Оқытушылар жөнінде мәлімет: Кафедра меңгерушісі



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі401 Kb.
#7235
  1   2   3   4
Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СИЛЛАБУС

Мікb 2210 Микробиология пәні бойынша

Мамандығы 5В110400 - Медициналық-профилактикалық іс

Оқу көлемінің сағаты (кредит *) 225 с. (5 кредит) Курс II

Семестр 3, 4

Қарағанды 2014 ж.

Силлабус 5В110400 - Медициналық-профилактикалық іс мамандығы үшін «Микробиология» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған «29» 06 2012 ж. №11 Хаттама.
Силлабус кафедра отырысында қарастырылды және бекітілді

«29» 08. 2014 ж. № 1 Хаттама

Кафедра меңгерушісі, доцент ___________ С.Б.Ахметова




Оқытушылар жөнінде мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Ахметова Сауле Балтабаевна – м.ғ.к., доцент, микробиология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық жұмыс өтілімі – 15 жыл. Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы: экспериментальді, клиникалық микробиология.

Ғылыми мектебі:Қорғаған кандидаттық диссертация тақырыбы: «Қарағай шырынынан алынған фитопрепараттардың іріңді жарақаттар мен трофикалық жараларды емдеу кезіндегі қоздырғыштардың биологиялық қасиеттеріне әсері», мамандығы 03.00.07 - «микробиология», Қазақ мемлекеттік медицина академиясы Астана қ-сы. Ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., проф. С.В. Лохвицкий, м.ғ.д., проф В.А. Снопкова. Орыс және қазақ тілдерінде дәріс оқиды.
Оқытушылар:

1. Абдулина Ғалия Амирбековна, медицина ғылымының кандидатты, доцент, педагогикалық жұмыс өтілі - 34 жыл. Телефон: 517711 (124)

Ғылыми қызығушылығы: эксперименттік, клиникалық иммунология және микробиология.

Ғылыми мектебі: Қорғаған кандитаттық диссертация тақырыбы: «Қорғасын өндірісіндегі жұмысшының микрофлорасы бұзылуында және екіншілік иммунды тапшылық үшін төменгі молекулярлы РНҚ көмегімен коррекция жүргізу», мамандығы 14.00.36 - «Аллергология және иммунология», 03.00.07 - «Микробиология», Дәрігерлер біліктілігін арттыратын институт (Челябинск, 1986 ж.). Ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., проф В.А. Снопкова, м.ғ.д., проф В.М. Земсков.

Дәрістерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқиды.

2. Филатова Людмила Григорьевна, медицина ғылымының кандидатты, доцент, педагогикалық жұмыс өтілі – 35 жыл. 51 34 79 (124)

Ғылыми қызығушылығы: клиникалық микробиология, қолданбалы иммунология, онекі елі ішек ойық жара хирургиясы.

Ғылыми мектебі: Қорғаған кандитаттық диссертация тақырыбы: «Ойық жара ауруын хирургиялық емдеу кезіндегі болатын бұзылысты коррекциялау және иммунологиялық статус», мамандығы 14.00.36 – «Аллергология және иммунология», 14.00.27 – «Хирургия», микробиология және эпидемиологиялық казақ институты (Алматы, 1988 г.). Ғылыми жетекшілері: м.ғ.д., проф. В.А. Снопкова, м.ғ.д., проф. С. В. Лохвицкий. Дәрістер мен сабақты орыс тілінде жүргізеді.

3. Шамбилова Наталья Александровна- аға оқытушы, жұмыс өтілі – 18 жыл. Телефон: 51 34 79 (124)

Ғылыми қызығушылығы:экспериментальді және клиникалық микробиология.

Сабақты орыс тілінде жүргізеді.

4.Николаева Антонина Борисовна – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілі – 10 жыл . Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы : микробиология, биохимия.

Ғылыми мектебі: «Staphylococcus туысы өкілдерінің антиоксиданттық белсенділігі» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация жұмысы орындалуда, мамандығы 03.00.07 – «Микробиология». Сабақты ағылшын және орыс тілдерінде жүргізеді.

5. Котенева Елена Николаевна – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілі – 9 жыл. Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы: микробиология, биохимия

Сабақты орыс тілінде жүргізеді.

6. Қабдуова Әлия Қуантаевна – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілі – 10 жыл.

Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы: санитарлы микробиология.

Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.

7. Сайлау Жанболат – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілі – 7 жыл. Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы: клиникалық микробиология.

Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.

8.Назаренко Галина Александровна – оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілімі-3 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: клиникалық және санитарлы микробиология.

Сабақты орыс тілінде жүргізеді.

9. Жашкенова Айман Наримановна – оқытушы, педагогикалық жұмыс өтілі – 15 жыл. Телефон: 51 34 79 (124).

Ғылыми қызығушылығы: санитарлы және клиникалық микробиология.

Сабақты орыс қазақ тілінде жүргізеді.

10. Карилхан Исламбек – м.ғ.к., оқытушы.

Ғылыми қызығушылығы: микробиология, фармакология

Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.

11. Сраулканова Баян Мухамеджановна – оқытушы, жоғарғы категориядағы дәрігер-бактериолог.

Ғылыми қызығушылығы: клиникалық және санитарлық микробиология

Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.


Байланыс ақпараты: микробиология және иммунология кафедрасы. Мекенжайы ҚММУ басты корпусы, Гоголь к-сі, 40, аудиториялар - 433, 435, 437, 440, 441, 443, 444, 445, 446, 447, 448, 451, «Боулинг» аялдамасына дейін №7, № 53, №30, №06 автобустар маршруттары жүреді, телефоны 51 34 79 (124).
Пәннің саясаты: микробиология кафедрасында «Медициналық – профилактикалық іс» мамандығы бойынша студенттерге қоятын басты талаптар: теориялық материалдар мен тәжірибелік дағдыларды оқудағы жалпы және жеке микробиология сұрақтарының маңызды бөліктерін өз деңгейінде меңгеру, пәннің басты түсініктерін анықтай білу, сондай-ақ инфекциялық аурулар қоздырғыштарының биологиялық қасиеті мен рөлі, қалыпты, патогенді және шартты-патогенді микрофлора туралы мәліметтер мен қазіргі заманғы лабораториялық диагностика, алдын-алуы, емін, жете меңгеру.

Кафедра студенттердің сыртқы бет-әлпетіне де қатал талап қояды: міндетті түрде халат, колпак және ауыстырып киетін аяқ киім киюлері тиіс. Лабораторлық жұмысты орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет: қолданған заттық шыны, түтіктер залалсыздандырылып, бактериологиялық ілмек зарарсыздандырылады.

Тірі микроб дақылдарымен жұмыс жасағандағы басты міндет студенттер қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны патогенді микроорганизмен зақымдалудан сақтауды қамтамасыз ету, яғни басты екі «техникалық» (қуралдар жабдықтар т.б.) және «адамдық» (кәсіби дағдылар мен білім) элементтерден тұрады. ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша №13 10.01.2012ж. Санитарлы ережесі бойынша «Зертханаларға санитарлы-эпидемиологиялық талаптар».

Кафедра студенттердің өзіндік дайындалу мүмкіндіктерін ұйымдастыру мақсатында келесі жағдайларды ұсынады, студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар мен «Микробиология» пәні бойынша басты және қосымша әдебиеттердің болуы, дәрігер-бактериолог көмегімен кафедраның бактериологиялық лабороториясында жеке жұмыс жүргізу. Кафедрада студенттердің ғылыми үйірмесі бар, кафедра доценті Абдулина Г.А. оқытушы Назаренко Г.А. кураторы болып тағайындалған.


«Микробиология» пәнінен біріктірілген бағаны қою саясаты:

«Микробиология» пәнінен біріктірілген баға бір кредитке бір баға қойылады.

Біріктірілген бағаның ішіне кіреді:

1) Дәріске міндетті түрде қатысып дәріске конспект жүргізу қажет ;

2) Кафедрадағы оқу аудиторияларында және оқу микробиологиялық зертханаларда, зертханалық жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау;

3)Зертханалық жұмыстарды орындау барысында тәжірибелік машықтану және игеру;

4) Альбом жүргізу, орындалған зертханалық жұмыстарға хаттама толтыру.

5) Тәжірибелік сабақтарда ауызша жауап беру, жағдайлық есептерді және тест тапсырмаларын орындау, шешу.

6) СОӨЖ тапсырмаларын орындау (тест тапсырмаларын, жағдайлық есептерді, логикалық тапсырмаларды шешу, орындау);

7) СӨЖ бойынша презентация дайындау, жағдайлық есептерді және тест тапсырмаларын орындау, шешу.


Кіріспе

Микробиология бұл базалық пән, қандайда болмасын медициналық қызметкерлердің барлығына да керекті пән болып табылады. Микробиология ғылымы бұл өзекті клиникалық және теориялық медицинаның ұштасқан жері болып табылады.



Пәннің мақсаты: студенттерге экожүйедегі микроорганизмдердің маңызын, микробты генезді аурулардың этиологиялық диагностикалау негізін, қоршаған орта обьектілерінің биологиялық ластану деңгейін индикациялау, тұрғындардың денсаулығын сақтау жүйесін қалыптастыру

Оқу тапсырмалары:

  • Патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің морфологиялық, физиологиялық, молекулярлы-генетикалық негізгі қасиеттері бойынша білімін жетілдіру

  • Микроорганизмдердің табиғатта таралуы (макроэкология) және оның жүқпалы аурулар дамуындағы маңыздылығын қарастыру.

  • Жүйелі білім қалыптастыру: микроорганизм мен макроорганизмнің өзара қарым-қатынасы және қоршаған ортамен қатынасы. Қалыпты флора (микроэкология) және дисбактериоздың маңыздылығы.

  • Қазіргі кездегі тәжірибелік медицина технологиясындағы микробиологиялық, иммунологиялық және молекулярлы-генетикалық әдістердің қолдану туралы білімін қапыптастыру

  • Кең таралған микробты этиологиялық аурулардың классикалық лабораториялық диагностикалау, қоршаған орта микробтарын анықтау әдістерін оқу.

  • Қоршаған орта объектілерін микробиологиялық бақылау әдістерін оқу.

  • Микроорганизмдерден биопрепараттар апуға қолданатындығы жөнінде мағлүмат қалыптыстыру

  • Аурудың даму механизмін (ауру патогенезі) және олардың алдын-алу мен емдеу жөнінде мағлүматты қапыптастыру.




  • Оқудың қорытынды нәтижесі:

Дескрипторлар

Оқытудың соңғы нәтижесі

Құзыреттілік

А

Оқып зерттеліп жатқан пәнді түсіну және білімін көрсету, сонымен бірге осы пәндегі озық білім элементтерін қоса білу.


Адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерді атау, тану және ажырата білу, оларды анықтау әдістері және идентификациялау, арнайы емі және алдын-алуы..

1, 2, 3, 4, 5

В

Алған білімдерін және түсініктерін іскерлік деңгейде қолдану.

Адамда негізгі жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жіктеу, ағзаның антимикробты қорғаныш факторларын сипаттау, асептика және антисептика, залалсыздандыру және зарарсыздандырудың микробиологиялық негіздерін ажырату, микроорганизмдерді салыстыру, бактериологиялық, бактериоскопиялық, вирусологиялық және иммунологиялық диагностикалау әдістерінің нәтижелерін интерпретациялау.

1, 2, 3, 4, 5

С

Оқып-зерттеліп жатқан пәндегі түйінді мәселелерді шешу және айғақ, дәлелдерді қалыптастыру.



Алынған нәтижелерді бактериологиялық, вирусологиялық және иммунологиялық диагностикалау әдістері және антибиотикограмма бойынша сараптау, антибиотиктерді және иммунобиологиялық препараттарды қолдануда өзіндік нұсқауларға сүйену.

1, 2, 3, 4, 5

D

Ғылыми, этикалық, әлеуметтік ой пікірлерін қалыптастыру үшін мәліметтерді түсіндіру (интерпритациялау) және жинақтау.

Жалпы және жеке микробиологияның қарауындағы адамға жұқпалы ауруларының қоздырғыштарының биологиялық қасиеті жөнінде ақпарат алу, оларды алдағы клиникалық пәндерді оқудағы қажеттілігін презентация ретінде талдау.

1, 2, 3, 4, 5, 6

Мамандарға және маман еместерге мәліметтерді, идеяларды, мәселелерді және шешімдерді хабарлау.

Студенттерге/оқытушыларға/емтихан қабылдаушыларға алынған білімі негізінде өзінің жеке түсінігін жеткізе алады,зерттелу аймағындағы ақпаратты өңдейді және сараптайды, оны көпшілік алдында жариялауға.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

Е

Одан әрі өздігінше оқуды жалғастыру қабілеттілігі.


Алынған білімін саралап, бағалап және келешекте өзі бетімен жұмыс жасауға және алдағы физиология-2, хирургиялық аурулар,ішкі аурулар, эпидемиология, жалпы иммунология, жалпы гигиена, балалар аурулары дейінгі пәндерді оқудағы қажеттілігі

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8

Құзыреттілік тізімі: 1. Жалпы білімділігі. 2. Биомедициналық ғылымды білу 3. Коммуникативті дағдылар 4. Өзін үнемі тәжірибелік дағдыларын жетілдіру 5. Ғылыми зерттеу дағдылары 6. Топпен жұмыс істей алуы 7. Профессионализм 8. Клиникалық дағдылар.
Алғы реквизиттер: химия, экология және тұрақты даму, медициналық биофизика, молекулярлық биология және медициналық генетика, радиобиология, физиология, анатомия, гистология.

Кейінгі реквизиттер жалпы гигиена, дезинфекциялық іс негіздерімен эпидемиология, инфекциялық аурулар, қоғамдық денсаулық және денсаулықты сақтау, тамақтану гигиенасы.

Пәнге қысқаша сипаттама

Медициналық микробиология микроорганизмдердің жүйелілігін, морфологиясын, физиологиясын, генетикасын, экологиясын, адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерді, патогенділік факторларын, ауру қоздырғыштарының торшалық және молекулярно-генетикалық деңгейде қалыптасуын, оларды бөліп алу және идентификациялауды, арнайы емдеуі мен профилактикасын оқытады.



Микробиологиясыз медицинаның маңызды мәселелері, адамдардағы жұқпалы ауруларды төмендету және мүлдем болдырмау, ауруханаішілік инфекцияны төмендету және жою, шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған аурулардың арнайы профилактикасы және емдеу мүмкін емес.

Тақырыптық жоспар(дәріс,тәжірибелік, зертханалық, оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы)

Дәріс тақырыбының жоспары:



Тақырыптың аты

Өткізу формасы

ұзақтығы

1 кредит



Микробиологияға кіріспе. Микробиология пэні мен міндеттері. Микроорганизмдердің жіктелуі және номенклатурасы. Бактериялардың морфологиясы және ультрақұрылымы.

проблемалық

1



Микроорганизмдердің физиологиясы.

проблемалық

1



Жалпы вирусология. Вирустардың казіргі кездегі жіктеу принциптері. Вирустар морфологиясы және кұрылымы.Вирустарды дақылдандыру

проблемалық

1

Барлық сағат: 3

2 кредит



Адам денесінің қалыпты микрофлорасы. Инфекция туралы ілім. Инфекциялық процесстің жалпы сипаттамасы. Ин­фекция турлері. Микроорганизмдердің патогенділігі және вируленттілігі..

проблемалық

1



Дезинфекцияның, стерилизацияның, асептика, антисептиканың микробиологиялық негіздері. Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлы-биологиялық негіздері. Антибиотиктер. Бактерияның дәрілік тұрақтылық механизмдері.

проблемалық

1



Иммунологияға кіріспе. Иммунитет. Иммунитеттің түрлері және механизмдері. Ағзаның бейспецификалық тұрактылык факторлары. Микроорганизмнің антигендері. Антиденелер.

проблемалық

1

Барлық сағат: 3

3 кредит



Шартты-патогенді микробтар. Грам (+), грам (-) кокктар. Жалпы сипаттамасы. Лабораториялық диагноз қою принциптері, алдын алуы.

проблемалық

1



Ішек инфекцияларының крздырғыштары. Жалпы сипаттамасы. Лабораториялық диагноз қою принциптері, алдын алуы.

проблемалық

1



Туберкулез. Жалпы сипаттамасы. Лабораториялық диагноз қою принциптері, алдын алуы.

проблемалық

1

Барлық сағат: 3

4 кредит



Респираторлық вирустық инфекциялар қоздырғышы. Жіктелуі. Сипаттамасы. Қасиеттері.

проблемалық

1



Энтеровирустық инфекция қоздырғыштары. Жіктелуі. Сипаттамасы. Қасиеттері.

проблемалық

1



Адамның иммунитет тапшьшығы вирусы. Гепатиттер. Жіктелуі. Сипаттамасы. Қасиеттері.

проблемалық

1

Барлық сағат: 3

5 кредит



Санитарлық микробиология пәні. Санитарлық-микробиологиялық зерттеудің тапсырмасы мен мазмұны. ҚР территориясында рұқсатталған санитарлық микробиология бойынша нормативті құжаттардың негізгі бөлімі.

проблемалық

1



Судың санитарлық микробиологиясы. Суды санитарлы-микробиологиялық зерттеу әдістері.

проблемалық

1



Емдеу–профилактикалық мекемелерінің санитарлы-микробиологиялық зерттеу. ЕПМ санитарлы-микробиологиялық зерттеу әдістері.

проблемалық

1

Барлық сағат: 3

Барлық сағат: 15


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет