Ғылыми жетекші: Жексенова Б. О



бет1/7
Дата25.03.2022
өлшемі50.48 Kb.
#456466
  1   2   3   4   5   6   7
Айзада курсовой (1)


Қазақстан Республиасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Пән: Педагогика


Тақырыбы: «Қазіргі қоғамдағы оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функциясы»

Орындаған: Бекішова А.Қ.


Ғылыми жетекші: Жексенова Б.О.

Тіркеу нөмері:_______________


Баға:_______________________
Қолы:______________________

Қарағанды 2019 ж.


Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................3-5


I тарау. Оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функциясының сипаты.
1.1 Дамыта оқыту технологиясының мәні мен маңызы.....................................6-8
1.2 Ағылшын тілі сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын техналогиясын қолдану.......................................................................................9-14
1.3 Ағылшын тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы коммуникативтік құзыреттілікті дамыту.......................................................................................15-17
II тарау. Мектеп оқушыларындағы адами құндылықтарды қалыптастырудағы ағылшын тілінің мүмкіндіктері
2.1 Ағылшын тілі сабағында ойын техналогиясын қолдану арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу..........................................................18-20
2.2 Тұлғаны дамытудағы ағылшын тілінің маңызы.......................................21-24
Қорытынды..............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................26
Қосымша.............................................................................................................27-28

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму кезеңінде адамзат факторын жандандыру әлемдік прогрестің бір шарты ретінде талап етіледі. Қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты – дүниетанымы кең, интеллектісі дамыған, білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда қоғамның болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің дамуымен байланысты рухани, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Білім беру – оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы.


Бүгінгі күні біздің елімізде қоғам мен мемлекеттің заманауи сұранысына байланысты бағдарланған білім берудің тұтас жүйесі құрылған. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан – 2030 саяси стратегиялық бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жолдауында; Қазақстан Республикасының Білім туралы; Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы; Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы заңдарында көрініс тапқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар, білім және ғылым министрлігі қабылдаған Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы басшылыққа алынған. Қазақстандық білім беруді жаңғырту тәрбиені білім берудегі маңызды басымдық ретінде оқыту мен дамыту процесіне кіріктірілген педагогикалық іс-әрекет құрамдасы болуын талап етеді.
Педагогикалық процестегі оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, педагогтар бастауыш сыныпта дамыта оқыту жүйесінде өздерінің жазған көптеген еңбектеріне зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, көптеген тұжырымдамалар жасады. Сонымен қатар жеке адам өмірінде тәрбие мен оқыту процесінің жетіліп, дамуды артына салып отыратындығын дәлелдеді. Олардың идеяларының мәні төмендегідей көрсетіледі:

  1. Таным қабілетінің дамуы – бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсатты іс-әрекеті.

  2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жөніндегі оқулықтың рөлі.

  3. Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.

  4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімге

қызығушылығы, оқудағы таным іс-әрекетін дамытудың шешуші, негізгі құрал-
дарының бірі болып саналады.

3
Бұл жағдай мектептерде білім берудің жаңа философиясын, теориялық негізін, тәжрибесін насихаттауды бір сәтте бір бөлек күнтәртібінен түсірмеуді талап етеді. Сондықтан мұғалімдер өз жұмысымызда дамыта оқытудың жаңа технологияларын меңгеріп, оқушыны білімқұмарлыққа, ізденімпаздылыққа, шығармашылық жұмыс істей алу қабілеттілігін арттыру мақсатында дұрыс бағыт – бағдар беруіміз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет