ОбөЖ тапсырмасы Тақырыбы:Өсімдіктер және жануарлар селекциясы

ЖАНУАРЛАР СЕЛЕКЦИЯСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БУДАНДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

бет5/8
Дата06.03.2024
өлшемі1.06 Mb.
#494472
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
15 апта генетика Дана

ЖАНУАРЛАР СЕЛЕКЦИЯСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БУДАНДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

ЖАНУАРЛАР СЕЛЕКЦИЯСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БУДАНДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ

Жануарлар селекциясында өсімдіктер селекциясындағыдай будандастырудың үш түрлі әдісі қолданылады:туыстық,туыстық емес және алыстан будандастыру.Туыстық будандастыруда бастапқы форма ретінде бір-біріне туыстығы жақын жануарлар немесе ата-анасы мен ұрпағы алынады.Будандастыруды мұндай түрі организмнің бойындағы кейбір рецессивті гендер арқылы анықталатын белгі-қасиеттерді гомозиготалы жағдайға келтіру үшін қолданады.Рецессивті гендердің әсері гетерозиготалы жағдайда білінбейтіндігі Мендель заңдарына байланысты.Ал жақын туыс жануарлардың гендері құрамы жағынан бір-біріне ұқсас келеді.Сондықтан олардың ұрпағы көбінесе гомозиготалы жағдайда болады. Сонымен туыстық будандастыру селекцияда рецессивті гендер арқылы анықталатын шаруашылық жағынан тиімді белгі-қасиеттерді тұрақтандыру үшін қолданады.

Туыстық будандастыру кезінде кейде жануарлардың әлсізденіп,сыртқы орта жағдайлары мен түрлі ауруларға төзімділігінің нашарлайтындығы байқалады.Мұны болдырмау үшін тек шаруашылық тұрғыда пайдалы қасиеттерді ғана сұрыптау керек Селекцияда туыстық будандастыру,әдетте,мал тұқымын жақсартудың бастапқы сатысы ғана болып есептелінеді.Одан әрі қарай осындай жолмен алынған түрлі сорттармақтар бір-бірімен будандастырылады.Ол кезед жағымсыз рецессивті гендер гетерозиготалы жағдайға ауысады да,туыстық будандастырудың зиянды әсері кемиді.

Туыстық емес будандастыру бір тұқымға жататындаралардың немесе жануарлардың түрлі тұқымдарының арасында жүргізіледі.Бұл жағдайда ата-аналық формалардың бойындағы жақсы белгіқасиеттер жеке сұрыпталып алынып,келесі ұрпақтарға беріліп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет