Оқытудың АҚпараттық технологияларын мектепте пайдаланудың дидактикалық принциптері



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата29.10.2023
өлшемі427.61 Kb.
#481906
1   2   3   4   5   6   7   8
362-499-1-SM

Зерттеу нәтижелері және талқылау.
Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының
11-тарауында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды, оны мемлекеттік 
қолдауды, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының өсуін ынталандыру жөніндегі 
шаралар жүргізуді, кадрлық және ғылыми қамтамасыз етуді жүзеге асыруды ұсынады [3]. 
Білім беру жүйесін ақпараттандыру қазақстандық білім беру үшін үлкен перспективалар 
ашады. Соңғы жылдары қоғам өміріндегі компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен 
технологиялардың рөлі мен орны түбегейлі өзгерді. Ақпараттық және телекоммуникациялық 
технологияларды меңгеру қазіргі әлемде оқу және жазу қабілеттері және әрбір жеке тұлға үшін 
қажетті шарт сияқты қасиеттермен бір қатарға айналды. Алынған білім мен дағдылар болашақта 


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(82), 2020 
54 
қоғамның даму жолдарын анықтай алады. Ақпараттандыруды енгізуді барлық білім беру жүйесін 
реформалаудың маңызды құралдарының бірі ретінде қарастыруға болады.
С.В.Панюкова компьютерлік технологиялар білім алушылардың шығармашылық және 
теориялық, модульдік-рефлексивті ойлауын қалыптастыруға әсер ететінін атап өтті. Ғалым оқу 
ақпаратының компьютерлік визуализациясы елеулі қалыптастыру үстем орталық орын бейнелі 
ойлауға әсер етеді, ал өзге құбылыстар мен процестердің бейнелілік көріністері оқушының оқу 
материалын қабылдауына әсер етеді және оның ғылыми түсіністігін байытады [4; 54].
А.А.Реан адамның оқу қызметі неғұрлым ерте ұйымдастырылса, соғұрлым нәтижелі 
дамитынын атап өтті. Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану тек қана сезіну 
мүмкіндігін (визуалды, аудиальды, тактильді) ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың 
қабылдау мүмкіндігін (сезу, көру және есту қабылдауы) толық пайдалануға мүмкіндік береді, Орта 
мектепте математиканы оқыту оқушылардың танымдық үрдісінің дамуымен, математикалық білім 
мен іскерлікті меңгерумен, математика құралдары арқылы оқушылардың жеке тұлғасын 
тәрбиелеумен байланысты бірқатар мақсаттарға жетуге бағытталған [5]. 
Ресейлік зерттеушілер (И.И.Башмаков, А.Н.Джуринский және басқалар) білім беру 
үдерісінде АКТ-ны жаппай енгізудің негізгі кедергісі әлсіз материалдық-техникалық база және 
қаржыландырудың жетіспеушілігі емес, мұғалімдердің кәсіби және психологиялық даярлығының 
жеткіліксіздігі деп есептейді [6, 7]. 
Педагогикалық зерттеулерде (В.П.Беспалько [8; 73-82], Б.С.Гершунский [9], Н.В.Кузьмина 
[10; 63-66], А.В.Хуторской [11; 58-64] және т.б.) келешек мұғалімдерді АКТ-мен оқытудың 
теориялық және қолданбалы мәселелерін шешуді, ақпараттандырудың оңтайлы жолдарын іздеуді
қарастырған. 
Әдістемелік зерттеулерде (А.А.Кузнецов [12], В.В.Лаптев [13] және басқалар) оқу 
процесінде компьютерді қолдану үшін психологиялық-педагогикалық негіздемені қамтамасыз ету 
мәселелері және компьютерлік технологияны жалпы білім беруде кәсіби мақсатқа жету құралы 
ретінде қарастырылған. 
АКТ-ны қолдану (Е.И.Кузнецов [12; 2-8], М.И.Рагулина [14] және басқалар) көптеген 
жолдармен зерттелді: орта мектепте математиканы оқыту құралы ретінде; оқушыларінің білім 
сапасын арттыру; біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында физика-математика пәндерінің 
мұғалімдерін даярлауды жандандыру мақсатында және т.б. Біздің зерттеулеріміз жоғарыда аталған 
салалардағы ғылыми жұмыстардың қолжетімді нәтижелеріне негізделген.
Оқу орындарында информатика пәнін оқытуды жетілдірудің әдістемелік жүйесін жасау 
(Е.Ы.Бидайбеков [15; 8-27], С.М.Кеңесбаев [16; 9-30] және т.б.); білім беруді ақпараттандыру, оқыту 
үдерісінде ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалану (К.Ж.Аганина [17; 14], 
Ж.А.Қараев [18; 15] және т.б.). Жоғары және арнайы оқу орындарында білім беруді ақпараттандыру 
арқылы мамандар даярлау сапасын арттыру, болашақ мамандардың кәсіби біліктерін жетілдіру, 
ақпараттық бағыттылығын қалыптастыру, болашақтағы практикалық іс-әрекетінде ақпараттық-
компьютерлік технологияларды пайдалануға даярлау (Сенкевич Л.Б. [19], Smolyaninova O. G., 
Savel'eva O. A., Dostovalova E. V. [20] және т.б.) мәселелері зерттелген.
Әлбетте, қазіргі ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдану әдістерін меңгермей, 
өздігінен ықпалды шешім қабылдап, жоғары сапаға жету мүмкін емес.
Кейінгі жылдары ақпараттық-компьютерлік технологиялар өндірісте, кәсіпорындарда, 
құжат өңдеу әрекеттерінде кеңінен қолданылуда, оның қарастыратын іс-әрекет саласы да 
қарқынмен өріс алуда. Өңделетін ақпарат көлемінің өсіп, күрделенуіне қарай қоғамда оны 
бейнелеудің жаңа түрлері талап етілуде. 
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері, олармен тығыз байланыстағы білім беру 
жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және қатынастық 
технологияларын (АҚТ) меңгеру және жаппай тарату үдерістерімен сипатталады. Мұндай 
технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқушының арасында қарым-қатынас 
орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Қазіргі оқытушы АКТ төңірегіндегі 
білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын 
маман болуы тиіс.
Компьютер оқыту мен оқу іс-әрекетінің құралы, сонымен бірге оқу процесін басқару құралы 
ретінде қызмет етеді. Оқытудың жаңа формасы пайда болды, қашықтықтан оқытуда оқытушы мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет