Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік



Дата13.09.2023
өлшемі27.45 Kb.
#477415
Отбасы құқығы 4 апта (1) (1)


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік
университетінде.
Экономика,басқару және құқық факултеті
Құқықтану кафедрасы

Бөж
Тақырыбы: Некені бұзу туралы шешім шығару кезінде сот шешетін мәселелер

Қабылдаған: Тұрлыбеков.Қ.А
Орындаған: Бағдатқызы.А
Тобы: ЗҚТ-111
Түркістан-2022
Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

1. Некені тоқтату және оның негізі.


2. Некені сот тәртібімен бұзу.
3. Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:
соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
ерінің қайтыс болуы
некенің бұзылуы (ажырасу).
Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық боып табылады.Ері қайтыс болған немесе ерлі – зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.

Некені сот тәртібімен бұзу ол мынадай жағдайларда іске асырылады:



  1. ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуы;

  2. ерлі – зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімінің болмауы;

  3. егер ерлі – зайыптылардың біреуі өтініш беруден бас тартып некені бұзудан жалтарса, некені бұзу үшін мемлекеттік тіркеуге келуден бас тартса, т.б.;

  4. ерлі – зайыптылардың бір – біріне мүіктік талаптарының болуы.

Некелік одақтың тұрақты болуына мемлекет мүдделік танытады. Сондықтан да соттарға заң арқылы ерлі – зайыптыларды татуластыру жөнінде шаралар қолдану міндеттері жүктелген. Бірақ, сонымен қатар татуластыру мақсат қана емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады.Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін 6 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді.Егер ерлі – зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады. Егер айырылысатын ерлі – зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата – анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата – анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай – ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 16 – бабында мындай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды».Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі – зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі.
Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет