Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалың халықтың көңілінен шыққан «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру» атты мақаласында санамыздың
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалың халықтың көңілінен шыққан «Болашаққа бағдар: ұлттық
жаңғыру» атты мақаласында санамыздың ісімізден озық жүруінің маңыздылығын атап, жүйелі
түрде талдап көрсетті. Халық ассамблеясының 26 сәуірде «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық,
бірлік, келісім» тақырыбымен өткен 25-ші сессиясында 12 сәуірде жарық көрген сол бағдармалық
мақаласын кеңейтіп түсіндірді. Қоғамдық сананы модернизациялау (қазақшалағанда – жаңарту)
мәселесін таратып әңгімеледі. (Модернизацияны мен осылай, жаңару деп аударғанды дұрыс көрем.
Өйткені жаңғыру сөзі, менің ойымша, – ұмыт боп бара жатқан әлдененің қайта түлеуі
(возрождение, ренессанс) ұғымын береді, ал алға қойылып отырған мәселе сананы жаңа сапаға
көтеру жайында болғандықтан, бұл жерде жаңару (обновление, модернизация) сөзін қолданған
дәлірек болар еді).
«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жанжақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б. Мақсаты-мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді
қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық,
педагогикалық әдістемелік білімді,педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең
үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |