Қожахметов Б. Т. “Байқоныр” кешені жəне басқа полигондар/Балташ Тілепбекұлы Қожахметов // Орталық Қазақстан. 2001. 27 қазан



Дата01.07.2016
өлшемі50.5 Kb.
#169139
Қожахметов Б.Т.

Байқоныр” кешені жəне басқа полигондар/Балташ Тілепбекұлы Қожахметов // Орталық Қазақстан.-2001.-27 қазан

Біздің облысымызда үлкен үш полигон бар. Солардың экологиялық мəселелері жөнінде облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының бастығы Балташ Тілепбекұлы Қожахметов былай деп еңгімелейді.

Қарағанды облысының аумағында Сарышыған зымыран полигоны, Семей ядролық сынақ полигоны жене “Байқоңыр” ғарыш айлағынан ұшырылған зымырантасығыштардың бөлшектері құлап түсетін аумақтар бар. Екі зымыран полигонынан ушырылған зымырандардың сынықтары біздің облыстың жеріне түсетін болғандықтан олардың отындары мен отындарының қоспалары су мен ауаны, жерді былғаса, Семей атом полигоны

өзінің радиациясымен ластандырып отыр. Осы жайларды объективті түрде кешенді бағалаудың, табиғи орта мен адамдар денсаулығына əсерін, зымыран сынықтары құлайтын аймақтарда қоршаған ортаға қаншалықты əсерін білудің, ластанған аймақтардағы адамдардың денсаулығын айықтыру үшін маңызы зор. Семей ядролық сынақ полигоны бойынша радиацияның нақты ауқымын, онымен ластану дəрежесін анықтау қажет. Ол үшін айықтыру шараларын жүргізіп, ол жерлерді халық шаруашылығына пайдалануға берудің маңызы ерекше. Мұнда 1995 жылдан бастап “Қарағанды облысындағы радиоэкологиялық зерттеу бағдарламасы” шеңберінде Табиғат

қорғаудың облыстық қорының қаражатымен арнайы жасалған əдістеме бойынша зерттеу басталған еді. Бірақ, 1996 жылы бұл жұмыс қаржының жоқтығынан толық тоқтап, негізгі лабораториялқ-зерттеу жұмысы орындалмай қалды. Үстіміздегі жылы оны қаржыландыру қайтадан жалғасып, зерттеудің бірінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Осы деректер негізінде Қарағанды облысының полигондарға жақын жатқан аумағын айықтыру жөніндегі ұсыныстар жасалып, ол жерлерді халық шаруашылығының айналымына қайтару міндеті тұр. Бұған қоса мұндай зерттеулер полигонның ықпалына, əсіресе радиациялық ластануға ушыраған аумақтардың мəртебесі туралы мəселені шешуге мүмкіндік тудырады деген ойдамыз. Сарышаған зымыран полигонының ықпалы туралы əзірше ештеңе айта алмаймыз. Өйткені бұл объект РФ Қорғаныс министрлігінің қарамағында болғандықтан іс жүзінде біздің қолымызда айналадағы ортаны қорғау жөнінде ешқандай ақпарат жоқ деуге болады. Сондықтан да бул мөселені шешу үшін ең бірінші кезекте Ресей мен Қазақстан арасындағы Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарына сəйкес аталған полигонның айналадағы ортаны қорғау жөніндегі мəселелерін келісім бойынша шешуі қажет. “Байқоңыр” космодромы Қызылорда облысының аумағына орналасқан. Қарағанды облысының жерінде осы кешеннен ұшырылған зымырантасығыштың бірінші сатысы құлайтын 39 алқап бар. Олар бірнеше топқа бөлінген. Соның ең бірінші батыс тобы Ұлытау əкімшіпік ауданының батыс бөлігінде. Екінші орталық аумақ Ұлытау ауданының шығыс белігі мен Ақтоғай ауданына дейін. Сөйтіп, зымырантасығыштар құлайтын жерлер былай бөлінеді: Үлытау ауданында — 30, Жаңаарқа ауданында 2, Нұра ауданында — 7, қазіргі кезде осылардың ішінде 22 алқап жиі пайдаланылып келе жатыр. Зымырантасығыштың бөлшектері құлайтын алқаптарды “Байқоңыр” ғарыш кешені Ресей Федерациясы мен Қазақстан Үкіметтері арасындағы 1996 жылғы келісім бойынша пайдаланып келеді. Мұндай аумақтарға негізінен зымырантасығыштың двигатель қондырғылары мен сүйір ұштарын қоса алғашқы сатысы құлайды. Алғашқы саты атмосфераның тығыз қабатымен қозғалатындықтан күйеді, бірақ онша бүлінбейді. Олардың толық жəне жекелей бүлінуі жерге құлап, қатты соғылған кезде ғана болады. Сол кезде оның ішінде жанбай қалған зымыран отынының қосындылары сыртқа төгіледі, қопарылады немесе жанады. Зымыран отынының қосындылары табиғи ерекшеліктер мен өсімдіктер дүниесіне байланысты құлаган жерінде өзінің негізгі əсерін жоғалтып, табиғи əсердің салдарынан басқа құрамға өзгеруі немесе тірі организмді уландыратын əсерлерін сақтап қалуы мүмкін. Мұндай аймақ 135 шақырым жерлерге дейін барады. Зымырантасығыштардың жанбай қалған отындары айналаға тарап, жерді ластайды. Əсіресе, топырақтың симметриялы емес диметилгидразинмен (гептил) ластануы алаңдаушылық туғызып отыр. Өйткені “Байқоңыр” ғарыш



айлағынан ұшырылатын зымырантасығыштардың жартысынан астамы осы отынды пайдаланады, Гептилдің улы қосындысы адамға аса қауіпті. Ол экологиялық жүйеге қатер туғызып, мұңдай заттың топырақта жəне өсімдіктерде тұрақты сақталуы, суда жылдам еритіндігі, жылдам буланып кететіндігі, ауада қозғалғыштығы, өсімдіктер мен жануарлар өнімдерінде жиналып қалатындығы ғалымдарды қатты алаңдатуда. Экологиялық қауіпсіздіктің мемлекеттік бақылауы “Байқоңыр” ғарыш айлағында Ресей мен Қазақстан арасындағы 1997 жылғы 4 қазандағы келісіммен жəне 1999 жылғы 18 қарашадағы Астана қаласында қол қойылған, оны жүзеге асыру жөніндегі жоспар бойынша атқарылуда. Сол сияқты Үкімет комиссияларының отырыстарында 1999 жылғы шілде жəне қазан айларындағы “Протон” зымырантасығышының апаттарына байланысты хаттамалық шешімдеріне орай “Апаттық жағдай пайда болған кезде екі жақтың өзара əрекеті туралы” келісімге қол қойылған болатын. 1991-1992 жылдары РФ ғылыми ұйымдары Қазақстанда зымыран бөлшектері құлайтын бес аймақтың уақытша экологиялық-экономикалық құжатын жасаған болатын. Қазіргі уақытта сол келісімдерге сəйкес экологиялық құжаттардың жобалары қайта жасалуда. Қарағанды облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы осы құжаттарға орай жасалып жатқан жобаларға өзінің пікірлері мен ескертпелерін ұсынды. Ресей жағы зымырантасығыштардың бөлінген сынықтары құлайтын аудандарда зымыран отынының құрамдарын төгілуден сақтап, зымырантасығыштардың бөлшектерінен тазарту туралы шаралар жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде сынықтар құлайтын аумақтардың жерінде іздестіру топтары жұмыс атқаруда. Олар негізінен зымыран отынының төгілген қоспаларын бейтараптандыру жəне ол қоспалар төгілген топырақты рекультивациялау жөніндегі табиғат қорғау шараларын жүргізуде. Олардың мұндай жұмыстарының əдістемесін 1996 жылы ҚР Экология жəне биоресурстар министрлігінің Бас сараптау басқармасы мақұлдаған болатын. Мұнымен қоса Қазақстан экологтары мен Ресейдің авиациялық-ғарыш агенттігінің қатысуымен “Машинажасау” ғылыми-өндірістік бірлестігі зымыран бөлшектері құлайтын №25 ауданда бейтараптандыру жұмыстарын қатарластыра атқаруда. Зымыран отынының қоспаларын бейтараптандыратын бұл препарат торфқа химиялық қоспалар енгізу жолымен жасалған. Бұл əдіс зымыран отынының қоспаларын бейтараптандыруда жəне топырақты қалпына келтіруде өзінің тиімді биохимиялық реакциясымен ерекшеленеді. Бұл препарат Санкт-Петербургте Қолданбалы химия ғылыми-зерттеу институтында жасалған. Сынақ табысты жүргізілуде. Алғашқы оң нəтижелер алынды. Оның өзі бейтараптандырудың жаңа əдістемесін өндіріске енгізуге жағдай туғызатын нəрсе. Облыстың аудандарының экологиялық жағдайын зерттеу үшін “Байқоңыр” ғарыш кешені қызметінің ықпалын азайту мақсатында 1999 жылдан бері “Протон” зымырантасығышының айналадағы ортаға зиянды əсерін азайту жөніндегі Қазақстан — Ресей бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламасын жүзеге асыру қажет. Бұл жұмыстарды Қазақстан жағынан орындаушы болып “Казмеханобр” мемлекеттік ғылыми-өндірістік бірлестігі жəне Алматыдағы Əл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінің физика-химиялық əдіспен зерттеу орталығы белгіленді. Қарағанды облысының аумағында мұндай зерттеу зымырантасығыштың алғашқы сатысы тұрақты құлайтын жерлерінде жүргізілуде. Қазақстан — Ресей бірлескен комиссиясының мұндай аудандарға шығуын Қарағанды облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы жүзеге асырады. Қоршаған ортаны қорғаудың Жезқазған бөлімшесінің қызметкерлері үстіміздегі жылы осы комиссияның құрамында үлгілер алуға екі рет қатысты. Осы екі кезеңнің жұмыс нəтижесі “Байқоңыр” кешенінің мəселелері бойынша өткізілетін Қазақстан — Ресей семинарында сөз болуға тиіс. Біздің басқарма жоғарыда аталған бағдарламаның жан-жақты жүзеге асырылуына ықпал ету мақсатында, сол сияқты “Байқоңыр” кешенінің қызметінің салдарынан айналадағы ортаға жəне тұрғындар денсаулығына келген экологиялық зиянның орнын толтырудың экономикалық тетіктерін іздестіруде. “Протон” зымырантасығышы 1999 жылы біздің облыс аумағына екі реет құлаған соң біздің облыстық басқарма экологиялық зиянның құнын толық талап еткен жоқ. Өйткені, ол кезде негізгі зерттеу жұмыстары жүргізілмеді. Гептилді анықтайтын құрал біздің қолымызда болмаған еді. Соған орай көптеген құжаттарға қол қойылды. Осы екі апаттан соң айналадағы табиғи ортадағы гептил құрамын сапалы анықтайтын қазақстандық əдістеме тек ҚазМҰУ-дың физика-химиялық əдіспен зерттеу орталығында жасала бастады. Қазіргі кезде айналадағы ортада гептил құрамының қаншалықты екендігін анықтайтын əдіс ҚР ҰҒА-ның химия институтында жасалды.

Облыстық басқарма айналадағы ортаның зымыран отынымен ластануын бақылау деңгейін арттыру жəне ақпараттық нақтылау мақсатында өзінің бақылау-талдау базасын жасауды ойластырып отыр. “Протон” зымырантасығышы екі рет құлаған соң келген шығынды өтеу мақсатында Ресей тарапынан бөлінген қаржыға облыстық басқарма өзінің зертханасы үшін “Цвет-800” хроматографиялық кешенін сатып алды. Бірақ ақпараттың жабықтығына (құпиялылығына) байланысты зымыран отынының құрамын анықтау əдістемесі жəне гептилдің тек Ресей авиағарыш агенттігінде ғана бар стандартты үлгісі алынған жоқ. Алда тұрған Қазақстан-Ресей семинары кезінде осы əдістемені аламыз ба деген ойдамыз, Бұған қоса облыстық басқарманың зертханасында гептилді анықтаудың фотоколориметрлік əдістемесі игерілді. Онда индикаторлық түтікшелер комплектісі арқылы гептилдің ауада, топырақта жəне суда қаншалық мөлшерде екендігін анықтауға мүмкіндік бар.

“Байқоңыр” кешенінің қызметімен байланысты мəселелерді шешу үшін:

— қолданыстағы Үкіметаралық келісім мен шартты жүзеге асырып, оларды жетілдіре түсу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет;

— “Байқоңыр” кешеніиің Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулығына жəне айналадағы ортаға ықпалына баға беру жөніндегі Ресей-Қазақстан бірлескен бағдарламасы жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.

Онда “Байқоңыр” кешенін пайдалану жөніндегі екіжақты нормативтік- құқықтық базаны құру, экологиялық шығынның орнын толтырудың экономикалық тетіктерін жүзеге асыру жөніндегі мəселелерді орындау аса маңызды. Алынған нəтижелер негізінде айналадагы ортаны ластандыруды жою үшін шаралар жасалып, ластанған аймақты толық қалпына келтіріп, тұрғын халықтың денсаулығын жақсарту жөніндегі медициналық-əлеуметтік



шаралар қабылдап, қауіпсіз жерлерді халық шаруашылығының айналысына беру туралы жумыстар жүргізіле береді. “Байқоңыр” кешенін жалға беру жөніндегі РФ жəне ҚР Үкіметтері арасындағы шарт бойынша ғарыш айлағының жылдық жалгерлік ақысы және кешен қызметімен байланысты шығынның орнын толтыру үшін берілетін өтемақы көлемі жылына 115 млн. доллар болып отыр. Зымыран-тасығыштардың алғашқы сатысының құлау аумақтары біздің облыстың жерінің аймағында болғандықтан біздің облысқа келетін шығын көлемін осы жалгерлік төлемнен есептелуі қажет деп ойлаймыз. Сайып келгенде айтарымыз, айықтыру шараларын, оның ішінде “Байқоңыр” кешенінің қызмет ықпалы салдарынан жапа шеккен аудандар тұрғындарына өтемақы төлеуді, басқа да шараларды жүзеге асыру үшін жалгерлік ақының кем дегенде бір пайызы Қарағанды облысына мақсатты түрде аударылуға тиіс. Біздің ұсынысымыз осындай.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет