Оқытушы: Кулекешова А. Б. Орындаған: экономика факультеті 07-045-21-08 тобы студенті Жукенова Зарема 2024 жыл Мазмұны Кіріспе


Шағын кәсіпорынның есеп саясаты және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру



бет4/7
Дата15.03.2024
өлшемі35.62 Kb.
#495679
1   2   3   4   5   6   7
DOC-20240313-WA0006.

Шағын кәсіпорынның есеп саясаты және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру — субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақытылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер (қосылатын) жүйесі. Негізті қосылғыштар мыналар: алғашқы есеп пен құжат айналымы, түгендеу, субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының жұмыс жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.
Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 23 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі мен есептілігі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен есептің жалпы ережелері Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін құқықтық-нормативтік актілермен белгіленеді. Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесінің бес деңгейі бар:

  1. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заң.

  2. Заңнамалық актілер мен ҚР Үкіметінің Қаулылары.

  3. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен оларға әдістемелік ұсыныстар.

  4. Шоттардың типтік жоспары мен оларды қолдануға берілген нұсқау.

  5. Субъектінің есеп саясаты.

«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағына және «Қаржылық есеп беру туралы ұсыныс» 30 Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есеп саясаты «ұйымның талаптары мен қызмет ерекшеліктеріне сай, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есеп шоттарының үлгі жоспары туралы заңдарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылданған принциптер, негіздер, шарттар, ережелер мен практика».
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру есептеу мен үздіксіз қызметтің негізгі принциптеріне, түсінікті. орынды, сенімді және салыстырмалы сапалық сипаттамаларға сәйкес атқарылуы тиіс.
Есеп саясаты бұл бұл бухгалтерлік есеп талдау және аудит аумағындағы ұзақ мерзімді саясат. Оны әрбір құрылыс мекемесі өз бетінше жасайды. Бухгалтерлік есепті және қаржылық есепті қаржылық есептеудің халықаралық стандарттарының негіздері мен қағидаларына сәйкес жүргізу үшін субьектілердің басшыларының қабылданған тәсілдерінің жиынтығын құрайды.
«AGS-3» ЖШС-дегі есеп саясатының құрылымы төмендегідей бекітілген:

  1. Жалпы ережелері.

  2. Басқару, ұйымдастыру құрылымы.

  3. Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі.

  4. Бухгалтерлік құжаттар және оларды сақтау мерзімі

  5. Түгендеу.

  6. Негізгі құралдар есебі, негізгі құралдардың есептен шығу және тозу есебі.

  7. Материалдық емес активтер есебі.

  8. Ақша қаражаттар есебі.

  9. Есеп айырысу шотындағы нақты ақшалар есебі.

  10. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі.

  11. Еңбек және еңбекке ақы төлеу есебі.

  12. Дебиторлық және кредиторлық берешектермен басқа да активтердің есебі.

  13. Меншікті капитал есебі.

  14. Өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі.

  15. Сату, табыс және бағалар.

  16. Есептілік.

«AGS-3» ЖШС-і өз қызметін мына құжаттар негізінде жүзеге асырады:

  • «AGS-3» ЖШС-інің жарғысы;

  • «AGS-3» ЖШС-інің құрылтай құжаттары;

  • №409-1 1999-ж. 01-шілдеде шыққан (одан кейінгі өзгертулері мен қосымшаларын ескере отырып) ҚР Азаматтық Кодексі;

  • 1998 ж. 22-сәуірде шықкан №220-1 «Шектеулі және қосымша
    жауапкершілікті серіктестіктер туралы» ҚР Заңы(одан кейінгі өзгертулері мен қосымшаларын ескере отыра);

  • ҚР-дағы қаржылық-шаруашылық әрекеттегі ұйымдардың қызметін реттейтін өзге де заңдар, нормативтік актілер, нұсқаулар мен әдістемелік ұсыныстар.

Есеп саясаты екі бөлімнен тұрады:
Ұйымның ұйымдастырушылық, басқару бөлімі және әдістемелік бөлім.
«AGS-3» ЖШС-інің басқару органы болып қатысушылардың жалпы жиналысы, ал атқарушы органы болып директор саналады.
Жалпы жиналыс қатысушылары мен атқарушы директордың өкілдігі ҚР Заңымен және «AGS-3» ЖШС-інің Жарғысымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі

  1. «AGS-3» ЖШС-інде бухгалтерлік есеп мына нормативтік құжаттарға негізделіп жүргізіледі:

  • ҚР-ның 2007ж. 28-ақпанда шыққан №234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы;

  • Бухгалтерлік есеп стандарттары (өзгертулер мен қосымшаларын ескеру);

  • Бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік нұсқаулықтар;

  • 2002-ж. 18-қыркүйегінде шыққан №438 бухгалтерлік есептің жұмыс шоттар жоспары (өзгерістерін қоса алғанда);

  • «AGS-3» ЖШС-інің есеп саясаты;

  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар, нормативтік актілер.

  1. «AGS-3» ЖШС-інің бухгалтерлік және қаржылық есебін құрастыру мақсаты —қызығушылық танытқан серіктестікке қатысты тұлғаларды қажетті ақпаратпен қамсыздандыру.

  2. «AGS-3» ЖШС-інің бухгалтерлік есеп мына принциптерге негізделеді:

  • есептілік — табыс нақты алынғанда, шығыс жабылғанда танылуы;

  • әрекеттің үздіксіздігі — онда қаржылық есеп серіктестік жұмыс істеуде және жақын болашақта істейді деген алғышартпен жүргізу.

  1. Қаржылық есептің өткен кезеңдеріндегі жіберілген қателер келесі кезеңде есепке алынып, таза табыс не залалды түзетуде ескерілуі тиіс.

  2. ЖШС қаржылық есебі сипаттамасының негізгі қасиеттері түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық болуы керек.

  3. «AGS-3» ЖШС-інің есеп саясатындагы өзгерістер ҚР заңнамасында және серіктестік қызметінің қаржылық есебін тапсыруда өзгерістер болған кезде ғана жасалады.

Бухгалтерлік құжаттама:

  1. Бухгалтерлік жазбалар алғашқы құжат негізінде жасалып, бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар, басқа да активтер, міндеттемелер, табыстар мен шығыстар көрсетілуі тиісті. Алғашқы құжаттар сол операцияларды растаушы ретінде жасалған уақытына сәйкес, ол мүмкін болмаса есепті тұлға есеп өткізуіне байланысты сол операция өткеннен кейін есепке алынады.

  2. Бухгалтерлік жазбалар қолмен сонымен қатар компьютерлік есеп жүйесі арқылы жасалады.

  3. Біртекті операцияларға жинақтық құжаттар жасалады. Жинақтық құжаттар алғашқы құжаттармен бекітілсе ғана дәлелдеу күшіне ие.

  4. Серіктестіктің алғашқы құжаттарын, бухгалтерлік есеп регистрларын
    коммерциялық құпия ақпараты болғандықтан, оған тек басшылық рұқсат берген тұлғалар ғана ұсынылсын.

  5. Операция мәніне қарай басшылық бухгалтерлік құжаттарға қол қоятын тұлғалар бұйрық бойынша анықталады.

  6. «AGS-3» ЖШС-інің бухгалтерлік құжаттары ҚР заңнамасы (ҚР Салық Кодексінің 66-бабы) бекіткен мерзімдерге сақталады. Құжаттарды сақтау құжат қатысты мерзімнен кейінгі жылдың 1-қаңтарынан есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет