Қоғам қайраткері



Дата03.06.2024
өлшемі17.76 Kb.
#502245
13 билет


13 билет

  1. Қоғам қайраткері Бисен Жаникешовтің мәдени-ағарту қызметінде рөлі

Қоғам қайраткері — қоғамдық қызметпен, яғни қоғамның саяси, мәдени, кәсіби қажеттіліктерін өз еркімен қамтамасыз ету жөніндегі қызметпен айналысатын адам. Жәнекешов Бисен — ақын, Батыс Қазақстан облысында Кеңес үкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы. 1918 жылдан РК(б)П мүшесі. 1916 ж. Уфа діни медресесін бітіріп, ауылда мұғалім болды. Қазан революциясынанкейін жергілікті жерде Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысты. 1918 ж. Қазақтың 1-ұлттық атты әскер полкына өз еркімен қосылды. Қазақ өлкелік соғыскомиссариатының саяси комиссары. 1919 ж. Қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкінің сапында Азғыр, Нарын, Күйгенкөл, Шоңай, Қаракөл, Сайқын маңында ақ гвардияшылардың тұрақты әскери бөлімдерін талқандауға қатысты. Бөкей ордасы ауданың бір ауылы Жәнекешов есімімен аталады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында танымал журналистер үшін Жәнекешов атындағы арнаулы жүлде тағайындалған

  1. Мәдени іс-шараларындағы музыкалық нөмірлердің атқаратын қызметі.

Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан - шәкіртке, өткеннен - болашаққа жеткізіліп отырған. Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық  аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және ақындық көркемөнердің біртұтастығын көрсетеді. Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт-дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар – жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі дәстүрлермен байланысты болды.Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қыл қобызнемесе домбыра арқылы орындалған. Халық шығармашылығының сүйікті жанры, батырлық және лирикалық – тұрмыстық эпостар қатарында “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Ер - Тарғын”, “Қамбар”, “Қыз-Жібек”, “Қозы - Көрпеш - Баян сұлу”, “Еңлік және Кебек” жырларын айтуға болады. Бұлар қазақ тарихына қатысты нақты оқиғаларды аңыз, мифологиялық түрде жеткізеді.



  1. Мәдениет саласындағы қызмет театрлардың, филармониялардың, оркестрлердің, цирктердің, студиялардың, мектептердің, шеберханалардың, орындаушылық ұжымдардың, мұражайлардың, кітапханалардың, көркемөнер салондары мен галереяларының, кинотеатрлардың және киноқондырғылардың, мәдени-демалыс ұйымдарының, зерттеу және реставрациялау орталықтарының, мәдени-тарихи орталықтардың, тарихи-мәдени және табиғат қорықтарының, аймақтарының және басқа да мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен жеке және заңды тұлғалардың мәдени құндылықтарды жасауы, насихаттауы, таратуы, пайдалануға беруі және қорғауы арқылы жүзеге асырылады.

1. Мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2. Мәдениет ұйымдары қызметінің түрлерін олардың құрылтайшылары айқындайды және бұл олардың жарғыларында көрініс табады.
3. Өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мәдениет ұйымдары мемлекеттік, мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет