Халықтың педагогикалық
данышпандылығымен ешкім
теңесе алмайды.
Тақырып: Бәсекеге қабілетті спорт мамандарын даярлаудағы ұлттық педагогиканың рөлі. 2
Мақсаты: Құзырлы педагог-тренер дайындаудағы этнопедагогиканың рөлін анықтау.
Міндеті: 3
Этнопедагогика пәнінің элементтерін, болашақ педагог-тренерлер мамандығына даярлаудың құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастыру.
Кіріспе.
Қазақстан үкiметi қабылдаған “Бiлiм туралы” заңының “Бiлiм жүйесi” деп аталатын екiншi бөлiмiнде “Бiлiм беру жүйесiнiң (пәннiң) мiндеттерi; Қазақстан республикасына шын берiлген, адал патриот азамат даярлау… Олар мемлекеттiк белгiлердiң мәнi мен маңызын терең түсiнген, халықтық дәстүрлердi қастерлейтiн… Халықтар достығының негiзiнде тәрбиеленген, халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың мiндеттерi мен құқықтарын терең сезiнген… Қазақстанда тiршiлiк етушi халықтардың негiзiн қалаушы – қазақ халқы мен басқа халықтардың тiлiн, тарихын, салт-дәстүрлерiн қадiр тұтып, оны игеруге кепiлдi азамат болуы керек” делiнген.4
Осы мiндеттердi ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеушi келешек ұстаздар қауымы – бүгiнгi біздің колледжде де оқып бiлiм алып жатқан студент-жастар.
Ал студент-жастарға халық педагогикасының қыры мен сырын, ғылыми негiздерi мен тәлiмдiк мәнiн ғылыми педагогикалық тұрғыда игерудiң теориясы мен әдiстемесiн меңгерту мәселесiмен этнопедагогика пәнi айналысады.
“Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда “халық” терминiнiң орнына “этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – “тайпа”, “ұлыс” (“народность”), “ұлт” ұғымын түгел қамтиды.
Олай болса, “Қазақ” деген терминнiң шығу тегiн, мән-мағынасына көңіл бөлейік. «Қазақ» сөзінің мағынасы неде?“ Қазақ шежiресiнiң” авторы Шәкәрiм Құдайбердiұлы “қазақ” дегеннiң мағынасы “өз алдына ел болып, еркiн жүрген халық” деген сөз деп түсiндiредi.5
Достарыңызбен бөлісу: |