Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050»


ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үйлер 2 кіші бағыт бойынша жүзеге асырылады



бет9/11
Дата25.02.2016
өлшемі319.58 Kb.
#22344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үйлер 2 кіші бағыт бойынша жүзеге асырылады:
      1) халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй;
      2) жас отбасыларға арналған тұрғын үй.
      Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің тұрғын үй салу және оны тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сату тетігі мынадай:
      1. Тұрғын үйді жобалау, салу және/немесе дайын тұрғын үйді жеке құрылыс салушылардан сатып алуды және оны тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатуды жүзеге асыру үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне:
      - «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағытын іске асыру бойынша республикалық бюджеттен кредиттер;
      - «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» кіші бағытын іске асыру үшін нысаналы трансферттер беріледі.
      Жоба ӘКК арқылы іске асырылған жағдайда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері кіші бағыттарға байланысты тиісінше тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін ӘКК-ге бюджеттік кредит немесе нысаналы трансферт бөледі.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері мен ҚТҚЖБ-ның:
      - «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу және сату жөніндегі;
      - «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу жөніндегі жобаның шеңберінде ынтымақтастық бойынша ниеттері туралы келісімге қол қоюы.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері және ҚТҚЖБ әрбір құрылыс объектісі бойынша тұрғын үй салу және сату бойынша ынтымақтастық туралы шартқа қол қояды.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері және ҚТҚЖБ тұрғын үйді сатып алу-сату, жалдау шарттарының үлгі нысандарын келіседі.
      3. ҚТҚЖБ ІІ топтағы қатысушылар арасында тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулдарын қалыптастырады және пәтерлерді бөледі, ал облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері І және ІІІ топтағы қатысушылар арасында үміткерлерді қалыптастырады және пәтерлерді бөлуді іске асырады.
      4. Пулға қатысушылардың тұрғын үйді сатып алуы мынадай бағыттар бойынша:
      1) тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін тұрғын үй, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары және меншікті қаражат есебінен;
      2) тұрғын үй қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары мен меншікті қаражат есебінен кейін сатып ала отырып, тұрғын үйді жалдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалдаудың ең ұзақ мерзімі тұрғын үй пайдалануға берілген күннен бастап 8 жылдан артық болмауға тиіс.
      5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің тұрғын үй құрылысын және оның пайдалануға берілуін қамтамасыз етуі.
      6. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің тұрғын үй сатып алатын сатып алушылар пулына қатысушылармен пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасауы немесе тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау мерзімі аяқталған соң тұрғын үйді сатып алуды көздеп отырған пулға қатысушылармен кейіннен сатып ала отырып жалдау шарттарын жасауы.
      Тұрғын үй объектісін пайдалануға енгізгеннен кейін:
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ҚТҚЖБ ұсынған әрбір тұрғын үй объектісі бойынша пулға қатысушылар тізімдерінің негізінде сатып алу-сату (немесе тұрғын үйді жалдау) шарттарын жасайды, Бағдарламаға қатысушының қаражаты есебінен тұрғын үйге меншік құқығын ресімдеу мен тіркеуді қамтамасыз етеді.
      ҚТҚЖБ Бағдарламаға қатысушы қаражаты есебінен кепілдік шартын тіркеуді қамтамасыз етеді.
      7. Бөлінген пәтерлерді сатып алу үшін ҚТҚЖБ-ның пулға қатысушыларға қарыздар беруі.
      ҚТҚЖБ сатып алушылар пулына қатысушылардың қарыздары мен жинақтарының және меншікті қаражатының сомасын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне сатып алынатын пәтер төлемінің есебіне аударуды жүзеге асырады.
      8. «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің бюджеттік кредитті өтеуі.
      9. Құрылыс кезінде «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағытының тұрғын үйлерін сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушылардың өкілі ретінде ҚТҚЖБ тұрғын үйдің әрбір объектісі құрылысының барысын мониторингтеуді жүзеге асырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері салынған тұрғын үй объектісін пайдалануға қабылдауға ҚТҚЖБ-нің қатысуы үшін тұрғын үй құрылыс объектісінің пайдалануға беруге дайын екендігі туралы ҚТҚЖБ-ға жазбаша хабарлайды.
      ҚТҚЖБ-ның «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша жалдаушылар мен сатып алушылар пулын қалыптастыру тәртібі.
      ҚТҚЖБ 1-бөлімнің 8-тармағы 2) тармақшасының, 9, 11-тармақтарының және ішкі құжаттардың талаптарын ескере отырып, ІІ топтағы Бағдарламаға қатысушылар қатарынан тұрғын үй сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен тұрғын үй жалдаушылардың пулдарын қалыптастырады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен жасалған келісімде көрсетілген құрылыстың аяқталған күніне дейін 6 (алты) айдан аспайтын мерзімде пулдарды қалыптастыра отырып, іс-шараларды жүзеге асырады.
      ҚТҚЖБ бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы Бағдарламаның бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күн туралы хабарлама жариялайды.
      Пулдарды қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар:
      1) тұрғын үйді сатып алушылардың және кейін сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылардың пулдары Бағдарламаға қатысу үшін берген өтініштердің негізінде ҚТҚЖБ салымшыларының қатарынан қалыптастырылады;
      2) пулдарды қалыптастырған кезде пулға қосудың басым құқығы төмендегі көрсеткіштер ескеріле отырып, ең жоғары балл жинаған ҚТҚЖБ салымшыларында болады: бағалау көрсеткішінің мәні (көлемі), тұрғын үй құрылыс жинағының ең төменгі қажетті көлемін жинақтау, тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау мерзімі. Балды есептеу өтініш берушілердің пулдарға қатысуға өтініштерін қабылдау аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күніндегі жағдай бойынша жасалады;
      3) балл есептеліп болған соң ҚТҚЖБ Бағдарламаға қатысушының 1-бөлімнің 4-тармағының, 6-тармағы 1) тармақшасының, 7-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді.
      Бағдарламаға қатысушылар 1-бөлімнің 5-тармағына сәйкес құжаттарды, сондай-ақ ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарына сәйкес өзге құжаттарды ұсынады;
      4) пулға қосу үшін басымдық қатысушылар арасында мынадай ретпен айқындалады:
      тұрғын үйді ҚТҚЖБ қарыздары, жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары және меншікті қаражат есебінен алатын сатып алушылар;
      кейін сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдаушылар.
      Осы тармақшада айқындалған топтар ішінде пулдарға қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлу кезінде таңдау басымдығы пулдарды қалыптастыру кезінде жинақталған балл санымен айқындалады.
      ҚТҚЖБ қарыздары, Бағдарламаға қатысушылардың меншікті қаражаты және жинақталған жинақтары сомаларының арақатынасы ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарында айқындалады.
      «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша тұрғын үйді жалдаушыларды іріктеу тәртібі
      Өтініш берушілерді іріктеуді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері балдық жүйе бойынша (балдың ең көп саны бойынша) жүргізеді:
      1) бірінші бала үшін – 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін 30 балл;
      2) мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл;
      3) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде алдағы іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған үміткерлер үшін – қосымша 5 балл;
      4) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл.
      Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу кезектілігі жиналған балл санымен айқындалады. Үміткерлерде балл саны тең болған жағдайда, тізімге енгізу туралы шешімді тұрғын үй комиссиясы көпшілік дауыспен шешеді.
      Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің тұрғын үйді тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы сатып алатын Бағдарламаға қатысушылармен жалдау шарттарын жасасу тәртібі
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері салған және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы сатылатын тұрғын үйді кейін сатып алу құқығымен жалға берудің ерекшелігі:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері:
      «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша ІІІ топтан жүргізілген іріктеудің негізінде;
      «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағыты бойынша І және ІІ топтан жүргізілген іріктеудің негізінде жалдаушылардың тізімдерін қалыптастырады.
      ҚТҚЖБ ІІ топ бойынша жалдаушылар тізімдерін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне жолдайды;
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Бағдарламаға қатысушылармен жалдау шартын жасасады, оның ішінде төмендегілер көзделеді:
      1) «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» кіші бағытының жалдаушылары үшін жалдау төлемін 8 жылдан аспайтын кезеңге нөлдік мөлшерлеме бойынша төлеу;
      2) жалдаушылардың Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері белгілеген, бірақ 8 жылдан аспайтын кезеңге 1 ш.м. үшін 100 теңгеден артық емес жалдау төлемін төлеу;
      3) коммуналдық қызметтерді (электр қуаты, су, жылу) және өзге пайдалану шығыстарын төлеу;
      4) жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу үшін жалдау шарты жасалған күннен бастап 8 жылға дейінгі мерзім ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарналар жинақтау міндеттемесі;
      Салымға жарналарды жинақтау тәртібі тұрғын үй құрылыс жинақ туралы шартта және ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарында айқындалады;
      5) ҚТҚЖБ-дан 3 ай ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарналарды жинақтау бойынша төлемдердің болмауы туралы ақпарат түскен кезде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің жалдаушыны және оның отбасы мүшелерін жалға берілген тұрғын үйден шығару тәртібі.
      Бұл жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жалға алушыны пәтерден шығарады.
      Жалдаушы шарт міндеттерін орындамаған немесе ол ерікті түрде шыққан кезде ҚТҚЖБ облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктеріне оның жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін жалдаушы жинақтаған тұрғын үй құрылыс жинақтарынан және/немесе кепілдік жарнадан өтемақы аударады. Өтемақы сомасы жалдау шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбір ай үшін 8 жыл ішінде жинақ жинақтаудың стандартты талаптарында есептелген салымға ай сайынғы жарна көлемінің бір еселік мөлшерінде есептеледі.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жалдаушыны тұрғын үйден шығару немесе оның шығуы туралы, оның ішінде өтемақыны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне аудару үшін тұрған ай саны туралы ақпаратты ҚТҚЖБ-ға береді;
      6) жалдамалы тұрғын үйде тұру тәртібі мен талаптары және өзге қажетті шарттар.
      Жалдау шартының және/немесе тұрғын үй құрылыс жинақ шартының талаптарын орындамағаны үшін Бағдарламаға қатысушыны жалдамалы тұрғын үйден шығару рәсімін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жүзеге асырады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жасалған тұрғын үйді жалдау шарттарының көшірмелерін банкке береді.
      3. ҚТҚЖБ-ның Бағдарлама қатысушыларымен кейін сатып алу құқығымен тұрғын үй жалдау, жарналар жинақтау бойынша төлемдер жасалмаған жағдайда, жалға алушыдан тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау бойынша 6 еселік ай сайынғы жарна көлемінде кепілді жарна қабылдау талаптарын қамтитын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына қосымша келісімдер жасауы.
      Бағдарламаға қатысушыда кепілдік жарнаның мөлшеріне тең немесе одан асатын мөлшерде жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары сомасы болған кезде кепілдік жарнаны төлеу талап етілмейді.
      4. Жалға алушының пәтерге кіруі, жасалған тұрғын үй құрылыс жинақ шартына сай тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтауды жүзеге асыруы.
      5. Алдыңғы жалдаушы шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе өз еркімен шықпауына байланысты кейінгі жалдаушыны іріктеу 1-бөлімде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жаңа жалға алушы үшін тұрғын үй құнын алдыңғы жалға алушының нақты тұрғаны үшін алынған өтемақы мөлшеріне азайтады.
      6. Тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау мерзімінің аяқталуына және жалдамалы тұрғын үйді сатып алу мақсатында тұрғын үй қарызын алу талаптарына қарай жалдамалы тұрғын үйді сатып алу-сату шарттарын жасасу үшін ҚТҚЖБ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне тізімдер жолдауы.
      7. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Бағдарламаға қатысушылармен сатып алу-сату шарттарын рәсімдеуі және қол қоюы, банктік қарыз және кепіл шарттарын рәсімдеу үшін оларды ҚТҚЖБ-ға беруі.
      8. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, Банктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес 15 жылға дейінгі мерзімге тұрғын үй қарыздарын беру.
      Сатып алынатын жалдамалы тұрғын үй банкке кепілге беріледі.
      Тұрғын үй қарыздарын алу үшін негізгі критерийлер:
      1) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын, қарыздар алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттың талаптарын және ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарын орындау;
      2) ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес қарызға қызмет көрсету үшін төлем қабілеттілігін растау;
      3) сатып алынатын тұрғын үйді немесе сатып алынатын жалдамалы тұрғын үйді ҚТҚЖБ ішкі талаптарына сәйкес кепілге беру.
      Осы схема халықтың қалың топтары үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттырады.
      Тетіктің басты артықшылығы мемлекеттің тұрғын үйді сатып алуды қаржыландыру қажеттілігінің болмауы болып табылады. Тұрғын үйді сатып алу сатып алушылардың жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтары, меншікті қаражат және ҚТҚЖБ беретін тұрғын үй қарыздары есебінен жүргізіледі. Азаматтардың барлық санаттары және жас отбасылар үшін ҚТҚЖБ салымшыларының тарифтік бағдарламасына байланысты тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақылар мөлшерлемелері жылына 4 %-дан бастап 6,5 %-ға дейін құрайды.
      Жалға берілетін тұрғын үйде тұрып жатып 8 жылдан аспайтын мерзім ішінде тұрғын үйді сатып алу үшін қаражат жинақтау мүмкіндігі жалдаушылар үшін күмәнсіз артықшылық болып табылады, бұл ретте жалдау төлемі және коммуналдық қызметтер төленеді, содан кейін 15 жылға дейінгі мерзімге тұрғын үй қарызы алынады.
      Бағдарламаға қатысушыларға қарыздар ұсыну үшін ҚТҚЖБ қаражатын пайдалану
      2011 жылы ҚТҚЖБ жарғылық капиталы 57 млрд. теңге сомаға ұлғайтылып, Үкіметтің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 672 қаулысымен мынадай бағыттарға қайта бөлінеді:
      1) ЕДБ-да шартты депозиттер орналастыруға – 6,0 млрд. теңге;
      2) 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың жылдық 4 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй сатып алуы үшін алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беруге – 26,0 млрд. теңге;
      3) алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге – 25 млрд. теңге.
      Сондай-ақ, 2012 жылы ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» кіші бағытының Бағдарламаға қатысушыларына алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін ҚТҚЖБ-ге 12,2 млрд. теңге сомасында бюджеттік кредит бөлінді.
      4. «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі
      Тұрғын үй салуды «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы («ҚИК» ИҰ» АҚ) жүзеге асырады – 2030 жылға дейін сату мерзімімен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу.
      «ҚИК» ИҰ» АҚ сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салу (бұдан әрі – сатып алу құқығымен жалдау) және сату тетігі
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттер бөледі;
      2) 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейін республикалық қаражат есебінен 65,786 млрд. теңге мөлшерінде «ҚИК» ИҰ» АҚ-ты капиталдандыруды жүзеге асырады;
      3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа облигация шығару үшін 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін 56,504 млрд. теңге мөлшерінде мемлекеттік кепілдік береді.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері:
      1) «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың меншігіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы салынған және абаттандырылған, сондай-ақ қайтадан қолдану үшін ЖСҚ-сы бар жалға берілетін тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін береді;
      2) тұрғын үй жалға берілуі мүмкін Бағдарламаға қатысушыларды іріктейді және олардың есебін жүргізеді.
      3. «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тәуелді және еншілес ұйымдар құруы және олармен өзара іс-қимыл жасауы.
      Бағдарламаның шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында «ҚИК» ИҰ» АҚ қолданыстағы құрылымдық бөлімшенің базасында төлемдерді автоматтандыру және жүйелендіру жөніндегі компанияны (бұдан әрі – еншілес ұйым) құрады, оған әлеуетті жалға алушылармен жұмыс, жалдау және коммуналдық (пайдалану) шарттарын жасау, жалдау, коммуналдық (пайдалану) төлемдерін және ипотека бойынша ағымдағы операцияларға қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді жүйелендіру, сондай-ақ ақша ағымдарының толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету бойынша функциялар берілетін болады.
      Еншілес ұйым өз кезегінде қажетті тендерлерді ұйымдастыру және өткізу, құрылыстың барлық кезеңдерінде техникалық қадағалау, жалға берілетін тұрғын үйді қабылдау және іске қосу, ал олар аяқталғаннан кейін «ҚИК» ИҰ» АҚ-қа тапсыруды қамтамасыз ету функциялары бар «Қазақстан тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – тәуелді ұйым) құрды.
      Келешекте, «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың құрылымынан осы еншілес/тәуелді ұйымдарды, оны ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде шығару көзделіп отыр.
      Бұл ретте «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың және оның еншілес/тәуелді ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынас жеке келісімдердің, оның ішінде мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарының негізінде қамтамасыз етіледі. Еншілес/тәуелді ұйымдар шеккен шығындардың жалпы сомасы Бағдарламада көзделген сомалардың шегінде жалға берілетін тұрғын үйдің өзіндік құнына жатқызылады.
      «ҚИК» ИҰ» АҚ» және/немесе оның еншілес/тәуелді ұйымдары сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салған кезде:
      1) ЖСҚ-ны әзірлеуге және оның мемлекеттік сараптамасын жүргізуге тендер өткізеді;
      2) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымдарын (бұдан әрі – мердігер) айқындауға тендер өткізеді;
      3) өткізілген тендерлердің қорытындылары бойынша жалға берілетін тұрғын үй салуға мердігерлермен тиісті шарттар жасасады;
      4) мердігерлердің есебінен транш түрінде қаражат бөлу арқылы жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын қаржыландырады;
      5) жалға берілетін тұрғын үй құрылысының барысын және кезеңдерін бақылайды;
      6) Бағдарламаны іске асыру барысында пайда болатын өзге іс-шараларды жүзеге асырады.
      Бағдарламаның шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін құрылысы аяқталмаған тұрғын үй құрылыс объектілерін, салынған және пайдалануға берілмеген тұрғын үй құрылыс объектілерін, салынған және пайдалануға берілген (дайын) тұрғын үйді (бұдан әрі – сатып алынатын объектілер) әрі қарай сатып алу құқығымен жалға беру үшін үшінші тұлғалардан ала алады (сатып ала алады). Сатып алынатын объектілер жайлылығы 3 және/немесе 4-сыныпқа сәйкес келуге тиіс.
      ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оған тәуелді ұйым Бағдарламаны іске асыру мақсатында жеке инвесторлармен бірлесіп, Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін тұрғын үйдің құрылысына (құрылысы аяқталмаған құрылысты қоса қаржыландыруға) қатыса алады.
      «ҚИК» ИҰ» АҚ және/немесе оның еншілес/тәуелді ұйымдары объектілерді жобалау кезінде жапсарлас салынған коммерциялық алаңдар мен қосымша қабаттарды көздей алады. Бұл ретте тұрғын бөлікке және коммерциялық алаңдарға мемлекеттік сараптаманың жеке қорытындыларын алады, конкурстың шарттарында коммерциялық алаңдар немесе қосымша қабаттар бөлігінде жобалауға арналған шығындарды мердігерлік ұйымның өтеуін, тұрғын және коммерциялық аудандарды пайдалануға жеке енгізуді көздейді. Коммерциялық алаңдар мен қосымша қабаттардың құрылысын қаржыландыруды мердігер/инвестор дербес жүргізеді.
      4. Тұрғын үй құрылысының құны тұрғын үйлердің ЖСҚ-сына Мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысының негізінде айқындалатын болады.
      5. Құрылыс аяқталғаннан кейін құрылыс объектілерін пайдалануға беру және құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      6. «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы аяқталғаннан кейін құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдауды/беруді және құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеуді белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.
      7. Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй алаңы 35-тен 75 шаршы метрге дейін болуға тиіс.
      «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың тұрғын үй сату тәртібі
      1. Осы бағыт бойынша Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу тәртібі 1-бөлімге сәйкес жүзеге асырылады.
      2. «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жалға берілетін тұрғын үйді бөлгеннен кейін және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Бағдарламаға қатысушылар – әлеуетті жалдаушылардың бекітілген тізімдерін ұсынғаннан кейін олармен сатып алу құқығы бар, оның ішінде ай сайынғы жалдау төлемдерінің қалған сомасына тең келетін қалдық құны бойынша 10 жыл жалдау мерзімі өткеннен кейін мерзімінен бұрын сатып алу құқығы бар жалдау шарттарын мемлекеттік тіркеуге байланысты тиісті іс-шараларды жүргізе отырып, жалдау шарттарын жасайды.
      3. «ҚИК» ИҰ» АҚ және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдары:
      1) ай сайынғы жалдау төлемдерін қабылдауды және оларға мониторингті жүзеге асырады;
      2) жалдаушы жалға алу шарты бойынша өз міндеттемелерін орындаған жағдайда жалға берілетін тұрғын үйді оның меншігіне береді.
      4. Бағдарламаға қатысушылар:
      1) төлем қабілеттілігін растағаннан кейін әлеуетті жалдаушылардың тізіміне енгізу кезінде «ҚИК» ИҰ» АҚ-мен және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдарымен сатып алу құқығы бар тұрғын үйді жалдау шарттарын жасасады;
      2) 6 айлық жалдау төлемінің мөлшеріне тең келетін бастапқы кепілдік жарнаны енгізуді қамтамасыз етеді;
      3) «ҚИНКҚ» АҚ-ты немесе сақтандыру ұйымдарын тарта отырып, жалдау сомасын төлемеу тәуекелін сақтандыруды қамтамасыз етеді.
      5. Сатып алу құқығымен жалдау мынадай негізгі шарттарды көздейді:
      1) сатып алу құқығы бар жалдау шартының мерзімі 15 жылды құрайды. Кіріс жеткіліксіз болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жасы жиырма тоғызға толмаған, кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар үшін сатып алу құқығы бар жалдау шартының мерзімі 15 жылдан 30 жылға дейін болуы мүмкін;
      2) қоныстанған кезде ең аз бастапқы жарна 6 айлық жалдау төлемінің мөлшерінде;
      3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың және (немесе) оның еншілес/тәуелді ұйымдарының келісімімен сатып алу құқығы бар жалға алу құқығын үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі;
      4) ағымдағы қаржылық жағдайға байланысты үлкен/шағын алаңы бар жалға берілетін тұрғын үйге қоныстану мүмкіндігі;
      5) ай сайынғы жалдау төлемдерінің қалған сомасына тең келетін қалдық құны бойынша 10 жыл жалдау мерзімі өткеннен кейін жалға берілген тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;
      6) кірісі жеткілікті болмаған жағдайда қосымша жалдаушыларды тарту мүмкіндігі.
      Сатып алу құқығымен жалдау шартын қолдану кезеңінде жалға берілетін тұрғын үй бойынша коммуналдық және пайдалану қызметтерін төлеуді белгіленген тарифтер бойынша жалдаушылар жүргізеді.
      6. Жалға берілетін тұрғын үйдің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін сату бағасы мынаны құрайтын болады:
      1) Астана және Алматы қалаларында жайлылығы 4-сыныпты үйлер 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 115 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), қалған өңірлерде – 110 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде);
      2) Астана және Алматы қалаларында жайлылығы 3-сыныпты үйлер – 140 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), Атырау, Өскемен және Ақтау қалаларында – 125 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын есептемегенде), қалған өңірлерде – 120 мың теңгеге дейін (инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын есептемегенде) құрайтын болады;
      3) Алматы қаласының шекарасына іргелес Алматы облысының аумағында қала құрылысын ерекше реттеу аймағында таза әрленген тұрғын үйдің бір шаршы метрі үшін баға Алматы қаласы бойынша жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйдің бағасы сияқты көзделеді. Қала құрылысын ерекше реттеу аймағы «Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспары туралы (Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1097 қаулысымен айқындалған.
      Жоғары сейсмикалық аудандар үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрін салу құнына:
      1) 10 балл – 1,27;
      2) 9 балл – 1,22;
      3) 8 балл – 1,16;
      4) 7 балл – 1,1 түзету коэффициенттері рұқсат етіледі.
      Тұрғын үй құрылысы ауданының сейсмикалығы «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» Қазақстан Республикасының ҚНжЕ-ге 2.03-30-2006 сәйкес айқындалады.
      2015 жылдан бастап жалға берілетін тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу құны жылдар бойынша инфляцияның коэффициентіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
      «ҚИК» ИҰ» АҚ-ты капиталдандыру тетігі
      1. «ҚИК» ИҰ» АҚ инвесторлардың шектелмеген тобының арасындағы сыртқы және ішкі қор нарығында қамтамасыз етілген облигацияларды, оның ішінде мемлекеттік кепілдігі бар, секьюритилендірілген облигацияларды орналастыру арқылы жеке инвестицияларды, халықаралық қаржы институттарының қарыздарын және исламдық қаржыландыру құралдарын тартады. 2015 – 2030 жылдар аралығында жалпы сомасы 1 080,456 млрд. теңге, оның ішінде: 2015 – 2020 жылдары – 318,452 млрд. теңге және 2021 – 2030 жылдары – 762,004 млрд. теңге болатын жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың 2021 – 2030 жылдарға арналған сатып алу құқығы бар әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының тетігін әрі қарай іске асыру үшін іс-шаралар қабылдайды, олар:
      1) 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейін республикалық бюджеттің есебінен 167,160 млрд. теңге мөлшерінде «ҚИК» ИҰ» АҚ-ты капиталдандыруға;
      2) 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейін облигация шығару үшін 87,655 млрд. теңге көлемінде «ҚИК» ИҰ» АҚ-ға мемлекеттік кепілдік беруге байланысты.
      3. «ҚИК» ИҰ» АҚ-тың жарғылық капиталын толықтыру және жеке инвестицияларды тарту арқылы 2015 – 2030 жылдары Бағдарламаның аталған тетігіне қаржылық салымдардың жалпы сомасы 994,950 млрд. теңгені, оның ішінде 2015 – 2020 жылдары – 65,786 млрд. теңгені, 2021 – 2030 жылдары – 929,164 млрд. теңгені құрайды.
      5. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-тың тұрғын үйі
      Осы бағыт бойынша тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-тың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты пайдаланылатын болады.
      Тұрғын үй объектілерін салу тетіктері:
      1. Жеке құрылыс салушылардың (инвесторлардың) инвестициялық өтінімдері бойынша құрылысты ұйымдастыру.
      Жылжымайтын мүлік қоры ішкі рәсімдерге сәйкес жеке құрылыс салушылар (инвесторлар) ұсынған тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі жобаларды (бұдан әрі – жобалар) іріктейді және қарайды.
      Жобалар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) ауыртпалықтан бос, жергілікті атқарушы органдардың инфрақұрылымды дамыту жоспарларына сәйкес тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз ету жоспарланған жер учаскесінің болуы;
      2) мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар ЖСҚ-ның болуы;
      3) тұрғын үйдің жайлылық сыныбы – «Тұрғын үй ғимараттары» Қазақстан Республикасының ҚНжЕ 3.02-43-2007 бойынша 3-сыныптан жоғары емес. Жылжымайтын мүлік қорының бір пәтерінің жалпы ауданы 120 шаршы метрден және бір пәтерлі аз қабатты үйдің (коттедждің) жалпы ауданы 200 шаршы метрден аспауға, Қазақстан Республикасының ҚНжЕ талаптарына сәйкес коммерциялық үй-жайлар және машина орындары болуға тиіс. Тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салудың базалық құны 2012 жылғы бағада Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары мен қала маңы аймақтарында 150 000 теңгеден, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде – 120 000 теңгеден аспауы тиіс. Одан арғы жылдары тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құны құрылыстағы баға индексінің өзгеруі ескеріле отырып түзетілетін болады;
      4) құрылыс салушының (инвестордың) жобаға қатысу үлесі жер учаскесін (кадастрлық құны бойынша) сатып алуға, ЖСҚ әзірлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге жұмсалған шығындарды және/немесе объектінің құрылысы аяқталғанға дейінгі мерзімге берілген тиісті кепілдіктермен не қаржыландырудың расталған көздерімен қамтамасыз етілген ақшалай қаражатты және/немесе жобаны Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен іске асыру басталған сәтке дейін объектіде орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі бойынша жасалған техникалық аудит қорытындысымен расталған аяқталмаған құрылысты қоса алғанда, жоба құнының 20 %-ынан кем болмауға тиіс.
      Іріктеу кезінде құрылыс салушының (инвестордың) қаржыландырудағы үлесі көбірек болған жобаларға басымдық беріледі.
      2. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің жер учаскелерінде Жылжымайтын мүлік қорының жобаларды іске асыруы.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Жылжымайтын мүлік қорына тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз ету жоспарланған жер учаскелерін берген жағдайда, Жылжымайтын мүлік қоры жобаларды іске асыруға қатысу үшін құрылыс компанияларын (инвесторларды) тарта отырып, осы бөлімнің 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй салуды ұйымдастырады. Бұл ретте, Жылжымайтын мүлік қоры құрылыс компанияларын инвесторлар және/немесе жоба бойынша бас мердігерлер ретінде тартуы мүмкін.
      3. Жобаларды нысаналы депозит арқылы іске асыру.
      Құрылысты қаржыландыру үшін Жылжымайтын мүлік қоры нысаналы жедел банк салымдары туралы шарттар жасасу арқылы екінші деңгейдегі банктерге нысаналы депозиттер орналастырады, осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктер нысаналы салымның қаражаты есебінен тұрғын үй объектілерін салу үшін құрылыс салушыларға кредит беруді жүзеге асырады.
      Нысаналы депозиттің сомасын өтеу есебінен Жылжымайтын мүлік қорының меншігіне берілетін тұрғын үй осы бөлімнің 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
      Жылжымайтын мүлік қорының екінші деңгейдегі банктерге нысаналы депозиттер орналастыру шарттары мен тәртібі Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттамасына сәйкес регламенттеледі.
      3-1. Жылжымайтын мүлік қорының салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінен осы бөлімнің 1-тармағының 1-3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуды жүзеге асыруға құқығы бар.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін қажетті сыртқы инженерлік желілермен және сыртқы көше-жол инфрақұрылымымен қамтамасыз етеді.
      5. Құрылыс аяқталып, объектілер пайдалануға берілгеннен кейін үй-жайлар жобаға қатысу үлесіне сәйкес бөлінеді.
      Сонымен бірге, құрылыс салушыға (инвесторға) Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландырған коммерциялық үй-жайлар мен машина орындарын еркін бағамен, бірақ жалпы алаңның 50 %-ынан аспайтындай етіп өткізу құқығы берілуі мүмкін, бұл ретте Жылжымайтын мүлік қорына үй-жайдың құны және тиісті шарт жасалған кездегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың қолданыстағы мөлшерлемесінен кем болмайтын мөлшерде сыйақы төленеді.
      Жылжымайтын мүлік қоры салынған инвестицияның сақталуы мен қайтарымдылығы қағидаттарын басшылыққа ала отырып, объекті құрылысының барысына тұрақты мониторингті жүзеге асырады.
      6. Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерді және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды сатуы жалға беру, сатып алу құқығымен жалға беру және тікелей сату арқылы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы сату:
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісімге қол қою;
      Жылжымайтын мүлік қорының ішкі құжаттарына сәйкес сату бойынша сипаттамалары (саны мен алаңы, әр ай сайын жалдау төлемдерінің мөлшерлері немесе сату бағасы, сондай-ақ пәтерлердің әрбір түрі бойынша сату тәсілі) туралы ақпараты бар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы сату айқындалған тұрғын үй-жайлар тізімдерін құрылыс аяқталатын күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне жолдау;
      тиісті қаржы институттарына Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларында айқындалатын жалдау төлемдерінің ең жоғары сомасын есептеу әдістемесін жолдау;
      1-бөлімде көзделген мерзімдер мен тәртіпте Бағдарламаның іріктелген үміткерлерінің бекітілген тізімдерін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінен алу;
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ұсынған тізімдердегі реттік нөмірімен анықталған кезекке сәйкес үміткерлерге пәтер таңдау мүмкіндігін, оның ішінде үлестес компаниялардың ұсынуы, оларға тұрғын үйлерді бекіту және олардың шарттары Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларында айқындалатын сатып алу құқығымен жалдау немесе сатып алу-сату шарттарын жасасу.
      2) Жылжымайтын мүлік қоры (үлестес компания) тұрғын үй-жайларды бөлуде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері пулынан жеке тұлғаға:
      ай сайынғы жалдау төлемдері үшін төлем қабілеттілігі жетіспеген;
      сатып алу құқығымен жалдау шартын жасасқан кезде кепілді жарнаның қажетті сомасын немесе сатып алу-сату шартын жасау үшін қажетті қаражат сомасын төлемеген;
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері тізімі бекітілген күннен бастап күнтізбелік 40 (қырық) күн мерзімде талап етілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда бас тартуға құқылы.
      Жылжымайтын мүлік қоры облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне сатып алу-сату немесе кейін сатып алу құқығымен жалдау шарттарын жасасудан бас тартылған адамдар туралы тиісті ақпаратты жолдайды;
      3) Жылжымайтын мүлік қорының облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері арқылы сатуға белгіленбеген тұрғын үйі, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес бөлінбеген және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайлары Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларына сәйкес сатуға жатады.
      Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тұрғын үйі жоқ немесе тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж адамдарға басым құқық беру қағидаты сақтала отырып жүргізіледі.
      Жылжымайтын мүлік қоры (Жылжымайтын мүлік қорының үлестес компаниясы) мен жалдаушының арасында сатып алу құқығымен жалдау шарты жасалады. Бұл ретте сатып алу құқығымен жалдау шартында жалдаушының үй-жайды мерзімінен бұрын жеке меншігіне сатып алу құқығы көзделуі мүмкін.
      Жеке тұлғалар өздерінің тұрғын үйді сатып алу, оның ішінде сатып алу құқығымен жалдау шартындағы құқығын бір реттен асырмай қолдана алады.
      Жылжымайтын мүлік қорының сатып алу құқығымен тұрғын үй-жайларды өткізуі 15 жылға дейін жүзеге асырылады. Жалдау ақысының мөлшері құрылысты қаржыландыруға бөлінген қаражаттың қайтарылу және Жылжымайтын мүлік қорының қаржылық тұрақтылығы қағидаттары негізге алына отырып айқындалады. Пәтердің (үй-жайдың) жалпы алаңының 1 шаршы метрін тікелей сатудың базалық құны Жылжымайтын мүлік қоры өткізетін алғашқы жылы Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында және қала маңы аймақтарында 180 мың теңгеден аспайды, Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде 144 мың теңгеден аспайды. Одан кейінгі жылдары тікелей сатудың құны тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құнының өзгеруі ескеріле отырып нақтыланатын болады.
      Жалдаушы сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдау шарты бойынша өзінің міндеттемелерін толық орындағаннан кейін Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй-жайды жалдаушының жеке меншігіне беретін болады.
      6. Авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй
      Осы Бағдарламаның шеңберінде Астана қаласында авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыру көзделген.
      Астана қаласы бойынша пилоттық жобаның жалпы сипаттамасы
      Аталған бағытты әзірлеу кезінде авариялық және тозған тұрғын үйді бұза отырып, әлеуметтік тұрғын үй салуға негізделген «ТОКІ» мемлекеттік кәсіпорнының қатысуымен қалалық ортаны жаңарту бағдарламасын іске асыру бойынша Анкара қаласының тәжірибесі қолданылды.
      Астана қаласының қалыптасқан бөлігін реконструкциялаудың пилоттық жобасы мемлекеттік инвестицияларды қайтару және авариялық тұрғын үйді бұзу қағидаттары негізінде Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы тұрғын үй салуды ұйымдастыруды, қаланың «ескі орамдарын» кешенді реконструкциялауды көздейді.
      Астана қаласының қалыптасқан бөлігінде алаңы 588 мың шаршы метр 2978 үй немесе 11264 пәтер реконструкциялауды және бұзуды талап етеді, олар реконструкцияланатын 42 ауданға, 315,6 га аумаққа бөлінген. Оның:
      1) 5-қабатты – 66 үй;
      2) 4-қабатты – 13 үй;
      3) 3-қабатты – 19 үй;
      4) 2-қабатты – 174 үй;
      5) 1-қабатты (барак) – 127 үй;
      6) усадьбалық типтегі үйлер – 2579 үй.
      Бұзылатын тұрғын үйдің орнына жобаланып жатқан тұрғын үй алаңы 3,1 млн. шаршы метрді құрайды.
      Пилоттық жобаның шеңберінде жобаны қайта қаржыландыру және қарыз қаражатын бюджетке қайтару үшін жылжымайтын мүлік нарығында сату үшін жайлылығы 3-4-сыныптағы тұрғын үй және элиталық және бизнес сыныпты кеңсе үй-жайлары мен паркингтері бар коммерциялық тұрғын үй салу көзделіп отыр.
      Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құны тұрғын үйлердің ЖСҚ-сына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады.
      Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрін сату құны 192 400 теңгеден төмен емес көзделетін болады, бұл ретте сату бағасы салынып жатқан тұрғын үйдің жайлылық деңгейіне және сатылатын сәтте жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасқан конъюктурасына байланысты болады.
      Астананың «ескі» орамдарын реконструкциялаудың ұсынылып отырған тетігі мемлекет тұрғын үй салу үшін бөлген қаражатты қайтаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, құрылыс индустриясын дамытуға қарқын, жалпы тұрғын үй құрылысын дамытуда күшті мультипликативтік әсер береді. Осының бәрі нәтижесінде халықтың қалың топтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етеді.
      Осы шаралар тұрғын үйді қолжетімді жасауға мүмкіндік береді, қаланың сәулеттік келбетін жақсартады, астананың сол және оң жағалауы арасындағы айырмашылықты азайтуға мүмкіндік береді.
      Пилоттық жобаны іске асыру:
      1) авариялық тұрғын үйді бұзу жөнінде іс-шаралар орындауды – 2017 жылдың соңына қарай алаңы 150,0 мың м2 228 авариялық үйді бұзу және 3519 отбасының Астана қаласында жайлы жағдайда тұруын қамтамасыз ету жоспарланып отыр;
      2) коммерциялық тұрғын үйді сатудан қаражатты қайта қаржыландыру арқылы авариялық тұрғын үйді бұзу және тұрғын үй салу жөніндегі жергілікті атқарушы органнан авариялық үй құрылыстарының иелерін көшіру үшін бюджеттік ауыртпашылық алуды;
      3) жобаның коммерциялық бағыты есебінен 2021 жылдан бастап бюджетке 40,0 млрд. теңге сомасындағы қарыз қайтаруды;
      4) кредиттік қаражатты қайтарғаннан кейін уәкілетті ұйымның мемлекеттік тұрғын үй қорын 10 %-ы мемлекеттік қорға, 90 %-ы сатуға деген арақатынаста толтыру үшін тұрғын үй құрылысын салуды жалғастыруды;
      5) астананың дәрежесіне сәйкес келетін сәулеттің заманауи келбетін жасай отырып, астананың «ескі» орамдарын кешенді реконструкциялауды қамтамасыз етеді.
      Астана қаласы бойынша пилоттық жобаны қаржыландыру көздері мен көлемдері
      2013 – 2014 жылдары «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен Астана қаласының уәкілетті ұйымы үшін 40 млрд. теңге бөлінді.
      Кейін жобаны басқа көздер есебінен – жеке инвестициялар тарту, ЕДБ қарыздары, уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын толтыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен нысаналы трансферттер, коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатудан түскен кіріс және жобаны іске асыру барысында тиісті қызметтер көрсету есебінен қаржыландыру жоспарланып отыр.
      Авариялық тұрғын үйді бұзу және азаматтарды көшіру тетігін іске асыру
      Астана қаласының әкімдігі:
      1) Астана қаласының қалалық ортасын реконструкциялау жобасын, авариялық тұрғын үйді бұзуды және тұрғын үй қорын салуды іске асыру үшін уәкілетті ұйымды құрады;
      2) үй құрылыстарын комиссиямен тексеріп қарауды жүргізеді, оның нәтижелері бойынша олардың табиғи тозуын көрсете отырып және тұрғын үйді авариялық деп тану үшін негіздерді белгілей отырып, техникалық тексеріп қараудың актілері жасалады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай шеңберінде жер учаскелерін алып қояды және босатады;
      4) реконструкциялау аудандарын белгілейді, құрылысты жүзеге асыру үшін жер учаскелерін бөледі;
      5) магистральдық инженерлік желілердің құрылысын қамтамасыз етеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданыстағы және кейін уәкілетті ұйым коммуналдық тұрғын үй қорынан берген үлестер есебінен авариялық үй құрылыстарының иелерін тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      7) авариялық тұрғын үйлерде тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне реквизицияланатын мүліктің құнын өтеуді ұйымдастырады. Авариялық тұрғын үйде орналасқан тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі келіскен жағдайда, реквизицияланатын мүлік үшін өтемақы Бағдарламаның осы бағыты бойынша салынып жатқан объектілердегі тұрғын емес үй-жайлардың алаңы бойынша барабар көлемде тұрғын емес үй-жайлар беру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
      2. Уәкілетті ұйым (Астана қаласы әкімдігі 100 % қатысатын):
      1) тұрғын үйлерді жобалайды және салуды жүзеге асырады;
      2) салынған тұрғын үйдің бөлігін нарықта сатады;
      3) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатудан түскен табыстарды қайта инвестициялау арқылы одан кейінгі құрылысты ұйымдастырады.
      7. ЖТҚ салу
      Қазақстанда тұрғын үй құрылысының жалпы көлеміндегі негізгі үлесті (50 % – 60 %-ға дейін) жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) алады.
      ЖТҚ-ны ынталандыру үшін мыналарды көздеу қажет:
      1) аз қабатты тұрғын үйлер салудың үлгі жобаларын тарату бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің қызметін ұйымдастыру. Осы жобалар азаматтарға тегін берілуі тиіс;
      2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ЖТҚ-ға арналған алаңдарды бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес алаптармен бөлуге тиіс;
      3) ЖТҚ-ға бөлінген алаптар тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиіс;
      4) облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің азаматтарға жер учаскелерін заңнамада белгіленген тәртіппен беруі.
      8. Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу
      Салынып жатқан тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру мақсатында тұрғын үй құрылысы салынатын аудандар жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың, телефондандырудың инженерлік желілерін, су бұруды (кәрізді), инженерлік құрылыстарды, орамішілік жолдар мен өтетін жерлерді, тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардағы көшелерді, аулаішілік аумақтарды абаттандыруды қамтитын тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен (бұдан әрі – ИКИ) қамтамасыз етілуі қажет.
      ИКИ-ді жобалау, дамыту және салу, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардан ИКИ-ді сатып алу (аулаішілік аумақтарды абаттандырусыз) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып, республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      Бұл ретте жеке құрылыс салушылар құрылыстың сметалық құны бойынша мемлекеттік сараптаманың тиісті оң қорытындысын алуға тиіс.
      9. Серіктес қалаларда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу
      Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 260 қаулысымен «Алатау» АҚ құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2011 жылғы 22 желтоқсандағы куәлік). «Алатау» АҚ Алматы облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, оның ішінде «G4 City» төрт серіктес қаланы және «Алтын сай» серіктес қаланы жобалау және салу мәселелері жөніндегі уәкілетті ұйым болып айқындалады.
      Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу жобаларын қаржыландыру Алматы облысының уәкілетті ұйымы «Алатау» АҚ-ты капиталдандыру арқылы жүзеге асырылады.
      10. Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырудың басқа бағыттары
      Тұрғын үйдің қолжетімділігі деңгейін арттыру және тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау жөніндегі жоғарыда көрсетілген іс-шаралармен қатар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері тұрғын үй проблемасын дербес шешетін азаматтардың бастамаларына жәрдем жасауы керек. Осы бағытта тәуекел деңгейі үлестік құрылысына қарағанда мейлінше төмен тұрғын үй құрылыс кооперативтері өздерін оң жағынан танытты. Мемлекеттің меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін құрылыс үшін бөлу ТҚК құрудың міндетті шарты болуға тиіс. Бұл ретте құрылыс салынатын учаскеге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері қажетті инженерлік желілер және коммуникациялар жүргізуге тиіс. ТҚК-тың меншігіне жер учаскесін ресімдеу тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс.
      11. Жер ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
      Тұрғын үй құрылысына бөлінген, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің болуы тұрғын үйдің қолжетімділігін құрайтын элементтердің бірі болып табылады.
      Осы мақсат үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері:
      1) жаппай құрылыс салуға жарамды жер учаскелеріне тексеру жүргізуге;
      2) бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес жаппай тұрғын үйлер салынатын басым аудандарды айқындауға;
      3) жер учаскелерін дайындау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізуге;
      4) бос жер учаскелерінің болуы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
      5) құрылыс салушыға жер учаскелерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес беруге тиіс.
      Құрылысқа бөлінген алаптар тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиіс.
      12. Құрылыс индустриясын және индустриялық үй құрылысын дамыту жөніндегі шаралар туралы
      Құрылыс материалдарының өнеркәсібі экономиканың ірі құрамдас бөлігі болып табылады және құрылыс үшін материалдық негіз бола отырып, экономиканың басқа салаларындағы өсу қарқынына және тұтастай алғанда қоғамның әлеуметтік жағдайына айтарлықтай әсер етеді.
      Құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі бағдарламада жиналмалы-қаңқалы үй құрылысынан басқа тұрғын үй құрылысының мерзімдерін қысқарту және құнын төмендету мақсатында басымдық ретінде ірі панельді үй құрылысын дамыту көзделген.
      Өңірлерде мемлекеттің қаражаты есебінен тұрғын үйлерді іске қосу көлемдерін негізге ала отырып, осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде үй салу комбинаттарының оңтайлы саны, өте тиімді технология, өндірістің қуаты, қаржыландыру схемасы мен құрылымы, оның ішінде «Өнімділік 2020» бағдарламасының құралдары немесе ӘКК-тің жарғылық капиталына кіру есебінен қаржыландыру айқындалатын болады.
Өңірлерді дамытудың  
2020 дейінгі бағдарламасына
3-қосымша      

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет