұрағы.
Қозғалтқышқа жеткізілетін жылудың 100 %-ын жұмысқа айналдыруға бола ма?
Дұрыс жауапты таңдаңыз.
А. Иә, егер жылу қозғалтқышы өте жетілген.
Б. Жоқ, себебі термодинамиканың екінші заңына қарсы қайшы болып шығады.
В. Иә, егер қозғалтқыш барлық жылуды жұмысқа толық айналдыра алса.
Жауабыңызды 32-беттегі 2.7 т. салыстырыңыз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет