ОбөЖ тапсырмасы Тақырыбы:Өсімдіктер және жануарлар селекциясы



бет1/8
Дата06.03.2024
өлшемі1.06 Mb.
#494472
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
15 апта генетика Дана


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
Генетика пәнінен
ОБӨЖ тапсырмасы
Тақырыбы:Өсімдіктер және жануарлар селекциясы
Тобы:ЖБЛ-811(ф)
Орындаған:Орынбасарова Д
Қабылдаған:Салыбекова Н
Өсімдіктер селекциясы. Сұрыптау Өсімдіктің жоғары өнімді түрлерін,жануалардың тиімді тұқымдардың немесе микроорганиздердің штамдарын сұрыптай отырып,олардың бұрынғы жабайы тектеріне тән генотиптерін өзгертуге болады. Ч.Дарвин қалыптастырған сұрыптау туралы генетикадағы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтары селекцияның теориялық негізін құрайды. Өсімдіктердің сорттары мен жануарлардың тұқымдарында пайда болған тұқым қуалайтын өзгергіштік сұрыптау үшін негізігі қажетті материал болып есептеледі. Өсімдіктер селекциясында сұрыптау,будандастыру экспериметтік мутагенез сияқты әдістер қолданылады.
Өсімдік селекциясы тарихи адамның егіншілікпен айналасуынан басталады. Селекцияның қарапайым түрі ерте заманда-ақ ірі дәнді келесі жылы себуге қалдырып отырудан басталады. Бұндай халық селекциясы шығарған бірқатар сорттардың маңызы әлі күнге дейін орасан зор. Өсімдік селекциясы дамуына Батыс Еуропа елдері селекционер-практиктері 1774 жылы Париж маңында құралған Вильмонер селекция фирмасы жұмыстарының қорытындысы, Ч.Дарвинның «Түрлердің пайда болуы» деген еңбегі, К.А.Тимирязевтің тұқым қуу және өзгергіштік туралы ілімі, И.В.Мичуриннің сұрыптау нәтижесінде жемістердің жаңа сорттарын шығару жұмыстары үлкен әсер етті. КСРО-да өсімдік селекциясы алым ретінде 19 ғ. аяғы мен 20 ғ-дың басында қалыптаса бастады.

Гетерозис құбылысы . Атап көрсетілгендей гентикалық тұрғыда бір-бірінен алыстаутұрған организмдерді будандастырғанда алынатын гибрид ұрпақтың тіршілік қабілеті жорғары,өсу қабілеті күшті болып келеді. Мұндай құбылысты ең алғаш 1914 жылы америкалық генетик Дж.Шелл жүгері өсімдігінен байқап,оны гетерозис деп атады. Гетерозис барлық тірі органимзмдерге тән құбылыс,яғни жануарларды өсімдіктер мен микроорганизмдерде кездеседі. Гетерозис кезінде будан зат алмасу қарқынды жоғарылап,соған сәйкес өнімі молаяды. Өсімдіктер селекциясындағы қол жеткен табыстар. Қоғамның өндіргіш күштерін арттырып,эконоимканы нығайтуда сұрыпталу жұмыстарының маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет