12
І.
Мемлекеттік қалпы. Бұл бапта мемлекеттік
құрылыс мәселесінде
Россияның терезесі тең мемлекеттердің Федеративтік одағы болуын, оған мүше
болған әрбір субъект өзінің егемендік құқы бар болуымен бірге жалпы
федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті.
ІІ.
Жергілікті бостандық деп аталған Алаш программасы жобасының екінші
бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші –
Россия Федеративтік
мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы
мекендеген жерлерге иелік етеді және тең құқықты Федерация мүшесі ретінде
оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып
бөлініп шығады; екінші - өзінің нақтылы саяси
қызметінде Алаш партиясы
жалпыадамзаттық игіліктерді басшылыққа алып,
әділетке жақ, зорлыққа қас
болады.
ІІІ.
Негізгі. Құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай еркек-әйел
демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге,
газет шығаруға, кітап бастыртуға еркіншілік.
IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен айырылуы болуы. Дін біткенге тең құқық.
Дін
ұстауға ерік, кіру-шығу жағына бостандық.
V. Билік және сот. Билік және сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би һәм
судья жергілікті жұрттың тілін білу... Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу.
VI.
Ел қорғау. Әскер жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет
ету.
VII. Салық мәселесі. Хал-ауқат, табысқа қарай: байға байша, кедейге кедейше
ғаділ жолмен таратылу.
VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон пансында болу
IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу орындарының есігі кімге болса да ашық, ақысыз
болуы
X. Жер мәселесі. Жерге бірінші кезекте түпкілікті халық ие болады.
Міне, осы Алаш партиясының тарихи бағдарламасының мәтіні осылай еді. Бұл
кезең қазақ халқының бір тұтас ұлттық-территориялық
мемлекет болып аз да
болса өмір сүрген тарихи уақыты болып саналады.
Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең осы программа жобасы 1917
жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай съезі сайлауында Алаш
партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 жылғы 5-12
желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақстандық екінші съезде
қазақ
халқының әртүрлі әлеуметтік топтары өкілдерінің бірігіуіне саяси негіз жасады.
Достарыңызбен бөлісу: