Октябрьский ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы м в. акентьеваның 2014 жылға есеп беру тезисі



Дата29.02.2016
өлшемі38.99 Kb.
#29269
Октябрьский ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы м.в.акентьеваның 2014 жылға есеп беру тезисі

Октябрьский ауылдық округінің құрамына үш елді мекен кіреді: Октябрьский, Садовой, Луговой, жалпы тұрғындар саны 1514 адам.

Округтің орталығы - Октябрьский ауылы. Округ аумағы-18937 га, оның ішінде елді мекен жерлері 1947 га. Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлер 15592 га, оның ішінде жыртылған жерлер - 12135 га, жайылым жерлер 5041 га.

Өткен жыл әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақты сипатталды: мекемелерде, округтің ауылшаруашылық құрылымдарында, шағын кәсіпкерліктерде қызметкерлердің жаппай жұмыстан қысқартылуы болған жоқ.

Округтің жұмысы, округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған.

2014 жылғы әкімнің есеп беру кездесуіне, тұрғындардан 4 сауал және ұсыныстар түсті, оның ішінде 2 толық жауап беріліп, сол жерде түсіндірілді, 2 мәселе округ әкімінің бақылауына алынды. 2014 жылы екі іс-шараның орындалуы жоспарланды, атап айтсақ:

- Луговое ауылы Молодежный көшесіндегі ауыз су мәселесі;

- хоккей командасына спорттық киім сатып алу.



Округтің кешенді саласы – ауыл шаруашылық.

Округта 10 ауыл шаруашылық құрылымы жұмыс істейді, оның екеуі «Шемонаихинский» ШҚ және «Воробьев Н және Ко» КС, жыртылатын жерлері 11524 га. 8 шағын шаруа қожалықтары, жыртылатын жерлері - 581га.

Ірі ауыл шаруашылық құрылымдарында жыл сайын машина-тракторлық паркінде жаңарту жүргізіледі. 2014 жылы 28,4 млн. теңгеге жаңа 2 техника бірлігі сатып алынды.

Мал шаруашылығын үш ауыл шаруашылық құрылымдары жүргізеді: «Шемонаихинский» ШҚ, «Воробьев Н және Ко» КС, «Прохорович» ШҚ және елді мекен тұрғындары.

2015 жылғы 1 қаңтарға мал басының саны: ІҚМ 3930 бас, оның ішінде сиыр-1070 бас (өткен жылмен салыстырғанда 1 % өскен); жылқы-182 бас (44% кеміген); қой және ешкі-711 бас.(өткен жылмен салыстырғанда 9%); шошқа-991 бас. (1 % кеміген); құстардың басы-5592 (өткен жымен салыстырғанда 53%).) құрайды.

Ет 440 т ( өткен жыл деңгейінде), сүт -3311 т ( 1 % өскен), жұмыртқа-482 мың дана 2 % өскен) өндірілді.



Білім беру

2014 жылғы 1 тамызда Октябрьский ауылындағы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға тапсырылды.

Округте: КГУ «Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» Октябрьский кешені» КММ, «Октябрьский негізгі орта мектебі» КММ жұмыс істейді, онда 195 оқушы оқиды, мектепке дейінгі даярлау топтарында-17 бала. Балабақшадағы бала саны - 52. Балаларды мектепке дейінгі даярлау және оқытумен қамту-93%. Оқушылардың білім сапасы-45%. ҰБТ орташа бал– 55, өткен жылғы-91.

2014 жылғы 1 тамызда Октябрьский ауылындағы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға тапсырылды. Округтің ауылшаруашылық құрылымдарының асханасынан оқушыларды ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылған, тамақтану рационына сүт пен бал енгізілген.

Луговой және Садовой ауылдарынан 10 оқушыны мектеп автобусымен жеткізу жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау нысандары -1 ФАП. медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау жағдайы: туылғандар саны-22, қайтыс болғандар саны-19; бала және ана өлімі жоқ; туберкулезбен ауыратын аса қауіпті ауру жағдайлары жоқ, есепке 2 адам алынған. Онкологиялық аурулар бойынша 17 адам есепте тұр.

Флюробайқаудан 780 адам өтті, жоспарда -728. Скринингтік бағдарламалар бойынша тұрғындарды тексеру жұмыстары жоспар бойынша өтуде.



Мәдениет және спорт.

Мәдениет нысандары -1 АМҮ, 1 кітапхана. Штатттық саны -3 адам.

2014 жылға мәдениет ұйымдастырушы мен кітапханашы 4154 адамды қамтитын 182 іс-шара өткізді, 485 адамды қамтитын 24 би кеші өткізілді. Көркемөнерпаздар ұжымы аудандық іс-шараларға үнемі қатысады.

«Шемонаихинский» ШҚ есебінен Октябрьский ауылының МҮ түбегейлі жөндеу жүргізілді, бейнежабдық, вокалдық және би топтарына концерттік костюмдер алынды.

Жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, ауыр атлетика, коньки спорт түрлері дамуда. Жеңіл атлетика бойынша облыстық, аудандық спорт жарыстарында 6 ,7, 8 сынып оқушылары бірнеше мәрте 1 орындарды иеленді. Октябрьский ауылында 120 ш.м мұз айдыны құйылды.

«Шемонаихинский» ШҚ есебінен Луговой ауылының спорт залына түбегейлі жөндеу жүргізілді, Октябрьский ауылында хоккей қорабы құрылып және 120 ш.м мұзайдыны құйылды.



Халықты әлеуметтік қорғау

Жұмыс істемейтін ресми тіркелгендердің саны - 4 адам, жұмысқа орналастыру мәселесімен 10 адам өтініш берді, олардың 8-і жұмысқа орналастырылды және 3-уі қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Округта қоғамдық төленетін жұмыста 1 адам жұмыс істейді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны-1 адам, тұрғын үй көмегін алатындар -9 отбасы.

Округтағы әлеуметтік сипаттағы мәселерді шешуде ынтымақтастық ету және әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, 20,060 млн. теңге сомаға 7 меморандум жасалды. 2015 жылғы 1 қаңтарға орындалғаны -100 % құрады. Жеке кәсіпкерлермен тамақ өнімдері мен ең бірінші қажетті тауарлар бағалары өсуінің болмауы жөнінде меморандум жасалды (сауда қосылымы 10 % көп емес). Бағалар мониторингі өткізілуде, қабылданған міндеттемелер сақталады. 2 Сауда нүктелерінде аз қамтылған азаматтарға арналған әлеуметтік бөлім құрылып және жұмыс істеуде (4 адам).



Қаржылық-бюджеттік сала.

Жергілікті салықтан (жер, мүлік) 495 мың тг. сомасында салық 100 % жиналды.



2014 жылға бюджеттен жолдарды қыста ұстауға- 420,0 мың тг., қоқысты үйіп сақтауға 170,0 мың тг., жолдарды орташа жөндеуге-11,499 млн. теңге, көшелерді жарықтандыруға -547 млн тг. бөлінді. Бюджеттік қаражаттар қаржыландыру жоспарына сәйкес 99,98% игерілді.

Құқықтық тәртіпті қорғау.

Округта құқық бұзушылықтың және қылмыстардың алдын-алу мақсатында, өзара ынтымақтастықпен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша біріккен жоспар әзірленіп және бекітіліп оның орындалуы бойынша іс-шаралар өткізілуде. Жыл бойы қылмыстық және құқықтық бұзушылықтардың алдын-алу, ескертулер бойынша 28 астам «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Допинг» және т.б. жедел–алдын алу іс-шаралары өткізілді. 2014 жылға 4 қылмыс тіркелді (өткен жылдан 1 кеміген).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет