Жылумен, электрмен, газбен жабдықтау желілерін және сағатына 100 Гкал дейін қазандықтарды салу және реконструкциялау бойынша жобаларды қаржыландыру басымдылығы тұрғысынан іріктеу критерийлері 1. Әлеуметтік фактор
- халықтың сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етілуі (халықтың санына байланысты), халық көп қамтылатын жоба қаржыландырылады;
2. Заманауи энергия үнемдейтін материалдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану
- нұсқаларды салыстыру арқылы ең сапалы материалдарға басымдық беріледі. Көрсеткіштер бірдей болған жағдайда қазақстандық өндірушіге артықшылық беріледі.
3. Жылу көздері
- жылумен жабдықтау схемасының болуы;
- блокті-модульді қазандықтарды пайдалану;
- өз ресурсы сарқылған қазандықтарды пайдалы әрекет коэффициенті (бұдан әрі – ПӘК) жоғары жаңаларына ауыстыру;
- когенерациялық жүйелерді қолдану;
- химиялық су дайындауды міндетті енгізу;
- калориялылығы кемінде 4 мың ккал көмір қазандықтарын сатып алуды және жеткізуді пайдалану;
4. Жылумен жабдықтау желілері
- қолданыстағы жылу магистральдарын алдын ала оқшауланған құбырларға ғана ауыстыру;
- құбыр жолының мақсаты (магистральдық, орамішілік);
5. Газбен жабдықтау желілері
- құбыр жолының мақсаты (магистральдық, орамішілік);
6. Электрмен жабдықтау желілері
- АОС қолдану;
7. ТКШ бағдарламасында көзделген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу
- жаңғыртылған желілердің ұзақтық индикаторын барынша ұлғайтатын жобаларға басымдық беріледі (желілердің тозу деңгейін төмендету);
8. Ауыспалы жобаларды аяқтау
- облыс бойынша бірінші кезекте ауыспалы жобалар қаржыландырылады;
9. Жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келген жағдайда жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша жобалар
- Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, Парламент депутаттарының сауалдары;
10. Жобаның құны
- өңірлерде қаржылық мүмкіндіктердің жоқ екенін ескере отырып, неғұрлым ірі жобаға басымдық беріледі
Жобаларды таңдаудың балдық жүйесі
№
Өлшем атауы
Ескертпе
Балдар
Критерийлер
1.
Әлеуметтік фактор
Халықтың сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етілуі (халықтың санына байланысты), яғни халық көп қамтылатын жоба қаржыландырылады
Заманауи энергияны үнемдейтін материалдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану
Нұсқаларды салыстыру арқылы ең сапалы материалдарға басымдық беріледі. Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қазақстандық өндірушілерге артықшылық беріледі
1
Сапалы, қазақстандық өндіріс
0,5
Сапалы, импорттық өндіріс
2.1.
Жылумен жабдықтау бойынша:
Қазандықтар
жылумен жабдықтау схемасының болуы;
1
Жылу көздері бойынша барлық жобалар үшін міндетті талаптар, схемасы болмаған жағдайда қаржыландырылмайды
0
Схема жоқ
блокты-модульді қазандықтарды қолдану;
1
жылу жүктемесі сағатына 5 Гкал дейін болған кезде қолданылады
0,5
өз ресурсы сарқылған қазандықтарды ПӘК-і жоғары жаңаларына ауыстыру
қолданыстағы жылу магистральдарын алдын ала оқшауланған құбырларға ғана ауыстыру
1
Алдын ала оқшауланған құбыр
0,5
Алдын ала оқшауланбаған құбыр
құбыр жолының мақсаты
1
Магистральдық орамішілік
0,5
орамішілік
2.2.
Газбен жабдықтау бойынша
-
2.3.
Электрмен жабдықтау бойынша
АОС-ті қолдану
1
АОС-ті қолдану кезінде
3.
ТКШ бағдарламасында көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізу
көрсеткіштерін ең көп ұлғайтатын жобаларға басымдық беріледі
жаңғыртылған желілердің ұзақтығы
жылумен жабдықтау бойынша
1
5 км астам
0,75
2-ден 5 км дейін
0,5
2 км дейін
газбен жабдықтау бойынша
1
15 км астам
0,75
5-тен 15 км дейін
0,5
5 км дейін
электрмен жабдықтау бойынша
1
15 км астам
0,75
5-тен 15 км дейін
0,5
5 км дейін
4.
Ауыспалы жобаларды аяқтау
облыс бойынша бірінші кезекте ауыспалы жобалар қаржыландырылады
1
ауыспалы
0,75
жаңа
5.
Жоғарыда көрсетілген өлшемдерге сәйкес келген жағдайда жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша жобалар
Мемлекет басшысының
1
тапсырмалар болған жағдайда
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Парламент депутаттарының тапсырмалары
0,5
6.
Жобаның құны
Өңірлерде қаржылық мүмкіндіктердің жоқ екенін ескере отырып, неғұрлым ірі жобаға басымдық беріледі
1
2 млрд. теңгеден астам
0,75
500 млрд. теңгеден 2 млрд. теңгеге дейін
0,5
100 млн. теңгеден 500 млн. теңгеге дейін
0 (жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады)
кемінде 100 млн. теңге
Өңірлерді дамытудың
2020 дейінгі бағдарламасына
2-қосымша
Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру тетігі 1. «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үй бөлу рәсімдері және облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің тұрғын үй салуына қойылатын талаптар
«ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу рәсімдері және облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің тұрғын үй салуына қойылатын талаптар.
1. «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттарына қатысушылар мынадай топтарға бөлінеді:
1) I топ: «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) 67-бабы 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдар санаты.
I топқа жататын адамдар санаты ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағытына, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттарына қатысады.
2) II топ: адамдардың барлық санаты, оның ішінде «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша басым санаттар:
мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлері;
әлеуметтік салада мынадай:
косметологиялық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, білім беру саласында қызметтер көрсету;
ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет және өнер (шоу-бизнесті қоспағанда) саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыратын кез келген меншік нысанындағы мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері болып табылады.
ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша басым санаттар белгіленбей, IІ топтағы адамдардың барлық санаты қатысады;
3) III топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағытына қатысатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін адамдар:
кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), сондай-ақ балаларын (баласын) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы.
2. Бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді сату тәсілдері:
1) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы меншікке сатып алу немесе кейін сатып алу құқығымен жалға беру;
2) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кейін сатып алу құқығымен жалға беру;
3) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша меншікті қаражат, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері есебінен меншікке сатып алу үшін немесе жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін сатып алу құқығымен, жалға беру не ұзақ мерзімді сатып алған жағдайда Жылжымайтын мүлік қорының шарттарына сәйкес;
4) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың шарттарына сәйкес кейіннен жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін сатып алу құқығымен жалға беру.
3. ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша қатысуға өтініш берген І топтағы Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
1) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алу үшін қарызға қызмет көрсету жөніндегі немесе кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға алу бойынша жалдау төлемдерін ескере отырып, тұрғын үй жинақтарын жинау бойынша төлем қабілеттілігін растайды;
2) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша кейіннен сатып алу арқылы жалға берілетін тұрғын үй үшін төлем енгізу бойынша төлем қабілеттілігін растайды;
3) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша кейіннен сатып алу арқылы жалға берілетін тұрғын үй төлемін төлеу үшін төлем қабілеттілігін не меншікті немесе қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екенін растайды.
4. «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша қатысуға өтініш берген ІІ және ІІІ топтағы Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығының немесе оралман мәртебесінің болуы;
2) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» және «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағыттары бойынша Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй алуға үміттенген жағдайда, өтінішті берген күніне осы қалаларда соңғы екі және одан да көп жыл тіркеуде болуы;
басқа өңірлер бойынша қатысушы «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты және ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй алуға үміттенген елді мекенде тіркеуде болуы;
басқа өңірлерде ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша қатысушы тұрғын үй алуға үміттенген елді мекенде тіркеуде болу талабы қолданылмайды;
3) Бағдарламаға қатысушыда және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;
4) Бағдарламаға қатысушыда және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;
5) тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алу үшін қарызға қызмет көрсету бойынша немесе жалдау төлемдерін ескере отырып, тұрғын үй жинақтарын жинау/«ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй үшін төлемдер енгізу бойынша төлем қабілеттілігін растау.
Белгіленген талаптарға сәйкес келетін қатысушылар арасында бөлінбеген тұрғын үйлер болған жағдайда, Астана және Алматы қалаларында осы тармақтың 2) тармақшасының және басқа өңірлерде 3), 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмейтін адамдардың «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша Бағдарламаға қатысуына рұқсат етіледі.
5. Бағдарламаға қатысушының негізгі талаптарға сәйкес келуін растау үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне беру үшін нотариалды расталған көшірмесі);
2) неке қию (некені бұзу) туралы құжат, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балаларының туу туралы куәліктері (облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне беру үшін нотариалды расталған көшірмесі);
3) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жылжымайтын мүлкінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекенжай анықтамасы;
5) жұмыс орнынан жалақысы туралы анықтама (қаржы институттарына ұсыну үшін);
6) өтініш берген сәтке Бағдарламаға қатысушының жұмыс орнынан кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе қызметтік тізімінен үзінді көшірмесі бар жұмыс өтілі туралы анықтама («ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағытының II тобы үшін).
І топтағы Бағдарламаға қатысушы, осы тармақтың 1) – 5) тармақшаларында көзделген құжаттардан басқа, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 67-бабының 1-тармағында айқындалған санатқа тиесілігін растау бойынша өзге құжаттарды ұсынады. Осы құжаттар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұсынылады.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 67-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген адамдардың санатына жататын, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша сатып алу-сату тетігі арқылы тұрғын үйді жеке меншікке сатып алатын І топтағы Бағдарламаға қатысушы меншікті және/немесе қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екені туралы өтінішті қосымша ұсынады.
6. «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттарының Бағдарламаға қатысушысының төлем қабілеттілігін бағалау тәртібі:
1) «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағытының Бағдарламаға қатысушылары тұрғын үй сатып алу үшін ҚТҚЖБ ішкі талаптарына сәйкес қарызға қызмет көрсету немесе кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға алу бойынша жалдау төлемдерін ескере отырып, жинақтарды жинау бойынша төлем қабілеттілігін растайды.
«Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысушы алдымен тұрғын үйді сатып алушы ретінде төлем қабілеттілігін растайды, ол төлем қабілеттілік шегін растамаған жағдайда, тұрғын үйді жалдаушы ретінде қаралады.
Жалға берілетін тұрғын үйге үміткер Бағдарламаға қатысушылар отбасының ай сайынғы жиынтық кірісінің (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және басқа да аударымдар шегерілген) болуын мынадай шектерде растайды:
ең төменгі – Астана, Алматы қалалары үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 4 еселенген мөлшері, қалған қалалар үшін – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселенген мөлшері («Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағыты үшін);
ең көп:
ең төменгі күнкөріс деңгейінің 12 еселенген мөлшерінен аспайды («Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты үшін);
ең төменгі күнкөріс деңгейінің 15 еселенген мөлшерінен аспайды («Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты үшін);
2) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» және «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша кейіннен тұрғын үйді сатып алу үшін жалдау төлемдерін енгізу бойынша Бағдарламаға қатысушының төлем қабілеттілігін бағалау осы бағыттардағы Бағдарлама операторларының ішкі талаптарына сәйкес айқындалады, олар құжаттаманы және жалдау төлемдерінің ең жоғары сомасын есептеу бойынша автоматтандырылған бағдарламаны интернет-ресурстарына орналастырады.
Бағдарламаға қатысушылар Бағдарлама операторларының интернет-ресурстарында орналастырылған жалдау төлемдерінің ең жоғары сомасын есептеу бойынша автоматтандырылған бағдарлама арқылы таңдап алынатын пәтер түрі бойынша төлем қабілеттілігіне өз бетінше алдын ала талдау жүргізуге құқылы.
Осы талдауды жүргізу үшін Бағдарламаға қатысушыда отбасының ай сайынғы жиынтық кірісі бойынша (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және басқа да аударымдар шегерілген) мәліметтер болуы қажет.
«ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағытының Бағдарламаға қатысушылары отбасының ай сайынғы ең жоғарғы жиынтық кірісінің (зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және одан басқа да аударымдар шегерілген) болуын мынадай шектерде растайды:
Астана және Алматы қалалары үшін – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 15 еселенген мөлшерінен аспайды;
қалған қалалар үшін – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 12 еселенген мөлшерінен аспайды.
7. Бағдарлама шеңберінде Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша және Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 1 бірлік тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға алуға рұқсат беріледі.
Осы талаптың орындалуын бақылау облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне және Бағдарламаның операторларына жүктеледі.
Бағдарламаға қатысушы жалдау шарттарын жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органда міндетті мемлекеттік тіркеуге тиіс.
Мәжбүрлі соттан тыс тәртіппен немесе соттың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кепілдікке алынған тұрғын үйді сату жағдайларын қоспағанда, Бағдарламаға қатысушының Бағдарлама шеңберінде сатып алынған тұрғын үйді сатып алған күннен бастап екі жыл ішінде сатуына жол берілмейді.
8. Салынып жатқан тұрғын үйді бөлу, сату облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҚТҚЖБ және Жылжымайтын мүлік қоры арқылы жүзеге асырылады:
1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Бағдарламаға қатысушылар үшін:
I топтағы – ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша;
II топтағы – «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша;
ІІI топтағы – ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлуге байланысты іс-шараларды жүргізеді;
2) ҚТҚЖБ «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша II топтағы Бағдарламаға қатысушылар үшін тұрғын үй бөлуді балл беру жүйесі бойынша жүзеге асырады.
Пулдарды қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бөлімінде айқындалады. Пулдарды қалыптастыру, тұрғын үйді бөлу және сатып алу тәртібі ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарында айқындалады;
3) Жылжымайтын мүлік қоры I топтағы тұрғын үйді алуға үміткерлер болмаған жағдайда, Бағдарламаның «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» 5-кіші бөлімі 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тұрғын үйді бөлуге байланысты іс-шараларды жүргізеді.
9. Тұрғын үй мынадай мөлшерде және тәртіппен бөлінеді:
1) «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша:
I топтағы қатысушылар үшін 50 %;
IІ топтағы қатысушылар үшін 50 %.
Топтардың арасында тұрғын үй тепе-тең мөлшерде және бірдей пәтерлер түрімен бөлінеді. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мен ҚТҚЖБ арасында пәтерлерді бөлу тәртібі әрбір құрылыс объектісі бойынша ынтымақтастық туралы тиісті шартта айқындалады. Құрылыс объектісінде пәтер саны тақ болған жағдайда, осы қалдық ҚТҚЖБ-ға бекітіледі.
I топтан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері бөлінбеген пәтерлерді ҚТҚЖБ-ға береді.
ІI топтан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, ҚТҚЖБ бөлінбеген пәтерлерді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне береді.
І және ІІ топтан үміткерлер болмаған жағдайда, ҚТҚЖБ Бағдарламаның «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бөлімінде жазылған тәртіпке сәйкес Астана және Алматы қалалары үшін осы кіші бөлімнің 4-тармағы 2) тармақшасының және басқа өңірлер үшін 3), 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмейтін ҚТҚЖБ салымшылары арасында тұрғын үйлерді бөледі;
2) «ҚИК» ИҰ» АҚ желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша:
I топтағы қатысушылар үшін 70 %;
IІ топтағы қатысушылар үшін 30 %.
Осы бағыттың I тобынан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері осы кіші бөлімде белгіленген тәртіппен тұрғын үйді II топтағы қатысушыларға бөледі;
3) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша I топтағы қатысушылар үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы тұрғын үй сатуға Жылжымайтын мүлік қоры айқындалғаннан 100 %.
Сатып алу-сату тетігі арқылы тұрғын үйді жеке меншікке «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 67-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген адамдар сатып ала алады.
Осы бағыт бойынша I топтан тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, Жылжымайтын мүлік қоры қалған бөлінбеген тұрғын үйді сатуды осы кіші бөлімнің 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырады.
10. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері осы кіші бөлімнің 1 – 7-тармақтарының, 8-тармағы 1) тармақшасының, 9-тармағының талаптарын орындау мақсатында құрылыс аяқталған күнге дейін 6 (алты) ай қалғанда мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) тұрғын үй комиссиясын құрады не қолданыстағы тұрғын үй комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Бағдарламаға қатысу үшін өтініштер қабылдау пункттерінің орнын айқындайды, оларды материалдық-техникалық жарақтандыруды және халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тұрғын үй комиссиясы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қалыптастырылады;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың және ҚТҚЖБ-мен жасалған келісімдердің негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күн туралы хабарландыру жариялайды;
3) Бағдарлама бағыттарын ескере отырып, І, ІІ және ІІІ топтардағы Бағдарламаға қатысушылардан осы кіші бөлімнің 5-тармағына сәйкес Бағдарламаға қатысуға өтініштер және құжаттар қабылдауды жүзеге асырады;
4) пәтерлердің тиісті түріне сәйкес келетін тұрғын үй санына сәйкес мыналарды ескере отырып, іріктеуден өткен Бағдарламаға қатысушылардың алдын ала тізімін қалыптастырады:
ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үй алуға үміткер І топ бойынша: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес қалыптастырылған коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды есепке алудың жеке тізімдерінің кезек тәртібі;
«ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша тұрғын алуға үміткер ІІ топ бойынша: басым санаттар, Бағдарламаға қатысушының жұмыс өтілі (өтініш берген сәтке). Бұл ретте өтініш берген сәтке Бағдарламаға қатысушының жұмыс орны Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй алу болжанып отырған елді мекенде болуға тиіс.
Бағдарламаға қатысушылардың шарттары тең болған кезде тізімге енгізу туралы шешімді тұрғын үй комиссиясы көпшілік дауыспен айқындайды.
«Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үй алуға үміткер ІІІ топ бойынша: ҚТҚЖБ желісі бойынша Бағдарламаның «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» деген 3-бөлімде көзделген балдық жүйе;
5) алдын ала іріктеуден өткен үміткерлердің тізімдерін ҚТҚЖБ-ға, «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа және Жылжымайтын мүлік қорына жолдайды, сондай-ақ тізімге енгізілген Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үй алаңын, оның құнын немесе тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалдау құнын көрсете отырып, төлем қабілеттілігін бағалау үшін тиісті жолдама (бұдан әрі – жолдама) береді.
Бағдарламаға қатысушылар осы жолдамамен ҚТҚЖБ-ға, «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа және Жылжымайтын мүлік қоры айқындаған өзге қаржы институттарына жүгінеді, олар Бағдарламаға қатысушы жолдаманы және құжаттардың толық топтамасын ұсынған сәттен бастап оларды 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды.
Бағдарламаға қатысушылар жолдаманы алған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне ҚТҚЖБ, «ҚИК» ИҰ» АҚ және өзге қаржы институттары берген төлем қабілеттілігін бағалау туралы хабарламаны ұсынуға тиіс.
Бағдарламаға қатысушыға төлем қабілеттілігіне теріс баға берілген, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жолдаманы берген сәттен бастап белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, қалған Бағдарламаға қатысушылардың арасынан басқа Бағдарламаға қатысушыны іріктеу жүргізіледі;
6) таңдалатын пәтерлердің түрлері және тұрғын үйді сатып алу тәсілдері бойынша төлем қабілеттілігін растаған, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың тұрғын үйі» бағыты бойынша тікелей сатып алу арқылы тұрғын үйді сатып алуға дайын екені туралы өтініш білдірген үміткерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, тұрғын үй комиссиясының шешімімен бекітілетін түпкілікті тізімін қалыптастырады.
«Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша үміткерлердің тізіміне енгізген кезде артықшылық тұрғын үйді сатып алушыларға беріледі;
7) іріктелген үміткерлерді хабардар етеді және үміткерлердің бекітілген тізімдерін ҚТҚЖБ-ға, «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа және Жылжымайтын мүлік қорына жібереді;
8) І топтағы үміткерлердің Бағдарламаның бағыттарына байланысты жалдау немесе сатып алу-сату шарттарын жасасу бойынша одан әрі бақылауды жүзеге асырады:
осы бөлімнің 7-тармағының талаптарын орындау мақсатында келісімге сәйкес Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша қалыптастырылған тізімдерімен қоса ұсынылатын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мен ҚТҚЖБ-дан алынған ақпараттың негізінде І топтағы адамдардың Бағдарламаға қатысуына мониторинг жүргізеді;
Бағдарлама бағыттары шеңберінде сатып алу немесе кейін сатып алу құқығымен жалдау арқылы тұрғын үй алған І топтағы Бағдарламаға қатысушыны коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаждардың есебінен алып тастайды.
Бағдарламаға қатысушылармен жалдау шарттарын жасау тәртібі «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» деген 3, «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» деген 4, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» деген 5-бөлімдерде айқындалады.
11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері және Бағдарлама операторлары үміткерлердің қалыптастырылған тізімдерін, іріктеу критерийлерін (өтініштерді есепке алу күні, балдардың болуы, Бағдарламаға қатысушының санаты, осы кіші бөлімнің 4-тармағында көзделген критерийлер) көрсете отырып, бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері және Бағдарлама операторлары өздерінің интернет-ресурстарында тұрғын үйлерді сату, Бағдарламаға қатысушылардың өтініштерін қабылдаған сәттен бастап пәтерлерді бөлу туралы шешім қабылданғанға дейін қарау туралы ақпаратты орналастыру арқылы тұрғын үйлерді бөлу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Халықтың Бағдарламаға қатысуға қызығушылығын арттыру мақсатында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мен Бағдарламаның операторлары бұқаралық ақпарат құралдарында және өздерінің интернет-ресурстарында негізгі бағыттарды кеңінен жариялауды, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді.
12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» және «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағыттары бойынша тұрғын үй салуына қойылатын талаптар.
«Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінде кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша жайлылық деңгейі бойынша 4-сыныпты, «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үй болуға тиіс.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері республикалық бюджет қаражатының есебінен көрсетілген бағыттар бойынша Бағдарламаның шеңберінде тұрғын үйді жобалауды, салуды, реконструкциялауды және (немесе) дайын тұрғын үйді жеке құрылыс салушылардан сатып алуды жүзеге асырады. Тұрғын үй құрылысының құнынан артатын шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.
Бағдарламаның шеңберінде тұрғын үйлердің алаңы 35-тен 75 шаршы метрге дейін болуға тиіс.
«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша жайлылығы 4-сыныпты мемлекеттік жалға берілетін үйдің 1 шаршы метрін салудың және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алудың құны өңірлерде 80 мың теңгеден артық болмайды (инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде) және Астана мен Алматы қалаларында 120 мың теңгеге дейінгі мөлшерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) болады.
«ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй» бағыты бойынша таза әрленген тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін сату бағасы:
1) Астана және Алматы қалаларында жайлылығы 4-сыныпты – 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 110 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), қалған өңірлерде – 90 мың теңге (инженерлік желілердің құнын есептемегенде және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде);
2) Астана және Алматы қалаларында жайлылығы 3-сыныпты – 142,5 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 115 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), қалған өңірлерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде) – 100 мың теңгеге дейін құрайтын болады;
3) Алматы қаласының шекарасына іргелес Алматы облысының аумағында қала құрылысын ерекше реттеу аймағында таза әрленген тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін баға Алматы қаласы бойынша жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйдің бағасы сияқты көзделеді. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағы «Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспары туралы (Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1097 қаулысында айқындалған.
Жоғары сейсмикалық аудандар үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрін салу құнына мынадай түзету коэффициенттері рұқсат етіледі:
1) 10 балл – 1,27;
2) 9 балл – 1,22;
3) 8 балл – 1,16;
4) 7 балл – 1,1.
Тұрғын үй құрылысы ауданының сейсмикалығы «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» Қазақстан Республикасының 2.03-30-2006 ҚНжЕ-ге сәйкес айқындалады.
Өңірлер бойынша пәтердің жалпы алаңының бір шаршы метрінің түпкілікті құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасына (бұдан әрі – ЖСҚ) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады.
Тұрғын үйді реконструкциялау мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының ЖСҚ-сымен белгіленген қаражат шегінде іске асырылады. Тұрғын үйді реконструкциялаған жағдайда пәтердің жалпы алаңының бір шаршы метрінің құны Бағдарлама шеңберіндегі жаңа тұрғын үй құрылысы құнының 60 %-ынан аспауға тиіс.
2015 жылдан бастап құрылыстың құнына инфляция коэффициентін қолдануды ескере отырып, тұрғын үй салуға қаражат бөлу көзделіп отыр.
Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың баға параметрлерін сақтау және тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту мақсатында мердігерлік құрылыс ұйымдарымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарын пайдалануға болады.
Осыған байланысты, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері объектілерді жобалау кезінде жапсарлас салынған сауда және кеңсе алаңдарын және/немесе қосымша қабаттарды көздей алады, олардың құрылысын қаржыландыруды мердігерлік құрылыс ұйымдары өз бетінше жүзеге асырады және кейін сатуға құқылы.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидатын іске асырған кезде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері алаңдарды және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан үй-жайлардың құнын меншікті қаражат есебінен салынып жатқан үй-жайлардан бөле отырып, мемлекеттік сараптаманың қорытындыларын ресімдейді, сондай-ақ конкурстың шарттарында мердігерлік құрылыс ұйымдарының сауда және кеңсе алаңдары, қосымша қабаттар бөлігінде жобалауға арналған шығындарды өтеуін, тұрғын, сауда және кеңсе алаңдарын пайдалануға жеке енгізуін көздейді.
Бұл ретте, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері және мердігер құрылыс ұйымдары бекітілген және келісілген жұмыстар жүргізу кестесіне сәйкес құрылысты қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тұрғын үй салу мақсатында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жер учаскелерін оларға бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тартуды қамтамасыз ете отырып бөледі.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй Мемлекеттік жалға берілетін үйден пәтерлер облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандарға «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.
Жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үй салу және сату тетігінің өзі мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жалға берілетін үйлерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға және салуға, реконструкциялауға және/немесе сатуға бюджет қаражатын бөледі;
2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөледі, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, жалға берілетін үйлерді жобалайды және салады және (немесе) жеке құрылыс салушылардан пәтерлерді (үйлерді) сатып алады, құрылыс жұмыстарының барысына және сапасына бақылау жасайды, салынған тұрғын үйлерді балансқа қабылдайды, жоғарыда көрсетілген санаттардағы азаматтарға пәтерлерді бөледі, жалдау ақысын өндіріп алады;
3) жалдау төлемі түріндегі қаражат бюджетке қайтарылады.
Жалға берілетін (коммуналдық) үйлерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салған кезде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тартуы мүмкін.
Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы құнының өсуіне жол бермеу және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Қазақстанның барлық өңірлері үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік нормативтердің талаптарын ескере отырып, тұрғын үйлердің үлгі жобалары әзірленді. Энергия үнемдеу шараларын қолдану жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйлерді күтіп-ұстауға арналған пайдалану шығыстарын төмендетуге мүмкіндік береді.
3. ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй