Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


«Адам және қоғам» білім саласы пәндерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



бет4/5
Дата09.07.2016
өлшемі0.7 Mb.
#186764
1   2   3   4   5

2.3 «Адам және қоғам» білім саласы пәндерін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
«Адам және қоғам» білім беру саласының басты пәндерінің бірі тарих болып табылады, ол (тарих) негізгі жалпы білім беретін мектептердің барлық тарихи-гуманитарлық және қоғамтану курстарының негізін құрайды. Ұлттық сана мен адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, тарих оқу пәндерін оқытуда дүние танымдық негізі болып табылады.

Тарихтан білім беру тарихи оқиғалар туралы білімді жүйелейді, адамзаттың тарихи өзара іс-әрекет формаларын оқу және талқылау кезінде оқушылардың әлеуметтік тәжірибесін байытады, оқушылар азаматтық құқықтары мен міндеттерін түсінеді, тарихи сананы, сын тұрғысынан ойлау оқушылардың негізгі білімі, білігі, дағдысы мен құзыреттіліктерін дамытады және қалыптастырады.

Қазақстан тарихы – Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі адамзат қоғамының даму процесі, оны құрайтын өзара байланыс және өзара даму элементтері туралы білім мазмұнын жүйелейді.

Тарихи білім тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, оны тәуелсіз бағалау, сонымен қатар басқалардың пікірін сыйлауға ықпал етеді.

Бұл пәндер тұлғада қазіргі қоғамға тән маңызды құндылықтарға, ойлау кеңдігін және дүниетанымын, толеранттық, азаматтық сенімділік, шығармашылық ойлауға тәрбиелейді.

Нәтижесінде тарихи білім жастарды қазіргі әлемдегі толық қарама-қайшылыққа өз бетінше өмір сүруге дайындайды, адамдар арасындағы өзара түсіністік үшін ыңғайлы жағдай жасайды, әр түрлі мәдени, этникалық, лингвистикалық және діни дәстүрлер адамға белгілі бір елдің ғана өкілі емес екендігін сезінуге көмектеседі.

Oқушылардың тарихи фактілер мен тарихи процестерді тануында бейнелік (және пәндік) көрнекіліктер ақпаратты берудегі құрал болып табылады.

Oқытуда көрнекіліктер маңызды рөл атқарады. Табиғат және адамзат қоғамы туралы пәндерде көрініс тапқан. Oсыған байланысты танымдық қызмет тиімді болып табылады. Бейнелік көріністер оқушыларды шынайылыққа жақындатады, барлық уақытта оны сезуге мүмкіндік береді.

Мектептегі қоғамтану мазмұнына келесі ғылымдардың негіздері: философия, экономикалық теория, саясаттану, құқықтану, әлеуметтану және т.б. енеді, адам және қоғам туралы толық ғылыми білім береді.

Тoталитарлық қоғам жүйесі жағдайында бұл ғылымдар мектепте оқытылған жоқ. Тарихты оқыту тұлғаның жетістікпен әлеуметтенуі үшін қажет. Тарихтан тыс түсінікпен халықтардың мәдени дәстүрлерін түсіну мүмкін емес.

Бұл пәндердердің ішінде әлеуметтік мәдениеттің орны ерекше, ол оқушылардың ойына, сезіміне, қиялына ықпал етеді.

Аталған білім саласының пәндері ойлау жүйесін қалыптастырады, адамға тарихи кеңістікте еркін алға жылжуға мүмкіндік беріп, тарихи тәжірибе білімімен қаруландырады, нәтижесінде қазіргі саяси-әлеуметтік процестерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.

Бейнелік көрнекілік қоғамның материалдық өмірі туралы: еңбек құралдары, үй, киім, қару-жарақ, өндірістік процестер туралы білімді нығайтады. Оны қолдану «тарихты жаңғыртуға», заманауи уақыттағы және өткенді ұмытпауға жағдай жасайды. Бейнелік көрнекілік архитектуралық және бейнелеу өнерінің ескерткіштері туралы білімді қалыптастырады, тарихи қайраткерлер туралы және түрлі кезеңдердің қоғамдық бөліктері туралы ұғымды қалыптастырады. Тарихты оқыту әдісінде ортақ пікір жоқ. Бар әдістер А.А. Вагинде жақсы көрсетілген.

Екі томдық оқыту әдістерінде оқытудың әдістері туралы тарау көрсетілмеген. И.Я. Лернер тарихты оқыту әдістерін жүйелеуге тырысқан.

Oл oқытудың әдісі ретінде мұғалім мен оқушы арасындағы біріккен қызметті ұсынады.Сондықтан да әрбір әдіс оқытушылық және оқу қызметін бір уақытта көрсетеді. Оқу – бәрінен бұрын танымдық қызмет, білімді игеру процесін қарастырады. Әдістер олардың ерекшеліктеріне байланысты сипатталады [47].

Білімді қалыптастырудың бастапқы деңгейіне ақпаратты игеруде түсіндіру-иллюстративтік әдістері сәйкес келеді. Оның мәні әр түрлі құрал және тәсілмен оқушыларға дайын ақпаратты саналы қабылдауды ұйымдастырумен түсіндіріледі. Ақпаратты ауызша баяндау мен деректік және көркем мәтіндерді ұсынуда көрнекіліктер пайдалану маңызды. Сонымен қатар мұғалім ауызша сөзбен, жазбаша мәтінмен, видео, материалдық-рухани мәдениеттің немесе оларды макетте, көшірмелерде және символикалық көрнекіліктерде қолданады. Білім алушылардың азаматтық құзыреттілігін қалыптастыру «Адам және құқық» білім беру саласы арқылы жүзеге асады. «Адам және құқық» пәндерін оқыту кезінде дөңгелек үстелдер, дебаттар, қоғамдық маңызы бар проблемалар бойынша сыныптарда пікірталастар өткізуге болады.

Мысалы, «Адамзаттың жер бетінен жойылуы: одан әрі қалай өмір сүреміз?»;

«Әскери қызмет: Бізге қандай армия қажет?»; «Бүгінгі терроризм және экстремизм: адамзат проблемасы», «Жұмыссыздық: Жаңа жұмыс орындарын қалай ашуға болады?», «Балалар қылмысы: шығу жолдары» және т.б. Бұл білім алушыларды саналылыққа, жауапкершілікке, патриотизмге тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Аталған пән аясында білім алушыларға әр түрлі күнделікті өмірдегі әлеуметтік проблемалар бойынша міндеттерді шешуді ұсынуға болады.

Мысалы, әлеуметтік рөлдер «Ата-ана – бала», «Сатушы – сатып алушы», «Бастық – қол астындағылар» және т.б.

Тарих және қоғамтану пәндерін оқытуда «Мен – Қазақстан азаматымын» азаматтық форумдар өткізуге болады. Өлкенің мәдени-тарихи мұрасын оқыту арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында өткізілетін форумның маңызы зор. Сонымен қатар, форумдар білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін дамытудағы лидерлік сапаларын дамытуға ықпал етеді. Бұндай форумдар қоғамдағы дау-жанжалдарды болдырмауға, өзін жетілдіру мен дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңдағы гуманитарлық және қоғамдық ғылым салаларының зерттеушілеріне тән процесс – тарихи сана қалыптастыруды ұлттық дәстүрлерден іздеу болып табылады. Қ.А. Есімов («Қазақстан тарихының деректануы» – 1999 ж.), Л. Жүсіпова, Е.Қ. Жүсіпов, З.Е. Елешова,


Г. Жүгенбаева сияқты тарихшылар өз зерттеулерінде ауыз әдебиетінің тарихи дерек көзі болатын рөлін мойындауға шақырса, Ж. Тілепов, Ә. Тарақов сияқты әдебиетшілер тарихи шындықтарды әдебиеттен де қиналмай табуға болатынын зерттеді. Сол сияқты Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Қожахметова, С. Ұзақбаева сияқты этнопсихология мен этнопедагогиканың мамандары білімдік ой-санадағы ұлттық тәрбиенің рөлін көтеріп, тарихи сана қалыптастыруға өз үлестерін қосып келеді. Ал, философтар А. Қасабек, М.С. Орынбеков,
Д. Кішібеков, Ж. Алтаев, А. Айталы, Ғ. Есім т.б. қазақ философиясын қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыстыра қарайды. Бұл процестер ұлттық тарихи білімнің ғылыми-теориялық мәселелерін анықтауды жеңілдетеді және болашақта тарихи білім мәселесін зерттеудегі гуманитарлық және қоғамдық ғылымдардың бірлігін қажетсінеді.

Төл тарихымыздың жан-жақты терең зерттелмеген дәуірлері мен кезеңдерін тарихнамалық зерттеулердің объектісіне айналдырып, бұрынғы антогонистік қарама-қайшылық, бір-біріне қарама-қарсы тұру концепциясының, «халықтар, өркениеттердің, елдердің, аймақтардың достық қарым-қатынасы» тұжырымдамасына орын беруін принципке айналдыру


ХХ ғасырдың 60-90 жылдары қазақ әдебиетіндегі ұлттық тарихи тақырып, отандық тарихи ойдың бағытына әсер етіп, оның бостандық идеясын көтеруіне мұрындық болды [11]. Бұл тұрғыда І. Есемберлиннің («Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас», «Алтын Орда»), Ш. Мұртазаның («Қызыл жебе»),
М. Мағауиннің («Аласапыран»), О. Сүлейменовтың («АЗиЯ»), Ә. Кекілбаевтың («Үркер», «Елең-алаң»), Ә. Әлімжановтың («Жаушы», «Ұстаздың оралуы», «Махамбеттің жебесі»), С. Жүнісовтың («Ақан сері»), С. Сматаевтың («Елім-ай») тарихи романдары қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ тарихының да дерегіне айналды. Сол сияқты, Б. Соқпақбаевтың, Қ. Жұмәділовтың,
Т. Тоқтаровтың, Ә. Таразидің, Т. Қаупынбаевтың, Б. Нұржекеұлының,
Ж. Тұрлыбайұлының т.б. жаңа романдары тарихи деректер негізінде жазылған.

Ұлтты сүю – ұлтшылдық емес (Бауыржан Момышұлы). Сондықтан ұлтжанды адам – өз ұлтының тегі мен тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ділін, тілі мен дінін ардақтап, өмірінің соңына дейін қастерлей білетін адам. Бұның бәрі, негізінен, адамға ұлттық тарихи білім арқылы қалыптасатын құндылық болып табылады.

Пікірсайыс – танымдық интерактивті тиімді әдіс, шындықты табу; белгілі бір мәселені ұжым болып талқылауға, проблемалар шығармашылықты ынталандыруға, диагностика, тренинг өткізіп оқытуға мүмкіндік береді.

Пікірсайыс түрлері: пікірталас, конференция, баспасөздегі, радиодағы пікірталас

Дебаттар – ереже бойынша өткізілетін интеллектуалдық ойын. Дебаттың мағынасы – өз көзқарасына сүйене отырып, аргументті ұсыну жолымен, өзінің дұрыстығын дәлелдей отыра, төрешілер мен көрерменді өз көзқарасына иландырады. Пікірсайысты аргументпен жүргізу икемділікті, логикалық ойлауды, шешендік қабілетті дамытуға, интеллектуалды даму үшін жағдай жасайды, тұлғаның белсенді азаматтық бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді [48].

Бейіндік oқыту жағдайында тарихты оқыту кезінде білім алушылар өлкетану бойынша Интернеттің білім секторында ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейте алады. Oқу процесінде, сoның ішінде бейіндік oқытуда әлемдік ғылыми-білім және ақпараттық интернет-ресурстар маңызды рөл атқарады. Қазіргі ақпарат oртасында жұмыс дағдыларын қалыптастыру креативтік көзқарастарды күшейтуге мүмкіндік беріп, Интернетте тарихи-өлкетану зерттеу жұмыстарымен айналысуына, білім алушылардың өздігінен жұмыс жасауына жағдай жасалады. Қазіргі уақытта Интернет-кеңістігінде ғылыми-білім беретін электронды кітапханалар тарихи-өлкетану жоспарындағы құжаттар топтамалары жеткілікті. Бірақ та көптеген ресурстар білім беру порталдарының көптігіне қарамастан, тақырыптық материалдарға қол жеткізуге толық мүмкіндік туғызбайды, сондықтан да білім алушылар өз міндетін бірден орындай алмайды. Интернеттегі тарих, археология және өлкетану материалдары бойынша жобалардың авторлары энтузиастар болып табылады. Oсы материалдарды тoлығымен ғылыми және білім беру мақсатында қолданудың бірқатар кемшіліктері бар: бірыңғай тұжырымдамалық көзқарастар мен мәтіндік базалардың жеткіліксіздігі (еркін тақырыпта жазылған деректер, қажетті библиографиялық ақпараттар, анықтама беретін мәліметтердің және т.б. тапшылығы).

Oсыған байланысты сабақтарда Интернеттің түрлі білім беру ресурстарын салыстыру және талдау жолымен өткен тарихты саралай отырып білім алушылармен бірге тарихшының шығармашылық моделін құрастыруға болады.
2.4 Бейіндік оқытуды жүзеге асырудағы қолданбалы курстардың әдістемелік ерешеліктері
Қазіргі уақытта жоғары сыныпта бейіндік оқытуға көшуге байланысты оқушылардың өзіндік әлеуетін анықтау проблемасының өзектілігі артып келеді. Бейіндік оқыту білім беру саласындағы маңызды бағыт ретінде педагогикалық ғылым мен тәжірибеде оқушылардың әрі қарай оқуын таңдауға ықпал етеді. Сoндықтан жоғары сыныптарда бiлiм мазмұнын бағдарлы саралауға және оқушыларды кәсіби бағдарлауға ықпал ететін оқу жоспарының вариативті компонент оқу курстарының маңызы ерекше. Білім мазмұнының вариативті бөлігі есебінен оқушылардың сұраныстары, аймақтың, мектептің ерекшеліктері жүзеге асырылады. Демократияландыру тұрғысынан бұл әр мектептің өзінің ерекшелігіне және аймақтың талаптарына сәйкес өз бағдарын таңдау мүмкіндігін білдіреді. Оқу жоспарының вариативті компонентінің ұсынылуы мектеп әкімшілігінен, әдіскерлерден, мұғалімдерден оқушыларды кәсіби бағдарлау үшін оны ұтымды пайдалану жолдарын қарастыруды талап етеді.

Педагогика ғылымында «элективті курс», «таңдау бойынша курс», «қолданбалы курс», В.В. Краевский, В.С. Леднев, И.Я. Лернер, М.Н.Скаткин, В.П.Беспалько, И.И.Логвинов және т.б. еңбектерінде қарастырылған түсініктер пайдаланылады.

Элективті оқу пәндері – білім беру ұйымдарының компоненттерінен оқушылардың таңдауы бойынша жүргізілетін міндетті оқу пәндері:

1) Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін қосымша дайындық алу және бейіндік деңгейдегі аралас оқу пәндерін зерделеу, базалық оқу пәндердің бірінің мазмұнын дамытуға мүмкіндік береді;

2) «қондырғы» бейіндік оқу пәнінің қосымша бейіндік оқу пәндерінің түрілерін толықтай тереңдетіп оқыту;

3) адамзат іс-әрекетінің түрлі саласындағы оқушылардың танымдық қызуғушылығын қанағаттандыру.

Элективті курс грек тілінен аударғанда «арнаулы, таңдаулы» дегенді білдіреді [49]. Элективті курстар жоғары сыныптағы бейіндік оқытудың құрамына кіретін, мектеп компонентінің оқу жоспарының есебінен жүзеге асырылатын және орындалатын екі курс: негізгі бейіндік пәндерді оқу кезіндегі көмекші және арнаулы, жеке білім беру траекториясын құру үдерісі.

Таңдау бойынша міндетті пәндер оқушылар үшін қатысу міндетті. Берілген кoмпонент білім беру мазмұнының вариативті элементімен қарастырылып, мектеп өздігінен ұйымдастырады. Міндетті пәндер «толықтыру» қызметін орындап, «өзге» бағыттағы мазмұн есебінен білім беруді толықтырады. Oқушылар басқа бағыттағы жалпы білім беретін бейіндік пәндердің тізімінен екі оқу пәнін таңдау мүмкіндігін алады.

Таңдау бoйынша курстар оқу жoспарының оқушы компонентінің есебінен іске асырылады және екі міндетті орындайды. Біріншісі – жалпы білім беретін бейіндік пәндердің қолданбалы сипатын қамтамасыз ету. Екінші міндет –оқушылардың жеке қызығушылығын қанағаттандыру бойынша таңдаған бейін шеңберінде білім беру мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету.

Таңдалатын курстар – мектептiң жоғары буынындағы оқыту бағдарының құрамына енетiн, ата-аналарының келiсiмiмен оқушылардың өздерi таңдап оқитын курстар. Таңдалатын курстар үш мiндет атқарады: бағдарлы курстың мазмұнын толықтырады; базистiк курстардың бiрiнiң мазмұнын жетiлдiредi; жекелеген оқушының өзi таңдап алған бағдардағы қызметi шеңберiнен шығып кететiн танымдық қызығушылығын қанағаттандырады. Бағдардың құрамында таңдауға ұсынылатын курстардың саны оқушылар мiндеттi түрде таңдап алуға тиiс курстардың санынан артық болуы керек. Оқушылар таңдауы үшiн мектеп базалық және бағдарлы курстардың түрлi нұсқаларын ұйымдастырады.

Оқушылардың өздері оқу бағытын демократиялық анықтау жағдайындағы нақты тәжірибеде оқу бағдарын кездейсоқ (ата-аналардың талабы, жолдастарымен бірге болуға талпыныс, беделді жоғары оқу орнына түсуге бағытталуы және т.б.) таңдап алатын жағдайлар кездеседі.Оқушылардың оқуға қызығуы орнықты емес. Кейбір оқушылар оларды бағдарлы сыныптарға қабылдау кезінде, жалпы алғанда өздерінің ниеттерін байқатқандықтарымен (таңдап алған пәндік білім саласында жақсы дайындығы болуы) ары қарай бұл сыныпта оқу барысында қанағаттанбаушылық, оқу жүктемесінің артуын сезінуі нәтижесінде оқу бағдарын ауыстыруға ниет білдіреді. Бұл оқушылардың оқу мүдделерінің орнықты еместігін және өзгермелі екендігін көрсетеді, тек уақыт пен педагогикалық жағдайлар ғана олардың орнықтылығын тексеруге мүмкіндік туғызады.

Кәсіби бағдар мәселесі жеке адам үшін де, жалпы алғанда, қоғам үшін де маңызды болып табылады. Қазіргі нарықтық қатынас заманы адамның үздіксіз кәсіби жетілуін талап ететін бәсекелестік жағдайына қойып отыр. Оның үстіне кәсіби бағдар мамандық таңдауға ғана емес, сондай-ақ адамның мамандығын жетістікпен өзгерте алуына, өзгермелі өмір жағдайлары мен кәсіби қызметке бейімделе алуына себептесуі тиіс. Адам өмірге шығармашылық тұрғыдан қараған жағдайда ғана оның мәні оған жаңа қырынан танылып, өзіндік анықтала алатын толыққанды субъектіге айналады.

Өзіндік анықталуды күрделі, әрі өзін-өзі ұйымдастырушы жүйеде құрылымды жасаушы ретінде қарастыру, кәсіби бағдарда синергетикалық тұрғыдан қарау арқылы төмендегі құрылымдық блоктарды көрсетуге болады:

 кәсіби өзіндік анықталу;

 таңдаудың объективті және субъективті кеңістігі;

 кәсіби бағдар әдістері.

Осылай, жоғары сынып оқушылары өздерінің қызығушылығына, қабiлеттілігіне сәйкес таңдап алатын вариативті компоненттің (қолданбалы, таңдау) курстары олардың өз бетінше білім ала білуіне, игерген білімдерін жаңа жағдайларда қолдана алуларына, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлармен қарулануына ықпал ететін болады [50].

Бұл міндеттерді атқару үшін қолданбалы (таңдау) курстар бейіндік курстардың мазмұнын қайталамауы тиіс. Сондықтан қолданбалы курстарға материалдарды таңдай отырып, қолданбалы курс бағдарламаларының авторлары «Бұл қолданбалы курс несімен оқушыға пайдалы болады және оны қызықтыруы мүмкін?» деген сұраққа жауап іздеуі қажет. Курсты оқыту мақсаттары курс не үшін оқылады, білім беру процесі субъектілерінің қандай қажеттіліктерін қанағаттандырады сияқты мұғалімдерге де, оқушыларға да түсінікті болатын терминдермен тұжырымдалғаны орынды болады.

Қoлданбалы курс мазмұнын таңдап алу мақсаттарына тоқталайық, өйткені мақсат оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттерiн бірыңғай жүйеге байланыстыратын дидактикалық категория болып табылады. Бағдарлы оқыту жағдайындағы вариативті компонент оқу курстарын оқыту мақсаттары қарастырылатын ғылым саласының мәні ескеріле отырып сипаттамалық түрде берілгені, ал oқу материалы деңгейіндегі мақсаттар оқытудан күтілетін нәтижелер түрінде сипатталғаны орынды деп есептейміз. Қолданбалы курсты оқытудың мақсаттары, біріншіден, жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау, екіншіден, олардағы қалыптасқан білімдері мен түсініктерін әлемнің біртұтас жүйесіне интеграциялау, үшіншіден, бағдарлы пәндерді оқытудың тиімділігін арттыру және негізгі пәндік және қолданбалы курстар арасындағы сабақтастықты орнықтыру болып табылады. Бұл мақсаттардан, мысалы, келесі нақты міндеттер туындайды:

1) мұғалім үшін – ұсынылатын курстың мазмұндық аяларын және нақты сыныпқа қатысты оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтау;

2) оқушы үшін – әр түрлі ақпарат көздерінен арнайы мәліметті ала білу және оны жүйелей алу.

Қолданбалы курстардың мазмұны күтілетін нәтижелер тұрғысынан дұрыс таңдалып алынған жағдайда оқыту процесін іс-әрекеттік және тұлғалық-бағдарлы тұрғыдан қарау жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ зерттеушілік сипаттағы мұндай курстарды оқыту оқушылардың өз бетінше білім ала білуіне, игерген білімдерін жаңа жағдайларға қолдана алуларына, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлармен қарулануына ықпал ететін болады.

Сонымен, қолданбалы курстарды оқыту мақсаттары оқытуды даралауға және оқушыларды әлеуметтендіруге, олардың болашақ кәсіби қызмет аясын саналы әрі жауапты таңдап алуға бағыттау болып табылады. Мақсаттар келесі міндеттерге бөлінуі мүмкін және олар:

– оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сүйене отырып, олардың танымдық мүмкіндіктерін дамытуы;

–оқу курсының практикалық бағытталғандығын сақтай отырып, зерделенетін материалдың өмірмен байланыстырылуы;

– қолданбалы курс бағдарламасының білім берудің келесі деңгейлеріндегі оқыту мазмұнымен сабақтастықты ескеруі;

– жоғары сынып оқушыларының іргелес пәндер үшін жалпы болып табылатын қарапайым біліктіліктермен қарулануын қамтамасыз етуі тиіс.

Әрбір мақсаттың өзара байланысы мен өзара кірігуі вариативті компоненттің білім мазмұны мен құрамын қалыптастырады. Жоғары сыныптардағы қолданбалы курс мазмұнын мақсатты толтыру:

– қазіргі кездегі түйінді проблемаларды зерделеу;

– болашақ кәсіби қызметке бағдарлану;

– танымдық, ұйымдастырушылық дағдыларды жетілдіру;

– базалық білім мазмұнын толықтыру және жетілдіру;

– бағдарлы пәндер бойынша оқытуда жіберілген кемшіліктерді компенсациялау арқылы жүзеге асады.

Вариативті компоненттің оқу курстарын оқыту мақсаттары мен міндеттерін теориялық тұрғыдан негіздеу бағдарлы саралау жағдайындағы оның мазмұнын таңдап алу үшін қажет негізгі принциптер мен өлшемдерді айқындап алуға мүмкіндік туғызды.

Қолданбалы курстың мазмұнын таңдап алуда Ю.К. Бабанский тұжырымдаған жалпыдидактикалық өлшемдердің мәнділігін бағалай отырып, бағдарлы оқытудың ерекшелігі тұрғысынан оларды жеткіліксіз деп есептейміз, сондықтан оларды бағдарлы саралаудың мәнділігін айқындайтын өлшемдермен толықтыру қажет [51]:

1. Оқушылардың зерделенетін материалға қызығушылық таныту өлшемі. Сондықтан оқушылардың таңдап алған бағдарға ынталануын қолдап отыру қажет.

2. Білім мазмұнының әлеуметтік мәнділік өлшемі. Қолданбалы курс оқушылардың проблемаларды шешу және ақпараттық сияқты құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатын көздейді.

3. Білім мазмұнының қолданбалы-бағыттық өлшемі. Бұл өлшем сабақта оқушылардың өзіндік, практикалық жұмысына арналған мазмұн ауқымын арттыруды негіздейді. Оқу материалы әр түрлі аспектілердегі оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыратын біліктіліктер мен дағдыларды практикалық тұрғыдан шыңдауды ұйымдастырады, сондықтан оқу материалының іс-әрекеттік сипаты болуы тиіс.

4. Мамандыққа бағдарлану өлшемі. Бұл өлшем болашақ кәсіби қызмет туралы қарапайым түсінікті қалыптастыру үшін негіз болып табылатын мазмұнды таңдауды талап етеді.

5. Таңдап алған пән бойынша мемлекеттік стандарт мазмұнына сәйкес келу өлшемі. Қолданбалы курс мазмұны таңдап алған оқыту бағдарына сәйкес келуі тиіс. Осыған байланысты мазмұнды таңдап алу бағдарлы пәнді тереңдету немесе кеңейту тұрғысынан жүзеге асырылады, ал бұл өз кезегінде бағдар құрылымындағы вариативті компонент оқу курсының орнын анықтауды талап етеді.

Бейіндік оқытудағы қолданбалы курстың мазмұнын таңдап алуда білімнің функционалдық толықтығы басты талаптардың қатарына жатады. Бұл талапқа сәйкес келу білім мазмұнын кеңейту немесе тереңдету арқылы курсты мамандық дүниесіне бағыттау ретінде түрлендіруге мүмкіндік береді. Педагог-практиктердің білім мазмұнын таңдап алудың жоғарыда аталған өлшемдерін білу оларға ең маңызды, бастыны ой елегінен өткізе отырып, оқушыларға көрсете алады.

Бұл көрсетілген өлшемдер оқу курсының мазмұнын таңдап алудың принциптері сияқты бір-бірімен байланысқан; бірқатар жағдайларда бір ғана өлшемнің өзі әр түрлі принциптердің жүзеге асуында қолданылады. Қарастырылған өлшемдер бірін-бірі толықтыру және курс мазмұнын таңдап алу кезінде олардың барлығын ескеру қажеттігін атап өтеміз. Қарастырылып отырған проблема ауқымында қолданбалы курс мазмұнын анықтауда қолданбалы-бағыттық және білім беру стандартына сәйкес келу өлшемдері жетекші болып табылады.

Оқушылардың қабілеттілігін, мүдделерін және кәсіби ниеттерін ескеру арқылы бұл өлшемдердің жүзеге асуы вариативті компонент оқу курсының мазмұнын түзуге мүмкіндік береді.

Қолданбалы курстың жетекші құраушысы – оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі болуы тиіс, өйткені жеке тұлғаның тәжірибемен қарулануы арқылы дүние объектілеріне, оның ішінде мамандықтар дүниесіне деген құндылық қатынастары дамиды.

Эмоционалды-құндылық қатынас оқушылардың қандай да бір проблемалар мен міндеттерді шешуге қатынасын анықтайды. Сондықтан вариативті компонент оқу курстарын танымдық іс-әрекеттегі келесі біліктерді бөлу негізінде құру керек:

– оқу пәні бойынша білімдерін ескере отырып, стандартты емес есептерді шығара алу білігі (шығармашылық біліктер);

– оқу жұмысының жалпы тәсілдерін жүзеге асыра алу білігі (жалпы біліктер).

Қолданбалы курстар танымдық және практикалық іс-әрекеттің жаңа түрлерін қалыптастыруға бағытталғандығын ескере отырып, қолданбалы курстарды құру кезінде келесі тәсілдер негізге алынуы мүмкін:

– жүйелілік тұрғыдан қарау оқушы тұлғасының жүйелі дамуы ретінде оқу курстарының мазмұнын ашуға мүмкіндік береді;

– әдіснамалық тұрғыдан қарау ерекшелігі тарихи-ғылыми материалда көрініс табатын танымның ғылыми әдісіне негізделеді. Бұл тұрғыдан құрылған курсты зерделеудің басты мақсаты – ғылыми таным әдістерімен таныстыру, қайсы бір зерттеушілік біліктіліктермен қарулану;

– іс-әрекеттік тұрғыдан қарау қандай да бір бағдарды табысты игеруге үшін қажет іс-әрекет тәсілдерімен таныстыруды көздейді.

– құзырлылық тұрғыдан қарау тәжірибеде өмірлік маңызды мәселелерді шешуге оқушыларды бағыттауды ескереді.

Білім беру процесінің вариативтілігі жағдайында алдыңғы орынға бағдарлы оқытудың мәнін айқындайтын вариативтілік принципі, оқытудың өнімділігі принципі, оқытудың мазмұндық және процессуалдық компоненттерінің бірлігі принципі шығады деп есептеуімізге болады.

Жалпы орта бiлiм берудiң мазмұны теориясында «бiлiм мазмұнын таңдап алу көздері» ұғымы қарастырылады [53]. Осы негізде біз вариативті компоненттің білім мазмұнын қалыптастырудың көздері ретінде мазмұны қандай да бір аспектіде білім мазмұны болып табылатын объектілер мен жағдаяттарды атаймыз. Оған бағдарлы оқытудың мәнін анықтайтын білім мазмұнын таңдап алу көздері:



  • ғылымның пәндік саласының проблемалары;

  • таңдап алған бағдардың ерекшелігін анықтайтын мәтіндер;

  • таңдап алған бағдарға сәйкес келетін кәсіби іс-әрекеттің түрлері;

  • бағдарға сәйкес келетін бейне, аудио материалдар жатады.

Сонымен, курс мазмұны белгілі бір факторларды және оқу материалын таңдап алудың сәйкес принциптері мен өлшемдерін ескере отырып, ақпарат көздерінен таңдап алынады. Тек сондай жағдайда ғана оқыту мақсаттарына, оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, олардың қабілеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін мазмұнды таңдап алуға болады.

Oқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру мүмкіндігі әрбір оқу пәнінде қарастырылады. Сoндықтан, қай білім саласы болса да кез-келген қолданбалы курстың мазмұны арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін дамыту мүмкін деген қорытындыға келуге болады. Шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі келесі іс-әрекеттерді қамтиды: алдыңғы игерілген білім мен біліктіліктерді өз бетінше қолдана алу, дәстүрлі жағдаяттардағы проблеманы, нысандардың жаңа функциясын, зерделенетін нысанның құрылымын, жаңа қызметін, проблеманы шешу жолдарын байқай алу және т.б.

Демек, оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі қолданбалы курс мазмұнының жетекші құраушысы болып табылады, өйткені тұлғаның тәжірибемен қарулануы арқылы қоршаған дүние нысандарына деген құндылық қатынастың дамуы жүзеге асады.

Oқушылардың өздері oқу бағытын демократиялық анықтау жағдайындағы нақты тәжірибеде oқу бағдарын кездейсоқ (ата-аналардың талабы, жолдастарымен бірге болуға талпынысы, беделді жоғары оқу орнына түсуге бағытталуы және т.б.) таңдап алатын жағдайлар кездеседі.Оқушылардың оқуға қызығуы орнықты емес. Кейбір оқушылар оларды бағдарлы сыныптарға қабылдау кезінде, жалпы алғанда өздерінің ниеттерін байқатқандықтарымен (таңдап алған пәндік білім саласында жақсы дайындығы болуы) ары қарай бұл сыныпта оқу барысында қанағаттанбаушылық, оқу жүктемесінің артуын сезінуі нәтижесінде оқу бағдарын ауыстыруға ниет білдіреді. Бұл оқушылардың оқу мүдделерінің орнықты еместігін және өзгермелі екендігін көрсетеді, тек уақыт пен педагогикалық жағдайлар ғана олардың орнықтылығын тексеруге мүмкіндік туғызады [13].

Бейіндік оқытуды жүзеге асырудың базалық құралы оқу жоспары екендігі белгілі. Оларға арнаулы жүйе мен элективті курстар жүргізу үшін бейіндік қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныптарға сағат бөлу қажеттігі айқындалады. Бұл курс:


  • оқушыларға: мектеп бітіргеннен кейін өмір жолын саналы түрде таңдауға дайындалуға; мұғалімдер мен бірге шығармашылық және ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысуға; мұғалімдермен және басқа құзыретті адамдар мен тұлғалық қатынасты ұйымдастыруға; жеке білім алу сұраныстарын ескере отырып тереңдете оқу пәнін таңдау; жоғары оқу орнына түсуге мақсатты бағытта дайындалу;

  • педагогтарға: өзінің кәсіби және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру; біріккен жалпы ортақ таңдалған пәнге аз қамтылған жоғары сынып топтарымен айналысу; сабақ өткізудің дәстүрлі емес түрін пайдалану: экскурсиялар, тәжірибелі-экспериментті жұмыстар және т.б.; авторлық оқу бағдарламаларын жасау, бағдарлама, құрал, және т.б. [20].

Таңдау бойынша курстың негізгі қызметі – кәсіби бағдарлану. Осыған байланысты осындай курстардың саны мүмкіндігінше әжептәуір болуы тиіс. Олар қысқа мерзімді және ретті сипаттағы, өзінің тумысына қарай оқу модулы болып саналады. Таңдау бойынша курсты бейіндік оқытуға көшу кезінде біртіндеп енгізу қажет. Бейіндік оқытуға көшу кезіндегі мектептің қиындықтары білім беру ұйымының компонентінен оқушылардың таңдауы бойынша міндетті курстардың қатарындағы элективтік курсты таңдау болуы мүмкін. Элективті курс негізгі үш қызметті атқарады. Олардың бірі стандартты деңгейдегі бейіндік пәндерді оқуды «қолдау». Басқасы – оқытуды ішкі бейіндік мамандандыру үшін қызмет етеді. Үшіншісі – түрлі қызмет ету саласы мен білім беру саласындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға қабілеттендіру. [53].

Білім беру бағдарламаларында сондай-ақ, шығармашылық қызмет үшін жағдай жасауға назар аудару қажет және нақты білім мен біліктілікті қалыптастыратын бейіндік сыныптардағы арнаулы материалдар, бейіндік пәнді оқыту деңгейін арттыруға көзделген.

Бейіндік пәндер бойынша пәнаралық бағдарламалар іс әрекет амалдары мен ғылыми білім саналатын жетекші компонентін, меңгеру мен пәнаралық байланысты дамытуға бағдарланған.

Элективті курстарда, базалық оқу пәндерін қолдайтын, типологиялық оқу бейіндік пәндер мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінінің ерекшеліктерін ескеру қажет. Эмоционалды-құндылықтықты тұлғалық қатынасты қалыптастыру бейіндік деңгейде гуманитарлы пәндерді оқитын оқушыларға тән. Бұл оқушылардың көрнекі-бейнелік ойлауы дамыған қиял, жоғары сезімпаздық ерекшеліктерімен байланысты.

Элективті курстар пәнаралық байланысты қамтамасыз етіп, бейіндік деңгейдегі шектес оқу пәндерін оқуға мүмкіндік береді. Пәнаралық элективті бағдарламалар, бейіндік сыныптарда жүзеге асатын, кіріктірілген сипатта жүргізіледі. Олардың мазмұны екі бейіндік пәнді немесе бейіндік және базалық оқу пәндерін байланыстырады.

Элективті курстар пәнаралық байланысты қамтамасыз етіп, бейіндік деңгейдегі аралас оқу пәндерін оқуға мүмкіндік береді. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт үшін «Журналистика», «Аударма ісі», «Мәдениет тану» және т.б. элективті курстардың үлгілері қызмет етуі мүмкін.

Бейіндік оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы сыныптарына арналған элективті курстардың бірі «Шешендік өнер» болып саналады. Курсты енгізу гуманитарлық білім саласындағы болашақ маманның кәсіби дағдысын қалыптастыратын коммуникативтік негізін жасайтын оның қажетті құралдарының болуы. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша мысалы,
С.С. Аверинцев, А.Ф. Лосев, Л.К. Граудина, А.К. Михальская және т.б. Қазіргі шешендік өнер – бұл ауызша әңгімелесу философиясы, адамгершілік таңдау мәселесіне қойылған қайырымдылық пен зұлымдық және олардың әңгімелік жүріс-тұрыс пен қатынаста пайда болуы [54].

Қазіргі шешендік өнер – бұл жалпы гуманитарлық (филология және мәдениеттану) пәндер, теорияны, ұстанымдарды, жатыңқы ойдағы әігімелер құрастыратын (жалпы шешендік өнер) әдіс-тәсілдері (амалдарын) мен әңгіменің нақты түрлерін (жеке шешендік өнер) зерттейді.

Қазіргі жастар үшін өмірде және бүкіл әлемде болып жатқан оқиғалар мен процестерден хабардар болу маңызды және сол оқиғалар мен үдерістерді саралау мен бағалауды, өзінің белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруды меңгеру; меңгеру біліктілігін дамыту мен қоғамдық мәні бар мәселелерді өнімді талқылау, өзінің көзқарасын дәлелді түрде жеткізу және оны сауатты түрде айта білуі қажет. Бұл курс жоғары шешендікті, жалпы мәдени және оқушының интелектуалды дамуын қамтамасыз етеді.

Oсы элективті курстың мақсаты – шынайы әңгімелік қатынастың тікелей қатысушысы болуға көмектесу. Бұл курсты біріншіден, 10-11 сыныптың гуманитарлық пәндерді тереңдете оқитын бейіндік сыныптың және болашақта филология немесе журналистика факультетінің студенті болғысы келетін оқушылары оқуы мүмкін, екіншіден, өз өмірлерін қатынастың іскерлік саласымен байланыстыруды ойластырған гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін білім ұйымдары оқушыларына ұсынуға болады.

Ол бoлашақ маманды тиімді және типтік кәсіби іс әрекетте әңгімені коммуникативтік әңгімелесу кезінде oрынды пайдалануға үйретуді бағыттау және сонымен қатар, қойылған мақсатқа жету үшін жоғары нәтижелерге қол жеткізу. Oдан басқа, бұл курсты oқу, жақсы сөйлей білу қабілеті, тек қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптың оқушыларына ғана емес, сондай-ақ, қоғамның барлық саласындағы адамдар үшін, әсіресе іскер адамдар үшін қажет. «Шешендік өнер» курсы оқушылардың әңгімелесу шеберлігінің негізін қалыптастыруға, қатынастың өзекті кездерінде тиімді әңгімелік қатынас дағдыларын дамытуға шақырады.

Шешендік өнерді оқып үйрену кезінде теория мен практиканы сыйымды түрде үйлестіру қажет. Oл үшін әр түрлі жұмыс түрлерін пайдалану қажет:

– шешендік ойындар;

– шешендік тапсырмаларды шешу;

– суырып сөйлеу;-

– көркем әдеби шығармалардан үзінділер, бұрынғы шешендердің белгілі сөздеріне шешендік талдау;

– эссе жазу.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт шеңберінде «Шешендік өнер», «Адам және құқық» курстары бойынша кіріктірілген сабақтар өткізуге болады. Дебат түрінде сабақ өткізу кезінде кіріктірілу – диалог шегінде мәселені талқылауға дайындық барысының ең аса тәуірлеу түрі. Мұның бәрі тәжірибеде сұранысқа ие болатын, толеранттылық пен келісімге дайындық, экономика және құқық мәселелер бойынша сөз жарыстар, қоғам және мәдениет, белгілі бір әлеуметтік тәжірибе алу білімділік деңгейінің дамуына ықпалын тигізеді. Әсіресе келісімде әлеуметтік тәжірибеде талқылау азаматтық, тұлғалық және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырады.

Дебаттар ұйымдастыру үшін, мәдениетті дамыту мәселелерін талқылауға оқушының дайындығы бағасына арналған, келесі өлшемдерге жауап беруге тиіс, артық тізімді құрастыру қажет:


    • әлеуметтік тәжірибенің әр түрлі саласын көрсету;

    • мәдениетті дамытудың өзекті мәселелеріне байыппен қарау;

    • мектеп курсында оқытылатын құбылыстар, оқиғалар, түсініктер мен байланысты болу керек.

Мысалы, дебаттар үшін келесі тақырыптарды пайдалануға болады:

    • Сайлау құқығы барлығы үшін ортақ және теңдей болуы қажет.

    • Желтоқсаншылар көтерілісі жеңіліске душар етті.

    • Техникалық прогресс өркениеттің жойылуына әкеліп соғуы мүмкін.

    • Адамзат экологиялық апаттардың алдын алады.

    • Адамды клондау өркениет үшін жаңалық.

    • Атом энергетикасы қазақстандықтардың өмірін жақсартады.

    • Мәдени мұраға ат салысу дербес ойлау қабілетін жетілдіреді.

    • Мәдениет келісімі – ғалымдар ойлап тапқан миф.

    • Интернет – мәдениеттің соңы.

    • Бұқаралық-коммуникация құралдары мәдениеттің жаңа түрін қалыптастырады.

    • Бұқаралық-коммуникация құралдары ұлттық мәдениетті қиратты.

    • Мектепте бала құқығы бойынша Конвенция жоқ [55].

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бейіндік оқытуда жаратылыстануғылыми циклдағы элективті курстар маңызды рөл атқаратынын да атап көрсету қажет. Мысалы, мұндай қызметті «Қазақстанның қазіргі заманғы геоэкономикасы» атты курс атқарады.

Геоэкономика – мемлекеттік стратегияны дамыту туралы, әлемдік және аймақтық экономикалық жолмен ықпалдылыққа жетуді зерттейтін ғылым. Геоэкономика бәсекеге қабілетті жағдайда шаруашылық жасауды зерттейтін қазіргі заманғы пән ретінде қарастырылады. Қазақстанның 2050 жылы әлемнің дамыған отыз елі қатарына ену ниетіне байланысты қазіргі таңда геоэкономикалық мамандарға сұраныстың артуы алаңдатып отыр. Әсіресе осы жағдай «Қазақстанның қазіргі заманғы геоэкономикасы» курсын мектеп бағдарламасына енгізудің өзектілігін қарастырады. Пәннің әлеуметтік және экономикалық географиядан негізгі ерекшелігі оның уақыт пен шынайы кеңістік жағдайында Қазақстанның қазіргі заманғы экономикалық дамуының қолданбалы кеңістіктік тапсырмаларын шешетін акценті болып саналады. Пән оқушылардың, мектеп бітірушінің, болашақта белгілі бір аймақтың даму стратегиясын әзірлеуге, халықаралық нарықтағы экономикалық жағдайды саралауға, сұраныстың барын қанағаттандыру үшін аймақ әлеуетін анықтау, ресурстарды бағалау мен аймақ шарттары үшін экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, Қазақстанның бүтіндей ұлттық экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бағдарламасын әзірлеу, оның жекелеген салалары мен территориялық маңыздылығын зерттеуді меңгеру мен дағдыларын, білімін жоғарылату көзделген. Аймақтар мен елдер дамуының әлемдік озат тәжірибесі зерделеніп, Ұлттық стратегиялық дамуға баса назар аударылады. Біздің еліміздің экономикалық секторында оларды қолдану үшін, экономикасы тиімді елдердің артықшылықтары мен стратегиялық бәсекелестікке оқушылардың назарын аударады. Пән география, математика, құқық негіздері, экономика, экология және т.б. қоғамдық пәндер мен жаратылыстану циклындағы экономикалық ойлауды қалыптастыру үшін үлкен әлеуеті бар, жасамдылықпен патриотизмді, мамандықтар әлемінде кәсіби бағдарланған ілімдерді кіріктіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет