«Жеті жарғы»
Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы:
қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500);
ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;
денеге зақым келтірсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой);
төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;
егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады);
егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді;
ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал ана- сы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі;
өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;
егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: бес айлық бала үшін – бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға – әр айына 1 түйеден (анықтама үшін 10 түйе – 300 атқа немесе 1000 қойға тең);
әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төленуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан боса- тылады;
егер ері әйелін көзіне шөп салуда ұстаса, өлтіруге құқылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс, әйелін көзіне шөп салды деп күмәнданған еркектің сөзін 4 сенімді адам теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады;
біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлім- ге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді, егер әйелдің келісімі- мен әкетсе күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;
әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса арсыздығы үшін айып салынады;
қан араластыру (жеті ата ішінде) өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады;
құдайға тіл тигізген (жеті адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі;
кәпір болған адам мал-мүлкінен айырылады;
құл өмірі құнсыз, ол – қожайынның билігінде;
ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады, ал қыз қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі;
ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс;
ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйел мен баласы жазаға тартылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады;
өсиет ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады;
барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс;
дауды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі;
куәлікке екі немесе үш адам жүреді;
билерге билік айтқаны үшін кесілген малдың оннан бірі тиесілі;
егер айыпкер айыбын төлемесе, оны ру басының рұқсаты арқылы барымтамен алуға болады;
ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |