1 дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қолданбалы ғылым және жеке пән. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары



бет1/9
Дата17.10.2023
өлшемі47.55 Kb.
#480858
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
ҚТОӘ дәрістер


1 дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қолданбалы ғылым және жеке пән. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу және даму жолдары.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке пән. Әдістеме ғылымы өзіне тән зерттеу нысаны, мақсаттары мен міндеттері бар оқу пәні болып табылады.
Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту тұжырымдамасында педагогикалық мамандарды дайындау мен білім сапасына қатысты нақты мақсат-міндеттер мен ұстанымдар көрсетілген. Бұл құжатта: «Қазір педагогикалық қоғамдастың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеті тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс іздеу болып табылады, - деп көрсетілген. Жоғары оқу орындары мен колледждерде тіл мамандары әр салаға қатысты дайындалады. Біріншісі – жалпы білім беретін қазақ мектептерінде қазақ тілін оқытатын мұғалімдер; екіншісі - өзге тілді мектептерде қазақ тілін үйрететін мұғалімдер. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде – бұл тілдердің бәрі оқушының өз ана тілі емес, екіншісі – яғни өзге тілді игеруге бағытталған. Осы тұрғыдан келгенде, басын ашып алатын мәселе: Қазақ мектебіндегі қазақ тілі мен орыс мектебіндегі қазақ тілін оқытудың айырмашылығы үлкен. Екеуі – екі бөлек, екі түрлі мәселе. Қазақ мектебінде балаға лингвистикалық білім беріп, тілдік қарым-қатынастағы сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, қазақ тілі оқытылады; орыс мектебінде балаға өз ойын басқа біреуге дұрыс жеткізе білу үшін коммуникативтік дағды мен білік игертіліп, тіл үйретіледі. Қазақ тілін қоғамдағы орны мен әлеуметтік қызметіне қатысты салауатты талаптар тіл білімі мен оны оқыту әдістемесінің алдында жаңа міндеттер қойып отырғандығы көпшілік қауымға аян. Қазақ тілін оқыту әдістемесі жеке пән ретінде осы міндеттерді шешуге тырысады.
Қазақ тілі оқыту үрдісінде екі түрлі қызмет атқарады, біріншіден, оқу пәні, екіншіден, басқа пәндерді оқытудың құралы болып саналады. Оны оқыту оқушыға тілдің басты заңдылықтарын, қазақ тілі бойынша білім, білік, дағдыларын қалыптастырады және оны барлық басқа пәндерде қолдана білуге жол ашады.
З.Бейсембаева әдістеме «келешек бір маманды белгілі бір мамандық бойынша теориялық және әдістемелік тұрғыдан дайындайтын оқу пәні» болып табылатынын, оның мазмұны лекция, семинар, өздік жұмыстар мен диплом, курс жұмыстары арқылы игертілетінін сөз етеді. Әдістеме ғылымының жеке пән ретінде төмендегідей міндеттерді шешуге ықпал ететінін айтады:

табуға, ізденуге үйрету;

  • ақпараттардың негізінде жүйелі, ғылыми-әдістемелік білімді

қалыптастыру;

  • игерген білімдерін шығармашылықпен қолданбалы міндеттерді

шешуге пайдалана алуға дағдыландыру;

белсенділігін дамыту;

  • келешек мұғалімнің іргелі ғылыми-теориялық, технологиялық

дайындығын қамтамасыз ету;

философиялық-әдіснамалық негізін салу;

  • мамандығы бойынша ғылымның соңғы жетістіктері негізінде

қазіргі заманның талабына сай терең, берік, базалық білім беру;

қалыптастыру;

  • әр пәннің мазмұнын жаңарту, оқытуды ұйымдастырудың озық

формаларын қолдану;

  • оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу істерін

жүзеге асырады [1, 6].
«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні – өзінің ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері бар жеке пән. В.В.Краевский: «әдістеме – бұл жеке пән дидактикасы, яғни жалпы дидактикаға «қосымша». Екінші жағынан әдістеме өзінің белгілі бір пәнді оқыту мен оның құралдары арқылы тәрбиелеу сияқты зерттеу пәні бар, өз алдына бөлек пән болып табылады. Сондықтан әдістеме дидактикамен объектісінің (оқыту қызметі) бір болуымен байланысты. Бұл объект бойынша әдістеме бір ғана пәнді қарастырса, дидактика барлық пәнге тән жалпы байланысты қарастырады», – дейді [2].
Сонымен «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні жеке пән ретінде белгілі бір ұстанымдарды басшылыққа алады. Өзінің әдістері мен тәсілдерін, тақырыпты меңгертудің жолдарын ұсынады. Әр тақырыптың ерекшелігін ескере отырып, соған сай тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін дайындайды. Ол тілді оқытудағы озық жетістіктер мен тәжірибелерге сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет