Аннотация: Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық
әрекетке дайындаудың педагогикалық негіздері қарастырылады, ғалымдардың
еңбектеріне талдау жасалынады.
Түйін сөздер: инновациялық іс-әрекет, инновациялық үдеріс, интегративті сипа,
мотивациялық, креативті, операциялық және рефлексивті бөлік, шығармашылық әдістері,
жеті есе іздеу стратегиясы, кездейсоқтық әдісі, тапсырмаларды шешу теориясы,
инновациялық ойын.
Мұғалімдердің
инновациялық
іс-әрекетін
қалыптастыру
теориясы
мен
практикасында ғалым М.В. Кларин зерттеулерінің орны ерекше. Ғалымдардың
зерттеулері бойынша инновациялық іс-әрекет диагностикасы үш кезеңде өтеді [1].
Инновациялық іс-әрекет нәтижесінде педагог инновациялық педагогикалық үдерісті
ұйымдастырушы ортаның әсерін бағалап, инновациялық үдеріске әсер еткен ішкі және
сыртқы факторларды анықтайды.
Инновациялық іс-әрекеттің стилдерін анықтап зерттеуге үлесін қосқан ғалымдар
Е.А. Калимов, А.Н. Маркова, В.А. Сластенин, В.Д. Шадриков, Л.С.Подымова, О.А.
Ермакова [2] еңбектерінде Мұғалімдердің инновациялық әрекетінің стилдік ерешелігін
анықтау былайша сипатталған:
- әрекет стилі субъектінің тұлғалық дара ерекшеліктері мен әрекет ерешеліктерін
біріктіретін интегративті сипатта болады;
- инновациялық әрекет құрылымы мотивациялық, креативті, операциялық және
рефлексивті құрамдас бөліктерден тұрады;
- іс-әрекеттің индивидуалды стилінің құрылымы мазмұндық, динамикалық және
нәтижелік сипаттардан құрылады;
- инновациялық стиль – бұл түлғаның шығармашылық мүмкіндігін ашуға және оның
әрекетті жүзеге асырудың жеке тәсіліне айналуын қамтамасыз ететін педагогикалық іс-
әрекеттің пәндену үдерісі;
- инновациялық әрекет стилі субъектінің тек жаңаны ойлап табу қабілетін ғана
сипаттамайды, сонымен бірге дайын «жаңалықтың» қайта құрылуын, модификациясы мен
жүзеге асуын сипаттайды;
- инновациялық әрекет стилі адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесу тәсілін
таңдау негізінде қалыптасады, көп жағдайда өз мүмкіндіктерін ашуды қамтамасыз етуге
бағытталған: қаншалықты күш салғаны тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру стратегиясымен
анықталады.
Инновациялық іс-әрекеттің эмпирикалық әдістеріне жататындар: әдебиеттерді
зерделеу; бақылау әдісі; сауалнама және бағалау әдісі. Инновациялық іс-әрекеттің кешенді
әдістері; педагогикалық эксперимент; педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жалпылау
әдісі; дидактикалық жаңаны ендірудің ғылыми негізін құру әдісі; инновациялық басқару
әдістері. Дидактикалық жаңаны ендірудің нәтижелерін бағалау мен талдау әдістері: тест
және тестілеу; талдау; статистикалық өңдеу әдісі. Инновациялық іс-әрекеттің
|