Оқытушы: Усербаев М. У


Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын бұзу анықталған жағдайда прокуратурамен қабылданатын шара қолдану актлері



бет10/10
Дата07.07.2016
өлшемі0.65 Mb.
#182805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын бұзу анықталған жағдайда прокуратурамен қабылданатын шара қолдану актлері

Басқарма саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдары өз жұмыстарында тиісті әдістерді пайдаланады және оларға мыналар жатады:



  1. Бақылауға алынған обьектлерге заңдардың орындалуын тексеру;

  2. Басқарма органдармен қабылданатын құқықтық актлерді және заңды әрекеттерді тудыратын лауазымды адамдардың әрекеттерін тексеру;

  3. Тиісті прокурорлардың мемлекеттік билік және басқарма, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мәжілістеріне қатысу;

  4. Прокуратураға келіп түсетін немесе бұқаралық ақпарат құралдарына басып шығарылатын заң бұзушылықтар туралы мәліметтерді қарау және қорытындылау, олар бойынша тиісті шаралар қолдану.

Тексеріс нәтижелері бойынша прокурор:

  • сотқа өзге өкілетті органға немесе лауазымды адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға немесе шешімге наразылық енгізуге;

  • уәкілді лауазымды адамдар мен органдарға іске қосымша тексеру жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар беруге;

  • уәкілді органдардан өздерінің бақылауындағы немесе қарауындағы ұйымдарға тексеру жүргізуді талап етуге;

  • заңмен белгіленген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтатуға;

  • әкімшілік жолмен заңсыз ұсталған адамды босату туралы қаулы шығаруға;

  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;

  • жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда кез-келген шараларды алып тастау туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;

  • әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөнінде қаулы шығаруға құқылы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндірісті қозғау туралы қаулы уәкілетті органға немесе лауазымды адамға жолданады және олар істі заңда белгіленген мерзімде қаруға және оның нәтижелері жайында прокурорға жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ҚР Конституциясы. «Жеті Жарғы» Алматы, 2003 ж.

  2. «ҚР Прокуратурасы туралы» ҚР Заңы. Құқық қорғау органдары: Заңнамалық актілер жиынтығы. Алматы: Юрист, 2003. – 220 б.

  3. Қр Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы, Юрист, 2003ж.

  4. Қр Қылмыстық кодексі. Алматы, 1997ж.

  5. Ақпарова Р.Н Қазақстан РЕспубликасының прокуратура органдары. Алматы, «Дәнекер», 2000 ж.

  6. Алиев М.М. Прокурорский надзор РК. Оқу - әдістемелік материалдары. «Жеті Жарғы», Алматы, 2002 ж.

  7. Винокуров Ю.Е Прокурорский надзор. 3 – і бас. М., 2001 ж.

  8. Келдібаев М.Х,, Огородников А.А. Прокурорский надзор. Оқулық. – Санкт – Петербург, 2002ж.

  9. Прокурорлық қадағалау (Жауаптар мен сүрақтар). – М.: Жаңа заңгер, 1999 ж.

  10. Прокурорлық қадағалау/ Ю.Е. Винокуровтың редакциялығымен. – М.: Экзамен, 2000 ж.

  11. Басков В.И. Курс прокурорского надзора./ Прокурорлық қадағалау курсы/, -М.: Зерцало, 1999.

  12. Прокурорлық қадағалау (Оқу бағдарламасы), Алматы: Қазақ мемлекеттік заң университетінің кітапханасы, 1998

  13. Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Әлиев М.М. Прокурорский надзор РК. – Алматы 2002

  14. Нәрікбаев М.С. Дорога к правосудию/ Әділ сотқа жол/, - Алматы: «Елимай контакт». 1997.

  15. Өтебаев Ғ.Қ. Сотта мүдделерді білдіру. ҚР әділет органдары, мемлекеттік және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты. – Астана, 2004 ж.

  16. Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстанның прокуратурасы. – Алматы, 2001 ж.

  17. Өтебаев Ғ.Қ. Мемлекеттік айыптаушының соттағы сөзі. Оқулық. Алматы, 2004 ж.

  18. Прокурорлық қадағалау мәселелері жөніндегі Бас прокуратураның негізгі нормативтік актілер жинағы. Астана, 2003 ж.

  19. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Оқу - әдістемелік құрал. – Алматы: «Дәнекер», 2000 ж.

  20. Нәрікбаев М.С., Юрченко Р.Н., Алиев М.М. ҚР- ның қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдылығын қолданудың маңызды мәселелері. Астана, 1999 ж.

10 - тарау

Халықарлық шарттардың қолданылуына және шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне прокурорлық қадағалау

Халықарлық шарттар мен уағдаластықтар, бұйрықтар мен ҚР Бас прокурорының шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету, қылмыскерді беру жөніндегі өтініштерді қанағаттандыру, қылмыстық қадағалау ұсыныстары жөніндегі нұсқаулардың және құқықтық көмек көрсету туралы тарсырмаларын орындау нітижелерінің саралануы, жоғарыда аталып кеткен құқықтық көмек көрсету туралы актілерінің талаптарын сақтау талдаулар, қылмыстық қадағалау органдарының құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмаларға рұқсат беру және бағыттау кезінде жоғарыда көрсетілген актілердің талаптарына жауапкершілікпен қарауға бет бұрғанын көрсетті. Тәжірибеде тек белгіленген жүгіну тәртіптері сақталып, бағытталатын жағдайда ғана орындалғанына көзі жетті.

Осындай өтініштердің саны өсуде. Егер 1997 жыл ішінде әртүрлі көмек көрсету туралы 49 жүгіну қаралған болса, ал 1998 жылы қылмыскерді беру туралы және қылмыстық салуды жалғастыруға рұқсат етілгендер саны 97-ге дейін өсті.

Дегенмен қарудың ұзақтығы мен алдын алу шарасының күрделілігіне қарай көмекке жүгінген тараптар арасындағы қатынас белгіленген тәртіптегі ереженің бұзылуына әкеліп соқтыратын жағдай туғызады.

Құқық қорғау органдарының арасындағы қарапайым тәртіптегі қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша қатынастар барлық деңгейде бірнеше рет айтылған болатын, осы ұсынысты бұрын ҚР құқық қорғау органдары жасаған болатын, бірақ қабылданбайды. Бұл мәселе жөнінде түсініксіз жағдай туындайды. РФ бұрынғы Бас прокуроры Ю.И. Скуратовтың 1997 жылғы желтоқсандағы «Қалмысқа қарсы күресте ТМД елдерінің құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынасы туралы» баяндамасында былай делінген: «Біздің ұсыныстарымыз бойынша 1997 жылғы 28 желтоқсанда Конференцияға құқық қорғау органдарының арақатынастарды (қылмыстық қудалау және беруден басқа) орталық аппараттар арқылы емес, аумақтақ органдар арқылы жасалуына мүмкіндік беретін толықтырулар қабылданды. Ресейде... прокуратура жүйесінде оедай органдар республикалар, өлкелер, облыстар прокуратуралары... бұл қылмыстық тергеуде және қылмысты ашуда шекаралық аумақтағы құқық қорғау органдарының арасында тиімді ынтымақтастықты орнатуда туындайтын мәселелерді шұғыл шешуге көмектеседі...». Өкінішке орай, осы мәселе бүгінге дейін шешілмей отыр.

Республика аумағында халықаралық құқық институттары, сондай-ақ шетелдік азаматтаға қатысты істі ҚР шегінен тыс жерлерде қылмыстық тергеуді жалғастыру үшін шет мемлекеттер аумағынан ҚР азаматтарын беріп тапсыру туралы талаптарын жолдау; шетел азаматтарын беріп тапсыру туралы талаптарын жолдау; тәртіпке қойылған шетел азаматтарының экстрадиция жүйесі.

Көрсетілген мәселелерді шешуде белгілі қиындықтар мен міселелер кездеседі. Көбіне материалдық қаражаттың және тараптардың әрқайсысына қарпайым, пайдалы берілім нұсқаларының өңделмегенінен, қылмыстық жауапкершілікке тартуға берілім, азаматтар ұзақ уақыт ұсталған орындарында тұтқынға алуда жарияланған іздеу салуға, экстрадиция мерзімінің тәртібінде тұтқынға алу үшін белгіленген тәртіп бұзушылық болмауынан болады.

Сипаттағы мысал ретіндегі айғақ ретінде РФ азаматшасы Д., жариялаған мемлекетаралық ізеу салуға сәйкес Алматы облысы Еңбекші АІІБ қызметкерлерімен 1998 жылы 20 сәуірде ұстап алынды, экстрадиция мерзімі ҚР Бас прокурорымен белгіленген 3 айға дейін. Ал берілім Ресейден келген күзетшіге 1998 жылы 30 тамызында ұсталған күннен бастап 4 ай 10 күн өткенде болған.

Құқық қорғау органдарының іздеу салған басқа республикалар шегінде жасаған қылмыстарының жауапкершіліктерінен жалтару мақсатындағы «із-түссіз жоғалғандар» бұнымен орын алған оқиғалар түсіндіріледі (кәмелетке толмаған Ш., Алматы облысының Қарасай ауданының аумағынан милиция қызметкерлері ұстап әкеткен және Ресейден азаматша М., Талғар милиция қызметкерлері тауып алған).

Бүтіндей шетел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жандандыру қылмыстық жедел тергеу бөлімшелерінің жұмыстары заңды түрде жүргізілуіне дайын еместігін айқындады. Бұл құқықтық қорғауға хабарласудың асығыстығы және қылмыстық жазаға тартуға тиісті тұлғаның айыбының дәлелденбеуі, айыптының жеке басына тиісті құжаттардың болмауы; істі тергеуді әрі жалғастыру үшін орны бойынша үнемі тұратындығын растайтын құжаттардың болмауы; аталған республиканың азаматтығына тиісті деректердің болмауы және т.б.

Қылмыскерлікке қажет құжаттарды беру жөнінде мәселенің шешімін ресімдеу кезінде құқық бұзушылық жіберледі: азаматтығы жөнінде мәліметтер жоға, тұлғаны ТМД-ның басқа елінде ұсталғаны туралы мәліметтер, жазалау шарасы қолданылғаны мен айып тағылғаны жөнінде, құжаттарды таңбалы мөрмен басу талабы орындалмағаны.

Мысалы, Алматы облысы прокуратурасына 1998 жыл түскен 21 ҚР азаматтарын шет мемлекеттерден сұрату талаптарынан, тек 13 қолданып, ҚР Бас прокуратурасына жолданған. Сегіз талап сәйкес қайта ресімдеу үшін бастамашыларға қайтарылған, өйткені оларды жолдау кезінде Минск Конвенциясының 58 б. ҚР ҚІЖК 529 б. Және ҚР Бас прокурорының 08.09.1998 ж. Нұсқаулық талаптары бұзылған.

1998 жылдың ішінде 70 шетелдік азаматтарға қатысты, оның ішінде: 5 Түркия азаматы, 11-Монғол, 13-Қытай азаматтары, 3-Өзбекстанның, 16-Қырғызстанның, 11-Ресейдің, 4-Белоруссядан және бір азаматтан Пәкістан, Сирия, Ауғанстан, Америка, Дағыстан және Тәдікстан елдері бойынша 55 қылмыстық іс қозғалған. Көрсетілген қылмыстық істер бойынша 31 тұлға әртүрлі айыптық жазаға тартылды, 3 қылмыстық іс бойынша өндіріс тоқтатылды, 10 қылмыстық істі айыптының мекен-жайының анықталмауына байланысты уақытша тоқтатылды.

1998 жылғы 25 қарашадағы ТМД-ға қатысушы бірқатар мемлекеттер мүшелері келісімінде айтылғандай, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ескерту жасау, қылмыстың алдын кесу шаралары, анықтау және азаматтың өмірі мен денсаулығына, халықаралық зорлық-зомбылық, қарақшылық, тұтқындап кепілдікке алу және тағы басқа. Келісімде әсіресе басқа мемлекеттер аумағында жасырынып жүрген іздеудегі қылмысккерлерге қатысты осы шараларды жүргізудің әдістері де айтылған. Осылай, мысалы, Алматы және Талдықорған қалаларының ҚІІБ-нің арнайы тағайындалған қызметкерлерінің Өзбекстан ІІМ қызметкерлерінің көмегімен 1999 жылы наурызда ұйымдасып, шапшаң іс-әрекеттердің арқасында Алматы облысының аумағында аса қауіпті мемлекеттік қызметкер К.М. Зәкіровті ұстап алды (ең соңғы рет Өзбекстан аумағында зорлық-зомбылық әрекеттерді жасағаны және ұйымдастырғаны үшін сезікті).

1998 жылы 30 тамызда әскери бөлімнің шекаралық тобы Алматы облысының Панфилов ауданының Басқыншы селолық округ аумағында ҚХР-ның үш азаматы ҚР мемлекетінің шекарасынан заңсыз өтіп кеткендігі үшін ұсталды. Ұсталғандардан «Макаров», «Стечкин» жүйесіндегі дыбыссыз пистолеттер, 45 оқ-дәрі, сарапшылардың суық қару деп таныған қолдан жасалған екі пышақ, финдық пышақ, жасанды жарылғыш құрылғы және ақшалар. Күдіктілерді ұстап алғанда олардың екеуі жалған аттарын айтты. Шекарадан өтіп кету себептері ҚХР-нан құқық қорғау органдары олардың саяси сенімдері үшін қудалағандығын түсіндірді. Алайдда тергеу жүргізудің барысында көрсетілген тұлғалар Қытайда зорлық-зомбылық әрекеттерге қатысу, қаруды заңсыз алу, алып жүру, алып-сату, милиция қызметкерлерінің қаруына заңсыз ие болу, ҚХР милиция қызметкерлерін өлтіру сияқты ауыр қылмыстар жасағандығы анықталды.

1999 жылы қаңтарда Жоғарға бас прокуратураның сұрауымен Қазақстан және ҚХР Жоғанғы Бас прокуратураларының арасындағы келісімге сәйкес, ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан және ҚХР-да жасалған қылмыстар бойынша істі бір іске беріктіру өтінішін қанағаттандырды.

Аыптары дәлелденбеген мемлекетаралық іздеу салынған тұлғалардың негізсіз жариялануы да орын алады.

Заңның және халықаралық шарттардың талаптарын мүлткісіз сақтаудың тағы бір мәселесі тергеулік тапсырмалардың орындалу мерзімі болып табылады. Талдау көрсеткендей, олардың 80℅ кем емес қылмыстық іс белгіленген 10 күн мерзімінің бұзылуымен орындалады, бірақ тапсырылған тексерістің көлемінің көптеген берілген мерзім нақты болмайды.

Сонымен қатар, осындай тұлғаларға іздеу салуды қалай жариялау керек, қылмыстардың қай түрлері үшін (аса ауыр және ауыр қылмыстар), іздеу салуды жариялау үшін құқықтық Статистика Орталығына қандай құжаттар ұсыну керектігіне қажетті қылмыскерді мемлекетаралық іздеу салуға (ТМД елдері бойынша) жариялау тәртібінің регламентін белгілеу. Тұлғаның айыптылығын дәлелдейтін алынған айғақтарды бағалау және істің материалдарын зерттеу. Осындай қарым-қатынас жергілікті айғақтар алынбаған істер бойынша іздеу салуға жариялауды болдырмас еді.

Әсіресе алпауыт немесе тез бүлінетін заттар және т.б. бөлігінде бұдан әрі қылмыстық қуғындауды жүзеге асыратын мемлекеттердің құқық қорғау органдарына қылмыстық іспен бірге берілім тәртібін қайта қарау. Осы заттарды, мүмкін тиісті мамандарды шақырумен қатар, өндірісті бағалау сияқты мұқият қарауды ұйымдастыру мақсатқа сай болар еді. Кейбір жағдайда қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін істің берілімі жөнінде мәселенің шешілуінің созылуынан нақты тұлғаның айыптылығы жөнінде айғақтарды жинаудың заттық айғақтары өзгерістерге түседі, жоғалады және т.б.



Сонымен қатар, мысалы қандай да тауарды Қазақстан шекарасы арқылы алып өту қылмысты істерін басқа республика бергенше өз мемлекетінің кірісіне қалдыру берілімі мақсатқа сай әрі дұрыс болар еді. Осындай мәселелер өте көп. Минск Конвенциясы ескірді, қылмысқа қарсы күрес мәселелерінің көбін дұрыс шешпейді, неғұрлым тез арада жаңа Конвенция қабылданса, соғұрлым біздің ынтымақтастығымыздың нысаны тиімді дамитын болар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет