Қоғамдық қол жеткізу орындарын республикалық меншікке беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата04.07.2016
өлшемі13.21 Kb.
#176680
Қоғамдық қол жеткізу орындарын

республикалық меншікке беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесінің 2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № КГИП-7/1257 хатының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бастапқы баланстық құны 14 147 879 (он төрт миллион жүз қырық жеті мың сегіз жүз жетпіс тоғыз) теңге , қалдық құны 5 094 245 (бес миллион тоқсан төрт мың екі жүз қырық бес) теңге құрайтын, 19 қоғамдық қол жеткізу орындары Ақтөбе облысының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК теңгеріміне берілсін.

2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ (С.Еңсегенұлы) және «Ақтөбе облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ (М.Нұртазин) жоғарыда көрсетілген объектілерді келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдау-тапсыруды жүргізсін.

3. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ (С.Еңсегенұлы) осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын және коммуналдық меншік объектілерінің тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін.
Облыс әкімі А. Мұхамбетов
Жобаны енгізуші:

«Ақтөбе облысының



қаржы басқармасы» ММ

бастығы С. Еңсегенұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет