Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы №433 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата27.02.2016
өлшемі51.46 Kb.
#29125


Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы

433 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 62-бабының 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес және облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 75 «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне 2013 жылғы 1 қарашадағы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 433 «Облыстық мәдениет басқармасы» ММ «2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Жоспардың «Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3 – бөлімінде:

«Облыстың тарихи-мәдени мұрасын қалпына келтіру, сақтау және оны кеңінен таныту» деген 1.1.1. міндетінде:

«Туристік бағыттағы нысан болып табылатын өңірдегі тарихи және мәдени ескерткіштер саны» деген жолдағы 2013 жылға «4» деген сан «3» деген санға ауыстырылсын;

«Саланың инфроқұрылымын дамыту және жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мәдени құндылықтарға қол жетімділікті кеңейту» деген 1.1.3. міндетінде:

«Күрделі жөндеуден өткен және қайта жаңғыртылған мәдениет нысандарының үлесі» деген жолдағы 2013 жылға «65» деген сандар «66» деген сандарға ауыстырылсын;

Жоспардың «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7 - бөлімінде:

004 «Мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте сақтау» бағдарламасында:

«2013 жыл» деген бағандағы «Орнатылған ескерткіштер саны» деген жол «1» деген санмен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолдағы 2013 жылға «2420» деген сандар «28791,4» деген сандарға ауыстырылсын;

005 «Тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жетімді болуын қамтамасыз ету» бағдарламасында:

«Туристік бағыттардағы объектілер болып табылатын аймақтың тарихи және мәдени ескерткіштері санының көбеюі» деген жолдағы 2013 жылға «4» деген сан «3» деген санға ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолдағы 2013 жылға «216775» деген сандар «215813» деген сандарға ауыстырылсын;

007 «Театр және музыка өнерін қолдау» бағдарламасының бюджеттік шығындар көлемінде 2013 жылға «356991» деген сандар «355317» деген сандарға ауыстырылсын;

011 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасында:

«Сатып алынған негізгі қорлар мен материалдық емес активтердің саны» деген жолдағы 2013 жылға «8» деген сан «9» деген санға ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолдағы 2013 жылға «401» деген сандар «616» деген сандарға ауыстырылсын;

032 «Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бағдарламасында:

«Сатып алынатын музей экспонаттарының шамамен алынған саны» деген жолдағы 2013 жылға «260» деген сандар «128» деген сандарға ауыстырылсын;

«Сатып алынатын әдебиеттің шамамен алынған саны» деген жолдағы 2013 жылға «18000» деген сандар «15829» деген сандарға ауыстырылсын;

«2013 жыл» деген бағандағы «Сатып алынатын бағдарламалық қамтамасыз етудің шамамен алынған саны» деген жол «58» деген сандармен толықтырылсын;

«Сатып алынатын құралдардың, шаруашылық құрал-саймандардың және басқа да негізгі құрал-жабдықтардың шамамен алынған саны» деген жолдағы 2013 жылға «37» деген сандар «222» деген сандарға ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолдағы 2013 жылға «61428» деген сандар «64472» деген сандарға ауыстырылсын;

015 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде елді мекендерді дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасында:

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде нысаналы трансферттер есебінен даярланған ЖСҚ саны» деген жолдағы 2013 жылға «13» деген сандар «12» деген сандарға ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығындар көлемі» деген жолдағы 2013 жылға «190220» деген сандар «199616,7» деген сандарға ауыстырылсын;

«Бюджет шығыстарының жиынтығы» осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы қаулы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресми жариялануға жатады.
Облыс әкімі А.Мұхамбетов
Жобаны ұсынған:

«Облыстық мәдениет

басқармасы» ММ басшысы Н.Табылдинова

Облыс әкімдігінің 2013 жылғы _____________

№______ қаулысына қосымша

7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы





Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

Жобаланған жыл

2014 ж

Жобаланған жыл

2015ж


2009ж.

(есеп)


2010 ж.

(есеп)


2011ж. (есеп)

2012ж.


2013ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Барлық бюджеттік шығындар:

мың тг.

1494705,4

1662406,3

1027672,3

972735

1171805,1

880436

875523

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

мың тг.

1494705,4

1662406,3

1027672,3

972735

1171805,1

880436

875523

Даму бюджеттік бағдарламалары

мың тг.

























Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет