Оқыту құралдарының жүйесі білім беру міндеттерін шешуге бағытталған оқу заттарының жиынтығы ретінде Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Біз білім беру міндеттерін шешу бағытында оқыту құралдарының жүйесімен жұмыс істейміз. Жүйеде оқыту құралдарының әрқайсысы өзіне тән белгілі бір кезеңде (білім беруде, қабілеттерді шыңдауда, меңгеру сапасын тексеруде) жетекші немесе техноқұрушы болып табылады. Бүгінгі күні біз іс жүзінде технологиялық оқыту құралдарының техно-құрушы жүйелерінің 3 түрін кездестіреміз Қағаз тасушыға сүйенетін жүйелер бірінші түрге жатады. Бұл жүйені тағы қағаз түріндегі оқыту құралдары жүйесі деп атауға болады. Мұндай жүйедегі оқыту құралдарына:
Бұл кезеңде оқушы берілген мәліметті меңгереді. Екінші кезеңде, яғни оқу қабілеттері мен дағдыларын шыңдауда оқулық, есептер жинағы, басылып шыққан жұмыс дәптері және тағы басқа дидактикалық материалдар технологиялық құрал рөлін атқарады. Бұл кезеңде оқушы қабілеттері мен дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алады Үшінші кезеңде, яғни білім деңгейін тексеруде оқулық, қағазға басылып шыққан бақылау жұмыстары, арнайы дидактикалық материалдар және тест тапсырмалары сияқты оқыту құралдары бақылау тапсырмалары мен сұрақтары ретінде технологиялық құрал рөлін атқарады Қашықтықтан оқыту дегеніміз - сырттай білім алу, өз өзін оқыту, жұмыс сапасын жақсарту және мамандарды қайта даярлау, «ашық» түрде оқыту жүйесі.
Қашықтықтан оқыту жүйесі жоғарғы оқыту орындарында, білім беру сапасын жақсарту және мамандарды қайта даярлау үшін қолданылады. Оның арқасында адам өз жұмысынан қол үзбей ақ өз білім алу жүйесін ыңғайлы етіп, барлық ақпаратты өз еркімен қолдана алады.
Қашықтықтан оқыту жүйесі видеодиск, компакт дискке жазылған курсты автономды түрде қолдана алуға жол ашады, яғни олардың арқасында білім алушы мен оқытушы арасында қарым қатынас пайда болады.